Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қымыз-шипалы сусын Зерттеудің өзектілігі



бет1/3
Дата18.02.2018
өлшемі0,82 Mb.
  1   2   3
Аннотация

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қымыз-шипалы сусын

Зерттеудің өзектілігі: Қымыз – халқымыздың ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық сусын туралы түсінік беру.. Ол тек тағам ғана емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі екенін дәріптеру.

Зерттеу мақсаты:Қазақтың шипалы сусыны қымыз жайлы деректерді тауып бір ізге түсіру .Қымыздың түрлеріне және жасалу тарихына түсінік беру.

Зерттеу міндеттері:

1.Шипалы сусын қымыз жайлы деректерді жинап,қағаз бетіне түсіру

2. Қымыздың орнын айқындайтын басты мәселелерге тоқталу

3.Қымыздың қазіргі уақытта пайдасын,емдік қасиетін анықтау

4.Қымыздың адам денсаулығына,аурудың алдын алу мақсатында емдік шипалы сусын екенін зерттеп дәлелдеу.

Зерттеудің нысаны:Қазақтың төрт түлігінің ішінде жылқы малының пайдасы және қадір қасиеті туралы деректер алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:

Ұлттық тағамдардың ең құрметтісі, дастарқан дәмінің бірі-қымыз жайлы, олардың адам денсаулығына келтірер емдік шипалы сусын екендігін зерттеп, аймақтық компонент ретінде пайдалану.



Зерттеудің әдістері:

Жұмысты жазу барысында баяндау, жинақтау, саралау, талдау әдістері қолданылады.



Жұмыстың құрылымы:

Зерттеу жұмысы 1 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

Төрт түліктің төресі –жылқы



І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Қымыз және қымыздың түрлері 5



    1. Шипалы сусынның дайындалуы 6-7

1.3. Салауатты өмір салты –қымыздың емдік қасиеті 8-11

ІІ ҚОРЫТЫНДЫ 12-14

ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15

Кіріспе

Қазақ халқы үшін төрт түліктің ішіндегі төресі де,төбесі де жылқы.Жылқы сөзін естігенде елеңдемейтін,қаны тасып қайраттанбайтын қазақ жоқ шығар.Атамыз қазақ «жылқы-малдың патшасы ,түйе- малдың қасқасы»,-деп ерекше дәріптеген.Төрт түліктін қадір – қасиетін бағалай білген халқымыз «түйе-салтанат, жылқы-мақтан,қой-қазына,сиыр-қанағат»,-деп мақтаған.Қазіргі кезде жылқының 250- ден астам түрлі тұқымы қолда өсіріледі.Мүшелдік жыл санауымызда киелі жетінші жыл-жылқы.Жылқы жайында Қасиетті Құранда да арнайы Ғадият сүресі бар екен.Мұхаммед пайғамбарымыздың 399 –хадесінде «Қой-береке,түйе-қадірлі,жылқының жолына қиямет ке шейін жақсылық төселіп қойылған»

Жылқы малы ұлтымыздың жанына жақын сенімді серегі,айбарлы айбыны,тілін ұғар тірігі және халқымыздың батырлығын әлемге әйгілі еткен асыл түлігі.

Жылқы десе елең еткен қазағым,

Жылқы болса басылмайды базарың.

Ұлтымыздың басына бақ орнатқан

Жылқы жайлы талай дастан жазамын.

Жылқы болған жан серігі бабамның,

Арғымақтар көркі болған бабамның.

Ешбір сусын тең келмейді маңайлап,



Баптап берген қымызына анамның,-дей келе жылқы малының етіне еш тағам жетпейтін дәмді де , дәрумен,адам ағзасына пайдалы ас.Ал енді жылқы сүтінен жасалған қымыздың дәмі ше?



Негізгі бөлім

1.1. Қымыз және қымыздың түрлері

Қымыз – халқымыздың ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық сусыны. Ол тек тағам ғана емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі десе де болады. Өзге тағамдарға қарағанда, қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері, салт дәстүрлері, ырымдары мен кәде жол жоралғысы өте көп.

Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, екі үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. Мұны «Қымызмұрындық» дейді. Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі және олардың әр түрін жылқы жасының атауымен атайды.

Зерттеушілер қымыздың екі түрін айқындаған, олар бұрынғы кезде : қысқы және жазғы қымыз деп бөлген. Қысқы қымыз көбіне бай манаптарға арналып дайындалған. Жазғы қымызды кедейлер де ішке



Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
...Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, -
деп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады .Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай олардың аталуы да алуан түрлі болады. Оның бастылары төмендегідей. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше
күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше түрге бөлінеді.




Каталог: uploads -> doc -> 049d
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
049d -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы сауданың дамуы Сабақтың мақсаты
049d -> Сабақ жоспары бекітемін келісемін мектеп директоры: Қ. Ражанов Оқу ісінің меңгерушісі: А. М.Әбдіғапар
049d -> Реферат «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры»
049d -> Сабақтың дамытушылық мақсаты: музыкалық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұштау. Сабақтың типі: Аралас сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет