К. БЕЙСЕУОВ
Д.С.ДІЛДАБЕК
МЕХ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оқу құралы
«ТАУАР»
1999 ж.
1.Терінің және оның жүн түгінің
құрылымы
Терінің атқаратын қызметі жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.
Тері қасиеттері, организмнің сыртқы орта әсеріне сәйкестенудің және оның тері құрылымының ерекшеліктерінің әсерінің жоғарғы үлгісі ретінде қызмет ете алады. Жануарлардың өмір сүру жағдайына, климаттық факторларға, жыл мезгілдеріне байланысты теріде, өнімнің тауарлық құндылығына және өңдеу тәсілдеріне әсер ететін айтарлықтай өзгерістер болып тұрады.
Жануарлар тері құрылымы, өзінің жоғарғы сапасына және қысқы жағдайына байланысты, сонан соң мезгілдік өзгеріс ерекшеліктері тұрғысынан, қарастырылады.
Мехтық терілері тері ткані және жүн жабынына бөлінеді.
Тері тканінің құрылымы
Жануарлар терісінің ткані жүн астында жұқа беткі қабатқа – қыртысқа және негізін құрайтын өзеңге бөлінеді.қыртыс жекеленген клеткалардан ал өзең күрделі шиленіскен талшықтардан тұрады.
Өзеңнің жануарлар денесіне беттесетін төменгі жағында өзең талшығы арқылы жұқа бұлшықтық ткандер мен майлы қабаттар орналасқан.
Теріде май және тері бездері,қан тамырлары, май клеткалары, нерв талшықтары болады.
Сурет
Тері құрылымы.
а- қыртыс; б – өзеңнің емізекше қабаты;
в – өзеңнің торлы қабаты; г – тері асты майлы қабаты;
1 – түк(стержень волоса); 2 – тері бездерінің шығу жолдары; 3 – май бездері; 4 – түк қалташасы; 5 – жүнді тікірейтетін бұлшықтар; 6 – тері бездері; 7 – коллаген талшықтар тобы.
Қыртыс
Қыртыс бір – біріне тығыз орналасқан клеткалардан тұрады. Ол бірнеше қабатқа бөлінеді. Өзеңге жанаса орналасқан қабат, мальпиги қабаты деп аталады. Ол тірі организмде созылыңқы цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады.
2 – сурет
Қыртыс құрылымы.
а – өзең; б – негізгі қабат; в – торлы қабаит;
г – түйіршікті қабат; д – жылтырақ қабат;
е – мүйізді қабат.
Қан тамырларынан қорек алып бөліну жолымен көбеюге қабілетті мальпиги қабатының клеткаларының төменгі қатарын өсімтал немесе базальда қабат деп атайды.
Мальпиги қабатының үстінде тұтас мүйізденген клеткалар қабаттарынан тұратын мүйізді қабат орналасқан.
Мүйізді және мальпиги қабатының арасын түйіршікті деп аталатын қабат бөледі.Түйіршікті қабаттың клеткаларында,қыртыстың беткі қабаттарындағы мүйізді клеткалар түзейтін заттар – кератогиалин түйіршіктері болады.
Жаңа клеткалар пайда болуына қарай бұрынғы клеткалар қыртыстың жоғарғы қабатына жылжиды, бұл кезде тірі организм қасиеті сақталады, тек бөліну қасиетін жоғалтады. Ол клеткалар кішірейе бастайды. Сонымен мальпиги қабатына арықарай тері клеткаларының тіршілігі аяқталады. Олар бірте – бірте мүйізденіп кеуіп, жұқарып қыртысытң мүйізді қабатын түзейді. Клеткалардың орын ауыстырулары мүйізді қабат ішінде де болып жатады. Қыртыстың бетіне шықандар үгітіліп қайызғаққа айналады, осылай әрбір клетка мүйізденіп, керасинге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |