Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қымыз-шипалы сусын Зерттеудің өзектілігі


Салауатты өмір салты –қымыздың емдік қасиеті



бет3/3
Дата18.02.2018
өлшемі0,82 Mb.
1   2   3

1.3. Салауатты өмір салты –қымыздың емдік қасиеті

Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Жақында ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Төрт түліктің ішінде биенің сүті ғана альбуминдік (сүттің ерекше түрі) қасиетке ие екен. Демек, бие сүті ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүтке қарағанда ерекше болып келеді. Бұл – бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның зерттелмеген, ашылмаған тұстары қаншамаЖылқы малының төрт түлік ішінде текті екендігін бұған дейін де айтқанбыз. Жануар судың тұнығын ішіп, шөптің асылын теріп жейтінін қайтерсіз?!

Аурудан асқан жан бар ма,

Жылқыдан асқан мал бар ма?!

Биенің сүті сары бал,

Қымыздан асқан дәм бар ма?!

– дейді Ақтамберді жырау. Расында да, қазақ үшін қымыз-мәртебе,мінез-құлық, сый-құрмет.

Енді қымыздың қадір-қасиетіне тоқталсақ.Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.Қымыз құрамында 28 түрлі микроэлементтер, көптеген дәрумендер бар. Бұл элементтер бие құнарлы жерге жайылған сайын арта түсетіні бар. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт алуға болады. Кей биелер 15-17 литрге дейін сүт береді екенТағы бір ерекшелігі саумал биелерді 8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. “Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаса керек. Күтімі келіскен бие тіпті бір жылға дейін сүт береді екен.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді.Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс істейді.Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр. Тағы бір айтуға тұрарлығы, шетелдік ғалымдар қымыздың емдік қасиетін зерттеп, қазақтың ұлттық сусынын аса жоғары бағалайтын көрінеді. Мәселен, немістер өздерінің олимпиадаға қатысатын спортшыларын қымызбен баптаса, орыстар өз аймақтарында қымызбен емдеу орталықтарын ертеден қолға алған. Балалар емдеу санаторийлерінде қымызды дәрі есебінде пайдаланады. Қазақстан боксшылары жауапты жарыстардың алдында тау баурайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, екі-үш апта қымыз ішеді екен. Сидней олимпиадасы алдында Ташкентте бокстан Азия чемпионаты өтеді. Ермахан Ыбырайымовтың әкесі Сағи қаһарман ұлы қайда барса соңынан бір мес қымызын, қазы, қартасын арқалап апарып отырады. Қазақстанда қымызбен емдейтін емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды, Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген. Осы күндерден бастап қымыз басқа ашытылған сүт өнімдерінен артық екендігі белгілі болды.

Сондай-ақ әжелеріміз аналарымыздың ешқандай медицинасыз, дəрі-дəрмексіз дүниеге қаншама ұл -қызды əкелуін де осы қымыздың қуаты деп айтқанын естігенмін.. Жаңа сауылған биенің сүтін жас балаға жылыдай ішкізген. Дімкəс балалардың денсаулығы осы саумалдың арқасында дұрысталып кеткен. Қазіргідей беймəлім шетелдік дəріні сатып алғанша, дəмі бал татып, тіліңді үйіретін қымыздан ішіп алсаң жаныңа дауа болары сөзсіз. Қымыз созылмалы ауруларға таптырмас шипа. Ресейдің Морозов ауруханасының педиаторлары балаларға дəрі орнына қымызбен емдеуді ұсынады, ал Германия мен Саха республикаларында қымыз өте танымал сусын.

Қазіргі кезде іргеміздегі ірі ел – Ресейде қымыз өндірумен айналысатын кәсіпорындар қарқынды дамуда. Бір ғана мысал: Осыдан он үш жыл бұрын Башқұртстаннан 200 жылқы әкеліп, қымыз өндіре бастаған



С. Веремеенконың Тверь облысындағы «Снайп» атты шаруашылығы бүгіндері мың басқа жуық сауын биесі бар үлкен кәсіпорынға айналып үлгерген. Деректер бойынша, Ресейде қымыз өндірумен айналысатын жүзге жуық кәсіпорын бар. Енді мына қызықты қараңыз: табиғаты аса қатал, бие байлауға жайсыз, Саха елі осыдан он жыл бұрын «Саха Республикасындағы қымыз өнеркәсібі туралы» арнайы заң қабылдап, қымызды әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қатарына қосып қойыпты. Франция мен Германияда қымыз өнеркәсібінің қалай тамырланып келе жатқаны белгілі. Кезінде Көкшетау өңіріндегі жылқы шаруашылығында істеген бір неміс азаматы байырғы еліне барған соң кәдімгідей бие байлап Мюнхен қаласына жеткізіп тұрады екен.. Осы неміс халқының «Эквимед» компаниясы қазақстандық профессор Кеңесхан Дүйсенбаевтың технологиясы бойынша бие сүтінен ең кішкентай нәрестелер үшін ана сүтінің орнына қолданылатын ғажайып қуаты бар тағамдар әзірлейді екен. Қымыздың әлдеқашан брендке айналып қойғанына осыдан артық қандай дәлел керек? Ал еліміздегі дəрігерлер оның ата- бабаларымыздың тек соқырішектен басқа аурудың бəріне шипа екенін дəлелдеп отыр.



Қорытынды

Қымыз – халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Қымыз тарихының алты мың жылдығына орай «Қымызмұрындық» халықтық фестивалінің өткізілуі де соның айғағы.

Қымыз сапасы бүгінгі күні дәмі, уақыты, шипалық қасиеті, ыдысына байланысты және биенің сауылған кездегі жасына орай бөлінеді.

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов: «Бұл тек қана Қымыз емес, халықтың рухы. Қымыз – тірі қан. Халқымыздың, керек болса, мемлекетіміздің асыл қаны» деген еді. Сондықтан біз қымызға ерекше мән беруіміз керек.

— Қымызды зерттеп жүргеніме жиырма төрт жыл болды, сол еңбегімді жинап, «Қымызмұрындық» деген кітап шығардым. Осы уақыт аралығында шетелдегі қазақтардың көмегімен қымыздың жетпіс түрін таптым, дейді биология ғылымдарының докторы, проф., Тарлан Платина сыйлығының иегері З. Сейітов.

Ұрпағымызға ұқтыра алмай жүрген асыл сусынымыздың қадірін біз азғантай жаңалығына бола аузымыз ашыла беретін Батыс Еуропаңыз әбден біліп болған. Мысалы, «Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігі, қымыз өндірумен шұғылданатын Цольман әулетінің фермасымен, Германияның қазақ диаспорасымен, Германияға қоныс аударған қазақстандықтармен бірлесе отырып Баден Вюртемберг жеріндегі Вальдбруни Мюльбен қаласында «Қымыз күні хоффест» мерекесін өткізді» – дейді зерттеуші Мұрат Керейбай.

Жалпы, біздің елімізден өз атамекеніне қоныс аударған немістер қымыздың қыр сырын жақсы біледі. Қазіргі таңда медицинасы өрлеп тұрған Израиль, Франция, Египет, Германия, Жапония, Қытай елдерінде қымызға сұраныс күрт артып отыр.

Қырық күн ұдайы қымыз ішкен адамның денесінен қымыздың хош иісі аңқып тұратын көрінеді. Төлебидің Қасқасуында бие байлап, қымыз ашытатын бір жігіт: «қалай осы кәсіппен айналысуды бастадым, шаруам өрге басты дейді. Бие сауып оны баптаған келіншегім аяқ қолы толысып, ажарлана түсті, көп ұзамай көп жыл босанбаған әйелім ұл туды деп шаттанған еді». Бұл да әуелі Алланың, қала берді қымыздың құдіреті болар!..

«Бәрін айт та бірін айт» дегендей, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, өз алдымызға ел болып, көшімізді түзеп келе жатқан елміз. Жас өскінді бабаларды дәстүріне сай дені сау, көкірегі ояу саналы азамат етіп тәрбиелеу – басты парызымыз.

Шетелдік жұғымы жоқ, беймәлім технологиямен өндірілген сапасыз тағамдардан бойымызды аулақ ұстайтын кез жетті.

Озық елдер қатарындағы жапон елі өзінің ұлттық құндылығы ретінде шәй әзірлеу дәстүрін ерінбей–жалықпай теледидардан үздіксіз береді. Жүзім шарабын да насихаттап жатқандар жетерлік. Неге біздер қымыз өндіру тәжірибемізді ел арасынан жинақтап, этнографиялық мұра ретінде теледидарға түсіріп, жұртшылық назарына үнемі ұсынып отырмасқа!…

Балабақшадан бастап, оқу орындарының барлық сатысында халқымыздың бай мұрасын насихаттаудан ұтарымыз көп. Әзірге жұрт туризм саласына жаппай бет бұрып жатқан тұста еліміздің болашағын да осымен ұштастыру ләзім. Шет елдік қонақтарға да ат баптап, жүйрік жарату, құс салу, май шайқап, құрт қайнату, қымыз баптау өнерін ұсынып жатсақ, жат жұрттықтар арасында жалымыз күдірейіп жүрер ме еді?!.. Осы жетідегі «Егемен Қазақстан» (2014 жыл,20қырқүйек)газетінен оқығанымда сенат депутаттары Премьер-Министр Кәрім Мәсімовқа сауал жолдаған болатын.Қазақтың бүгінгідей егемен ел, дербес мемлекет болып отырған тұсында ата-бабамыздан қалған кәсіпті жалғастырып, қымыз сияқты бағалы өнімдерді молайтуға , оны мақтаныш ететіндей ұлттық брендімізге айналдыруымызға мол мүмкіндікіміз бар екенін және ата-бабамыздың аманытына адалдық танытып ардақтаған асын, сүйсіне ішкен сусындарын ұлттық брентке айландыру үшін қымыз жөнінде заң қабылдауымыз қажет. «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғыру керек. Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтерқұруға тиіспіз», деген міндет қойылған.Сондықтан елімізде қымыз өндірісін мемлекеттік деңгейде қолға алып,дамытсақ, бұл Елбасымыз айтқан экономикамызды әртараптандырудың нақты көрінісі болмақ.Қымыз жөніндегі заңды қабылдау арқылы ата-бабаларымыздың аманатын ақтап, өмірлерінің нәрі болған сусындарының сапасын сақтап, келер ұрпақтарға мақтанышпен тапсырған болар едік. Ал биология ғылымдарының докторы , профессор Зұлхарнай Сейітов қымызды зертеп жүргеніне 24 жыл болғанын . <Қымызмұрындық> деген кітап шығарғанын, шетелдегі қазақтардың көмегімен қымыздың жетпіс түрін тапқанын айтады. Қазіргі кезде медицинасы өрлеп тұрған Израиль, Франция, Египет, Германия, Жапония, Қытай елдеріне қымызға сұраныс күрт артып отыр. Яғни қымыздың пайдасының өте жоғары болғаны.Шетелдік жұғымы жоқ ,өте зиянды,


сусындарын ішкенше өзіміздің ұлттық сусынымыз қымызды ішіп ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңірейік дегім келеді.Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады. Газды судың орнына бір кесе сары қымыз ішсең шөлің қанып, жаның рахаттанып қалады. Газды судың құрамындағы неше түрлі химиялық қоспаның өзі адам денсаулығына кері əсерін тигізетіні белгілі. Ал қымыз ішкен адамның қан айналымы жиілеп, холестериннің қызметі қалпына келеді екен. Жалпы тарихқа көз жүгіртсек, қазақ жерінде ғылым мен білімнің дамуына дейін «анадай ауру, мынадай ауру» дегенді естіген емеспіз. Себебі, қазақ халқы мал бағып, соның ішінде жылқы малына көп көңіл бөлген. Біздің ата-бабаларымыз сапты аяқтағы сары қымызды сапырып ішкен қазекем емес пе? Яғни, табиғи таза өнімдердің арқасында денсаулығы мықты болған деген түйін жасауға болады. Біз қазақ дені сау, толыққанды ұрпақ тəрбиелейміз десек газы мұрныңа келетін сусындарды емес, ата-бабамыздан мирас болған ұлттық сусынымыз қымыздың қасиетін келер ұрпақ біз санамызға мықтап сіңіруіміз керек. Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік дегім келеді.

Менің қымызға байланысты өз ұсынысым бар:
1. Қымыздың адам денсаулығына, аурудың алдын алу мақсатында сапалы дайындалған қымызды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, кеңінен қолға алынса.

2. Қымызды ауру түрлеріне байланысты шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу сауықтыру орындары ашылса.

3.Мектеп асханасында қымыз сусыны оқушыларға берілсе.

4. Қымыз өндіру тәжірибесін жинақтап, этнографиялық мұра ретінде, жұртшылық назарына үнемі ұсынып отырсақ.

5. Ұлттық брендке айналдыру үшін арнайы заң жобасы қабылданса

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақша энциклопедия

2.Қ.Бозымов “Жылқы және түйе шаруашылығы”

3. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов “Қымыз”

4.Интернет материалдары

5. Кенжеахметұлы С.Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж

6. Қ.Бозымов «Жылқы және түйе шаруашылығы» Алматы «Қайнар» 1993

7.М.Г.Курамшина «Қымыз» Алматы, 1951

8.Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968

9.Б.Садықов, И.Сарыев, А.Отарбаев «Ақ дастарқан» Алматы «Қайнар» 1987

10.Л.В.Әлімжанова «Сүт өнімі» Астана, 1998

11. Б.Барақбаев «Сүт және сүт тағамдары» Алматы, 1989

12.«Егемен Қазақстан» (2014 жыл,20қырқүйек)

Теміртау қаласы №4 жалпы

білім беретін орта мектебінің

оқушысы Курышбекова Ленаның

« Қымыз –шипалы сусын» атты

ғылыми зерттеу жұмысына



Пікір

Ғылыми зерттеу жұмысында 4 сынып оқушысы Курышбекова Лена " қымыз" ұғымының сипатын ашып, қымыздың түрлерін мағыналық байланыстарға жіктей отырып, талдау жасады. Ғылыми зерттеулердегі қазақ халқының шипалы сусынына қатысты мәселелер жинастырылып,жүйеге келтірілген. Қымыз-халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі екендігі айқындалған. Жұмысты жазу барысына қарай баяндау, жинақтау,саралау, талдау әдістері қолданылған.

Зерттеудің нәтижелерін сыныптан тыс сабақтарда, тарих пәнінде, жаратылыстану пәнінде, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.

Пікір жазған: Теміртау қаласының

№4 жалпы білім беретін орта



мектебінің мұғалімі: Бұланбаева Г.Б.





Каталог: uploads -> doc -> 049d
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
049d -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы сауданың дамуы Сабақтың мақсаты
049d -> Сабақ жоспары бекітемін келісемін мектеп директоры: Қ. Ражанов Оқу ісінің меңгерушісі: А. М.Әбдіғапар
049d -> Реферат «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры»
049d -> Сабақтың дамытушылық мақсаты: музыкалық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұштау. Сабақтың типі: Аралас сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет