Кептіру
Кептіруде тек ылғалды төмендету процесі деп қарауға болмайды.Кептіру кезінде мех жартылай фабрикатында келесі өзгерістер болады: 1) илегіш заттар белоктың активті топтарымен қосымша байланысады; 2) тері тканінің құрылым элементтері нығыздалады; 3)май эмульсиясы ыдырап,өзең құрылымына біркелкі тарайды.
Кептіру процесін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.Бастапқы кезеңде жартылай фабрикаттың байланыспаған ылғалы кемиді.Екінші кезең тұрақты кептіру кезеңі деп аталады немесе ылғалды кетіру кезеңі.Үшінші кезеңде ішкі құрылымдағы ылғалдардың белоктың сыртқы қабаттарына ауысуы жүреді де кептіру процесі баяулайды.
Екінші кезеңде жартылай фабрикаттың қалыңдығының құрылым ерекшелігінің аса әсері болмағанымен үшінші кезеңде бұл көрсеткіштер негізгі орынға шығады.
Кептіру ыстық ауа көмегімен жүргізіледі.Кептіру процессін үздіксіз жүргізу үшін,ылғалдық бумен қаныққан жылы ауа желдеткіштер көмегімен алмастырылып отырылады.
Кептіру процесі негізі үш параметрлермен; ауа температурасы; салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалыс жылдамдығымен сипатталады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы су буларының ауадағы мөлшерінің,оның осы температурадағы жоғарғы көрсеткішіне қатынасы.
Салыстырмалы ылғалдылықты психрометр деп аталатын аспаппен анықтайды.Ылғалдылық процентпен белгіленеді.
Кептіруді шапшаңдату үшін процесті жоғары температурада,төменгі салыстырмалы ылғалдылықта және ауа қозғалысының жоғарғы жылдамдығында жүргізу қажет.
Кептіру процесінде ылғалдың кемуімен мехтық жартылай фабрикаттың ауданы да кемиді. Бұл құбылыс ауданның отыруы деп аталады. Кептіру мен одан кейінгі процестердің орындалуының ауданның отыруына әсері мол.Жартылай фабрикатқа майлағыш заттар мен толықтырғыштарды енгізу жіктелген коллаген талшықтарының бір –біріне жақындап бірігіп қалуына мүмкіндік бермейді. Соның әсерінен құрылымның иілмелік қасиеттері мен аудан отыруы жақсарады. Жартылай фабрикатты керіп кептіргенде ауданның отыруы кемиді.Иленген тері тканінің жиырылу температурасы жоғарылайтыны белгілі.Ол неғұрлым жоғары болса,соғұрлым кептіруді жоғары температурада жүргізуге болады.
Сонымен,кептіруді мейлінше қысқа уақыт аралығында,аудан отыруы мен өнім сапасы жақсы болатындай жағдайда жүргізу қажет. Сонымен қатар кептіруге кететін энергия шығыны да ескерілу керек.
Кептіргіш қоңдырғылар кептіру камерасынан ауа қыздыратын жабдықтан және желдеткіштер жүйесінен тұрады. Ауаны қыздыру әдетте,ыстық бу өтетін түтікшелер жүйесінен тұратын,калориферлер көмегімен жүргізіледі.Желдеткіштер қызған ауаны кептіру камерасына жеткізеді және салқындаған су буымен қаныққан ауаны алмастырады.
Үздіксіз және үздікті кептіргіш қоңдырғылар болады.Үздікті қоңырғыларда жартылай фабрикаттың белгілі саны ілінеді-де кепкен соң түгелдей алмастырылады.
Үздіксіз қоңдырғыларда ілу мен алу тоқтаусыз жүргізіледі.Мех өнеркәсібінде айналмалы рамалы кептіргіш қондырғыларда терілерді жеңіл салмақты металлдардан жасалынған тесікті рамаларға арнайы қыстырғыштар көмегімен кере тартып бекіткен жағдайда кептіреді.КС2-100 және КС3-100 кептіргіш қоңдырғыларында кептіру камерасы және рамаларға тері бекітетін алаңы болады. Рамалар қой терілері бекітілген соң аспалы роликтің көмегімен камераға жеңіл жылжып жеткізіледі.Орташа ауданды мех терісіне арналған механизациялы кептіргіш қоңдырғының кептіру камерасында (15- сурет) екі қатар шынжырлы конвейер бар.
Шынжырларға тері ілінетін көлденең таяқтар бекітілген.Арнайы бөлшектер көмегімен конвейер камераны қатар орналасқан сегіз қабатқа бөледі.Әдетте,кептіргіш үздіксіз тәсілімен жұмыс істейді.Конвейер қозғалыс жылдамдығы кептіру уақытымен сәйкестендіріледі,кептірілетін және кепкен теріні алып салу бас жағында бір жерден жүргізіледі.Қоян терілерін кептіру үшін өнімділігі сағатына 500-600 дана кептіретін ДРС-2-60 қоңдырғысы қолданылады.Кептіргіш қоңдырғы қатар орналасқан екі қабаттан тұрады.Тері бекітілген рамалар конвейер көмегімен соның бойымен жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: |