К. бейсеуов д. С. Ділдабек мех өҢдеу технологиясы оқу құралы «тауар» 1999 ж


- сурет Сегіз қатарлы кептіргіш жүйесі



бет7/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,5 Mb.
#34466
1   2   3   4   5   6   7

15- сурет

Сегіз қатарлы кептіргіш жүйесі.

Ылғал терілер көлденең таяқтарға жүні сыртына қаратып ілінеді.

Соңғы жылдарда барабанды кептіргіш қоңдырғыларға көңіл бөлінуде.Бұл кептіргіштер іші ағашпен / тақтаймен/ қапталған тесіктері бар өз осінде айналатын барабандар.Ішіне қаланған тақтайлар терілердің қызған темір барабанға тиіп пісіп қалуынан сақтайды.Қажетті температура авотматты жабдықтармен реттелініп отырады.Барабанды кептіргіш қоңдырғылардың өнімділігі сағатына 45 100 тері.

Майда терілерді кептірумен қатар жұмсарту үщін КБ2-2М барабанды қоңдырғылары қолданылады.

Мехтық терілерді әдетте,40-450С температурасында,0,5-1м/с ауа қозғалыс жылдамдығына және ауаның 45-500С салыстырмалы ылғалдылығына кептіреді.Ұзақтығы терілердің түрлеріне байланысты 3-4 сағат.Рамалы кептіргіш қоңдырғыларға терілер жүні төмен қаратып керіп тартылып бекітіледі.Кептіргіш тері тканінің ылғалдылығы 12-14% болуы қажет. Кептіруден соң терілерді 4-6 сағатқа жатқызып қояды.Бұл кезде ауаның ылғалын бойына сіңіру және өз бойындағы ылғалдың біркелінеліп таралуы нәтижесінде мех ткані жұмсарады.

Мехтық жартылай фабрикаттарды кептіруде кептіргіш камерасының температурасына аса көңіл бөлуі қажет.Кептіру дұрыс жүргізілмеген жағдайда өзеңнің беткі қабаттары тез кеуіп жарғақтанып қалып,кептіру менк елесі операциялардың жүргізілуіне кедергі болуы мүмкін.



7. ӘРЛЕУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Мех өндіруде әрлеу операцияларының (бояу,жұмсарту,былғары ткані мен жүн жабынын әрлеудің) үлкен маңызы бар.Мех терілерін үзілісті тәсілмен өңдегенде бояуға дейін және бояудан кейін екі рет әрлеу операциялары жүргізіледі.Бұл қайталанып жүргізілетін опеарциялардың мақсаттары мен міндеттері бір болғандықтан кітапта тек бір рет келтірілген. Үздіксіз тәсіл бойынша боялған соң кептіріліп әрлеу операциялары жүргізіледі. Операциялардың орындалу реттілігі өңделетін тері мен алынатын өнім түрлеріне байланысты.Қоян терісін мысық терісіне ұқсатып өңдегенде біркелкі тегіс қырқылуына мән беріледі.Табиғи реңімен өңдеуде жүннің түсі мен былғары тканінің жұмсақтығына аса көңіл бөлінуі қажет.

Дегенмен, әрлеу операциялары барлық терілер үшін ұқсас болып келеді,тек тері өзгешелігіне байланысты ерекшеленеді.

7.1 Мехты бояу

Мех және тон өңдірісінде бояудың мақсаты- бағалы терінің мысалы,бұлғынның,құндыздың,күзеннің,қаракөл елтірісінің және т.б табиғи түсін жақсарта түсу немесе төменгі бағалы терілерді қымбат бағалы терілерге (қоян терісін бұлғын терісіне,ондатраны қара күзен терісіне) ұқсатып түрлендіру.

Мех жартылай фабрикатын бояу талшықты материалдарды бояудың ішіндегі ең бір күрделісіне жатады. Себебі,бұл кезде бояғыштар мен ерітіндідегі көмекші реагенттер әсеріне тері ткані мен жүн жабыны бір мезгілде тап болады.Ал терінің жүн жабыны мен өзеңнің арасында үлкен айырмашылық бар,олардың құрылымының марфологиялық ерекшеліктері химиялық,фихикалық-химиялық қасиеттері әртүрлі.Бір терідегі жүн талшықтарының өзге қылшықтысы немесе түбіті бояғыштарымен әртүрлі әрекеттеседі.Мех жартылай фабрикатын бояудың бірнеше тәсілі бар.Мысалы,жүн жабыны мен өзеңді бірдей түске бояу,жүн жабыны боялмай тері өзеңі ғана немесе керісінше тек жүн жабыны ғана боялады.

Бояу тәсілдерін іске асуын қамтамасыз ету үшін жүн жабыны мен өзеңнің қасиетін және құрылымдық ерекшелігін білу,оларға қолданылатын бояғыштар қасиетін дәл анықтау,процестің жүру шартын мүлтіксіз орындаудың үлкен маңызы бар.Мех жартылай фабрикатын,мехтық және тондық қой терісін,мехтық велюрді бояу үшін бояулардың бірнеше түрі қолданылады.

Сондықтан мех өнеркәсібінде бояуға бір заңдылық тән.Мехты бояу процесіне дайындау үшін алдын ала бейтараптау,протравтау ( уландыру) кейде ағарту жүргізіледі.Бұл жүннің,сонымен қатар өзеңнің арасында берік байланыс орнауы үшін жүргізіледі.

7.27 Бояулар классификациясы

Бояғыштар деп әртүрлі материалдарға әркелкі түр бере алатын түрлі түсті органикалық қосылыстарды айтады.Түс бере алатын заттардың бәрі бірдей бояғыш бола алмайды.Мысалы,акрихан материалдарға түс бергенімен жуылып кетеді.

Әрбір бояғыштың құрамында екі тобы болуы қажет.Бір топ түс беретін хромофор.Бұл топқа (-N=N-) азотоп,(NO2-) нитротоп (-N=O) нитроазотоп т.б жатады.

Екінші топ ауксохромдар,бояғышпен боялған материал арасында байланыс түзейді.Бұл топқа (-OH), нитроксилтоп, (NH2) амино топ т.б жатады.Бояғыштар табиғи және синтетикалық болып бөлінеді.

Табиғи бояғыш заттар дегеніміз табиғи организмдерден алынатын түсті органикалық қосылыстар.Табиғи бояғыш заттардың құрамы өте күрделі.Бұрын аса маңызды болғанымен жасанды бояғыштар алынғаннан кейін аз қолданылып отыр.Табиғи бояғыш заттарды қолданғанда олар қанық,берік рең береді.Бірақта бояу ұзақ уақыт жүреді.Құрамының күрделігіне байланысты бақылау да қиындықтар туғызатын кемшіліктері де бар.

Синтетикалық,жасанды жолмен алынатын бояғыштар қазіргі халық шаруашылығында кеңінен қолданыс тапты.Оның себебі арзан,көп түрлі,бояу тәсілдері жеңіл және бояу ұзақтығы қысқа.Олардың кейбіреуі өсімдіктерден алынатын еді.Қазіргі кезде химия кәсіпорындарында жасалынады.Мысалы, ализарин марен өсімдігінен алынатын болса,қазір өнеркәсіп көптеп шығарады.

Синтетикалық бояғыштардың әртүрлі қасиеттері бар.Кейбіреулері тек жүн талшықтарын бояйтын болса,кейбіреулері капрон,нейлон т.б талшықтарды бояйды.

Қазіргі кезде синтетикалық бояғыштардың екі тобы бар:химиялық және техникалық.

Химиялық топтың құрылымы- химиялық құрамын,хромофордың жүйесін және алу тәсілін қамтиды.Бұл топтастырылу бойынша бояғыштар 11 топқа бөлінеді ( мысалы,азобояғыштар,нитробояғыштар,күкіртті,индигоидты және т.б). Бұл топтастырылу бояғыштар химиясын зерттегенде қолданылады.

Мамандар үшін техникалық топтастыру бояғыштың қасиетімен қоса,алу жолын және қолдану жағын қарастыратын болғандықтан біршама жақындау.Техникалық қасиеттері және боялатын обьектегі қатынасына қарай бояғыштар 14 топқа бөлінеді( қышқылдық,негіздік,тура,кубты,күкіртті,протравты және т.б).

Негіздік бояғыштар,атына сай құрамында негіздік топтар (аминтоп) болуымен сипатталады. Олар өсімдік және жануарлардан алынатын талшықтарда соңғыларын алдын ала дайындықсыз бояйды,ал өсімдік талшықтарын бояу үшін протравтайды (уландырады ). Негізгі кемшілігі бояу сәуле әсеріне төзімсіз.Сондықтан да кем қолданылады.

Қышқылдық бояғыштар,сәуле мен ылғал әсеріне төзімді болғандықтан жануарлардан алынатын синтетикалық полиамидты талшықтарды бояуда кеңінен қолданылады.Бояғыш құрамында қышқылдық топ –SO 3H молекуласы болады.Мех терілерін қышқылдық немесе бейтарап ортада бояйды.

Тура бояғыштар құрылымы жағынан қышқылдық бояғыштарға ұқсас,бірақта әдетте бөлшектері ірілеу,сондықтан да тері ткані мен жүн құрылымына енуі қиындау.Мақта мата талшықтың дайындықсыз бояй береді.

Протравты бояғыштарын материалдарда ауыр металл тұздармен

( K 2Cr 2O 7, CuSO 4, FeSO 4 және т.б )өңдегеннен соң ғана қолдануға болады. Өңдеген металл тұздарының түрлеріне,қасиеттеріне сәйкес түс алынады.

Қазіргі кезде мех өндірісінде негізінен қолданылатын бояғыштар:тотықтырғыш,кубты,қышқылдық,тура,протравты,дисперсиялы және метал комплексті.Қолданылатын бояғыштар топтарына төмендегідей талаптар қойылады:сәуле-ылғал әсеріне,үйкеліске төзімді болуы қажет.Мех терілерін бояуда қолданылатын бояғыштар формальдегид,минералды және органикалық қышқыл ерітінділерінің,сонымен қатар жоғары температура әсеріне де төзімді болуы қажет.

Бояғыштардың маңызды қасиеттерінің бірі суда ерігіштігі.Боялудың біркелкілігіне ерітінді температурасы,ортаның рН көрсеткіштігімен қатар бояудың материалға байланысуының үлкен әсері болады.Жақсы еритін бояғыштар боялатын материалға еркін сіңіріледі де,біркелкі рең береді.
7.3 Тотықтырғыш бояғыштармен бояу

Мехты бояуда тотықтырғыш бояғыштар кең қолданылады.Тотықтырғыш бояғыштарда түс беретін хромофор топтары болмайды,әдетте олар түссіз немесе өте әлсіз боялған,бензол немесе нафталин туындылары болып келетін жай органикалық заттар.

Талшықты бояу алдында ауыр металл тұздарымен өңдейді,соған байланысты белгілі түс алынады.Олар молекулалық массасы аз және суда жақсы еритін болғандықан талшыққа жылдам сіңеді де,тотықтандырғыштың әсерінен молекулалық массасы үлкен суда ерімейтін болуға айналады.

Барлық дерлік тотықтырғыш бояғыштар белгілі ортақ қасиеттерімен сипатталады:



  1. Жүн талшығын протравтаудан (көбіне хроммен) соң бояйды.Әртүрлі протравтауды қолдана отырып алынатын түсті өзгертуге болады.

  2. Кей жағдайларда боялған жүн,ауаның әсерінен реңін көбінесе,қызғылтым түске өзгертеді.

  3. Ерітіндінің қышқылдық көрсеткішіне байланысты рең мен түс өзгереді.Мысалы, сары бояу сілтілік ортада қызғылт-қоңыр түске бояйды.Сондықтан да ортаның қышқылдық көрсеткішін мұқият бақылау қажет.

  4. Бояғышты тотықтырғыштар адамның тыныс алу жолдарына,терісіне кері әсері болғандықтан жұмыс істеу кезінде ұқыпты болу қажет.

  5. Тотықтырғыш бояғыштар тері тканінің иілгіштік қасиетін төмендетеді,ауданын кемітеді.

Көрсетілген кемшіліктеріне қарамастан,тотықтырғыш бояғыштар кең қолданылады.Себебі,бояуды төменгі температурада жүргізілгенмен,бағалы аң терілеріне ұқсас түс береді.

Хром тұздарымен протравталвнған мех терілерін тотықтырғыш бояғыштармен бояуды төмендегіше түсіндіруге болады.Бояғыш ертінтіге тотықтандырғыштың ( сутек перекисі) әсерінен тотықтырғыш бояғыш бояуға айналып талшық құрылымына сіңеді. Сонымен қатар тотықпаған бояғыштар сіңіп хроммен байланыстар түзейді.Сонымен жүн жабының боялуы сіңірілген мен тотықтырғыш әсерінен түсін өзгеруіне байланысты.

Химия өнеркәсібінде өңдірілетін тотықтырғыш бояғыштарды мехқа арналған бояғыштар деп атайды.

Бояғыш алу үшін бастапқыда жартылай өнім ретінде төмендегідей органикалық заттар қолданылады:

NH2 NH2 NH 2 NH 2

NH2


Анилин NH2 OH NH

Мехқа Мехқа Мехқа

арналған арналғ ан арналған

қара Д қоңыр А сары Н

Көрсетілген бояғыштардан басқа мехқа арналған сұр ДА,мехқа арналған сұр Д,мехқа арналған қоңыр Т,мехқа арналған қоңыр ХПФ және т.б қолданылады.



Бояуға дайындау процестері
Мехты өңдеуде тотықтырғыш бояғыштар мен бояу алдында әдетте бейтараптау,ағарту және протравтау секілді дайындық процестерін жүргізеді.

Бейтараптау мақсаты- жүн жабынын,бояудың талшық құрылымына сіңуіне кері әсер ететін майлы және ластағыш заттардан арылту.Сонымен қатар қышқылдың артық мөлшері төмендейді,жүн жабыны мен тері ткані келесі жүргізілетін протравтву мен бояуға қолайлы жағдайға келтіріледі.

Бейтараптаудың мазмұны мехтік терілерді әртүрлі сілтілі ерітінділермен ( натрий карбонаты,аммиак және күйдіргіш натрий) өңдеуде.

Ерітінді концентрациясы мен қолданатын сілті табиғаты өңдеу тәсіліне,өңделетін тері мен алынатын өнім түріне байланысты.Ірі жүнді терілерді бейтараптау үшін концентрациясы жоғарылау ерітінділер қолданылады.

Күйдіргіш натр ( NaOH ) бейтараптаудағы күшті реагент,сондықтан оның күшті концентрациясын қолданғанда жүнді және тері тканін әлсіретіп жіберуі мүмкін.күйдіргіш натрды аздаған мөлшерде қолданғанда жүн жабының әсемдігі мен жылтырауы артады.

Аммиак (NH 4OH) бейтараптауға жақсы реагент болғандықтан көп қолданылады. Жүнді жақсы майсыздандырады,жүн мен тері тканінің сапасына кері әсері жоқ.Бірақ өткір иісті,жұмыс істеуге қиын,әрі қымбат. Натрий карбонаты (Na 2CO 3) процесс жүргізуге тиімді,теріге кері әсері жоқ арзан болғандықтан ең көп қолданылады.Қышқылдың артық мөлшері тез бейтарапталынатын болғандықтан процестің өтуіне ерітінді температурасының әсері шамалы.Әдетте,бейтараптауда,25-300С температурада жүргізеді.

Процесс ұзақтығы тері түріне байланысты орташа 2 сағатқа созылады.Сілтінің негізгі бөлігі алғашқы 30мин сіңіріледі.Теріні сілті ерітіндісінде ұзақ ұстағанда сапасын төмендетеді.

Сұйықтық коэффициенттің бейтараптауға тигізер әсері едәуір. С.К дәрежесінің жоғары болуы былғары мен ерітіндіні пәрменді араластыру мен бейтараптау процесінің біркелкі жүруіне мүмкіндік туғызады.Негізінен С.К:012-15 аралығында жүргізіледі.Өңделетін жартылай фабрикат түрі бейтараптау процесіне көп әсер етеді.Мысалы,майлылығы жоғары терілерді өңдегенде ерітіндіге сілтімен қабат жуғыш заттар (сабындар, « Новость» ұнтағы) қосып жүргізу қажет.Үздіксіз өңдеу тәсілінде бейтараптауды майсыздандырумен бірге жүргізуге болады.

Бейтараптау соңында сілтінің артық мөлшерін кетіріп,жүн құрылымында біркелкілікті реттеу үшін фенолфталейннің судағы ерітіндісінің (индикатор) тамызғанда қызыл түске боялғанша шайған тиімді.

Ағартуды материалдардың ақ түс дәрежесін арттыру үшін қолданылады.Ақ түс көптеген талшықты материалдардың өте маңызды көрсеткіш және соның ішінде ақ түсі бар терілер мен мехтар үшін үлкен маңызға ие.Ағартқыш заттармен өңдеуден кейін олардың түсі табиғи ақ түсінен де таза болады.Оның бағалы аң терілерін өңдеу кезінде пайдасы бар.Ағартқыш заттарды көбінесе бояғыш ретінде қолданады және оны ақ бояғыш деп атайды.

Ағарту теориялық негіздері толық зерттелмеген күрделі процесс,ал қолданылып жүрген тәсілдер талапқа толық сәйкес келе бермейді.ағартқыш ретінде немесе тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш қолданылады.Тотықтырғыштардан сутек перекисі ( H 2O 2 ), калий перманганаты ( KMnO 4 ), хромник ( Na 2Cr 2O 7 ) қолданылады. Тотықсыздандырғыш қызметін натрий сульфаты (Na 2SO 3 ),натрий гидросульфиті ( NaHSO 3 ), күкіртті газ (SO 3 ) атқара алады.

Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың тері ткані мен жүн жабынына кері әсерін төмендету үшін оларды алдын ала өңдеуден өткізген жөн.Қазіргі кезде өңдеуді формальдегидпен илеп,пикелдеуді алюминий ашудасы мен сірке қышқылымен жүргізу тиімді деп саналады.Терілерді формальдегидке мочевина мен гипосульфит қосып өңдегенде жақсы нәтиже алуға болады.Әдетте ағартуды 28-300С температурада С.К. 15, протравтауда 6-7 сағат,тотықтыруда 3-4 сағат аралығында баркастарда жүргізеді.

Протравтау – мехты ауыр металл тұздары ерітіндісімен өңдеу.Мұндай өңдеу түк пен бояудың табиғатының ұқсастығын жақындатып,берік боялуды қамтамасыз етеді. Протравтаудың маңызы әсіресе жүнді тотықтырғыш бояғыштармен бояуда өте зор.

Қазіргі көзқарас бойынша бұл жағдайда бояу алдындағы протравтау сутегінің асқын тотығының тотықтырғыш әсерін арттырып,металдың бояғышпен комплекске түсуіне ықпал етеді.Протравтау реагентінің табиғаты мен оның мөлшеріне байланысты түкті жабынға бір бояғышты қолданып-ақ әртүрлі түс беруге болады.Мысалы, түкті жабын тек «мех үшін Д» бояғышын протравсыз бояғанда көкшіл-сұр түске,ал хром,темір,мыс тұздарымен алдын ала протравтау жүргізген соң қара-қоңыр,сия көк, қара түске боялады.Протравтауда калийдің,натрийдің дихромат тұздары кең қолданылады.Қышқылда ерітіндіде бұл тұздар дихромды қышқылға айналады, ал ол қышқыл жүндегі кератин белогымен байланысқа түседі.

Өндірісте жинақталған тәжірибелерге қарағанда жүн талшығы дихроматтың өз массасының 3% -не дейін мөлшерін сіңіре алады,бірақ мұндай жағдайда жүннің боялуы өте қиынға түседі,жүн талшығына сіңген дихромат мөлшері 1 % болған кезде боялу жақсы жүреді.

Мыс тұздарымен протравтау арқылы мехты және берік бояуға болады. Оның себебі,басқа металдардың қосылысына қарағанда мыстың қатысуында тотықтырғыш бояғыштар сутегінің асқан тотығымен тез тотығады.Бірақ мыстың протравтауға арналған тұздары кең қолданыс тапқан жоқ,оның басты себебі: жүнге қаттылық береді және терінің иілмелік қасиетін төмендетеді. Егер протравтауға мыс сульфатының орнына мыс аммиакатын [Cu(NH 3) 4]SO 4 қолданса келтірілген кемшіліктерді жоюға болады.

Жүнге біркелкі бояу бермейтіндіктен протравтауға темірдің (II) тұзын көп қолданбайды.Себебі,түбітті жүн талшығына қарағанда,түкті жабының қылшық жүні темірдің тұздарын аз сіңіреді,боялуы біркелкі болмайды.Кейбір жағдайларда бұл эффект арзан аң терісін бағалы аң терісіне ұқсату үшін,мысалы ,түлкі терісін қара-қоңыр түске бояуға қолданылады.Сондай-ақ,мех терілерін ағарту кезінде темір тұздарымен протравтау кең түде қолданылады.

Тотықтырғыш бояғыштармен бояуды ерітіндімен бояу немесе жағу тәсілімен жүргізеді. Ерітіндіде бояу көп қолданылады.Бояғыштарды 10есе артық 80-90 0С температурада ыстық суға жеке-жеке ерітеді.Ерітінділерді дәкемен сүзіп процесс жүргізіетін аппаратқа құяды.Сутектің асқан тотығын 5 есе артық суға қосып 30 минуттан соң құяды.Қоянның терісін қара түске бояуда С.К.12 және 35-38 0С температурада 3 сағатта жүргізеді.

Жағып бояуды тек жүнді бояйтын немесе әртүрлі рең беретін жағдайда щеткамен жағып немесе трафарет қойып сеуіп жүргізеді.

Бояу процесіне бояғыш ерітіндінің құрамының, С.К. температураның,ерітіндінің қышқылдық көрсеткішінің және процесс ұзақтығының әсері бар.

Біркелкі түс алу үшін әдетте бірнеше бояғыш қолданылады.

Мехты қара түске «мех арналған қара Д »бояғышымен қолданғанда:



  1. Мехқа арналған қара Д +пирокатехин мехқа арналған қара Д + сұр Д+ сары Н.

Жүн жабының қоңыр түске боуда:

  1. Мехқа арналған қара Д + резорцин

  2. Мехқа арналған қара Д + мехқа арналған қоңыр А

  3. Мехқа арналған Д+ резорцин +мехқа арналған қоңыр А + мехқа арналған сары Н.

Қосылатын тотықтырғыш мөлшері бояғышпен бірдей.

Сұйықтық коэффицент терілердің еркін жүзіп жүретіндей болу қажет.Көбінесе 12-15 аралығында С.К төмендетсе жүн жабыны бірігіп киізденіп қалуы мүмкін.Сұйықтық коэффицентті төмендетсе бояуды қолдану тиімділігі артады.

Әдетте тотықтырғыш бояғыштармен бояуды 35-380С температурасында жүргізеді.Процестің жүргізілу ұзақтығы 2-3 сағат . Осы уақытта бояу процесі негізінен жүріп бітеді.
7.4. Қара анилинмен бояу

Мех өңдіруде қара анилинмен бояуды таза қара түс алу мақсатында тотықтырғыш бояғыштармен қосып жүргізеді.Бұл тәсіл қоян,мысық,ондатра және теңіз мысығының терісін қара түске бояғанда қолданылады.Қара анилинмен бояғанда сәуле әсеріне берік қанық түс алынады. Қара анилинмен бояуда көптеген жылдар ішінде өзгеріссіз келе жатқан анилиннің гидрохлоридің,тотықтырғыш және катализатор қолдану керек.

Анилиннің өзі жеңіл буланған улы зат жұмыс істеу өте қиын болғандықтан анилиннің гидрохлориді қолданылады.Оны тотықтыру үшін бертолет тұзы КССО3 қолданылады.Бертолет тұзы ыдырағанда өте көп мөлшерде жылу бөлініп тері тканінің белоктарын пісіріп қою қаупі болғандықтан,оның тиімді мөлшерін ғана алу қажет.

Тотығу процесінің өте тез пәрменді жүруі жүннің реңін бәсеңдетіп сапасын төмендетуі мүмкін.

Анилин гидрохлоридті тотықтыруда катализатор ретінде мыс купорасы қолданылады.Мыс купорасының біраз тотығу кезінде түзілетін анилин гидрохлоридінің құрамына кіреді деп есептеуге болады.Катализаотр ретінде басқа заттарды қолданғанда анилиннің тотығу кезінде бірнеше зат түзіліп құрылымына түгел сіңбей жүннің сыртқы қабаттарында қалып үйкеліс әсерінен кетіп қалуы мүмкін.Бояғыш ерітіндінің құрамында келтірілген негізгі заттардан басқа аммоний хлориді бояу процесіне қышқылдық орта береді.

Бояғыштар құрамы тері тканіне кері әсер ететін болғандықтан анилинмен бояуды жағу тәсілімен жүргізеді.Бояу процесі кезекпен орындалатын келесі операциялар мен жасалынады:бояуды бірінші жағу жатқызып қою,кептіру,механикалық жұмсарту;бояуды екінші рет жағу,жатқызып қою,кептіру,жұмсарту: үшінші рет бояуды жағу,жатқызып қою,кептіру,жұмсарту.

Бояу үшін екі ерітінді дайындайды:біреуі анилин тұзы мен беттік активті заттан,екіншісі-мыс купорасы,бертолет тұзы және аммоний хлориді.Ерітіндіні қыздырып дайындайыд.Бояуды 20-250С температурада жүргізеді.Қолдану алдында екі ерітінді араластырып,жүннің биіктігінің 2/3 бөлігіне жағады.Жауғды НАМЦ – 2 машинасында жүргізеді.Терілерді конвейерге жүнін төмен қаратып жатқызып,үздіксіз айналып тұратын барабанға жібереді.Терілердің барабандарға қысылу нәтижесінде оның білігіндегі щеткалармен боялады.Екінші жағындағы айналмалы шағын білік көмегімен терілер барабаннан ажыратып алынады.Ажыратып алынған терілер қаттап жиналып қойылады.Қоспаны жаққанда тері тканіне тигізбеу қажет.

Төменде бояғыш ерітіндінің құрамы келтірілген.

6 кесте.


Құрамы

Бояғыш ерітінді концентрациясы г/л


Бірінші

жағылатын

ерітінді


Анилин тұзы

60

Мыс купорасы

15

Бертолет тұзы

25

Аммоний хлориді

7,5

Беттік активті зат

1

Ерітінді жағылған терілерді жон арқа сызығы бойынша жүнін қаратып бүктеп 25-300С температурада 6-8 сағатқа жатқызып қояды. Осы уақыт арқылы шапшаңдатуға болады.Кептіру үшін әртүрлі қоңдырғылар қолданылады.Кептіруді 40-450С температурада ауа ылғалдылығы 40% жағдайда 3,0-3,5 сағат аралығында жүргізіледі.

Бояуды бірінші жаққан соң жүн жабыны біркелкі емес жасыл түске боялады.Сондықтан жағу арқылы бояуды 3 рет қайталанады.Соның нәтижесінде жүн жабыны қою-жасыл түске боялады.

Жағып бояу кезінде жүн талшықтарының сыртқы қабатында сіңірілмеген,байланыспаған,адам денсаулығы мен тыныс алатын ауаға залалды,тотығу заттары қалады.Сондықтан ла әрбір жағудан-кептірулен соң жұмсартқанда торлы барабандарда сілкілеп тазартып отырады.

Анилинмен жағып бояу процесі ұзақ,көп еңбек пен терілерді қаттап жинап қобға орын қажет етеді.Әрбір тер жағу,жатқызып қою,кептіру жұмсарту операциялар 3 немесе 4 рет өтетін болғандықтан процесс өте ұзақ уақыт жүргізіледі.Сондықтан бұл процесті шапшаңдату мех өнеркәсібінде жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.

Мехты анилин ерітіндісінде бояудың қиындығы,ерітінді тері тканінің беріктігін төмендетеді.Сол себепті қара аанилинмен ерітінді қанық қара түске бояу тәсілі ұсынылған.Ұсынылған тәсіл бойынша боялатын терілерді илеуді формальдегид,гипосульфит және алюминий қосылыстарымен жүргізеді.Бояу ерітіндісі құрамына анилин тұзы,мыс купорасы,бертолет тұзы мен бірге темір купорасы қосылады.Темір купорасы бояудың жақсы сіңіп байланысуына әсер етеді.

Бағалы аң терілерін немесе арзан терілерді соларға ұқсату мақсатында,қанық ашық жақсы боялған терілер алу үшін анилинмен бояудан соң,тотықтырғыш бояғыштармен бояйды.Мысалы қоян терісін қара түске бояу үшін,анилинмен жағып бояған соң,бейтараптап,протравтап тотықтырғыш бояғыштар ерітіндісінде бояйды.Анилинмен өңдеу кезінде қою-жасыл түсті терілер,ерітіндіде бояғанда қанық қара түске боялады.
7.5. Кубты бояғыштармен бояу

Бұл топтағы бояғыштар боялатын оъбектіге жарықтың,әртүрлі реагенттердің әсеріне шыдамды терең қанық түс береді.

Кубты бояғыштар талшықты заттарды бояу үшін қолданылды.Мех өндірісінде кубты бояғышты түкті жабынды,кейде жүн тканін бояу үшін қолданады.Оларды еріту үшін негізгі ортада тотықсыздандырғыштар қолданылады (көбінесе натрий дитиониты Na 2S2O4 ).

Сонда бояғыш суда еритін лейко қосылыстар формасына көшеді.Бояу кезінде талшыққа сіңген лейко қосылыстар ауадағы оттегінің немесе басқа тотықтырғыштардың әсерінен қайтадан бастапқы қалпына келеді.Бұл процестер бұрынғы кезде куб тәріздес ыдыстарда жүргізілгендіктен бояғыштарға «кубты» деген ат берілген.

Химиялық құрылымы жағынан кубты бояғыштарды индигоидтар және полициклді деп бөледі.

Индигоидты бояғыштардың құрамында төмендегідей циклдер болады:




РИММА

Енлик

Бүршігімен өңдеу жолдарының мүмкіндігі қарастырылған. Бұл кезде елтірінің былғарылық ткандерінің талшықтарына солодтың бүршіктері ферменттік ретінде әсер етіп, оны жұмсартады.

Бүршіктердің концентрацмясы 60г/л өңдеу ұзақтығы 48-60 сағат. Жұмсартудан кейін сол ыдыста өнімді түсірмей 20-40 сағат органикалық қышқылдармен пикелдеу жасалынады.

Солдтың жас бүршіктерін қолдану беріктігі жоғары және беткі қабаты сынбайтын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өңдеуге қолданылатын материалдардың бағасы 30% ке дейін төмендейді. Өндірістік цикл 1-2тәулікке қысқарады. Бірақ өңделген қаракөл елітірілерінің былғарылық ткані онша созылуы болмайды, сондықтан бұл әдісті әлі де болса көп жақсартып толықтыру керек.

Ашытқымен өңдеуді бастау алдында 8-10 сағат бұрын ашытқы ерітіндісін дайындайды. Ол ұн (110г/л) ас тұзынан (60г/л) тұрады. Ерітіндіні барабанда 450С температурада жасайды. Жартылай фабрикатты салар алдында ыдыстағы ашытқының қышқылдығын анықтайды. Ол сірке қышқылы бойынша санағанда 3-4г/л кем болмауы керек.

Ашытқымен өңдеу кезінде қышқылдық біртіндеп жоғарлап, өнімді түсірер кезде сірке қышқылы бойынша санағанда шамамен 10-12г/л жетеді. Ашытқымен өңдеу ұзықтығы 90-120 сағат. Ашытқымен өңдеудің аяқталуын былғарылық ткан талшықтарының белгілі деңгейде жұмсап елтірінің қолтықтағы жерлеріндегі жүн жабынның теріге бекітілуінің әлсіреуі бойынша анықтайды. А.М Зубин қаракөл елтірілерін ашытқымен өңдеудің микроскопиялық қадағалау әдістерін жасап оның өндіріс жағдайындағы нормативтерін ұсынды.

Өңдеудің сатылы пикелдеу әдістемесі де жасалған. Ол кезде елтірілер ас тұзы мен қышқылдармен өңделеді, бірақ қышқылдық біртіндеп жоғарылаты. Бұл қышқылдың керекті мөлшерін бірнеше рет құю арқылы орындалады.

Ашытқымен өңдеуді сатылы пикелдеумен алмастыру кезінде операцияларды жүргізу әдістемелері мүлде өзгермейді.

Жібіту мен шелдеуді технологиялық картада көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

Сатылы пикелдеу 380С температурада 3 тәулікке созылады. Пикелдеу ыдысында елтірілерді салу алдында 30г/л ас тұзы мен 3г/л сірке ұышқылы болады. Пикелдеу басталғаннан 24 сағаттан кейін сірке қышқылын 8г/л жеткенге дейін құяды, ал 18 сағаттан соң – 10г/л жеткенге дейін қосып, сонымен қатар 25г/л сұлы ұнын да береді. Бұл келесі жүргізілетін шелдеу процесінде, былғарылық тканнің бұлдырлау болу нәтижесінде, едәуір оңайлатады.

72 сағаттан соң жарты фабрикатты түсіріп хромгипосульфиттік илеу жүргізіп әрі қарай технологиялық карта бойынша өңдеуді жүргізеді.

Сатылы пикелдеу әдісінің болашағы зор деуге болады. Бұл кезде жарты фабрикаттың жақсы сапасы қамтамасыз етіледі. Былғарының ткані жүмсақ, жақсы созылыңқы, көрсеткіштері бойынша ашытқымен өңделген елтірілердің былғарылық тканінен айырмашылығы аз. Жарты фабрикаттың сапасының жақсаруынан жүннің түсу қаупінің азайуы жағынан да түсіндіруге болады.

Сатылы пикелдеудің, жарты фабрикаттың жақсы қамтамасыз еткен жаңдайда, ашытқымен өңдеумен салыстырғанда өтк көп артықшылығы бар:өңдеу циклі қысқарады, ұнның шығыны 8 рет азаяды. Бұл өңдеу бағасын әжептәуір төмендетіп, бқылауды және процесті реттеуді оңайлатады.

Ашытқымен және сатылы пикелмен өңделген елтірілерді жыл бойы сақтау, олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ екенін көрсетті.

Қаракөл елтірілерін илеуді және жұмсақ жағдайда жүргізуге тырысады, өйткені былғарылық тканнің жұмсақтық және созылыңқылық қасиетіжоғалып кетуі мүмкін.

Илеу кезінде негізділігі 15%-ке тең, хорм тотығына есептегенде,0,9 хром экстракті қолданылады. Операцияны аркаста жүргізіледі. Хром экстракті құйылғаннан 8 сағат өткеннен соң, егер пісу температурасы өз деңгейіне жетпесе (600С төмен болмауы керек). 0,5г/л есеппен соданы алдын ала ерітіп қосады. Илеу жалпы 300С температурада, сұйықтық коэффициент 10 тең болып 10 сағатқа созылады. Сатылы пикелдеу қолданылған жағдайда әдістеме хромдық гипосульфиттікәдісті қолдануды талап етеді. Бұл илеуде гипосульфиттік қолданылатын концентрациясы 10г/л, оны ыдысқа елтірілерді хроммен 3 сағат өңдегеннен кейін беру керек.Илеу ыдысында гипосульфиттің болуы елтірінің еткі қабатының беріктігінің жоғарылауына септігін тигізеді. Илеуден кейін елтірілерді бір жерге жинап жайып қояды. Одан кейін сығып, созып, шелін кептіреді. Өйткені, таза пародалы қара көлдің бас жағы жібітуден кейінгі жүргізілетін шелдеуде шелденбейді. Қазіргі шелдеу машиналары, бұл операцияны жүргізйһуге жарамайды, қаракөлдің бас жағынан терісі бұл машиналарда жыртылып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл процесс тек қолмен жүргізіледі.

Майлы әртүрлі май эмульсияларымен жағу арқылы жүргізіледі. Майлар құрамы шикізаттың сапасына және ары қарай жарты фабрикатқа жүргізілетін өңделу түріне қарап өзгеріп отырады. Әрлеу операциялары кептіруден, бірінші рет мехты механикалық жолмен жұмсартудан, жан жаққа керуден, екінші рет жұмсартудан қолдарын бас жағын шеберлік машинада тазартудан тұрады.

Қаракөл елтірілерінің құрамының өзіндік қасиеттері болғандықтан кейбір операцияларды дұрыс жүргізбегенде әртүрлі кемістіктер пайда болуы мүмкін. Мысалы елтірінің бетінің сынуы. Егер кептіруді жоғары температурада жүргізілсе, онда мұндай ақаулар одан сайын көбейеді. Осыған байланысты технологиялық картада кептіруді 400С температурады, ауаның қозғалу жылдамдығы 1м/сек және салыстырмалы ылғалдылығы 45% болған жүргізу көрсетілген. Егер қаракөлді табиға түрімен шығару керек болса (сұр,қоңыр және т.б) онда оларды тазалаудан соң кептіріп қосымша механикалық жолмен жұмсартып, барлық ауданы бойынша қайтадан түрпілеп өндірістік сараптау жасайды.


8.4 Қоян терілерін өңдеу

Қоян терілерін өңдеу жолдарының көптеген ұқсастығы бар, бірақ бір технологиямен қоянның барлық түрлерін өңдеуе болмайды. Қоян терілерін өңдеу алдында үлкендігі және шелінің қалыңдығы бойынша бірнеше топқа сараптап бөледі. Бұл кезде екі мөлшерлік категорияға бөлген ұтымды: 16дм2 дейін және 16дм2 үлкен, шелінің бойынша жіңіш шелді (қалыңдығы 0,7мм дейін) және қалың шелді (шелінің қалыңдығы 0,7мм аса). Дайын өнімнің ең жақсы сапасын ересек қоянның немесе 6-8 айлық жас қоянның терілерін алуға болады. Бұл кезде былғарылық ткан жіңішке және жүн жабынының алмастыру белгілері жоқ. Жақсы сарапталған тері партиясы өңдеуге керекті химикаттардың көлемін дәл беруге, өңдеу режимін жақсы орындауға мүмкіндік береді.

Өңдеу алдында терілердің салмағын өлшейді.Өңдеудің бірінші процесі-жібіту 35-400С жылылықтағы жылы суда, 2-3г/л жуғыш заттар қосылып жүргізіледі. Судың көлемі терілердің ауырлығына байланысты, 1 кг теріге 9 литр сұйық құю арқылы есептелінеді.

Терілерді сумен бірге анда санда араластырып тұру керек. Өңдеу жылы бөлмеде 4 сағаттай жүргізіледі. Сойылғаннан кейінгі дымқыл терілер жібітуден кейін тікелек шелденеді, ал құрғақ терілерді жібітуден кейін тікелей шелденеді, ал құрғақ терілерді жібітуден соң 1,5-2 сағат жатқызып қойып қайтадан сол ерітіндіде жібітеді. Ол кезде 20г/л тұзын қосады. Елтірілерді 30минут сайын араластырып отырады. Жұқа елтірілерді жібіту ұзақтығы 10-120сағат қалыңдау елтірілерді жібіту 16-18 сағатқа созылады.Жібітуден кейін терілер біркелкі суланып, қоян денесінен жаңа сыпырылған кездегі күйге жақын болуы керек. Жібіту кезінде тері асты шел қабатының оғай сыпырылу қабілетін тексеру керек. Егер ол оңай сыдырылса, онда терілерді түсіріп шелдеуге кірісуге болады. Ал егер ондай болмаса терілерді тағы екі сағат суда ұстауға тура келеді.

Шелдеу алдында алдыңғы аяқтарды сөгеді, терінің май-шел қабатын дөңкеште өтпес шалғымен немесе өткір шалғымен абайлап сыдырып тастайды. Шелдеу кезінде терідегі жүннің түбін кесіп алмау керек. Алдымен терінің жотасын шелдеп одан бас жаққа, кейін шетіне қарай шелдейді. Нашар суланған немесе жаман шелденген терілер дайын болған кезде қаттылау болады.

Одан әрі қарай терілерді пикелдеу процесіне жібереді. Ол ыдыста батыру әдісімен немесе жағу арқылы жүргізіледі. Батыру әдісімен жүргізген кезде арнайы 35-400С су ерітіндісі дайындалып, оған мынайдай компоненттерді қосады (г/л); ас тұзы 40-45, сірке қышқылы 10немесе күкірт қышқылы 3-4. Пикелдеу ұзақтығы терілердің былғарылық тканінің қалыңдығына байланысты 6-12 сағат.

Терілерді 30-60 минут сайын араластырып тұру керек. Пикелдеудің аяқталғанының терінің былғарылық тканін бүктеп, қысып қайтып жазған кезде ақ жолақ пайда болуы арқылы бақылайды. Пикелдеуден кейін терілерді жазып 24 сағатқа бірінің үстіне бірін жатқызып қояды да, одан кейін сығады. Сыққыш зат ретінде, үй жағдайында жуғыш машинаның білігін қолдануға болады. Ол кезде тері тайғақтамаы үшін оны мәрлімен орау керек. Кейбір кезде сыққыш барабана бар жуғыш машиналарды да қолданса болады.

Батыру әдісінен басқа пикелдік ерітіндіні жағу әдісінде қолдануға болады. Бұл кезде ерітіндінің концентрациясы екі есе жоғары болу керек. Пикелді терінің ішкі жағына щеткамен мақталық тампонмен жағады. Операцияны 2-3 рет, арасында жатқызып қойып, қайталайды. Терілердің пикелдену дәрежесін «сушилка» ақ жолақ пайда болу арқылы тексереді.

Пикелдеудің орнына ашытқымен өңдеуді қолдануға болады. Ашытқы ерітінділерін арпа немесе сұлы ұндары мен ас тұзын қосып дайындайды. Ұнды (100-110г/л) терілерді өңдеуден 8-10 сағат бұрын ыстық (40-450С) суда бөктіреді де, оған ас тұзын (60г/л) қосады. Жақсы өңделу үшін терілерді араластыра отырып, ерітіндінің суып қалмауын қадағалап, жүн түгінің түсу қаупін болдырмау керек. Алғашқы жүннің босаңсуы байқалған кезде теріні ыдыстан түсіру керек.

Терілердің дайындығын «сушинка» бойынша анықтайды. Егер терілер «сушинка» пайда болғанша түсірілсе,оны қайтадан пикелдік ерітіндіге салу керек.

Ашытқымен өңдеудің әртүрлері бар. Олардың бір түрлілердің іш жағына ірі ұнтақталған ұннан (арпа немесе сұлы) жасалған қамыр жағып, бүктеп үйіндіге жинап, жатқызып қояды. Одан кейін осындай әр үйіндіні тығыз материалмен жақсылап қымтай жауып 2-3 күнге қалдырады. Қамырды дайындау үшін 1кг ұн 15-20грамм ашытқы және 1 үлкен қасық ас тұзын алады.

Қамырдан басқа ашытқымен өңдеу кезінде ашыған айран қолданылады. Кейбір кездері терілерді өте ашып кеткен ашытқыда да ұстайды. Бірақ ең жақсысы оларды 2-3күнге қою киселге ұқсаған, ыстық суда жақсы араластырып дайындалған мынадай құрамы бар ерітіндіде ұстаған абзал: ұн кебегімен- 200г/л, ашытқыш -7г/л және ас тұзы -25г/л. Бөлме температурасына дейін суытылған ерітіндіге терілерді салып, ауық –ауық араластырады. Ерітіндінің шығын – 1кг теріге 4 литр сұйық.

Егер терілер қалың болса, жатқызып алған соң сығып, дөңкеште өтпес шалғымен жақсылап жұмсартып, дискілік шелдеу машинасында, жүн түбіріне зақым келмейтіндей қылып, сүргілейді.

Өңдеудің ең бір негізгі процесі- илеу. Оның арқасында теріге дымқылдықтың, ыстыққа және химиялық әсерлерге қарсы тұратын қасиеттер беріледі.Илеуге керекті ерітінді көлемі сұйықтық коэффициентімен анықталады. Ол 9 немес 1 тең, яғни 1кг құрғақ теріге 9 немесе 10 литр ерітінді керек. Илеуге негізгі зат ретінде негіздік хром тұздары (хром ашудасы, хром илегіші) қолданылады.

Илеу үшін 40-60г/л ас тұзы және хром тотығына есептегенде 1,0-1,5г/л хром ашудасы бер ерітінді дайындайды. Хром ашудасында хром тотығының мөлшері 15%-ке тең. Терілер батырылған илеу ерітіндісін 30минут сайын араластырады. Илеу процесінің ұзақтығы 5-6 сағат. Қоянның елтірісін илеу үшін өсімдіктік илегіштерді де қолдануға болады, мысалы талдың қабығын. Бұл кезде илеу ерітіндісін былай дайындайды: эмальді ыдысқа талдың қабықтарын және майда бұтақтарын нығыздамай салып (200-250г/л) суда құйып, ас тұзын қосып (50-60г/л) 25-30минут қайнатады. Суытылған және сүзілген ерітіндіге терілерді салып дамылсыз араластырады. Процесс шамамен 1тәуліктен кейін аяқталады. Иленген терілерді түсіріп, үйіндіге жинап жатқызып қояды (үйіндінің үстіне ауыр зат қойса болады.). Бір тәуліктен кейін терілерді сығады,былғарылық тканін өтпес шалғыда жұмсартады (көлденеңі одан кейін ұзындығы бойынша тартады) одан кейін алдын – ала дайындалған май қосындысымен майлайды. Май қосындысын былай дайындау ұсынылады: үлкен тесікті үккіште шаруашылық сабынды майдалап оны 45-500С температуралы суда (200г/л)ерітеді. Оған араластыра отырып қойдың немес шошқаның майын (80г/л) және нашатыр спиртін (10мл/л) қосады. Егер мүмкіндік болса дайын май қосындыларын пайдаланған жөн. Терілердіт щеткамен, тампонмен немес қолмен былғарылық тан жағынан жылы (400С) май қосындысымен біркелкі, жүн жабынына тигізбейді, майлайды. Одан кейін жотасы бойынша жүнді сыртқа қаратып екі бүктеп, қаттап жинап қояды. Кептіруді арқанда 300С температурада, жүннің сыртық қаратып жүргізеді. Кептіруден кейін терілерді 1тәулік жатқызып қойып, өтпес шалғымен немес басқа механизммен жұмсартады. Егер терілер аса артық кеуіп кетсе, оны жұмсартар алдында ептеп жылы сумен сулайды. (су шашу арқылы) да, таза қаппен қымтап жауып, қаттап бірнеше сағатқа жатқызып қояды.Одан кейін жүнін кірден тазалап, сағызы болмайтын ағаш ұнтақтарымен сүртіп, жүнін тарап, қағып – сілкиді.

Жақсы өңделген терілердің былғарылық ткані жұмсақ және созылмалы, ал жүн жабыны – қолаң, таза және жылтырап тұрады.

Қоян терілерін табиғи түрде де өте жақсы пайдалануға болады. Әсіресе қоянның мынадай түрлерінен тігілген киімдер өте сұлу болады: күміс түсті, қара қоңыр, советтік шиншилла, мардер және веналық көк түрлері

Егер қоян терілерін бояу қажет болса онда ақ терілерді қоңыр немесе қара түске бояу тиімді.

Бояу алдында терілердің салмағын анықтап,соған байланысты ерітіндінің көлемін, 1 кг теріге 15литр сұйық керек деген есеп бойынша анықтайды.

Терілерді қоңыр түске бояу кезінде, бірінші процесс протравтау үшін , 300С жылылықтағы суға мынадай компоненттерді қосады (г/л): ас тұзы 10, алдын –ала ерітілген хромпик 1,8-2,0, жуғыш ұнтақ-1

Дайындалған ерітіндіге терілерді салып өңдеу процесін мұқият араластыра отырыпжүргізеді (он минут сайын бер рет араластырады). Өңдеу ұзақтығы 3 сағат. Одан кейін терілерді түсіріп, қағып сілкиді.

Терілерді бояу үшін 100С жылылығы бар суға 25%-тік аммиактың 1-1,2мл/л және алдын-ала ерітілген бояулардың мынадай құрамын қосады.

Мех үшін қара Д 1,6-2,0г/л

Мех үшін сүр Д -0,6г/л

Резорцин -1,9-2,0г/л

Бояулардың концентрациясына байланысты бояу түрі өзгереді, сондықтан терілерді бояу кезінде бір рецепті қолданған тиімді. Дайындалған бояу ерітінділеріне терілерді салып, 30 минут араластырады да әрі қарай араластыра отырып 3,5г/л 30%-тік пергидролдің бес есе суда сұйытылған ерітіндісін құяды. Пергидролдың милиметрлік мөлшері бояуларды қосындысының грамына сәйкес келу керек.

Бояу ұзықтығы 2-3 сағатқа созылады. Ерітіндіні ауық-ауық (10минут сайын) араластыру керек. Одан кейін теріні түсіріп, жылы (350С) таза суда 1 сағат бойы жуады. Бұл кезде суға жуғыш ұнтақтарды да қосуға болады. Ондай жағдайда тері қосымша таза суда жуылу керек.

Терілерді қара түске бояу кезінде, протравтау үшін суға мынадай компоненттер беріледі.(г/л): ас тұзы -10, хромпик 3-5, күкірт қышқылы -1, жуғыш ұнтақ-1. Өңдеу ұзақтығы 3-4 сағат. Ерітіндіні дайындау жолы,қоңырға бояу кезіндегіге ұқсас. Боядан соң терілерді түсіріп, таза суда,үй температурасында жуып, сығып, қағып сілкиді.

Бояу екі сатыдан тұрады. Біріншісі-300С температуралы гипосульфит (10г/л ) мен ас тұзы (10-20 г/л) ерітіндісінде 8-10 сағат өңдеу. Терілерді 30минут сайын араластырып тұрады. Содан соң терілерді түсіріп, таза суды, үй температурасында жуып, сығып, қағып - сілкиді.

Екінші этап - 3,5г/л мех үшін қара Д бояуы 2г/л пирокатехи, 1мл/л 25%-тік аммимақ ерітіндісі, 1г/л жуғыш ұнтақ бар сұйықтықта өңдеу. Терілерді араластырып 30минуттан соң бес есе суда сұйытылған, пергидролдың 6мл/л ерітіндісін құяды. Терілерді 10 минут сайын3-6 сағат бойы араластыры, түсіріп қайтадан алдымен жылы суда жуғыш ұнтақпен 1 сағат, кейіннен тек қана таза суда 30 минуттай жүреді.

Мехтың артық бояудан тазалану дәрежесін тексеру үшін терінің кішкентай бөліктерін судың аз мөлшерінде жуып, оған 1%-тік хлорлық темірдің ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызады. 2-3 минуттан соң ерітіндінің жасыл көк немесе көк болуы, теріні тағы жуу қажеттігін білдіреді.

Содан соң қоңырға немес қараға боялған терілер тұздау (солка) операциясына жіберіледі. Ол кезде терілер ас тұзы (30г/л) мен стеарокс 920 (5г/л) ерітіндісінде 3 сағат бойы араластыра отырып өңделіп аяғында сатылады. Стеарокс- 920-ні алдын-ала ыстық суда ерітіп (70-900С), содан кейін, он еселік ыстық суда сұйытылған барып жұмыс ерітіндісіне қосады. Терілерді түсіріп, сығып, жазып созып соңында кептіреді.

Кептіруден кейін терілерді тағы да өтпес шалғыда немес басқа аспапта жұмсартып, жүн жабынын тарап, жапырақты ағаш породаларының ұнтағымен уқалап, қағып- сілкіп тағы да жүнін тарайды. Терілерді ағаш үгінділерімен тазалау үшін арнаулы аспаптар қолданған жөн.

Терілерді бояу кезінде, қауіпсіздік техникаларының қағидаларын қатаң сақтау керек. Өйткені жұмыс кезінде күкірт қышқылы мен бояулар пайдаланылады. Олардың көбі улы, денеге тисе күйдіріп, әртүрлі тері ауруларын шалдықтыру мүмкін.

Қоян терілерін қара қоңыр нутрия түріне ұқсатып бояған кезде протравтауды 10г/л ас тұзы, 1,5г/л хромпик және 1,0г/л синтанол ДС -10 бар ерітіндімен өңдеу арқылы жүргізіледі. Синтанол ДС-10 орынына сол мөлшерде синтанол ДГ-308, превоцелл W-OF-100беруге болады. Сонымен бірге басқа жуғыш заттар мысалы, жуғыш ұнтақтарды да қолдануға болады.

Протравтауды 300С температурада 3 сағат бойы ерітіндіні араластыра отырып жүргізеді.

Протравтаудан кейін терілерді сығып, қағып, бояу үшін мынадай заттары бар ерітіндіге салады: 1,2мл/г 25%-тік аммиак және бояулар: 2,62г/л мех үшін қара Д; 0,1г/л мех үшін сұр ДА 3,12 г/л резорцин. Бояуларды алдын-ала бөлек, 80-900 температурада 10 есе көп алынған суда ерітеді. Терілерді мұқият араластырып, 30минут өткеннен кейін 30%пергидролдің 6мл/л мөлшерін алдын-ала бес есе суда ерітіп алып ,береді,терілерді әр сағатта 10 минут араластырады. Бояу температурасы 350С, ұзақтығы – 3 сағат.

Бояудан кейін терілерді түсіріп, суын сорғытып, синтанол ДС-10 ерітіндісінде (1г/л) 350С температурада, бір сағат бойы жуады. Одан кейін таза суда 350С температурада , екінші және үшінші жууды бір – бір сағаттан жүргізеді. Түсірілген және сорғыған терілер тұздау «солка» үшін 30г/л ас тұзы және 5г/л стеарокс -920 ерітіндісінде 3 сағат өңделеді. Одан кейін терілер сығылып, кептіріп, әрлеу процестерінен өтеді.

Қоян терілерін сарышұнаққа (сурок) ұқсатып бояу үшін, протравтауды, алдыңғы көрсетілген әдіске сай жүргізеді. Бояу мынадай заттары бар ерітіндіде орындалады: мех үшін қара Д-0,2г/л, мех үшін қоңыр А-1,6г/л, аммиак 1,5мл/г. 30%-тік пергидроль 2,5мл/л-ге есептеліп беріледі. Бояудың температурасы мен ұзақтығы,қоянды қара қоңыр нутрияға бояғандағыға ұқсас.

Жуу мен тұздау да ұқсас жүргізіледі, кептіру мен өрлеу де әдеттегідей орындалады.

Шиншилла мен сұр қоянның терілерін бұлғын терісіне ұқсатып және түрлендіріп бояға болады. Бұл үшін протравтауды мынадай ерітіндіде жүргіезіді:10г/л ас тұзы,2г/л хромпик 0,5г/л сірке қышқылы, 1г/л синтанол ДС-10. Өңдеу температурасы 300С, ұзақтығы 3 сағат.Протравтаудан кейін сығып, сілкіп қағу баяу ерітіндісіне салады. Бұлғынның қара қоңыр түсіне үқсатып бояу үшін қара Д, 0,1м/л мех ұшін сұр ДА. 0,7мл/л 25%-тік аммиак. Жарты сағаттан кейін 3,1 мл/л сұйытылған 30%-тік пергидроль беріледі. Бояуды 350С температурада 3 сағат бойы жүргізеді. Терілерді бұлғынның ақшыл түріне ұқсатып бояу үшін 0,78г/л мех үшін қара Д, 0,1г/л мех үшін қоңыр А.1,5г/л резорцин, 0,8мл/л 25%-тік аммиак, 2,5мл/л 30% -тік пергидроль қолданылады. Бояудан соң терілерді түсіріп, бір сағат суын сорғытып, 1 сағат бойы температурасы 350С температурада таза сумен шаяды. Тұздауды терілердің суы сорғығаннан кейін, 30г/л ас тұзы және 5г/л стеарокс 920 ерітіндісінде, 350С температурада 3 сағат бойы жүргізіп, одан кейін терілерді сығып, кептіріп, әрлеуді әдеттегідей жүргізеді.

Дайын терілерді барлық ауданы бойынша жазып, ұзындығы бойынша созып, жүннің үстіне қаратып жинап қояды.

Жүннің жоғарғы шетін түрлендіру үшін құрамында мынандай бояулар бар ерітінділер дайындалады: мех үшін қара Д сұр қоян терілеріне 33г/л, шиншиллаға-5г/л,резорцин- сұр қоян терілеріне 0,9г/л, шиншиллаға - 5,25г/л; 30%-тік пергидроль, сұр қоян терілеріне 4,2мг/л шиншиллаға - 10,25мл/л. Осы дайындалған ерітінділерді терілердің жүн жабынына щеткамен жағып,жүн жүніне қаратып бір бағытқа жинап 6-8 сағатқа жатқызып қояды.

Одан кейін кептіріп, жапырақты қатты ағаштардың ұнтағымен тазалап, қағып сілкіп жазып жатқызып екінші түрлендіруді мынадай ерітінділермен жүргізеді: сұр қоян терілері үшін: -3,3г/л мех үшін қара Д, 0,9г/л резорцин- және 4,2мл/л 30%-тік пергидроль, шиншилла терісі үшін - 1,2мл/л мех үшін қара Д. 0,1г/л мех үшін қоңыр А.0,2г/л мех үшін сары Н, 0,8г/л резорцин 0,1мл/л 25%-тік аммиак және 2,3мл/л306-8 сағат жатқызылып кейін кептіреді. Терілер одан тексеріліп, олардың біркелкі боялмағандары үшін рет түрлендіруге жіберіледі. Оған мынадай ерітінді қолданылады. 2,5мл/л мех үшін қара Д, 0,3г/л мех үшін қоңыр А, 0,3мл/л 25%-тік аммиак, 4,6 мл/л 30%-тік пергидроль. Содан кейін 6-8 сағат жатқызып терілерді кептіріп қрлеу жүргізеді.

Ақ қоянның терісін бұлғын терісіне ұқсатып бояу былай жүргізіледі: протравтауды 350С температурада құрамында мынадай заттар бар ерітіндімен орындайды. 10г/л ас тұзы, 1,8г/л хромпик, 1г/л синтанол ДС-10. Аппарат үш сағат айналдырады. Одан кейін терілер сығлып,қағылып сілкілеп,350С температурада мынадай құрамы бар ерітіндіге боялады;1,6 г/л мех үшін қара Д, 0,06 г/л мех үшін сұр Д,1,9 г/л резорцин 1мл/л 25%-тік аммиак және 3,5мл/л 30%-тік пергидроль. Пергидрольді әдетте, бояу басталғаннан бастап 30минут қткеннен соң береді. Терілер сорғыған соң таза суда жуылып, тұздау ерітіндісіне жіберіледі. Ерітінді 30г/л ас тұзы мен 5г/л стеарокс 920 тұрады. Өңдеу 300С температурада 3 сағат бойы жүреді. Одан соң сығылып, кептіріліп әрлеу операциясына жіберіледі. Шиншилла мен сұр қояндардың терісін боялған кездегідей бұл жолы оларды екі рет түрлендіруге жібереді. Олар мынадай ерітіндімен жағылынады: 3,5г/л мех үшін қара Д, 0,9г/л резорцин және 4,4мл/л 30%-тік пергидроль. Әр түрлендіруден кейін терілерді, жүн жабынның бір –біріне қаратып бүктеп,6-8 сағатқа жатқызып, одан кейін кептіріп сосын тартады. Екінші түрлендіруден кейін созып тартқан кезде терілерді тексереді. Егер дұрыс біркелкі боямаған терілер болса, оларды бөлек алып үшінші рет түрлендіреді. Одан кейін терілерді кептіріп әрлеуді жүргізеді.



8.5 Қозы мен лақ терілерін өңдеу

Мехтық бұйымдар жасау үшін, емшек еміп жүрген әртүрлі ешкі пародаларының шетінеген немесе түсік болған лақтар елтірілерді, қойдың орыс және далалық породоларының қозыларының елтірілері қолданылады. Қозы елтірілерінің аттары: далалық мерлушка-әдетте жасы бір айға дейін орыс породасының қозысының терісі. Лямка –биязы жүнді немесе жартылай қылтық жүнді қой қозыларының терісі.

Елтірілерді жалпағынан сыпырып,әдетте кептірумен (тұзсыз-құрғақ) консервілейді.

Өңдеу алдында елтірілердің салмағын анықтап, өңдеуге керекті ерітіндінің көлемін 1кг елтіріге 10литр су деген есеппен анықтайды.

Ең алдымен құрғақ елтірілерді жібітеді.Бұл үшін 20г/л ас тұзы ерітіндісі пайдаланылады. Сұйықтық температурасы 30-350С. Лямканы жібіту үшін ерітіндіге 0,5-1,0г/л жуғыш зат қосады. Жібіту ұзақтығы мерлушка мен лақ елтірілеріне 18-20 сағат. Лямканы екі рет жібітеді:біріншісін 10 сағат, ал екіншісін жуғыш зат бермей 10 сағат ұзақтыққа жүргізеді.Елтірілерді салған соң 1-2 сағаттан соң оларды араластырады, одан әрі қарай анда –санда араластыру керек.

Содан соң елтірілерді түсіріп арнайы аспапта шелдейді, яғни тері асты май-шел қабатын сыдырады. Егер елтірілер жақсы шелденбесе, онда оларды өткір емес скобадан көлденең өткізгіш, созып жұмсарту керек немесе ас тұзының жылы ерітіндісіне 2-3 сағат қосымша жібіту керек.

Лямканың жүн жабынының майы көп болғандықтан оны жуғыш заттардың ерітіндісімен 45минут,400Стемпературада майын арылтады. Май арылтуды тағы қайталап, одан кейін елтірілерді ұқыпты түрде жуып сығады.

Келесі процестер әртүрлі жолдармен жүргізілу мүмкін:



  1. Пикелдеу-илеу мерлушка мен лақ елітірлері жылы (38-400С) ас тұзымен сірке қышқылының ерітіндісіне салынып, ауық-ауық жақсы араластырылады, 5 сағаттан кейін 5г/л сірке қышқылын қосып, одан кейін тағы 5 сағаттан кейін 10г/л гипосульфит береді.Гипосульфитті бергеннен кейін 30 минуттан соң, хром тотығына есептелген 0,9г/л хром ашудасының ерітіндісін құяды. Хром илегішінің ерітіндісін алу үшін құрғақ хром ашудасы немесе құрғақ хром экстрактісі пайдаланылады.

Пикелдеу-илеуді жалпы ұзақтығы 14-16 сағат.Араластыруды ауық ауық жүргізеді, химикаттарды берген кезде міндетті түрде араластыру керек.

Елтірілерді ауық-ауық араластырады. Пикелдеу –илеуден кейін елтірілерді түсіріп, жинап, 10 сағттан аса уақытқа жая жинап жатқызып қояды.


  1. Ашытқы ерітінділерімен ашыту

Ашытқы ерітіндісін сұлы немесе арпа ұндарымен, кебектеріне ас тұзын қосып дайындайды. Ұнды ыстық (40-450С) суда араластырып,1 тәулікке ашытуға қалдырады да ас тұзын қосып, елтірілерді салады. Өңдеу 2-6 тәулік жүргізеді.

Ашытқымен өңдеудің соңын аө жолақ арқылы анықтайды. Ұнның шығынын азайту үшін 40%ке дейін кебекті пайдаланады. Шамамен алғанда 4кг сұлы ұнына немесе 6кг бидай ұнына 70-80литр су қосылады.

Ашытқымен өңдеуден кейін теріні түсіріп, сығып 0,9г/л хром тотығы мен 40-45г/л ас тұзы бар ерітіндіге салып, 5-6 сағат илеу процесін жүргізеді.

1.Батырып ашытқымен өңдеуді ашытқыны жағып өңдеумен ауыстыруға болады. Бұл үшін 70-100 елтірі үшін 4,0-4,5 кг арпаның ұнын алып, қыштан немесе пластмассадан жасалған ыдысқа салады да қыздырылған ашытқы қосып мұқият араластырады, бір мысқал ас тұзын қосып 8-10 сағатқа жылы жерге қояды. Осындай қамырмен елтірілерді былғарылық ткан жағынан 1-3см қабат жасап жағып,жүннін сыртқа қаратып екі бүктеп жылы жерге жатқызып қояды.24 сағаттан кейін елтірілерді ақ жолақ бойынша тексереді, егер ақ жолақ жоқ болса, операцияны қайталайды.Жұмыс жүргізген кезде жүннің жұлыну қабілетін анда-санда тексеріп тұру керек; егер жүн, саусақпен елтірінің қолтықтық ауданына басқанда оғай жұлынса,онда елтірілерді қамырдан тазалап, ақ жолақ болмаған кезде сірке қышқылы мен ас тұзы ерітіндісіне илеуге жіберу керек.

Иленген елтірілерді жатқызып қойғаннан кейін, сығып өткір емес аспапта алдымен ұзындығы кейіннен көлденеңі бойынша жазады.

Жұмсартылған елтірілерді щеткамен немесе қолмен, дайын май қосындыларымен немесе әдейі дайындалған майлармен майлайды.

Мынадай май қосындыларымен қолдануға болады:


  1. Ыстық суда дегрин ДЕ (300г/л ) ерітіп, 20-25см3/л аммиактың судағы ерітіндісін қосады.

  2. 50грамм шаруашылық сабынын 0,5л ыстық суда ерітіп, араластыра отырып 500г балықтың немесе шошқаның майын және 5-10см3 нашатыр спиртін (аммиактың судағы ерітіндісі) қосады. Майдың біршама бөлігін веретандық маймен (5-10%) немесе глицеринмен немесе жұмыртқаның сарысымен ауыстыруға болады.

Майланған елтірілер, жатқызылып қойылған соң, жүн жағын жоғары қаратып, таяқтарға қояды. Кептіру 500С –дан жоғары температурада жүргізіледі.

Таяқтардан түсірілген елтірілер 8 сағат бойы жатқызылып қояды.

Одан кейін елтірілерді дымқыл ағаш үгінділерінде (ағаштардың сағыз бермейтін породолары) сәл дымқылдандырады немесе су шашады.Одан кейін елтірілерді жатқызып қойып, сілкіп, барлық бағытта жұмсартып, ең аяғында көлденеңі бойынша созады. Одан соң елітірлер құрғақ ағаш ұнтақтарымен жүн жағынан және былғарылық ткані бойынша тазаланып, (сүртіліп), сыбаланып, екінші рет өткір аспапта (скоба ) жұмсартылады. Ағаш ұнтақтарымен тазалау үшін арнаулы аспап қолданған жөн.

Егер сіз өңделген мерлушканы, лямканы немесе лақ елтірілерін бөлек-бөлек бояғыңыз келсе, ең алдымен елтірілердің салмағын анықтап, сол бойынша бояға керекті заттардың және ерітінділерінің мөлшерін анықтайсыз. Мерлушканы қара түрге бояудың ең алдыңғы поцесс хромпиктің 2г\л,күкір қышқылының -0,8г/л, ас тұзының -30г/л және жуғыш заттың (ОП-10)-0,5г/л мөлшері салынған ерітіндіде протравтау. Ерітіндінің температурасы 300С, өңдеу ұзақтығы -3 сағат.

Қоңыр түске бояу кезінде хромпиктің концентрациясы 1,5г\л дейін азайтылып жуғыш зат қолданылмайды. Елтірілер ерітіндіде ауық ауық ұқыпты араластырылады.Одан кейін елтірілер сығылып сілкіп-қағылып, бояға 3-4 сағатқа жіберіледі. Ерітінді температурасы -350с, елтірілерді оқтын-қтын араластыарды.

Мерлушканы қара түрге бояу үшін мынадай құрамы бар ерітінді дайындайды: мех үшін қара Д 6 г/л , пирокатехин -2г/л, 25%-тік аммиак 3мл/л, ас тұзы -15г/л, 30%-тік пергидроль-6мл /л. Мех үшін қара Д мен пирокатехинді алдын-ала суда қыздырып ерітеді. Бояу басталғаннан 2 сағаттан кейі, встық суда алдын- ала ерітілген 0,5г/л тура диазо кара С құйылады.

Бояудан кейін елтірілерді жуғыш заттарды (ОН-10сульфонал НН-1) 1,5мл/л мөлшерді қосып суда екі реті қайталап жуады., ал қараға боялған елтірілер, одан кейін тағы таза суда қосымша жуылады.(400С). Жуудан соң елтірілерді сығып, жазып, былғарылық ткань жағынан аздап майлап 3-5 сағатқа қаттап жатқызып қояды. Одан соң кептіріп, натуральдық (боялмайтын) елтірілерді әрлейтіндей схемамен өңдейді.

Қараға боялатын лақтың елтірілері протравтау процесіне дейін, кальцинирленген соданың 2г/л және ас тұзының 20г/л ерітіндісінде 1 сағат бойы 350С температурада бейтараптау (нейтралдау) процесінен өтуі керек. Бейтараптаудан кейін елтірілерді таза жылы суда жуып (300С), одан кейін сығады. Лақтың елтірілерін протравтау 300С температурада мынандай құрамы бар ерітіндіде 4 сағат бойы жүреді: 2,5г/л хромпик, 0,8мл/л күкірт қышқылы 30г/л ас тұзы және 0,5г/л жуғыш зат (ОП-10). Елтірілерді түсіріп, сығыпқағып-сілкіп температурасы 350С мыандай құрамы бар юояу ерітіндісіне салады: мех үшін қараД-6,25г/л, пирокатехин-2г/Л, ас тұзы-30г/л,25%-тік аммиак-3г/л және 30%-тік пергидроль С 200% алдын-ала ыстық суға ерітіп береді. Бояуды ауық ауық араластыра отырып, 6 сағат жүргізеді. Одан кейін мерлушканы жуған сияқты екі рет жуғыш затпен жуып, үшінші рет таза суда шайылады. Жуылған елтірілер сығылып, майланып, кептіріліп өріледі.

Лямканың да бояу процесінің алдында салмағымен өлшейді. Протравтауды 300С температурада, 4 сағат бойы ауық-ауық араластыра отырып, жүргізеді.

Қара түске бояу кезінде жұмысшы ерітіндінің құрамы: 30г/л ас тұзы, 2г/л хромпик, ал қоңыр түске 30г/л ас тұзы 1,5г/л хромпик, 0,75г/л күкірт қышқылы. Мерлушка мен лақ елтірілерін өңдегендей, одан кейін елтірілер сығылып, қағып сілкілейді. Лямканы қараға бояу 6 сағатқа созылады.

Бояу ерітіндісінң құрамы, температурасы мерлушканы бояғанк ездегідей, бірақ мех үшін сары Н бояуы қолданылмайды.

Одан кейінгі жүргізілетін процестер мерлушканы бояған кездегі режимдерде жүргізіледі.

Лямканы саоғылт қоңыр түрге бояған кезде протравтауды мынадай құрамда жүргізеді:1г/л сірке қышқыл 30г/л ас тұзы және 0,5г/л ОН-10. Процесс 300с Температурада 4 сағат, ауық ауық араластыру арқылы жүргізіледі. Одан кейін сығып, қағып сілкіп бояу ерітіндісіне салады. Қара сарғылт түрге бояған кезде мынадай құрам пайдаланылады: 0,1г\л мех үшін қоңыр А, 0,04 г/л мех үшін сары ДА, 0,2 г/л мех үшін сары Н,10г/л ас тұзы және 0,3г/л 30%-тік пергидроль.

Ақшыл-сарғылт түрге бояған кезде мынадай құрам пайдаланылады: 0,05 г/л мех үшін қоңыр А, 0,02г/л мех үшін сұр ДА, 0,1г/л мех үшін сары А,10г/л ас тұзы және 2г/л 30%-тік пергидроль.

Бояудан кейін лямканы 400С температуралы таза сумен 30минут жуып, 30г/л ас тұзы ерітіндісне тұздау үшін салады. Одан кейін 3-5 сағат жатқызып қоып,әрі қарай сығып шалғымен барлық ауданына жұмсартып кептіреді.Кепкен елтіріге су шашып, 4 сағат жатқызып қояды да, арнаулы аспаптармен барлық ауданын жұмсартып, ағаш ұнтақтарымен тазалап, қағып-сілкіп, одан кейін тағы барлық ауданын жұмсартады.

8.6 Саз құндызының (нутрия) терісін өңдеу

Саз құндызын өңдеудің ең бірінші процесі,350С температурады, терілер ауырлығы мен сұйықтықтың ара қатынасы 1:8 болатын жуғыш заттарды 3г/л мөлшерді қолданып,терілерді жақсы араластырады. Одан кейін терілерді сол температурада 2 сағат бойы араластыра отырып,тахза сумен мұқият жуады. Жуу кезінде суды бірнеше рет ауыстыру керек немесе ағынды суды қолдану қажет.

Жуудан соң, терілер аң терісін денесінен сыпырылған жағдайда болса тікелек пикелдеуге жібереді, ал құрғақ терілер жібітіледі. Жібіту ас тұзы ерітіндісіне (20г/л),350С температурада 14-16 сағат бойы жүргізіледі. Одан кейін терілер пикелдеуге жіберіледі.

Пикелдеу ағаш немесе эмальданған ыдыста, тері салмағы мен сұйықтықтың ара қатынасы 1:8 болатын ерітіндіде, 250С температурада 10 сағат жүргізіледі. Қосылатын материалдар: 60г/л ас тұзы және 12г/л сірке қышқылы. Терілерді ауық ауық араластырады.

Пикелдеу процесінің аяқталғанын анықтау үшін, пикелден алынған дымқыл теріні алып бүктеп, бармақпен қысып қайта жібереді. Егер сонда ақ жолақ пайда болса, ол пикелдеудің жеткілікті болғаны.

Пикелдеуден кейін терілерде барлық бағытта созылыңқылық қасиет пайда болып жұмсарады.

Пикелдеуден кейін терілерді 24 сағатқа қаттап жатқызып қойып, одан кейін өтпес шалғыда жұмсартады (барлық бағытта созып, тартады). Одан кейін, өткір шалғыда немес дисктік шелдеу машинасында былғарылық тканін сүргілейді.Бұл кезде тері асты май- шел қабаты және өзеңнің бір бөлігі алынып тасталады.Сүргілеуден кейін терілер илеуге жіберіледі.

Илеу үшін мынадай ерітінді дайындайды:1г/л хром тотығы, 8г/л гипосульфит 40г/л ас тұзы. Хром тотығының керекті концентрациясы дайындау үшін, шашамен 25%-тік хром тотығы бар құрғақ хром илегіші пайдаланылады.

Илеу С.К 8, температурада 350С 10 сағат бойы жүреді. Кейбір кезде илеуді, одан кейін жүргізілетін майлаумен біріктіреді. БҰл кезде ерітіндіге дайын май қоймалжыңын (паста) береді (25г/л). Майлау кезінде ерітіндінің жылылығы 350С температурадан кем болмауы керек. Егер майлау бөлек жүргізілсе, онда терілерді илеуден соң 6 сағатқа қаттап жатқызып қойып, сығып өтпес шалғыда жұмсартып, майлауды жағу арқылы жүргізеді. Ол кезде, былғарылық тканге май эмульсиясын, щеткамен немес қолмен, жүн жабынына тигізбей, жағады. Майлауға дайын май эмульсиясын немес өздері дайындаған эмульсияны пайдаланады. Майланған терілерді жотасынан екі бүктеп, 6-8 сағатқа қаттап жатқызып қояды, одан соң 300С –дан биік емес температурада кептіреді.

Илеумен бірге майланған терілерді түсіргеннен соң,қаттап жинап 20-24 сағатқа жатқызып қояды да, сығып 300С температурада кептіреді.

Кептіруден кейін терілерді жиып, қаттап 8 сағатқа жатқызып қойып, одан кейін,қоянды өңдегендей әдістермен, әрлеу процестерін жүргізеді-жұмсартады, тазалайды, сілкіп қағады.

9.ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АУА МЕН ШАЙЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ

Қазіргі кезде өндіріс қуатының артуына байланысты, қоршаған ортаны қорғау адамзат өміріне қауіп төндіретіндей жағдайға жетіп, бүкіл әлімдік деңгейде зор мағынасы бар мәселеге айналып отыр. Оның ішінде үздіксіз тыныс алу мен күнделікті тіршілікке қажжетті суды тазалаудың алар орны ерекше.

Мех өнеркәсібінде өңдеу процестері жоғары сұйықтық коэффициенттер дәрежесінде жүргізілетін болғандықтан тазартуға қажетті шайынды суларда көп мөлшерде болады. 1000 қой терісін өңдеуге қажетті су шығыны жобамен 300м3 болады. Сондықтан да өнеркәсіп саласынаң ғылыми зерттеу мекемелері және мамандары пайдаланылатын су мөлшерін жолдарын іздестіруде.

Мех өнеркәсібі процестерінде көптеген химиялық, материалдар қолданылады: беттік-активті заттар,бояғыштар, илегіштер, әрлеуге қажетті заттар және т.б. Бұл заттар шайынды сумен бірге өзең, көлдерге қосылып ластау әсерінде жағымсыз иістердің, судың реңі мен дәмнің өзгеру нәтижесінде суда тіршілік жасайтын организмдерге кері әсер етеді. Сонымен қатар шайынды суда көптеген қиынды түрінде кездесетін ластағыш қоспалар болады. Шайынды сулар өзінің құрамы мен қасиеттерін, технологиялық жүйесінің бөліктері бойынша әртүрле болады.Жібіту мен шелдеуден соң сілтілік суларда құрамында көп мөлшерде натрий хлориді, еріген және ерімеген органикалық және минералды заттар болады.Пикелдеу мен илеу процестерінен соң шайынды сулар қышқыл көрсеткішті, құрамында натрий хлориді, хром мен алюминий тұздары болады.Мехтык жартылай фабрикатты бояудан соң шайынды су құрамында бояғыш заттар,натрий карбонаты, аммиак және т.б заттар болады.

Мех өндірісінің шайынды суларына тән қасиет, қоспалардың көп мөлшерінің тұнбаға тез түсетіндігі. Барлық шайынды суларды тазарту тәсілдеріне сәйкес үш топқа бөлуге болады: құрамында хром тұздары бар бояулары бар және жібіту-майсыздандыру кейінгі су. Тазартуда механикалық олмен арылту арқылы жүргізеді. Механикалық тазарту ерімеген қоспаларды механикалық жолмен арылту арқылы жүргізіледі.Механикалық тазарту кезінде құрамында жүн қылшықтар, шелдіің кесінділері болатынсуларды ірі кесінділер қиындылары ұстап қалу үшін ірі металл торлардан өткізіп, сонан майда торлардан өткізеді. Шайынды сулар улы заттардан арылту, тазарту, түссіздендіру үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Мех өндірісінде жалпы сумен 30-40 рет шаю және жібіту-майсыздандыру процестерінде қолданылады. Шайынды су құрамындағы кір, шаң, топырақ. Кисадыра, консервілегіш заттар, тері бөліктері мен кесінділер, шел, май, қан, жүн белокты заттар. Соынмен бірге процестерде қолданылатын заттар: антисептиктер, хлоридтер де болады.

Шайынды су лас иісті, ондай кейде күкіртті сутек немесе аммиак иісі де болады. Бұл шайнды суларда заттар мөлшері алғашқы шаюдан соң 200мг/л, жібітуден соң 300-7000мг/л дейін жетеді. Ал еріген заттар мөлшері 64мг/л дейін жетеді.

Жібітумен майсыздандырудан соң шайынды суларда бұзылуға бейім белокты заттар көптеп кездеседі.

Сондықтан дажібіту-майсыздандырудан соң шайынды суларын тез арада тазартып отыру қажет. Құрамында хром тұздары бар шайынды суларды хром тұздарын ажырату мақсатында өңдейді. Шайынды суларда үш және алты валентті хром болуы мүмкін.

(ІІІ), (IV) валентті хром шайынды суларда химиялық ластағыш болғандықтан оларды кеміту жолдарының бірі илеу процестерін жетілдіру. Илеу процеснің тәсілдерін дамыту нәтижесінде илеуге қажетті хром қосылыстары шығынын төмендету немесе олардың коллагенмен байланысу дәрежесін жоғарылату және т.б жолдармен жеткізіледі. Илеу тәсіліне байланысты хром илегіш тұздарының 70-90% коллагенмен байланысып,қалған бөлігіг өңделген ерітінді кететіні белгілі. Сондықтан илегіштердің коллаген құрамына көбірек және біркелкі енін берік байланыс жасалынуына жағдай жасалынуы еңбір тиімді жол. Ол үшін коллагенмен немесе илегіш хром комплексінің байланысу қабілеті төмендетіледі. Оны пикелдеу арқылы жүргізіледі.

Шайынды судағы (ІІІ) хром тазартуды және сілті қосу нәтижесінде тұнбаға түсіреді. (IV) хромды тазарту екі сатыда жүргізеді. Натрий сульфиті немесе бисулфитімен,темір сульфитімен (ІІІ) хромға дейін тотықсыздандырып, сілтілермен тұнбаға түсіру.

Бояу процестерінен шығатын сулар құрамы жағынан да реңі жағынан өте күрделі. Бұл суларды тазарту өте қиын, маңызды. Себебі бояудан кейінгі шайынды сулар құрамында (ІІІ),(IV) хром тұздары болады.Сондықтан алдымен жоғарыда келтірілген тәсіл бойынша солардан арылтады. Содан соң бояулардың реңін кептіру үшін формалин қосып, өңдейді. 4-8г/л формалин қосқанда судың 97-98% түссізденеді де судағы формалин мөлшері қадағаланатын мәжеден аса қоймайды.

Қиындылардан механикалық жолмен арытылған, тұнбаларды түсіру арқылы тазартылған шайынды суларды залалды заттардан тиімді мөлшеріне дейін жеткізу үшін биохимиялық тазартуды қажет етеді.

Шайынды су сипатына байланысты алдымен негізінен беттік активті заттардан арылту мақсатында флотация тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл суды ауамен араластырып шайқағанда беттік активті заттардың көбіетенуі қасиеттеріне негізделген.

Қоршаған ортаның су бассейндерінің ластануының өте жоғары дәрежеге жеткен себаптерден адамзат пен тіршілікке қауіп төндіріп экология бүкіл әлемдік мәселеге айналған кезде шайынды суды тазартуға және тазартқыш қондырғыларға аса көңіл бөлу қажет.

Мех өндірісінің органикалық ерітінділерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады.Өңделген ерітінділерде беттік активтік заттар, хромның илегіштұздарының, майлардың бояғыш және т,б заттардың белгілі мөлшері қалады. Концентрациясын күшейтіп қайтадан қолдану өте тиімді. Майсыздандыру, шаю сұйықтықтарын оның алдында жүргізілетін жібіту процесіне, илеу сұйықтықтарын пикелдеу процестеріне қолдануды тиімді жүргізу негізінде натрий сульфитінен хлоридін 80%, хромпик , хром илегіш қосындылары мен беттік активтьі заттарда шығынын 40%төмендетіп, кететін су млшерін азайтуға болады. /Механикалық операциялардысудың ағу күшін реттеу қажет/Ең негізі тиімді жолдардың бірі сұйықтық коэффицентті төмендету. Мысалы, майсыздандыру, пикельдеу, илеу, майлау процестерін қоян,ондатра, құндыз, суыр терілері үшін процесс режимдерін реттей отырып 10-нан 4-ке дейін төмендеткенде кететін су мөлшері 2,5есе азайды.

Сұйықтық коэффицинеті төмендетсе жүг жабының ұйпаланып, тұтасып қалуы мүмкін, сондықтан да әрбір процесті қадағалап жүргізуді реттеп отыру қажет.

Қой терісінің майлылығы жоғары болғандықтан жуу майсыздандыруға өте көп мөлшерде беттік-активтік заттар, сілті және формалин ерітінділері қолданылады.

Оларды тазартуға арнайы қондырғылар қажет. Сондықтан майсыздандыруды органикалық ерітінділерде жүргізген өте тиімді.

Шайынды сумен қатар,мех өнеркәсібінде, ауа тазалығы өте көп көңіл бөлінеді. Өндірісте ағаш үгініділері көр қолданылатын болғандықтан, кептірілген терілерден көптеген органикалық заттардың шаң тозандары бөлініп шығатын болғандықтан (60мг/м3 дейін) олардың мөлшері қатаң қадағаланып бақыланып отырады. Жұмыс орындарында ауадағы шаң тозаң мөлшері 4г/м3 –тан аспауы қажет. Ол үшін ауа желдеткіштерімен сорылып фильтр, циклон секілді қондырғыларды тазартылып отырады.

Қырқу, тарау, тегістек, қағу операцияларына қылшық, жүн тозаңдары, кесінділер мен қиындылар жабдықтардың жұмыс орындарынан тікелей сорылып жиналып,темір орлар мен фильтрлерде жинақталынады.

Мез өндірісінде жүнді әрлеуде өте жағымсыз иісті, данссаулыққа залалды формалин, спирт, эфир ерітінділерін жағу арқылы жүргізілетін болғандықтан өндірістің бұл тізбегіне өте көңіл бөлу қажет. Әрбір жұмыс орнына жекелей ауа сорғыш қойылып желдеткіштер орналастырылып Жұмысшылар тыныс алу органдарын қауіпсіздендіру құралдарымен қамтмасыз етілу қажет. Соның нәтижесінде қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына тигізер залалды төмендетуге болады.

10. МЕХ ЖӘНЕ ТОН ӨНДІРІСІНІҢ ҚОСЫМША ӨНІМДЕРІ

10.1Жүні түскіш қой терісін өңдеу

Мех бұйымдарына сұраныс арта бастағандықтан, табиға бұйымдардың бағасының өсуіне бпйланысты әлсіз жүнді қой терілерінің тондық және мехтық бұйымдарды өндірудің тиімділігі арта бастады.Соңғы кездерге дейін жүні әлсіз, қаракөл саулықтарының терілерін тек былғары өндірісінде ғана қолданылуы уақытылы консірвілемеуден, сақтау мен тасымалдау жағдайлары дұрыс жүргізілмегендіктен болған.

Жүннің былғары тканімен байланысының беріктік көрсеткіші 5х10мм2 аудандағы жүннің жұлынуына кететін күш 12Н кем болмауы қажет. Одан төмен болған жағдайда жүні сыпырылу үшін былғары өндірісінде жіберілетін.

Соңғы жылдарда жүннің беріктігін арттыру немесе түсуін азайту мақсатында күкірт қшқылын, формалин және натрий хлоридін қолдану арқылы жүргізілетін өндіріс тәсілдері жасалуында. Жүн жарамсыздары майсыздалынып тазартылып натрий сульфиті мен натрий карбонатының ерітіндісінде баркастарды 40 0С темпеарутарада өңделеді. Сонан соң ММ-2м шелдеу машиналарында жүні сыпырылып, 15-17%-тік ылғалдылыққа дейін кептіріледі.

Жүні сыпырылған ткані пикелдеу, илеу, майлау, сығу, кептіру, вофаланды бояғыштармен бояланып әрлеу операцияллары жүргізіледі. Бұндай өндіріс тәсіліме өңделген былғары жұмсақ біркелкі боядынып қалған тіккенге жақсы болып шығады. 30% ауданында жүні жақсы сақталынатын терілерді мех пен тон өндірісінде қолдануға болады.


10.2 Мех және тон өндірісінің қалдықтарын пайдалану

Бағалы мех және тон өндірісінң қалдықтары құнды шикізат болып табылады, сондықтан да оларды тиімді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетуге белгілі дәрежеде әсері бар.

Төменде қалдықтары мен қолданылу мүмкіндіктері келтірілген

Қалдықтар

Қолданылуы

Шел

Желім, техникалық май, мал азығы қоспалары алынады

Жүн

Баспа-киіз бұйымдарын өндіру

Қоян терісінің шелі

Музыка аспаптарын қолдану

Тері шикізат бөліктері

Желім, желатин,май жиналу

Дайын өнім кесінділері

Басқа өнім өндіру

Құйпық, қылшықтар

Сурет салатын аспаптар жасау

Шайынды су мен тұнбалар

Белокты, майлы заттар алу

Шелді өңдеу. Теріні шелдеу кезінде теріс асты майлы шел деп аталатын, қабаты бөлінеді. Шелді негізінен желі алуда қолданады. Шел желімі экстра, жоғарғы І, ІІ және ІІІ сортқа бөлінеді. Желім, ұнтақ, қабыршық және жалпақ плиткалар түрінда алынуы мүмкін. Шел желіміндемшірік иісті болмауы қажет. Төменде шел желімнің көрсеткіштері келтірілген:

Салыстырмалы жабысқақтығы,% 17,7

Ерігіштік,400С температурада,% 2-6

Мөлшері,% 17

Күл,жоғары көп емес болмау қажет,% 2-3,5

Желімдеу қабілеті,н/см2, кем емес 600-1000
Соңғы жылдарда синтетикалық желімдердің шығарыла бастауына байланысты шел желімнің қолдануы төмендей бастады.

Дегенмен, шел желімнің сапалы жоғары сорттылары әлі де кеңірек қолданылуда. Мех өнеркәсібінде алынған шелді май қабат құрамында қылшықтар мен майлы заттар кездеседі. Сондықтан шелді желім алумен бірге жүн мен майды да пайдалану қажет. Шелді өңдеу кезінде теңіз мысығы мен кеміргіштердің шелдерін басқа жануарлармен араластыруға болмайды,

Мех кәсіпорындары кейде шелді өздері өңдемей басқа жаққа жібереді. Бұл жағдайда шелді консервілейді,әк немесе антисептик ерітінлдісімен өңдейді. Ол үшін шелге (тығыздығы 1,07) әк ерітіндісінқұяды немесе шелдің үстіне қалыңдығы 8-10см құрғақ сөндірілген әк салады.

Кейде шелді кептіреді. Ол үшін 5-7см қалыңдықпен тақтайларға жаяды. Кептіру кезінде шелді толық кепкенше аударып тұрмасы біркелкі кеппегіндіктен иістеніп бұзылуы мүмкін.Жайып кептіруде көп орын қажет ететіндіктен арнайы кептіргіштерде де кептіреді. Кептірудің тиімді жағдайы:ауа температурасы 30-400с ауа ылғалдылығы 40-45%, ауа қозғалыс жылдамдығы 2м/с процесс ұзақтығы 10-12 сағат.

Желім алу үшін шелді бірнеше рет өңдейді. Алдымен шелді турағыштарда майдалапр,, таза сумен барабандарда шаяды, содан соң босаңсыту үшін қышқыл ерітіндісімен өңдеп қайнатады. Қышқылмен өңдеуді 12-24 сағат аралығында 0,5г/л күкірт қышқылы мен 1,5г/л натрий гидросульфиті ерітіндісінде жүргізеді. Одан кейін қышқылды бейтараптау үшін сумен жуып, қайнатады. Қайнату желім алудағы негізі процесс болып табылады да түбі бөлшектенген кеспектерде жүргізіледі. Кеспектің қыздырылатын аспабы болады. Шелге 700С температураға қыздырылған су құйып алып, ауамен араластырып жүргізеді. Қайнату 5-6 сағатқа созылады. Концентрациясы 4-5 % болатын сорпаны құйып алып, шелді су қосып екінші рет қайнатады. Қойылған сорпаны сүзіп, тазартып, натрий гидросульфитімен түссіздендіріп, жалпық ыдыстарға құйып құяды. Салқындап жабысқақ біркелкі массаға айналған желімді кептіреді. Кептіруді 25-280С температурада жүргізеді. Кептірілген желім қаптарға салынады.Шелді қайнату тәсілімен желім алуда көп суда қайнатып кептіру қажет. Соңғы жылдарда шикізаттың құрамындағы ылғалды пайдаланып жабық ыдыстарда қойылатын ерітінді алу тәсілі қолданыоып келеді. Қоя ерітінді құрамында қажетсіз заттарды, майды сүзіп алып күкірт қышқылды алюминий немесе күкірт қышқылды алюминий немес күкірт қышқылды алюминийге фосфор қышқылын қосып түссіздендіреді. Майды әдетте бетін қалқып немесе ОС1-3 жабдығының көмегімен бөліп алады.

Тазартылған сорпаны қайнатып, қойылтып, кептіреді.Кептірілген желімді қондырғыларда көлденеңінен, тігінен тіліп қабыршақты желім алады.

Қайнатуды 2 105 Па қысыммен жүргізу тәсілі ұсынылған. Бұл кезде құрғақ қалдық 30-35%

Желім алудың өндірісте бұл айтылғандардан басқа да тәсілдері қолданылады.

Жүнді өңдеу. Жүн (әсіресе қойдың) мех өндірісінің құнды қалдығы Жүн мех өңдеудің әртүрлі операциялары мен процестерінде алынады:қырқу, кесу, тарау. Ең құндысы алғашқы қырқуда ұзындығы 35мм жоғары, кесуде 25-35мм

Қалдық жүндерді сұрыптап, кептіріп,түйіп дайындайды.

Қоян шелін өңдеу. Қоян шелі жұқа өте берік болады.Шелді барабандарда күкірт қышқылы мен натрий хлоридінің ерітіндісінде пикельдеп майлап, кептіріп, жұмсартады.

Алынған жұқа қабыршақ жұмсақ созылмалы ауданы 2-4дм2 кем болмауы қажет.

Қиындылар мен кесінділер өңдеу.

Өнімдерді пішу кезінде көптеген бөліктер (құйрық, бас аяқ терілері), ұсақ кесінділер қалады. Бөліктер ауданына және тері алынған жануарлар түріне қарай төрт топқа бөлінеді: ауданы 10-50см2 болатын қой, құлын ит терілері, ауданы 10-20см2 қозы, қоян, түлкі терілері, ауданы 4-10см2 болатын қаракөл елтірілері

Қалдықтардан құрастырылып әртүрлі өнімдер алынады. Ал өте ұсақ жарамсыз бөліктерді қышқылмен өңдеп жүні алынады.

Ланолин алу. Жуу мен майсыздандыру кезінде қой терілерінен көп мөлшерде май тектес заттар бөлінеді.Бұлардан тазартқан соң фармацевт өнеркәсібіне қажетті бағалы өнім, ланолин алынады.

Тазартылмаған ланолин қара-қоңыр жағымсыз иісті қоймалжың зат. Ланолин құрамы қойдың тұқымына оның алыну тәсіліне байланысты. Ланолиннің негізгі құрамдас бөлігі біратомды циклді спирттер (холостерин және изохолестерин)

Медицина тек тазартылған ланолин қолданылады.



Қолданылған әдебиеттер

16. Костылев. А.Ф Каспарьяниц С.А., Шкутов Ю.Г. товароведение и технология первичной обработки кожевенного сырья.- М.: Легпромбытиздат,1988,400с

17. Аронина Ю.Н, ТЕхнология выделки и крашения меха.-М.:Легпромбытиздат,1986,144с

18. Чацкий П.И Технология крашения меха ишубной овчины.- М.: Легкая индустрия,1980,234с

19. Естебесов А. Технология выделки меховых овчин.-Бишкек:,1993,42с

20. Справочник по меховой и овчинно шубной промышленности.Т.1.- М.:Легкая индустрия,1970,400с

21. Скорняжное дело.- М: Воскресенье,1993,338с

22. Симонов Е.А и др Обработка меховой и шубной овчины.- М.: Легкая и пищевая промышленность,1983,173с

23. Сташевский А.Н Основы выделки и крашения меха.Т.1-М.:,1935,245

24. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т Былғары және мех химиясы мен технологиясы.-Алматы: Білім баспасы 1995,320 бет

25. Бейсеуов К. Досхожаев Д.Т Дилдабек Д.С тері мен мех шикізатының және оның өнімдерінің қасиеттерін сараптау.-Алматы: тауар,1997,136 бет

26. Бейсеуов К Бейсеуов К. Досхожаев Д.Т. Дилдабек Д.С Былғары мен мех өндірісінің процестерін бақылау және қолданатын заттардың құрамын сараптау. – Алматы:Тауар,1997,128 бет.

27. Мәдиев Ө.Қ,. Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех технологиясы. Орысша – қазақша сөздік. – Алматы: Білім,1990,104 бет

28. Стефанович И.П. технология меха.- М.:Легкая индустрия,1967,295с

29. Страхов И.П и др Химия и технология кожи и меха.-М.:Легпромбытздат,1985,485с

30.Григорьева Г.С., Васильева М.А. Влияние жировых веществ волоса на его свойства.-Научно-исследовательские труды ВНИИМП.1972,сб 19, С.53-57

31. Михойлов А.Н Коллаген кожного покрова и основы его переработки.-М.: Легкая индустрия,1971,525с

32. Чацкий П.И Технология крашения меха ишубной овчины.- М.: Легкая индустрия,1974,43с

33. ДуленовВ.С и др. Способы сушки пористых материалов. Автсвид N 488048-БИ. 1975 N38

34. Пурим Я.А Технология выделки пушно-мехового и овчинно –шубного сырья.-М.: Легкая индусртия,1974,223с

35. Каспарьянц С.А, Хлудеев К.Д Кожевенного сырья.-М.: Легкая и пищевая промышленность,1983,200с

36. Микаэлян .И.И Влияние биологических и технологических факторов на свойства кожевенного сырья и качества коди.-М.: Легкая индустрия,1978,165с

37. Шкутов Ю.Г, Костылев А.Ф Гистология и микробиология кожевенного сырья.- М.: Легкая индустрия,1980,152с

38. Соколов В.Е Кожный покров млекопитающих.-М.: 1973,78с



Мазмұны

Алғы сөз.........................................................................................................



  1. Терінің және оның жүн түгінің құрылымы..........................................

    1. Тері тканінің құрылымы...................................................................

    2. Жүн түгінің құрылымы...................................................................

    3. Жүннің құрылымы..........................................................................

  2. Мех өндірісінң шикізаты......................................................................

    1. Шикізаттарды сұрыптау .................................................................

    2. Жүн түгінің өзгермелілігі................................................................

    3. Мехка арналған аң және үй жануарларының терісін бастапқы өңдеу.................................................................................................

    4. Шикізат ақаулары ............................................................................

    5. Шикізатты сұрыпта, сапасын анықтау және сақтау.....................

    6. Шикізаттың кейбір түрлерінің сипаттамалары.............................

  3. Аң терісі, мехтық шикізат, тондық қой терілерін өңдеудің негізгі принциптері............................................................................................

    1. Жалпы талаптары.............................................................................

    2. Процестердің негізгі параметрлері.................................................

    3. Өңдеудің типтік схемалары.............................................................

  4. Дайындық процестері мен операциялары............................................

    1. Жібіту................................................................................................

    2. Сығу мен қыртысын жазу................................................................

    3. Майдан арылту.................................................................................

    4. Механикалық операциялар..............................................................

  5. Негізгі өңдеу операциялары..................................................................

    1. Пикелдеу...........................................................................................

    2. Ашытқымен өңдеу...........................................................................

    3. Босаңсыту..........................................................................................

    4. Илеу туралы түсініктер....................................................................

    5. Илеуді іс жүзінде жүргізу...............................................................

    6. Майлау...............................................................................................

  6. Ылғалды азайту......................................................................................

  7. Әрлеу операциялары..............................................................................

    1. Мехты бояу.......................................................................................

    2. Бояулар классификациясы...............................................................

    3. Тотықтанатын бояғыштармен бояу................................................

    4. Қара анилинмен бояу.......................................................................

    5. Кубтық бояғыштармен бояу............................................................

    6. Азобояғыштармен бояу..................................................................

    7. Активті бояғыштармен бояу..........................................................

    8. Протравты бояғыштармен бояу.....................................................

    9. Дисперсиялық бояғыштармен бояу..............................................

    10. Механикалық жұмсарту (откатка)................................

    11. Тері тканін әрлеу операциялары ..................................

    12. Жүн жабының әрлеу операциялары.............................




  1. Мехтық шикізаттарды өңдеу технологияларының қысқаша сипаттамалары......................................................................................

    1. Мехтық қой шикізатын өңдеу.......................................................

    2. Тондық қой шикізатын өңдеу.......................................................

    3. Қаракөл елтірілерін өңдеу.............................................................

    4. Қоян терілерін өңдеу......................................................................

    5. Қозы мен лақ түрлерін өңдеу........................................................

    6. Саз құндызының терісін бояу.......................................................

  2. Қоршаған ортаны қорғау және өндірісте пайдаланылатын ауа мен шайынды суларды тазарту..................................................................

  3. Мех және тон өндірісінің қосыша өнімдері.......................................

    1. Жүн түскіш қой терісін өңдеу................................................................................................

    2. Мех және тон өндірісінің қалдықтарын пайдалану...

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет