Манипуляция Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасап көрсетіңіз



Дата11.06.2020
өлшемі69,8 Kb.
#73142
Байланысты:
ішкі аурулар алгаритм


Манипуляция - Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасап көрсетіңіз.

Диагностикалық мәні

Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы:

Мақсаты: өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынулары: жоқ.

Керекті заттар: сабын,бір реттік орамал,орындық.

Жасап көрсету реті:

1) Бөлме тыныш және жылы болу керек.

2) Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болу керек.

3) Қолыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.

4) Науқастың киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

5) Тексеретін адамның алдына тұрыңыз.

6) Алдынан: қалақша саусақты бұғана үстіне қойыңыз.

7) Ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң жақ және сол жақ қабырға аралықтан III қабырғаға дейін перкуссия жасаңыз.

8) Алдыңғы қолтық асты сызықпен оң жақ және сол жақ VI-VII қабырға аралықпен симметриялы перкуссия жасаңыз.

9) Артынан: ”қалақша” саусақты жауырын үстіне қойыңыз, жауырын ортасына,жауырын астына 2 рет қойыңыз, оң жақ және сол жақ бөлігінің симметриялы жерлеріне қойыңыз.

10) Перкуторлық дыбыстың сипатын бағалаңыз.

Ескерту:- салыстырмалы перкуссия - симметриялы мүшелерді салыстырмалы жасағанда естілетін перкуторлық дыбыстың ерекшеліктеріне негізделген тәсіл

-Қалыпты жағдайда өкпе үстінен анық өкпе дыбысы естіледі.

Өкпе ауруларында перкуторлық дыбыс өзгереді.

Бәсең тынықталған-өкпе ұлпасы тығыздалғанда.

Тұйық перкуторлық дыбыс - плевра қабатына паталогиялық сұйықтық толғанда.қорап дыбысы-өкпе эмфиземасында, тимпаникалық өкпеде қуыс пайда болғанда.

Жедел көмек

Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: артериальды қан қысымын 2 сағат ішінде 15-20% төмендету;

Көрсеткіші: ОКН, гипертоникалық криз;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;

Мүмкін болатын асқынулар: ОКС, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі(жүрек демікпесі, өкпе ісігі),ми-кан айналымның жедел бұзылуы.

Қажетті заттар: адамның муляж фантомы, кушетка, тонометр, фонендоскоп,қыша қағазы ,жылытқыш, марлы салфеткасы, анаприлин таб., таб. нифедипин (коринфар, кордафен, адалат), каптоприл таб.,ерітінділер: лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл, клофелин 0,01%- 1мл, изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі, дроперидол 0, 25%-1-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, - клофелин0,01%- 1мл, эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т; диазепам 10-20мг, пентамин 5%- 1мл, қолдың муляждары, ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив

, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 700, лейкопластырь, қолғаптар, бір реттік қолданылатын залалсыздандарылған шприцтер

-5мл, 10мл, 20мл, бір реттік қолданылатын система, зембілдер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Дәрігерді шақырыңыз.

2) Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;

3) бас жағын көтеріп жатқызыңыз.

4) шүйдесіне және балтырына қыша қазазын қою

5) жылытқышты аяғына қойыңыз және қолына ыстық ванна жағдайын жасаңыз ;

6) маңдайына суық компресс қойыңыз;

7) иньекцияға арналған дәрілік заттарды дайындаңыз:

Криздің нейро- вегетативтік түріндегі дәрігердің тағайындауы:

1) нифедипин (коринфар, кордафен, адалат)10мг тіл астына беріңіз

2) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т;

3) клофелин немесе (клонидин) 0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісінде;

4) дроперидол 0, 25%-1-2мл изотоникалық ерітіндіде к/т;

5) тұрақты тахикардияда -анаприлин 1таблетку(40мг) тіл астына;

Криздің сулы-тұзды түрінде (криздің екінші түрі, норадреналдік):

1) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т бір реттік;

2) нифедипин 10мг тіл астына немесе каптоприл тіл астына немесе ішке ;

3) клофелин0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл изотоникалық натрий хлорид ертіндісінде;

4) эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т;

Криздің тырысу түрінде:

1) диазепам 10-20мг к/т баяу 0,9%-10мл натрий хлорид ертіндісінде тырысу жойылғанша;

2) магния сульфат 25% - 10мл к/т өте баяу!

Сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігімен асқынған гипертоникалық кризде :

1) пентамин 5%- 0,3-0,5мл 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісінде к/т баяу,

артериальды қан қысымын және жалпы жағдайын бақылай отырып .

Криз кезінде артерияльды қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,

емдеу мекемесіне тасымалдау.

1)науқастың жағдайын үнемі қадағалаңыз.

Ескерту:


1) Криз кезінде артериялық қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,

емдеу мекемесіне тасымалдау.

2)дәрілік заттарды артериялық қан қысымын қадағалай отырып енгізіңіз!

Манипуляция – Өкпеге топографиялық перкуссия жасау әдісін көрсетіңіз.

Диагностикалық мәні.

Өкпенің топографиялық перкуссиясы- өкпенің жоғарғы ұшын анықтау (өкпенің жоғарғы шекарасы), Кренинг кеңістігінің ені;

Мақсаты: өкпе шекараларын анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, қатерлі ісік, ателектаз, өкпе инфаргі, экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абсцесс, өкпе туберкулезі;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жоқ

Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, орындық.

Жасап көрсету реті:

1. Бөлме жылы және тыныш болу керек.

2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болу керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

5. Тексерулішінің алдында тұрыңыз.

Өкпенің жоғарғы ұшын алдынан анықтаңыз (өкпенің жоғарғы шекарасы).

1. Қалақша саусақты бұғанаға параллель қойыңыз.

2. Бұғана ортасынан бастап жоғары қарай бәсең перкуторлы дыбысқа дейін перкуссия жасаймыз.

3. Анық дыбыс естілген жерін белгілейміз.

4. Кейін тексерулішінің артына тұрыңыз.

Өкпенің жоғарғы ұшын артынан анықта (өкпенің жоғарғы шекарасы)

1. Қалақша саусақты жауырын үсті ойыққа қойыңыз.

2. Қалақша саусақты жоғары жүргізе отырып, VII мойын омыртқаның тұсынан 3-4 см сыртқа орналасқан қарай перкуссия жасаймыз.

Кренинг кеңістігінің енін анықтау.

1.Трапеция тәрізді бұлшық етке қалақша саусақты көлденеңнен қойыңыз және алдымен жоғары қарай ,кейін сыртқа қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз.

2. Анық дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жердегі нүктелердің арасын сантиметрмен өлшеңіз.

Ескерту:

1. Өкпенің жоғарғы шекерасы алдынан – қалыпты жағдайда- 3-4см.

2. Өкпенің жоғарғы шекарасы артынан- VII мойын омыртқаның өсіндісінің тұсына сәйкес келеді

3. Крениг кеңістігінің ені қалыпты жағдайда – 4-7см. Сол жақта бұл аймақ , оң жақа қарағанда 1-1,5см артық.

4. Крениг кеңістігінің азаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының төмендеуі – өкпе ұшының солуы кезінде, туберкулез кезінде анықталады.

5. Крениг кеңістігі ұлғаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының жоғарылауы – өкпе эмфизема ауруында, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде анықталады.

Жедел көмек:

Стенокардия кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Мақсаты: ауырсыну ұстамасын басу

Көрсеткіші: стенокардия ұстамасы.

-ауру сипаты: қысып, күйдіріп, жаншып.

-пайда болу шарттары:физикалық және эмоционалық күш түскенде, тыныштықта және ұйқы кезінде, ЖИА вазоспастикалық түрінде және созылмалы ЖИА ұзаққа созылған түрінде .

-Ұзақтығы - 2-15 минут.

- Орны: төс сүйегінің артында ,сол қолға, (сирек оң қолға), мойынға, жақ астына, иыққа,сол жақ жауырынға.

Қарама –қарсы көрсеткіштері:

Мүмкін болатын асқынулары:

Қажетті заттар: лоток, дәрілік заттар, этиль спирті 700,нитроглицерин таб. 0,0005,

нифидепин таб.10 мг, корвалол (валокордин)- тамшылар,қыша қағаздары .

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты тыныштандыру, корвалол (валокордин) беру — 30-40 тамшы ішке.

2. Кеуде тұсының ауырсынуын жою қажет.

3.Дәрігердің келуіне дейін үйдегі тыныштандыратын (валериана),алдандыратын ( ауырсыну орнына қыша қағазын қою) дәрілерді беру.

4. Тіл астына ниттроглицерин беру (1 таблетка немесе 1% ертіндеден 1-2 тамшысын қантқа, валидолға тамызып беру.

5. Көмектеспеген жағдайда 2-3 минуттан кейін қайталап нитроглицерин 0,0005 мг таблеткасын тіл астына беру.

6.Нитроглицеринді 5-10 минут сайын екі – үш рет қайталап беру көмектеспесе тез жедел жәрдем шақыру керек, , 1% ертіндіден 3-10 тамшысын тіл астына тамызу керек немесе нитроглицеринді ауыз қуысына 3 ретке дейін шашу керек.

Вотчал 3-15 тамшы тіл астына -нифидепин 10 мг ( 1 драже) тіл астына.

7. Ем нәтижесіз болса,10 мин бойына промедол 1-2% - 1 мл ерітіндісшн т/а ,омнопон 1-2 % - 1 мл ерітіндісін т/а

Ескерту:


-егер 10 мин нәтиже болмаса, науқас жағдайы ангинозды статус ретінде бағаланады.Бұл миокард инфарктісі дамуы мүмкін.

Манипуляция - Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтауды жасап көрсетіңіз.

Мақсаты: дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.

Көрсеткіші: крупозды пневмония, экссудативті плеврит,өкпе эмфиземасы,бронх демікпесі, абсцесс, өкпе туберкулезі, пневмоторакс.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынулары: жоқ

Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі.

Жасап көрсету реті:

-Бөлме жылы және тыныш болуы керек..

-Тексерушінің қолы жылы ,тырнағы алынған болуы керек.

-Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз.

-Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

-Тексерілушінің алдында тұрыңыз.

-Алақаныңызды кеуде қуысының оң және сол бөлігінің симетриялы жеріне қойыңыз-алдынан 111 қабырғаға дейін.

-Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаған кезде науқас сөзді қатты айтуы керек.

-Науқастан «Р» әріпі бар сөзді айтуын сұраймыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».

-Кейін науқастан арқамен бұрылуын сұраймыз.

-кеуде қуысының артынан алақаныңызды жаурын үстіне ,жаурын ортасына 2 рет, жаурын астына қойыңыз.

-. Тағыда науқастан «Р» бар сөзді айтуын сұраңыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».

-Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаңыз.

Ескерту:

-Дауыс дірілінің өткізгіштігі дауыстың тембрына және кеуде қуысынығ қалыңдығына ғана емес дауыс дірілінің өткізгіштігі өзгертетін өкпедегі патологияға да байланысты. Өкпенің белгілі бөлігінде тығыз орта болса (мысалы,сұйықтық, қабыну ошағы, қысылған өкпе) дауыс өткізгіштігі күшейеді.

-Дауыс дірілінің өткізгіштігі азаяды немесе жойылады-плевра қуысына ауа немесе сұйықтық толғанда, плевра ісіктерінде.

--Дауыс дірілінің өткізгіштігі өкпенің барлық үстінен беркелкі әлсіреген өкпе эмфиземасында.

--Дауыс дірілінің өткізгіштігі күшейді, егер өкпеде ірі ошақты тығыздалу болса,және өкпе ұлпасында ауа азайса, мысалы крупозды пневмонияда, өкпе инфарктісінде,толық емес компрессионды ателектазда, өкпеде қуыс пайда болғанда, ( абсцесс, туберкулезді кавернада), егер қуыс үлкен болып ірі брохымен жалғасса және айналасында тығыздалған өкпе ұлпасы болса.

--Дауыс дірілінің өткізгіштігі жойылады-өкпе ұлпасы солғанда (толық ателектаз) брох қуысы толық пітелгенде,мысалы,ісікпен немесе ұлғайған лимфа түйіндерімен қысылғанда

Жедел көмек

Миокард инфарктісі кезінде дәрігерге дейінгі көмек

Мақсаты: ауру сезімін басу ;

Көрсеткіштері: ОКС, инфаркт миокард;

Қарама- қарсы көрсеткіш: жоқ

Асқынулары:жедел өкпе текті жүрек, кардигенді шоқ, қарыншалардың фифриясиясы

Қажетті заттар: сабын,бір рет қолданылатын сүлгі, ақ жаймалар,кушетка,адам фантомы,танометр,фанендоскоп,оттегі жастықшасы,қысқыш, марлы салфеткасы,таблетка нитроглицерин,аспирин, анаприлин таблеткасы, стакан суымен, изотоникалық натрий хлориді,дәрілердің ерітінділері: фентанил 0,005% –2мл, промедол 2% -1-2мл,

дроперидол 0,25%-1-2мл, cтрептокиназа- 1500000ЕД, гепарин- 5000ЕД, лидокаин 2%-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, дофамин 4% – 5мл (200мг), 400,0 мл реополиглюкин

немесе 5% глюкоза ерітіндісі, верапамил 5-10мг, АТФ 1-2мл 1% ерітіндісі,қол муляждары,ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив,пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 70%, лейкопластырь, бір реттік қолданылатын қолғап, бір реттік қолданылатын щприцтер-5 мл, 10 мл.

Іс- әрекет алгоритмі :

1. Науқасты жайлы жатқызыңыз

2. Толық физикаалық және психикалық жағынан тыныштандырыңыз;

3. Қысып тұрған киімдерін босатыңыз;

4. Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз;

5. Тез арада дәрігерді шақырыңыз;

6. Аспириннің 0,25-0,35 г беріңіз;

7. Оксигенатерапия

8. Инъекцияға арналған дәрілерді дайындаңыз;

Дәрігердің тағайындауы бойынша:

1) анаприлин 10-40мг тіл астына ;

нейролептоанальгезия:

2)фентанил 0,005%–1мл + дроперидол 0,25%-1- до 4мл –ді 10мл изотоникалық

натрий хлорид ерітіндісі немесе морфин1%1мл + дроперидол 0,25%-1-мл,10 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға;

3) стрептокиназа 700 000-1500000ЕД 200 мл –ден изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға тамшылатып енгізу.

4) гепарин- 5000ЕД к/т тездетіп, кейін сағатына 100 ЕД к/т тамшылатып

Ескерту:


Манипуляция – Өкпеге топографиялық перкуссия жасау әдісін көрсетіңіз.

Диагностикалық мәні.

Өкпенің топографиялық перкуссиясы- өкпенің жоғарғы ұшын анықтау (өкпенің жоғарғы шекарасы), Кренинг кеңістігінің ені;

Мақсаты: өкпе шекараларын анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, қатерлі ісік, ателектаз, өкпе инфаргі, экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абсцесс, өкпе туберкулезі;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жоқ

Керекті заттар: сабын, бір реттік орамал, орындық.

Жасап көрсету реті:

6. Бөлме жылы және тыныш болу керек.

7. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы алынған болу керек.

8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

9. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

10. Тексерулішінің алдында тұрыңыз.

Өкпенің жоғарғы ұшын алдынан анықтаңыз (өкпенің жоғарғы шекарасы).

5. Қалақша саусақты бұғанаға параллель қойыңыз.

6. Бұғана ортасынан бастап жоғары қарай бәсең перкуторлы дыбысқа дейін перкуссия жасаймыз.

7. Анық дыбыс естілген жерін белгілейміз.

8. Кейін тексерулішінің артына тұрыңыз.

Өкпенің жоғарғы ұшын артынан анықта (өкпенің жоғарғы шекарасы)

3. Қалақша саусақты жауырын үсті ойыққа қойыңыз.

4. Қалақша саусақты жоғары жүргізе отырып, VII мойын омыртқаның тұсынан 3-4 см сыртқа орналасқан қарай перкуссия жасаймыз.

Кренинг кеңістігінің енін анықтау.

1.Трапеция тәрізді бұлшық етке қалақша саусақты көлденеңнен қойыңыз және алдымен жоғары қарай ,кейін сыртқа қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасаңыз.

2. Анық дыбыстан тұйық дыбысқа ауысқан жердегі нүктелердің арасын сантиметрмен өлшеңіз.

Ескерту:


6. Өкпенің жоғарғы шекерасы алдынан – қалыпты жағдайда- 3-4см.

7. Өкпенің жоғарғы шекарасы артынан- VII мойын омыртқаның өсіндісінің тұсына сәйкес келеді

8. Крениг кеңістігінің ені қалыпты жағдайда – 4-7см. Сол жақта бұл аймақ , оң жақа қарағанда 1-1,5см артық.

9. Крениг кеңістігінің азаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының төмендеуі – өкпе ұшының солуы кезінде, туберкулез кезінде анықталады.

10. Крениг кеңістігі ұлғаюы және өкпенің жоғарғы шекарасының жоғарылауы – өкпе эмфизема ауруында, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде анықталады.

Жедел көмек

Өкпеден қан кеткен кезінде көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек

Мақсаты: Қан кетуді тоқтату.

Көрсеткіші: қан түкіру, қақырықта қан болу, қақырық: қызғылт, көпіршікті немесе

сұйық, көп мөлшерде қан кету, терісі бозғылт, науқас қорыққан, артериальды қан қысымы төмендеген ,естен танған, өкпеде ұсақ көпіршікті сырыл.

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;

Асқынулары: тахикардия, АҚҚ төмендеуі, коллапс, жедел жүрек жеткіліксіздігі;

Қажетті заттар: оттегі, система, жгут, шприцтер, залалсыздандырылған мақта заттары, марілер, залалсыздандырылған лоток,дәрілік заттар, этил спирті 700.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Дәрігер шақыру.

2.Науқасты тыныштандыру.

3.Басын сәл көтеріп аяғын түсіріп отырғызу.

4.Қалта түкіргішін қолдануды үйрету

5.Тамақты ыстық ішпеу

6.Ыстық ванна, душ қабылдамау

7.Дәрігер келгенше сөйлеуге және қозғалуға тыйым салынады.

8. Тамақты суытып ішу

9. Қан құю. Реополилиглюкин,плазмоалмастырғыш ертінділер және жаңа донор қанын құю.

10. Дәрілік заттар дайындау.

1. Хлорид кальция немесе глюканат кальция 10%-1-5 мл көк тамырға

12.Эпсилон аминокапрон қышқылын 5%- 100мг көк тамырға

13.Викасол 1%-1 мл көк тамырға

14.Аскорбин қышқылы.

15. Кіші қан айналым шеңберіндегі қан қысымын төмендету үшін эуфиллин 2,4%-10 мл.

16.Жөтелді азайту үшін кодеин 0,1мг х 3 рет күніне.

17.Көмектеспесе – хирургиялық ем. Ауруханаға жатқызу.

Ескерту:


1.Сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі кезінде диуретиктер (40-80мг лазикс көк тамырға)және оттек терапиясы.

Манипуляция: Пациентке туберкулез кезіндегі қақырық жинау әдісін үйретіңіз.

Туберкулезге қақырық жинау 3 рет жүргізіледі.

Қақырықты жинау бөлек бөлмеде жүргізіледі. Терезе ашылған мейірбике маска киеді.

Алгоритм іс – әрекеті :

1. Науқасқа хабарлау.

2. ТБ 05 формалы жолдаманы дайындау.

3. Анализді жинау үшін 3 ыдыс дайындау.

4. Қақырық жинауды үйрету, қақырықты жөтелгенде жинау керектігін ескерту.

5. Кешкісін тісін жууды, ал таңертең аузын жылы сумен шаюды ескерту.

6. Ыдыстың қақпағын ашып, жөтелгенде қақарықты жинау кем дегенде 5 мл болу керек.

7. Қақпағын жабу.

8. Лабораторияға жеткізу.

Шұғыл көмек:

Гиперкликемиялық комада дәрігерге дейінгі медициналық көмек:

Мақсаты: Науқасты комадан шығарып, жалпы жағдайын жақсарту.

Көрсеткіші: Сомноленция, сопор, кома, тахипноэ, тахикардия,артериялық гипотония, дегидратацияның клиникалық көрсеткіші (шырышты қабықтары құрғақ, олигоурия) жүрек айну, құсу, іштің ауруы, ацетон иісі. Комадағы қант мөлшері 19,4 ммоль/л. Бикарбонаттар 20мэкв/л. Анионды айырмашылығы 12 мэкв/л.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: терең веналардың тромбозы, артери- асперациялық пневмония, мидың ісінуі, өкпе ісінуі, инфекция, эрозиялы гастрит, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, олигоурия және бұйрек жеткіліксіздігі.

Терапиялық асқыну: ми және өкпе ісінуі, гипогликемия, гипокалиемия, гипонатриемия, гипофосфатемия.

Керекті құрал жабдықтар: 10% хлорлы калий ерітіндісі, жылдам әсер ететін инсулин, изотоникалық натрий хлориді ерітіндісі, штатив, стерильді қолғап, стерильді мақта шариктері, 70% этил спирті, лейкопластырь, пинцет, 5,10,20 мл бір рет қолданылатын шприц, система, зеңбіл, тонометр, фонедоскоп, марлі салфеткасы.

Алгоритм іс – әрекеттері:

1. Науқасты тез арада жерге жатқызып, таза ауамен қамтамасыз етіңіз.

2. Науқастың жағдайын бағалаңыз: пульс, артериялық қан қысымын, тыныс алу жиілігін,тері жамылғысын, есін, мүмкін болса туысқандарынан сұраңыз (қант диабетімен ауыратындығын, қандай препарат қабылдағанын , не жегенін стресты жағдайда болғандығын, инфекциялық ауруларын, жарақаттарын).

3. Экспресс әдіспен қан мен зәрдегі қант пен ацетонды анықтыңыз.

4. Тез арада дәрігерді шақырыңыз

5. Инекция жасауға препараттарды дайындаңыз.

6. Диабеттік кома диагнозы қойылған соң емі сағаттан жүргізіледі.

7. Дәрігер нұсқауы бойынша енгізіңіз:

1 – ші сағат ішінде:

1. Көк тамырға тамшылатып натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісін жалпы көлемі 1500 мл.

2. Қысқа әсерлі иинсулин -12 ЕД 500мл натрий хлоридының изотонткалық ерітіндісімен бірге көк тамырға тамшылатып 1 сағат ішінде.

3. Егер қанның рН -7,0ден аз болса, натрий бикарбонатының енгізеді. 100 мл / сағат саппен енгізеді. Натрий бикарбонаты 11,9 ммоль-ге сәйкес 1 сағат ішінде енгізілетін сұйықтықтың көлемі 1,5 л аспау керек.

2-ші сағат ішінде:

1. NaGI изотоникалық ерітіндісін енгізу жалғасады.

2. 1 сағат ішінде көк тамырға инсулин 12 ЕД- 500 мл нартий хлоридының изитоникалық ерітінлдісімен бірге

3. Физиологиялық ерітіндімен бірге хлорлы калий ерітіндісі (10% -15,0)

4. Осы дозамен хлорлы калий 4-5 сағат ішінде әр сағат салынады. 2-ші сағатта енгізілетін сұйықтықтың көлемі 1 л. Сондықтан сағат сайын 0,5 г.

5. Егер 1-ші сағат ішінде натрий бикарбониты енгізілсе, онда 2-ші сағатта қосымша хлорлы калий енгізіледі 1-1,5 г (10-15мл -10% ерітінді ).

Келесі кесте ұсынылады:

1. 1-ші сағатта 1-2 л сұйықтық енгізіледі.

2. 2-ші сағат және 3 сағатта 500 мл

3. Сондықтан әр сағат сайын 250 мл

4. Алғашқы 24 сағатта сұйықтықтың жалпы көлемі 4-7л

5. Қолдағы глюкоза көлемін әр сағат сайын анықталуы керек.

Ескерту:


Метаболикалық ацидоздың емі жүрек қан тамыр жүйесінің және тыныс алу жүйесінін функциясын жақсартуға, қанды оттегімен қамтамасыз ету. Тындермен мүшелердің микроцеркуляциясын және перфузиясые қалпына келтіру ге бағытталуы керек.

Диабеттік кома: Жүктілікке дейін.

Қант диабеті ақырын дамиды және аурудың басқа кезінде науқастарға білімбей өтеді. Жүктілік кезінде анықталады көбінесе жүктіліктің II- ші жартысында. Дерт бұл кезеңінде тез үдейді және жүктілер стационарға ауыр халде түседі.

Кеуде клеткасының түрін анықтауды көрсетіңіз

Қалыпты жағдайдағы кеуде клеткасының түрлері:

Нормостеникалық (коникалық) кеуде клеткасы.(нормостениялық дене бітімі бар адамдарда) формасы кесілген конусқа ұқсайды, негізі жақсы жетілген иық бұлшық ет түзілген және жоғары бағытталған. Алдыңғы артқы (төс омыртқасы) өлшемі бүйір өлшемінен кішірек, бұғанаойыға аз бөлінеген. Төстің денесімен сабы арқыла түзілген бұрыш анық көрінеді. Эпигастр бұрышы 90 градус қабырғалар қиғаш орналасқан. Жауырындар бір деңгейде орналасады. Дененің кеуде бөлігін ұзындығы іш бөлігінің ұзындығына тең.

Гиперстеникалық кеуде клеткасы ( гиперстеникалық дене бітімі бар адамда) цилиндр формасына ұқсас. Алдыңғы артқы өлшемі бүйір өлшеміне сәйкес, бұғана үсті ойығы жоқ, тегістелген төстің денесі мен сабымен қиылысқан бұрыш аз бүлінген. Эпигастральді бұрыш 90 градус жоғары. Бүйіріндегі қабырғалар бағыты горизантальді бағытқа сәйкес ұқабырға аралық кеңістік азайған, кеуде бөлігі іш бөлімінен кіші.

Астеникалық кеуле клеткасы (астеникалық дене бітімі бар адамдарда) жіңішке, ұзын. Алдыңғы артқы өлшемі мен бүйір өлшеміне тең. Бұғана үсті және бұғана асты ойығы ашық көрінген. Төстің денесімен сабымен біріккен бұрыш жоқ. Эпигастральді бұрыш 90 градус төмен. Бүйір қабырғалары вертикальді бағытта орналасқан. Х қабырға төске бекімеген, қабырға аралық кеңістік кеңіген. Жауырын қанат тәрізді кеуде клеткасынан алыстаған бел аймағы бұлшық ет аз дамиған, иығы түсінік, кеуде бөлімі бөлімінен үлкен.

Шұғыл көмек:

Гипогликемиялық комадағы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;

Мақсаты:комадан шығару, қандай қант төмендеуінен байланысты науқастың жалпы жағдайын жақсарту.

Көрсеткіші: жартылай немесе толық есін жоғалту, қандаңғы глюкозаның төмендеуінен инсулинді көп енгізу.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынуы: қауыпты асқынуы- ми ісіну ол менингиальді симптомдармен , құсумен, гипертермиямен, тыныс алу мен жүрек жүмысын бұзылуымен көрінеді.

Керекті құрал жабдықтар: 40%-20,0-80,0 глюкоза ерітіндісі, немесе 1,0-1,5 л 5% глюкоза ерітіндісі, глюкометр 150-200мг, аминолон, кавиритон, церенбролизин, штатив, пинцет, стерильді мақта шариктері, 70%спирт, лейкопластер, қолғап, бір рет қолданылатын2,5,10,20мл шприц, система зеңбіл, фантом адам муляжы, кушетка, тонометр, фонедоскоп қыша қағазы, жылытқыш, марлі салфеткасы

Манипуляция- Жүрекке перкуссия жасау әдісін жасап көрсетіңіз.

Диагностикалық мәні;

Мақсаты: жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау;

Көрсеткіші: жүрек аурулары;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ;

Асқынулары: жоқ;

Керекті заттар: сабын,бір реттік сүлгі,кушетка,төсек жаймалары;

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Бөлме жылы және тыныш болу керек;

2) Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек;

3) Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;

5) Науқастың оң жағында тұрыңыз;

6) Перкуссияны қабырғааралық бойынша ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай жүргізіңіз;

7) Жүректің үш шекарасын анықтаңыз;

8) Перкуссияны науқастың жағдайына байланысты отырғызып,тұрғызып,жатқызып жасайды;.

Жүректің оң жақ шекарасы:

Оң жақ өкпенің төменгі шекарасын бұғана орта сызығымен VI қабырғаға дейін анықтаңыз;

1) Қалақша саусақты табылған шекарадан бір қабырғааралық жоғары қойып,анықтайтын шекараға паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз (қ.ж IV қабырғааралық);

2) Қалақша саусақты төске қарай жылжыта отырып,тұйықталған дыбыс пайда болғанша тыныш перкуссия жүргізіңіз;

3) Саусақты анық дыбыс естілген жағынан белгілеңіз.Бұл жүректің салыстырмалы оң жақ шекарасы;

Жүректің сол жақ шекарасы:

1) Пальпация арқылы жүрек соғысын анықтаңыз;

2) Жүрек соғысы анықталған қабырғааралықпен (V қабырғааралық) алдыңғы қолтық сызығына қалақша саусақты паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз

3) Қалақша саусақты V қабырғааралық бойынша алдыңғы қолтық сызығына қиғаш қойып,анық дыбыстан бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;

4)Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің сол жақ шекарасы;

Жүректің жоғарғы шекарасы:

1) Қалақша саусақты II қабырғааралыққа көлденең қойып,төстің сол жақ шетінен 1 см сыртқа қойып,төмен қарай анық дыбыс бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;

2) Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің жоғарғы шекарасы;

Ескерту:

1) Жүректің оң жақ шекарасы-қалыпты жағдайда IV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см сыртқа;

2) Жүректің сол жақ шекарасы-қалыпты жағдайда V қабырғааралықта 1-1,5 см ішке сол жақ бүғана орта сызығынан;

3) Жүректің жоғарғы шекарасы-III қабырғааралық тұсында;

Жедел көмек

Жүрек демікпесі кезінде дәрігерге дейінгі көрсетілетін медициналық көмек

Мақсаты: Өкпе ісінуіне өтуіне мүмкіндік бермеу;

Көрсеткіші: кенеттен ентігк,әлсіздік,суық тер басу,мазасыздық,беті көкшіл,тыныс алу қиын,кеудесінде бұрқылдаған сырыл естіледі;

Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ;

Асқынулары: өкпе ісінуі;

Керекті заттар: оттегі,система, жгут, шприцтер, стерильді мақталар,марлі,лоток,дәрілік препараттар, этиль спирті 700.

Іс-әрекет алгритмі:

1.Дәрігер шақырыңыз;

2.Таза ауамен қамтамасыз ету;

3.Науқастың қысып тұрған киімін шешу;

4. Науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызыңыз (арқасын тіреп отыру үшін жастық қойыңыз);

5.Резиналы баллон арқылы аузынан шырыш пен көпіршікті сорып алыңыз;

6.Тіл астына нитроглицерин таблеткасын беріңіз (ААҚ 100 мм с.б артық болса);

7.Оттекті көпіршікті басқыштан өткізіп беріңіз (10% антифомсилан немесе спирт);

8.Инъекция түрінде салатын дәрілерді дайындау:

9.морфин гидрохлорид 1%

10.дроперидол 0,025%

11.димедрол 1%

12.Фуросемид (лазикс)-40-160мг.

13.Преднизолон-30-60 мг.

14.Пентамин 5% (АҚҚ жоғарылағанда)

15.эуфиллин 2.4%

16.строфантин 0.025%

17.кордиамин 25%

18.АҚҚ қайта өлшеңіз және пульс

19.Дәрігер тағайындаған дәрілерді салыңыз.

Ескерту:


- дәрілер болмаған жағдайда аяқ-қолына байлам салыңыз;

- зеңбілмен тасымалдаңыз;

Манипуляция – жүрек пальпациясын көрсетіңіз (ережесі, пальпация тәсілі).

Жүрек пальпациясы – жүрек ұшын анықтау.

Мақсаты: жүрек ұшының локализациясын, кеңдігін, биіктігін және күшін.

Көрсеткіші: эксудатты плеврит, бір жақты гидроторакс, гемоторакс,пневмоторакс,миокардит,жүрек ақауы,кардиомиопатия,гипертоникалық ауру,ревмокардит,жүрек жеткіліксіздігі,пирикардит,тиреотаксикоз.

Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ.

Болатын асқынуы:жоқ.

Ресурстары:сабын,бір қолданбалы орамал,кушетка,жайма.

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Бөлме жылы және тыныш болуы қажет

2) Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы қажет

3) Қолды гигиеналық дәрежеде жуу

4) Науқастан киімді беліне дейін шешуді өтіну

5) Оң қолдың алақанын тексерілушінің кеудесіне білекті кеудеге, ал саусақтарды қолтық асты аймаққа 4 және 7 қабырғалар арасына қою қажет

6) Аздап бүгілген үш саусақпен 5 қабырға аралықта алдыңғы қолтық асты сызығына аз күшпен пальпация арқылы жүрек ұшын сезіну

7) Көлемін,биіктігін,күшін,резистенттілігін анықтау(қалыпты жағдайда жүрек ұшы 5 қабырға аралықта ортаңғы бұғана сызығынан 1-1,5см ішке қарай анықталады)

Ескерту:


Жүрек ұшының сипаттамасы:

1) Көлемі-қалыпты жағдайда 1-2см тең,жүрек ұшыны кеудеге соққысының көлемі 2см үлкен болса-жайылмалы егер 1 см кіші болса шектелген.

2) Биіктігі жүрек ұшы аймағының тербеліс амплитудасымен сипатталады:жоғарғы-сол жақ қарынша гипертрофиясында;төменгі-сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің тқмендеуінде,осыған орай көлеміде өзгереді

3) Күші-сол жақ жүрекшенің жиырылу қабілетін жүрек ұшын пальпация жасаңан кезде қандай күшпен болғанын анықтайды

4) Резистенттілігі-тікелей жүректің бұлшық етінің тығыздығын сипаттайды.Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы және дилатациясы жүрек ұшын жасайтын оның локализациясы және бастапқы сапалары өзгереді,бұндай сапаларға көлемі,биіктігі,күші және резистенттілігі жатады.Қалыпты жағдайда жүрек ұшы пальпацияланбайды.оң жақ қарыншаның гипертрофиясында жүрек түрткісі кеудеден сол жаққа қарай пальпацияланады.

Өкпе ісінуі кезінде алғашқы көмек көрсетіңіз.

Мақсаты:

1) Қан циркуляциясындағы массаны азайту. Өкпе дегидратациясы;

2) Жүрек жұмысын азайту. Қысымды түсіру;

3) Ұлпаларды оттегімен қамтамасыз ету шараларын жақсарту;

4) Жүрек жиырылу қабілетін жақсарту.

Көрсеткіші:

1) Тұншығу;

2) Беті бозғылт – сұр немесе цианозды, қорқынышты білдіретін түр;

3) Кеудеде қысу, ауырсыну сезімі;

4) Алыстан жағымсыз сырылдардың естілуі;

5) Қақырық: қызғылт, көпіршікті немесе сұйық.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары:

1) Тахикардия;

2) Өкпе веналарына қан баруының төмендеуі;

3) Оң жақ жүрекшеге веналық қанның құйылуы жоғарлайды және өкпе қанға толады.

Қажетті заттар: оттегі, система, бұрау, шприцттер, стерильді заттар – мақта, дәке, лоток, дәрілік препараттар.

Іс – әрекет алгоритмі:

1) Дәрігер шақыру;

2) Тыныштандыру, науқасты отырғызып, аяқ астына орындық қою;

3) Таза ауамен қамтамасыз ету;

4) Нитроглицеринді тіл астына қою және қайталама дозасын әрбір 15-20 минут сайын;

5) Науқасқа этил спирті арқылы өткізілген Бобров жүйесін беру (100мл су 30мл 96пайыздық спиртке);

6) Аяқ жақтарға бұрау салу (3 тен көп емес, қойған уақытын есептеу);

дәрілік препараттарды дайындау:

1) Морфин ертіндісі 1%-1мл;

2) Лазикс ертіндісі 1%-4мл;(фуросемид 80-240мг,эуфиллин 120-240 мг-брадикардия болған жағдайда);

3) Дроперидол ертіндісі 0,025%- 2-4мл;

4) Фентанил ертіндісі 0,005%-1 мл;

5) Нитропруссид натрий ертіндісі 50мг – 500мл 55мл глюкоза ертіндісіне;

6) Пентамин ертіндісі 5 %-25 100мг АҚҚ 140-99мм сын.б.жоғары болғанда, изотоникалық натрий хлор ертіндісіне бөліп 20 мл;

7) Преднизалон -60-120мг.;

8) Дофамин (2-5 мл 0,05 %400 мл 55 глюкоза ертіндісіне көк тамырға тамшылатып)- артериялық гипертензия болған жағдайда.

Манипуляция - Жүрек тындау әдісін жасап көрсетіңіз.

Жүректі тыңдау

Мақсаты: жүректің жұмысы кезінде пайда болган үндерді тыңдау және бағалау.

Көрсеткіші: аритмиялар,туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек ақаулары,анемиялар,артериялды гипертезия,өкпе –жүрек жетіспеушілігі,миокардит,эндокардит,перикардиттер,кардиомиопатиттер,тиреотоксикоздар.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жоқ

Керекті заттар: сабын бір реттік сүлгі,кушетка,төсек жаймасы.

Жасап көрсетер реті:

-бөлме жылы және тыныш болуы керек

-тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы керек

-фонендоскоп жылы және дұрыс жұмыс істеуі керек

-қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз

-науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз.

-науқастың оң жағында тұрыныз.

-фонендоскопты спиртпен сүртіп науқастың денесіне тығыз басыңыз.

- жүрек клапындарын тындау жүргізілетін 5 негізгі тыңдау нүктелерін науқастан анықтаңыз .

-фоендоскопты тыңдау нүктелеріне қойыңыз:

a) жүрек ұшында митрльді клапын

б) 11 қабырға аралықта төстің оң жағында аорты клапына

в)11 қабырға аралықта төстің сол жағында өкпе артериясың клапыны

г )төстің семсер бөсіндісінің түбінде үш жақтаулы клапыны

д) III-IV қабырғаның төстің сол жақ шетіне бекітілген жерінде Боткин-Эрба нүктесі аорта клапына.

Жедел көмек

Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз.

Мақсаты: тамыр тонусын көтеру, АҚҚ қалпына келтіру;

Көрсеткіші : артериальды және венозды қымсымның кенеттен төмендеуі,

пневмония , перитонит, нейротоксикоз, қан жоғалту, сусыздану, улану,

элетрожарақат, организмге күн өту , кез келген аурудың терминальді кезеңі.

Қарама-қарсы көрсеткіші : жоқ

Асқынулары: ,жүрек жұмысының бұзылуы,өліп кетуі мүмкін

Қажетті заттар: кофеин бензоат натрия ертіндісі 10%- 1 мл , кордиамин 2мл,камфор және

этил спирті,жылтқыш, одеяло, реополиглюкин, натрия хлордің изотоникалық ертіндісі,

норадреналин 0,2%- 1мл,5% глюкоза ертіндісі, ,допамин,нашатыр спирті , ертінділерді көк тамырға тамшылатып құюға арналған штатив ,мақта шариктері, этил спирт 700, лейкопластырь, қолғаптар, залалсыздандырылған, шприцтер бір реттік-5мл, 10мл, 20мл,

бір реттік система, зембілдер, тонометр, фонендоскоп, марлі салфеткасы;

Іс –әрекет алгоритмі:

1.Тездетіп дәрігер шақыру;

2.Науқасқа ыңғайлы көлденең жағдай беру, аяқ жағын 30–45° бұрышта сәл көтеру.

3. Еркін тыныс алуды қамтамасыз ету- қысып тұрған киімін шешу,бөлмені желдету.

4. Пульсті тексеру, артериальды қысымды өлшеу 5 минут сайын манжетті шешпей тұрып өлшеу.

5. Науқастың мұрнына нашатыр спиртіне матырылған мақта дөңгелегін әкелу;

6. Аяғын камфор немесе сумен ерітілген этил спирімен уқалағыз немесе массаж жасаңыз. Науқастың аяқ қолына жылтқыш қойыңыз, одеяломен жабыңыз.

Дәрігер тағайындауымен:

1. кофеин бензоат натрия 10% -1 мл немесе кордиамина2-3мл ертіндісін т/а енгізу.

2.көмектеспесе мезатон 1%-1,0 мл б/е, т/а немесе преднизолон (30—60 мг) к/т тамшылатып инфузиялы терапиямен (реополиглюкин, натрия хлорид изотоникалық ертіндісі).

3. норадреналин 0,2%- 1мл ертіндісін 5% -50 мл глюкоза ертіндісімен к/т тамшылату 10–20 там/мин, ауыр жағдайда 20–30 там/мин. АҚҚ бақылай отырып.

4. көмектеспесе допамин 8–10 мкг/кг/мин ,АҚҚ және ТАЖ бақылай отырып

5.Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін реанимация бөліміне және интенсивті терапия бөліміне жатқызады.

Ескерту:

- Еске сақтаңдар!

Науқасқа еш қашан нитроглицерин, валидол, но-шпу, валокордин, корвалол бермеңіздер. Бұл дәрілер тамырды кеңейтеді, қазіргі уақытта тамыр тонусы төмендеген.

Егер науқас ессіз болса , дәрі мен су ауыз арқылы берілмейді.Науқастың бетіне шапалақтап есіне келтіруге болмайды.

Манипуляция-Мұзды мұйық қою әдісін жасап көрсету

Мұзды мұйықты қолдану

Мақсаты: терідегі және терең орналасқан мүшелермен ұлпалардағы қан тамырларын тарыту,жүйке рецепторларының сезімталдығының төмендеуі.

Көрсеткіші: қан кету,іш қуысындағы жедел қабыну процестері,зақымдану,қатты қалтырау,операциядан кейінгі кезең.

Жабдықтау: мұзды муйық,алдын ала бүтіндігін тексеру,мүз туйіршіктері және мүз туіршіктерін салатын қасық.

Су (14-16С)

Сүлгі,салфетка,дез.ерітіндісі бар ыдыс.

Іс әрекет алгоритімі

1. Мұзды муйықты мұздың ұсақ туйіршіктерімен толтыру.

2. Қапшықты көлденең жатқызып пропканы бұрау керек.

3. Мұзды мұйықты сүлгіге ораңыз(пеленка).

4. Дененің кезх келген бөлігіне қойыңыз(басқа минут)үзіліс 5 минут ),іш аймақтарына 15-20 минут 15 минут үзіліспен.)

5. Мұзды мұйық қойған уақытты жазыңыз (жалпы әсер ету уақыты 2 сағаттан аспау керек үзілісті есептегенде.)

6. Мұз еріген сайын суды төгіп және мұздың жаңа бөліктерін салыңыз.

7. Процедура аяқталғаннан кейін: мұйықтан суды төгіңіз, зарарсыздандырыңыз, кептіріңіз.

Ескерту: процедураны үнемі бақылауды ұйымдастырыңыз.Салқындатқыш камерадағы мұзды қолданғанда ,дене бөліктері үсіп кетуі мүмкін.

Жедел көмек

Естен танған кездегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз.

Мақсаты: тездетіп есін келтіру;

Кқрсеткіші : кенеттен есі тұманданып басы айналу,құлағы шулау,лоқсу, есінеу,терісі кенеттен бозару,аяқ қолы мұздау,беті терлеу, көз қарашығы кеңею,тамыр соғысы бос,АҚҚ төмен,естен танады;

Қарама-қарсы көрметкіші: жоқ;

Асқынуы: тырысулар;

Қажетті заттар: оттегі, система, байлам, шприцтер, залалсыздандырылғанмақта, марлі,

лоток,дәрілік заттар, этил спирті 700.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Дәрігер шақыру

2.Таза ауамен қамтаамасыз ету

3.Пациенттің қысып тұрған киімін шешу

4.Науқасты шалқасынан жатқызып басын сәл төмендету

5.Жағасын босату

6.Таза ауамен қамтамасыз ету

7.Мұрнына нашатыр спиртіне матырылған мақтаны әкелу

8.Бептіне суық су шашау

10.Аяқ қолына жылтқыш беру. Дәрілік заттарды дайындау:

12. кофеина 10% -1 мл ертіндісін т/а немесе кордиамина 2 мл

13. эфедрин ертіндісі 5%- 1мл

14. мезатон 1%- 1мл т/а

15.норадреналин 0,2%- 1 млт/а

Ескерту:

1.Қайталап естен танса ауруханаға жатқызу.

Манипуляция – Оттек беру әдісін жасап көрсетіңіз.

Оттек жастығынан оттек беру.

Мақсаты: емдік, кислород алу.

Көрсеткіші: тұншығу, анафилактикалық шок.

Қарама – қарсы көрсеткіш: өздігінен тыныс алмау.

Керекті заттар: 1. Оттек жастығы, (10-25 л резинадан жасалған мешок резина трупкасы, вентил (бұранда), мундуштук бар )

2. Залалсыздандырылған марлі салфеткасы – 4шт.

3. Спирт 70%.

4. Су және лоток.

5. Қолғаптар.

Іс –әрекет алгоритмі :

1.Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз, перчаткаларды киіңіз.

2. Мундуштукты спиртке батырылған салфеткамен тазалаңыз.

3. Мундуштукті 2-4 қабатты суға батырылған марлямен ораңыз.

4. Пациенттің аузына воронканы жақындатып қойыңыз, резина трубкадағы бұранданы ашыңыз.

Ескерту: Оттек беру жылдамдығын бұрандамен және жастықты қолымен қысып реттеуге болады.

Әдетте ол 5 – 7 минутка жетеді.

Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: артериальды қан қысымын 2 сағат ішінде 15-20% төмендету;

Көрсеткіші: ОКН, гипертоникалық криз;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;

Мүмкін болатын асқынулар: ОКС, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі(жүрек демікпесі, өкпе ісігі),ми-кан айналымның жедел бұзылуы.

Қажетті заттар: адамның муляж фантомы, кушетка, тонометр, фонендоскоп,қыша қағазы ,жылытқыш, марлы салфеткасы, анаприлин таб., таб. нифедипин (коринфар, кордафен, адалат), каптоприл таб.,ерітінділер: лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл, клофелин 0,01%- 1мл, изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі, дроперидол 0, 25%-1-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, - клофелин0,01%- 1мл, эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т; диазепам 10-20мг, пентамин 5%- 1мл, қолдың муляждары, ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив

, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 700, лейкопластырь, қолғаптар, бір реттік қолданылатын залалсыздандарылған шприцтер

-5мл, 10мл, 20мл, бір реттік қолданылатын система, зембілдер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Дәрігерді шақырыңыз.

2) Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;

3) бас жағын көтеріп жатқызыңыз.

4) шүйдесіне және балтырына қыша қазазын қою

5) жылытқышты аяғына қойыңыз және қолына ыстық ванна жағдайын жасаңыз ;

6) маңдайына суық компресс қойыңыз;

7) иньекцияға арналған дәрілік заттарды дайындаңыз:

Криздің нейро- вегетативтік түріндегі дәрігердің тағайындауы:

1) нифедипин (коринфар, кордафен, адалат)10мг тіл астына беріңіз

2) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т;

3) клофелин немесе (клонидин) 0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісінде;

4) дроперидол 0, 25%-1-2мл изотоникалық ерітіндіде к/т;

5) тұрақты тахикардияда -анаприлин 1таблетку(40мг) тіл астына;

Криздің сулы-тұзды түрінде (криздің екінші түрі, норадреналдік):

1) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т бір реттік;

2) нифедипин 10мг тіл астына немесе каптоприл тіл астына немесе ішке ;

3) клофелин0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл изотоникалық натрий хлорид ертіндісінде;

4) эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т;

Криздің тырысу түрінде:

1) диазепам 10-20мг к/т баяу 0,9%-10мл натрий хлорид ертіндісінде тырысу жойылғанша;

2) магния сульфат 25% - 10 мл к/т өте баяу!

Сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігімен асқынған гипертоникалық кризде :

1) пентамин 5%- 0,3-0,5мл 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісінде к/т баяу,

артериальды қан қысымын және жалпы жағдайы бақылай отырып .

Криз кезінде артерияльды қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,

емдеу мекемесіне тасымалдау.

1)науқастың жағдайын үнемі қадағалаңыз.

Ескерту:


1) Криз кезінде артериялық қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,

емдеу мекемесіне тасымалдау.

2)дәрілік заттарды артериялық қан қысымын қадағалай отырып енгізіңіз!

Лимфа түйіндерінің пальпациясы;

Мақсаты: көлемін,тығыздығын,ауырсынуын,қозғалғыштығын,өзара және терімен біріккен және бірікпегенін,бетінің кедір-бұдырлығын анықтау.

Көрсеткіші: жедел созылмалы инфекциялы аурулар,рак ауруының таралуы (метастазы),туберкулез,қан аурулары.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: жоқ

Қажетті заттар: сабын,бір реттік сүлгі,төсек жаймасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы және тыныш болу керек;

2. Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек;

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

4. Науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз;

5. Пальпацияны шүйде аймағынан бастаңыз,кейін құлақ айналасы,жақ асты,бұғана үсті,қолтық асты,шынтақ,шат аймағын екі жақтан тексеріңіз;

6. Пальпацияны екі қолдың саусақтарын бүгіп және сәл басып жүргізіңіз;

7. Көлемін,тығыздығын,ауырсынуын,қозғалғыштығын,өзара және терімен біріккен және бірікпегенін,бетінің кедір-бұдырлығын анықтаңыз;

Ескерту!


1.Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері,әсіресе үлкендерде анықталмайды.

2.Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және олардың ауырсынуы жақын орналасқан қабыну ошағымен немесе қатерлі ісік процесімен байланысты.

3.Лимфа түйіндерінің аздап ұлғаюы және тығыздалуы кейбір созылмалы инфекциялы ауруларда байқалады (мысалы: туберкулез,бруцеллез,балаларда рахит ауруында).

4.Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы,лимфа түйіндерінің «топтасып» ұлғаюы лимфогранулематоз,лейкоз,жүре пайда болған иммундық тапшылықты,қатерлі ісік ауруының бар-жоғын анықтау талап етіледі.

Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету

Мақсаты: шокты болдырмау,тыныс алуды және мүшені қанмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру

Көрсеткіші:

Қарама-қарсы көрсекіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: жедел көмекті уақтылы көрсетпеуде,негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі,жүрек қызметінің бұзылуы,өлім.

Кеш кездесетін асқынулар: (аллергииялық миокардит,гепатит,гломерулонефрит,неврит,жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы),науқастың өліміне себеп болады.Шоктан кейін 1-2 аптадан соң бронх демікпесі,қайталанған есекжем,Квинке ісігі пайда болады,ал дәрілік аллергендермен жиі байланыста болса-«коллагенді аурулар»(жүйелі қызыл волчанка,түйінде периартерит).

Қажетті заттар: көк тамырдан ерітінділерді құюға арналған штатив,пинцет,залалсыздандырылған мақта шариктері,этиль спирті 70%,лейкопластырь,залалсыздандырылған қолғап,бір реттік шприцтер-5мл,10мл,20мл,бір реттік система,зембіл,тонометр,фонендоскоп,марлі салфетка,0,1% адреналин ерітіндісі,жылытқыш,мұзды мұйық,1%-1мл мезатон ерітіндісі,преднизалон,1% димедрол,тавегил ерітіндісі немесе 2% супрастин ерітіндісі,5% глюкоза ерітіндісі,0,2%-2мл норадреналин ерітіндісі,2,4%-10 мл эуфиллин ерітіндісі,0,05%-1мл строфантин ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тез арада реакция шақыратын аллергенді тоқтату;

2. Науқасты кушеткаға жатқызу (басын төмендету),басын бір жағына бұру тіліне тұншықпау үшін және құсығына тұншықпау үшін,төменгі иегін алға жылжытыңыз,тіс протезін анықтау;

3. Инъекция салатын орыннан жоғары жгут байлау (25минутқа),егер антиген аяқ-қолына салынса;

4. Тезарада дәрігер және реанимация бригадасы шақырылады

5. Тіл астына (тамырды іздеуді жоғалтпау үшін)

6. Адреналин 0,3-0,5 мл 0,1 % ерітіндісін бұлшықетке енгізіңіз (балаларға 0,05-0,1 мл /жасына), адреналинді физерітіндімен 10 рет ерітіп (0,01% ерітінді алу үшін ) көктамырға енгізу

7. Дәріні енгізген аймақта адреналин 0,2-0,3 мл 0,1% ерітіндісімен 4,5 мл физ.ерітінді және аллергеннің алдын алу үшін мұзды мұйық қою

8. Аллергеннің түсуінің алдын алу үшін физиологиялық ерітінді және мұзды мұйық қою

9. Науқасты жылылаңыз,жылытқыш, жылы тамақтандыру

10. Бөлмені ылғалды ауамен желдетіңіз;

Дәрігердің тағайындауымен:

1. 0,3-05 мл 0,1% адреналин ерітіндісін 0,2% норадреналинді теріастына енгізіңіз немесе дененің әр бөлігіне әрбір 10-15 минут сайын1% мезатон салу

2. Егерде науқастың жағдайы жақсармаса көктамырға баяу 0,5-0,1 мл 0,1 % адреналинді 20 мл изатоникалық натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісін енгізу.

3. Егер бұл іс-әрекет нәтижессіз болса, көктамырға тамшылатып 300мл 5% глюкоза ерітіндісі және 1-2 мл 0,2 % норадреналин (немесе 1% мезатон ),120мг –ға дейін преднизалон енгізу

4. Антигистаминді препараттарды 1% димедрол немесе тавегил немесе 2% супрастин ерітінділерін бұлшықетке ,көктамырға қанайналым қалпына келген соң салады, себебі олар АҚҚ төмендетеді.

5. Бронх тарылғанда : эуфиллин 2,4%- 10 мл . Көктамырдан 10 мл натрий хлоридін изототоникалық ерітіндіде

6. Егер комплексті ем көмектеспесе , тракосстомия жасау керек

7. Қатты қозу , тырысу байқалса- дроперидол 1-2 мл көктамырға салу

8. Пенициллин салғаннан кейінгі анафилактикалық шок кезінде- пенициллиназа 100000 ЕД бұлшықетке+ 2мл изотоникалық ерітіндіде натрий хлорид

9. Өкпе ісінгенде - строфантин 0,05% - 5мл көктамырға + 40% глюкоза ерітіндіде эуфиллин 2,4% -10мл .120 мг преднизалон.

10. Ісіну қатты байқалған кезде (өкпе ісігі ) жоғарғы осматикалы қысымы бар ерітінді құю керек (активті плазма, натрий хлориді реополиглюкин , изотоникалық ерітінділер)

11. 1 аптаға дейін бақылауға алу

12. Егу жұмысы аяқталғаннан кейін системаның зажимін бекітіп, көктамырдан инені алыңыз, 3 мақта шаригін дайындай отырып спиртке 3-5 минут малыңыз. Қан ағу болмау үшін науқастың қолын бүгуін сұраңыз.

13. Системадан инені ажыратып , қолданылған мақта шариктерін, қолғаптарды КБУ-ға салыңыз.

14. Қолыңызды жуыңыз,кептіріңіз.

Манипуляция - Көк тамырға тамшылатып дәрі енгігу үшін система құрастыру

әдісін жасап көрсетіңіз.

Көк тамырға тамшылатып сұйықтық енгігу үшін бір реттік система құрастыру.

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып енгігу, көп мөлшердегі сұйықтықты көк тамырға жәймен енгізу(тәулігіне бірнеше литрге дейін, қан құйыу, қан препараттары және қан алмастырушылар. )

Көрсеткіші: емдік;

- айналымдағы қан мөлшерін қалпына келтіру,парентералды тамақтандыру, улану белгілерін жою.

Керекті заттар: залалсыздандырылған; сұйықтықты тамшылатып енгізу үшін бір реттік система;

Флакондағы дәрілік ертінді,мақта түйірлері, перчаткалар, маскалар,қайшылар, пинцет дезертіндіде,капельницаға арналған штатив, 70% спирт ,КБУ

Заттар: дәрілік препарат, қалта ингаляторы

Жасап көрсету реті:

1.тамшылатып енгізу үшін бір реттік системаны дайындау (бүтіндік және жарамдық мерзімін тексеріңіз ).

2.Дәрілік ертіндісі бар флаконды тексеріңіз (аталуын, мөлшерін,жарамдылық мерзімін және дәрілік ертіндінің сыртқы түрін тексеріңіз,дәрігердің ем тағайындау қағазымен салыстырыңыз).

3.Гигиеналық деңгейдегі қол жуу стандарттарын тексеріңіз, қолды спиртке матырылған мақтамен тазалаңыз, перчатка киіңіз.

4.Флаконның металдан жасалған қақпағының ортасын пинцеттің көмегімен алыңыз.Флаконның резина тығынын спиртке матырылған мақтамен екі рет сүртіңіз.

5.Бір реттік ситеманы қайшымен қыйып ашыңыз.Система шығарыңыз.Системадағы бұралатын зажимды жабыңыз.

6.Системаның қысқа жағындағы инені алыңыз, қақпағын шешіңіз, флаконның резина тығынына инені түбіне дейін енгізіңіз. Тамшылатқыштағы ауа жібергішті ашыңыз (ауа жібергіш болса, оны флаконның түбіне дейін енгізіңіз).

7.Флаконның түбін жоғары қаратыңыз және оны штативке бекітіңіз, системаның бос жағын сол қолмен ұстаңыз.

8.Тамшылатқышты жәмен қысыңыз және дәрілік ертіндімен жартысына дейін толтырыңыз.

9.Қысқышты жабыңыз және системаның ұзын трубкасын ауа толық шыққанша және инъекцияға арналған инеден тамшы шыққанша ертіндімен толтырыңыз.

10. Қысқышты жабыңыз, инъекция салатын иненің қалпағын жабыңыз.Системадағы ауа көпіршіктерінің жоқтығын тексеріңіз.

Жедел көмек:

Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі көрсетілетін жедел көмек

Мақсаты: тұншығу ұстамасын жою

Көрсеткіші: Бронх демікпесінің ұстамсы

Қарама –қарсы көрсеткіші : жоқ

Асқынулары: астматикалық статус (демікпе күйі)

Қажетті заттар: муляждар, кушетка, оттегі жастықшасы, қысқыш, марлы салфеткасы, ерітінділер: Эфедрин 5%-1 мл,эуфуллин 2,4 %-10 мл, димедрол 1%-1-2мл, пипольфен 2,5%-2 мл к/т; преднизалон60-90мг немесе гидрокортизон 125-250 мгрітінділерді көктамырға енгізуге арналған штатив.пинцет, залалсыздандырылған мақта шаригі, этиль спирті 96%, лейкопластрь, залалсыздандырылған қолғап, бір рет қолданылатын щприцтер- 5мл,10мл,20мл, бір реттік система

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Таза ауамен қамтамасыз ету;

2. Пациентке физикалық және психикалық тыныштық беру;

3. Қысып тұрған киімін шешу ;

4. Пациентке басын жоғарылатып, қолын тіреп отыратын ынғайлы жағдай беру.

5. Аллергия тудыратын себептерді жоб;

6. Дәрігер шақыру;

7. қалта ингаляторы бронхолитиктермен (беротек,сальбутамол, алупент, вентолин ), қолдану.

8. Пациентке ылғалды таза ауа беру;

9. Пациентке жылы тағам беру;

10. Дәрігердің нұсқауымен дайындау керек;

a. Эуфиллин 2,4% - 10мл көк тамырға

b. Эфедрин 5% - 1мл

c. Димедрол 1% - 1-2мл немесе пипольфен 2,5% - 2мл көк тамырға

d. Преднизолон 30-120мг немес гидрокортизон 125-250 мг к.т

11. Пациенттің жағдайына байланысты бөлектейміз;

Ескерту;

1, Бронхиалдық ұстама кезінде реанимация бөліміне тасымалдау.

Манипуляция – Тыныс алу жиілігін анықтау әдісін көрсетіңіз(ТАЖ)

ТЫНЫС АЛУ ЖИІЛІГІН САНАУ

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші: пациенттің жағдайын бағалау, тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Керекті заттар: секунд стрелкасы бар сағат немесе секунды бар қалам, пациент карточкасы немесе температура қағазы

Жасап көрсету реті:

1.Пациентке пульсті санауқажеттілігін түсіндіру және келісімін алу.

2.Қолыңызды жуыңыз.

3.Пациентің кеуде қуысының алдыңғы жағының жоғарғы бөлігі көрінетіндей ыңғайлы жатуын сұраймыз.

4.Пациенттің қолын пульсті анықтағандай етіп ұстаңыз, өйткені ол сізді пульсті анықтайды деп ойласын.

5. Кеуде қуысына қараңыз, оның көтеріліп төмен түскенін көресіз.

6.Егер сіз кеуде қуысының қозғалысын көрмесеңің , қолыңызды пациенттің кеуде қуысына қойыңыз, оны сезесіз.

7.1 минуттағы тыныс алу жиілігін санаңыз.

8.Пациенттің ыңғайлы отыруына көмектесіңіз.

9.Қолығызды жуығыз.

10.Бағалаңыз.Тексеру нәтижесін карточкаға немесе пациенттің температуралық қағазына жазыңыз.

Ескерту: ТАЖ санау кезінде пациент тыныс алу жиілігін санау жөнінде білмеу керек.Қалыпты жағдайда тыныс алу қозғалысы ырғақты (яғни бірдей уақыт аралығында қайталанады).Тыныс алу

жиілігі (ТАЖ) тыныштықта 18-22 рет минутына.ТАЖ жиілеуі –тахипноэ ; ТАЖ сиреуі брадипноэ; апноэ – тыныс алудың жойылуы.

Зәрді жалпы клиникалық анализге жинау

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетін, химиялық құрамын және микраскопиясын бағалау..

Көрсеткіші: науқасты жалпы тексеру..

Қажетті заттар: таза шыны ыдыс 100-200мл ауызы кең қақпағы бар, зәр қабылдағыш немесе судно, науқасты жуындыруғы керек жабдықтар, ыдысқажолдаманы жазып жапсыру (бөлім, бөлме №, науқастың аты жөні,зерттеу мақсаты, күні, мейрбикенің қолы)

Іс- әрекет алгоритмі:

1. науқасқа зерттеудің мақсатымен тексеру жолын түсіндіріңіз және оның келісімін алу.

2. Науқасқа зәрді жинау тәртібін түсіндіріңіз.

3. Науқасты зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс дайындауды үйрету (амбулаторлық жағдайда.

4.Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз;

5.Науқасқа жолдама жазылған ыдысты беріңіз;

6.Науқасты таңертеңгі гигиеналық тазалауға үйретіңіз (сыртқы жыныс жолдарын алдынан артына қарай жууыды үйретіңіз);

7.Науқас зәрдің алғашқы тамшыларын унитазға «1», «2» деп санағанша төгіп зәр шығаруды тоқтатыңыз;

8.Дайын ыдысқа 100-200 мл зәрді жинаңыз,қалғанын унитазға төгіп,ыдыстың қақпағын жабыңыз;

9.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз;

Ескерту: әйелдердің етеккірі кезінде зәрді тексеруге катетермен алады;

Зәрді Нечипоренко әдісі бойынша жинау

Мақсаты: Диагностикалық: клеткалық элементтердің мөлшерін анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Көрсеткіші: дәрігер тағайындауы бойынша (бүйрек аурулары кезінде).

Керекті заттар: таза шыны ыдыс 50-100 мл мойны кең,жолдаманы жазып,жапсырыңыз (бөлім, палата №, науқастың аты-жөні,зерттеу мақсаты,күні,акушерканың қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зәрді тексеруге жинау тәртібі жөнінде науқасқа түсіндіріп, әңгімелесу.

2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз;

3. сыртқы жыныс жолдарын алдынан артына қарай жууыды үйретіңіз;

4.Науқас зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағыш, судно) «1», «2» деп санағанша төгіп зәр шығаруды тоқтатыңыз;

5. Дайын ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігін 50 мл көлемде жинаңыз.

6.Жиналған зәрді лабораторияға жіберіңіз.

7.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуыңыз және кептіріңіз.

Ескерту: зәрді тексеруді тәулік ішінде кез келген уақытта жүргізеді.

Манипуляция - АҚҚ өлшеу әдісін жасап көрсетіңіз.

Артериальды қан қысымын өлшеу.

Мақсаты: диагностикалық көрсеткіші жүрек тамыр жүйесінін жағдайын бағалау (алдын алу мақсатында қарау,жүрек тамыр және зәр шығару патологиясы кезінде есте танған кезде бас аурып,бас айналу ,әлсіздік шағымдары пайда болғанда)

Қарама-қарсы көрсеткіш: туа пайда болған кемістік,парез,қолы сыну,кеуде безін алып тастаған жағдайда,инсулттан кейін қол әлсіз болса.

Асқынулары: иық артериясынын қатты қысуы,психологиялық (қан қысымын білгісі келмеу, қорқу,негавизм барлық нәрсеге сенімсіздікпен қарау

Керекті заттар: тонометр,фонендоскоп,қалам,70 % спирт ,поциент картасы ,темература парағы

Жасап көрсету реті:

1.Манипуляция және оның орындалуы жөнінде хабарлаңыз

2.Қолыңызды тазалап жуыңыз.

3.Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.Пациент қолын дүрыс қоюын сұраңыз:қолың жазып алақанын жоғары қаратып,қолын бос ұстасын.Егер пациент отырса қолын жазу үшін шынтақ астына бос қолың жүмып қойсың.

4.Манжетканы пациенттін иығына шынтақ буынынан 2-3 см жоғарғы жерде ораңыз,манжетка үстіндегі киім иықты қыспау керек,манжетканы бір саусақ сиятындай қысып ораңыз.

5.Манометрді манжеткамен қосыңыз.Манометрдің стрелкасы шкаланын нөл белгісінде түру керек.

6.Шынтақ аймағындағы пульсті тауып сол жерге фонендоскопты қойыңыз.

7.Грушадағы зажимді жабыңыз,оны оңға бұраңыз және манжеткаға ауаны үрленіз:манжеткадағы қысым манометр көрсеткіші бойынша 25-30 мм с.б. аспасын,артерия пулсациясы жойылғанша ауаны үрленіз.

8.Алғашқы пайда болған дыбыс систоликалық қысым саны еске үстаңыз .

9.Грушадағы зажимді солға бүрап ашыңыз және манжеткадағы ауаны жаймен жіберіңіз,бірдей уақытта фонендоскоппен үндерді тыңдаңыз,манометр шкаласының көрсеткішін қадағалаңыз.

10.Диостоликалық қысымын саны ,манометрдағы үндердің жойылуымен сәйкес келеді.

11.Манжеттен ауаны толық шығарыңыз.

12.Пациентке тексеру нәтижесін хабарлаңыз.

13.Қан қысымын өлшеу нәтижесін мәліметін бөліп жазыңыз (систолиялық және диостолиялык)мысалы:120\75 мм.с.б. Бағалаңыз.темпиратуралық қағазға жазыңыз.

14.Пациенттің жатуына немесе ыңғайлы отыруына көмектесіңіз.

15.Фонендоскоптың мембранасын 70% спиртпен тазалаңыз.

16.Қолыңызды жуыңыз.

Миокард инфарктісі кезінде дәрігерге дейінгі көмек

Мақсаты: ауру сезімін басу ;

Көрсеткіштері: ОКС, инфаркт миокард;

Қарама- қарсы көрсеткіш: жоқ

Асқынулары:жедел өкпе текті жүрек, кардигенді шоқ, қарыншалардың фифриясиясы

Қажетті заттар: сабын,бір рет қолданылатын сүлгі, ақ жаймалар,кушетка,адам фантомы,танометр,фанендоскоп,оттегі жастықшасы,қысқыш, марлы салфеткасы,таблетка нитроглицерин,аспирин, анаприлин таблеткасы, стакан суымен, изотоникалық натрий хлориді,дәрілердің ерітінділері: фентанил 0,005% –2мл, промедол 2% -1-2мл,

дроперидол 0,25%-1-2мл, cтрептокиназа- 1500000ЕД, гепарин- 5000ЕД, лидокаин 2%-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, дофамин 4% – 5мл (200мг), 400,0 мл реополиглюкин

немесе 5% глюкоза ерітіндісі, верапамил 5-10мг, АТФ 1-2мл 1% ерітіндісі,қол муляждары,ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив,пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 70%, лейкопластырь, бір реттік қолданылатын қолғап, бір реттік қолданылатын щприцтер-5 мл, 10 мл.

Іс- әрекет алгоритмі :

1. Науқасты жайлы жатқызыңыз

2. Толық физикаалық және психикалық жағынан тыныштандырыңыз;

3. Қысып тұрған киімдерін босатыңыз;

4. Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз;

5. Тез арада дәрігерді шақырыңыз;

6. Аспириннің 0,25-0,35 г беріңіз;

7. Оксигенатерапия

8. Инъекцияға арналған дәрілерді дайындаңыз;

Дәрігердің тағайындауы бойынша:

1) анаприлин 10-40мг тіл астына ;

нейролептоанальгезия:

2)фентанил 0,005%–1мл + дроперидол 0,25%-1- до 4мл –ді 10мл изотоникалық

натрий хлорид ерітіндісі немесе морфин1%1мл + дроперидол 0,25%-1-мл,10 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға;

3) стрептокиназа 700 000-1500000ЕД 200 мл –ден изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға тамшылатып енгізу.

4) гепарин- 5000ЕД к/т тездетіп, кейін сағатына 100 ЕД к/т тамшылатып

Ескерту:


Манипуляция – Ісіктерді анықтау әдісін жасап көрсетіңіз.

Ісіктерді анықтау:

Мақсаты: Жасырын және анық ісіктерді анықтау.

Көрсеткіш: жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек аурулары, бауыр циррозы.

Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы.

Жасап көрсету реті :

-Бөлме жылы, жарық болу керек.

-Тексерушінің қолы жылы, тырнағы қысқа болуы керек.

-Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

-Науқастың сырқы киімін шешуін сұраңыз.

-Науқасты кушеткаға жатқызыңыз.

-Науқастың оң жағында тұрыңыз.

-Оң қолдың екінші, үшінші саусағымен теріні сүйекке басып ісікті анықтаңыз: тобық, балтырдың ішкі бетінде, төсте, бел аймағында.

Ескерту:

-Егер ісік болса қолды алған кезде 1-2 минут бойында біртіндеп жойылатын ісік анықталады.

Бауыр комасы кезіндегі көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек.

Мақсаты: бауырдың функционоальды жағдайын жақсарту, улануды азайту, тұзды-электролитті балансты қалпына келтіру және белок зат алмасуын жақсарту. Жүйке ми

Көрсеткіші:жүйке-ми жұмыстар симптомдарының күшеюі: мазасыздану,

Жүйке ми симптомдары анық білінген: мазасыздық, ұйқысыздық,қозу,әлсіздік, ұйқы басу,менингиальды синдромдар,бұлшық еттің тартылуы.

Қарама –қарсы көрсеткіші: жоқ;

Асқынулары: метаболикалық ацидоз( пировиноградты және сүт қышқылының пайда болуы);

Қажетті заттар: Эсмарх кружкасы, дәрілік препараттар, этил спирті 70 ,залалсыздагдырылған лоток, залалсыздандырылған мақта дөңгелектері и т.б. шприцтер, система;

Іс әрекет алгоритмі:

1.Дәрігер шақыру;

2.Тазалау клизмасын қою;

3.Дәрігер тағайындауымен:

4.Іш жүргізетін дәрілер беріңіз (сернокислая магнезия, ксилит, сорбит)

5.Дәрігер тағайындаған дәрілерді дайындаңыз.

6.Гидрокарбонат натрия ертіндесі 4%-200-600 мл

7.Хлоид калия 4%-10 гр. тәулігіне

8.Аргинин 25-75 гр. тәулігіне , 5% глюкоза немесе глютамин қышқылы 10%-30-50

гр., гидрокортизон 75-100 мг әрбір 6 сағат сайын немесе преднизолон 200 мг тәулігіне,

антибиотики: неомицин 3-4 гр., канамицин 2-4 гр., ампициллин- 3-6 гр., тетрациклин-

1 гр.


9. Қозып елерген кезінде: галоперидол 0,5%-0.5-1 мл 2рет тәулігіне (немесе хлоралгидрат- 1 гр.клизма түрінде), витаминыдер , кокарбоксилаза, глюкоза 5%, қан құю , плазмофорез, гемодиализ,оттегі;

Ескерту:


1.бауыр комасы кезінде диуретиктер, наркотикалық дәрілер, барбитураттар қолдануға қатаң тиым салынады.!!!!!!!

2. ауруханаға жедел түрле жатқызу , интенсивті терапия палатасына немесе терапиялық бөлімге.

Манипуляция – Ішке үстіртін пальпация жасау әдісі.Диагностикалық мәні.

Ішке үстіртін (беткей) пальпация жасау әдісі.

Мақсаты: іштің бұлшықетінің қатты-жұмсақтығын,ауыратын-ауырмайтындығын,жарық және қатерлі ісіктің,тығыздалу,түйіндерін анықтау

Көрсеткіші: іш қуысы мүшелерінің аурулары,перитонит,ішек және асқазан жара ауруының асқынуы,аппендицит кезіндегі тесілу, холецистит.

Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ

Асқынулары: жоқ

Қажетті заттар: сабын, бір реттік сүлгілер,кушетка, ақ жаймалар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы,жарық және құрғақ болу керек;

2. Тексерушінің қолы жұмсақ,таза,жылы тырнақтары алынған болу керек;

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуу;

4. Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;

5. Науқасты кушеткаға немесе қатты жерге жастықсыз жатқызу;

6.Науқастың қолын кеудесіне қойып,аяғын созып,басын жастықсыз жатуын сұраймыз,басы жоғары болса іш бұлшықетінің қатаюына алып келеді,ол пальпация жасауға кедергі болады;

7.Науқастың оң жағында,бетпе-бет қарап отырыңыз,орындық науқастың төсегімен бірдей деңгейде болу керек;

8.Оң қолыңызды науқастың ішіне қойыңыз (алақан жазылып,саусақтар бүгулі болу керек);

9.Науқастың аузымен терең дем алуын сұраймыз,мүмкіндігінше іш бұлшықеттері тыныс алуға қатысу керек,бұл кезде іш бұлшықеттері босайды;

10.Пальпацияны сау мүшеден бастайды;

11.Оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп науқастың ішіне қойыңыз және ақырындап,тереңдемей ішке пальпация жасаңыз;

12.Пальпация сол жақ мықын аймағынан бастап және біртіндеп сол жақ қабырға астына көтеріліңіз,эпигастрии аймағы,оң жақ қабырға астына көшіңіз,оң жақпен төмендеп,оң мықын аймағына түсіңіз;

13.Осылайша пальпация сағат тіліне қарсы бағытта жүргізіледі;

14.Сосын іштің ортаңғы бөлігіне пальпация жасап,эпигастрии аймағынан бастап,төмен қасағаға қарай жүргізіңіз;

15.Іш бұлшықетінің айырылуын және кіндік айналасында,ақ сызықта жарықтың бар-жоғын анықтаңыз;

16. Ол үшін оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп,төстің семсер өсіндісінінен төмен іштің ақ жолағына қолыңызды қойып,науқастын басын көтеруін сұраймыз;

17. Іштің үстіртін беткей пальпациясын жүргізіңіз:

1.іштің алдыңғы бөлігінің қатты-жұмсақтығын анықтау;

2.іштің алдыңғы бөлігінің ауыратынын-ауырмайтындығын анықтау;

3.іштің тік бұлшықетінің айырылуын,кіндік айналасында және іштің ақ сызығында жарықтың бар-жоғын анықтау;

4.іш қуыс мүшелерінің ұлғаюын,үстіртін орналасқан ісікті анықтау;

Тиреотоксическом криз кезіндегі жедел қөмек..

Мақсаты: қандағы тиреодты гормондар мөлшерін азайту, бүйрек үсті жеткіліксіздігін жою,

жүрек қан тамыр жүйесін жүйке- псикикалиқ бұзылыстарды жою.

Көрсеткіші: тиреотоксический криз.

Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ

Асқынулары:жүрек қан тамыр жеткіліксіздігі өкпе ісінуі, кома, смерть.

Қажетті заттар: мерказолил,1 %- люгол ертіндісі, аскорбин қышқылы, анаприлин, контрикал—40000 ЕД, гидрокортизон-100-150 мг,преднизолон-30 мг, бір реттік шприцтер,бір реттік система , ьұзды мұйық, ылғалды сүлгі.

Іс-әрекет алгоритмі :

1.науқасты тыныштандырыңыз;

2.қысып тұрған киімін шешу;

3.таза аумен қамтамасыз ету.

4.денесін ылғалды орау, гипертермияны азайту үшін мұзды мұйықпен орау керек.

5. иньекцияда салатын дәрілерді дайындау:

Дәрігер тағайындауымен салыңыз :

1.гидрокортизон-100-150 мг көк тамырдан тездетіп,1 % Люгол ертіндісін 5-10мл 500 мл 5%

Глюкоза ертіндісімен көк тамырға 1 сағат ішінде салу.

2.мерказолил- 30-50 мг ішке (керек жағдайда зонд қоданады)

3.аскорбин қышқылы-50 мл 5 % ертіндісін к/т . Рауседил- 1 мл 0,25 % ертіндісін жаймен көк тамырға салу.

4. анаприлин – ішке , 80 мг, строфантин - 0,25 мл 0,05 % ертіндісін көк тамырға, кордиамин - 2 мл т/а

5.контрикал-40000 ЕД в 50 мл натрия хлоридың изотоникалық ертіндісінде к/т

6. үнемі оттек терапиясы—2 л/мин кризден шыққанша.

7. артериальды қысым - ДОКСА 5 мг бұлшық етке

Ем басталғаннан кейін 2 сағаттан соң:

1.гидрокортизон-75-100 мг көк тамырға

2.тоқтаусыз құсқанда 100 мл 10 % натрия хлорид ертіндісін көк тамырға.

Ем басталғаннан кейін 6 сағаттан соң :

1.гидрокортизон-75-100 мг көк тамырға натрия йодид (немесе Люголя) —10 мл

10 % ертіндісін көк тамырға

2.мерказолил – 20-30 мг ішке

3. анаприлин - 80 мг ішке, қажет жағдайда - рауседил -1 мл 0,25 % ертіндісін көк

внутривенно

Ескерту:

Әрбір 6 сағаттан соң гидрокартизонды қайталап енгізу, йод препараттары, мерказолил, тиреотоксикалық кризден шыққанша анаприлин,кейін мерказолилді тәулігіне 50-60мг ,,преднизалон 30 мг науқас жағдайын бақылап, мөлшерін төмендетеді.

Манипуляция - Асқазанды жуу әдісін жасап көрсетіңіз.

Асқазанды жуу

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші: эндогенді, экзогенді уланулар.

Қарама –қарсы көрсеткіші: асқазан-ішік жолдарынан қан кету,ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазандағы қабыну процесстері, өңеш жіне асқазанның күйуі, миокард инфарктісі, бас қан айналымының бұзылуы,брох демікпесі, өңештің тарылуы, жүктіліктің екінші кезіңі.

Асқынулары: жұтқыншақ, өңеш,асқазанның шырышты қабатының зақымдануы, ауырсыну синдромы,құсу рефлексі,қорқыныш.

Керекті заттар: залалсыздандырылған:жуан асқазан зонды және резина трубка (ұзындығы 70см), шыны трубка, трубкамен қосылатын зонд,0,5-1л шыны варонка, лотоктар,тазик, кірлен,таза суы бар шелек 10-12л (Т-20-22С), резина қолғаптар,2 клеенкадан жасалған фартуктер,1л кружканемесе кувшин, 2 лоток,марлядан жасалған салфеткалар,дезертіндісі бар ыдыстар, құрғақ хлорлы известь, сүлгі немсе төсек жаймасы,тексеруге арналған жолдама бланкі,қақпағы бар құрғақ шыны банка.

Жасап көрсету реті:

1.Пациентке процедураның жолы мен мақсатын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

2.Өзіңіз және пациент клеенкадан жасалған фартук кисін.

3.Пациентті орындыққа отырғызыңыз,арқасы орындықтың арқасына тығыз тиіп тұруы керек,басын сәл алға еңкейтіңіз.

4.Тіс протезін алыңыз (егер пациентте олар болса).

5.Пациенттің қолын орындықтың арқасына апарыңыз және осы жағдайды сүлгімен немесе пролстын мен бекітіңіз.

6.Пациенттің тізесін ашып, аяғының ортасына кірлен,тазик немесе жуылған суларды құю үшін шелек қойыңыз.

7.Пациенттің артында немесе оң жақ тұрығыз, басын сәл артқа ұстаңыз.

8.Қолды гигиеналық деңгейде толық жуып ,қолғап киіңіз.

9.Заласыздандырылған зондты алыңыз, алдыңғы тістен (тұйық басынан) кіндікке дейін аралықты өлшеңіз.- алғашқы белгі және бір алақан ара қашықтықты қосыңыз-екінші белгі.

10. Зондтарды шыны трубкамен қосығыз.

11.Зондты енгізген кезде оны тістеуге, тартуға болмайды,мұрынмен демалып ,жұтыну керек.

12.Зондтың тұйық басын фуруцилин ертіндісімен сулаңыз.

13.Пациенттің аузын ашуын өтініңіз, оң қолға зондтың доғал басына 10см қашықтықта ұстап,оны тілдің түбіне қойыңыз.

14. Пациенттің жұтынып және мұрынмен дем алуын сұраймыз,зодты жамен өңешке енгізіңіз.

15.Асқазанға зондты белгіленген жерге дейін абайлап енгізіңіз,зондқа варонканы жалғап,оны пациент тізесіне дейін түсіріңіз, ауа кірмнес үшін оны аздап еңкейтіңіз.

16.Воронканың шетіне дейін 1л жуық су құйыңыз.

17.Воронканы жаймен жоғары көтеріңіз,су воронканың сағасына жеткенде,оны пациенттің тізесіне дейін түсіріңіз,асқазандағы нәрсемен толғанша.

18.Воронкадағы сұйықтықты тазикке төгіңіз.

19.Асқазанды жууды бірнеше рет су тазарғанша жүргізіңіз.

20.Пацинттің асқазанындағы зондты абайлап салфетканың көмегімен шығарыңыз.

21.Клеенкалы фартукты шешіңіз.

22.Зондты,резина трубканы,воронканы дезертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

23.Пациент аузын шайсын,ауыз айналасын салфеткамен сүртсін.

24.Қолғапты шешіп,қолыңызды жуып ,кептіріңіз.Салфеткаларды, қолғаптарды КБУ салыңыз.

25.Пациентті палатаға жеткізіп,оның жатуына көмектесіңіз.

26.Пациентке физикалық және псикхикалық тыныштыұ беріңіз.

27.Жолдаманы жазып және асқазанды жуған судың алғашқы порциясын (200мл) бактериологиялық лабораторияға тексеруге жіберіңіз.

28.Асқазанды жуған суды және қолданған инструметті дезинфекция жүргізіңіз.

29.Қолғаптарды және бір реттік инструменгттерді КБУ салыңыз.

Жедел көмек

Гипотиреоидты кома кезіндегі жедел көмек .

мақсаты:ми гипоксиясын болдырмау .

көрсеткіші: гипотермия, брадикардия, артеральдық гипотензия, тыныс алудын сиреуі және әлсіреуі , бет және аяқ ісінуі

Қарама-қарсы көрсеткіш жоқ

Қажетті құрал- жабдықтар: -корпе бір реттік , шприц, система, гормон оттегі жастықшасы.

Алгоритм

1.науқасты жылыту, корпе жабу, жылы сұйықтық беру, коллапс болмас үшін бөлме температурасын біртіндеп жоғарлату.

Дәрігердің тағайындауы бойынша иньекция түрінде салатын дәрілерді дайындау:

1.Гидрокортизон 100-200 мг немесе преднизолон 60 -90 мг на 0,9% натрий хлориді ерітіндісі 200-400 мл, 5% глюкоза ерітіндісі 200-400 мг көк тамырға тамшылатып.

2. L-тироксин инъекцияда 50 мкг к/к тамшылатып немесе L-трийодтиронин 50

Мкг асқазан зонды арқылы әр 6-12 сағат сайын.

3.келесі күні -L-тироксина 100 мкг тәулігіне ішке.

4.гормондарды қолданғанда пульс және дене қызуын бақылау.

5. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде жүрек гликозидтері қолданылады.

6. Алдын алу мақсатынды антибиотиктер тағайындалады.

Ішке терең сырғымалы , жылжымылы пальпация әдісін жасап көрсетіңіз.

Ішке терең сырғымалы пальпация жасау.

Мақсаты: терең орналасқан дене мүшелерінің жағдайын бағалау;

Көрсеткіші: бүйрек , кіші жамбас, ішек, бауыр, көк бауыр, бұлшық ет, буындар аурулары.

Қарама-қарсы көрсеткіші: іш мүшелерінің жедел қабынуы және зақымдануы;

Асқынулары: жоқ;

Қажеттті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы.

Іс әрекет алгоритмі:

1.Бөлме жылы, жарық болуы керек;

2.Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ, тырнағы қысқа алынған болуы керек.

3.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4.Науқастан шыртқы киімін шешуін сұраймыз

5.Науқастың кушеткаға жатып, қолдарын кеудесіне қойып,аяғын созып, дем алуын сұраймыз .

6.Төсектің оң жағында науқаспен бетпе бет қарап орындыққа отырыңыз,орындық биіктігі науқас төсегімен бірдей деңгейде болуы керек .

Бірінші кезең:

1.Оң қолыңызды науқастың ішіне қойыңыз(алақан жазылған, саусақтар сәл бүгулі).

2.Сол қолыңыздың сасақтарын оң жақ бел аймағына қойыңыз, оң қолдың бүгілген саусақтарын іштің алдынғы бетіне қойыңыз, яғни зерттелетін мүшеге перпендикулярлы немесе зертелетін мүшенің шетіне қойыңыз.

Екінші кезең:Терең дем алғанда теріні кіндікке қарай тартып, теріні жиырамыз.

Үшінші кезең-дем шығарғанда оң қолды ішке тереңдете енгізеді, сол қолдың басына қарай бағыттап тереңдетеді.Терең пальпацияның негізі іш жұмсарған кезде саусақтар іштің артқы бетке дейін жетеді.

Төртінші кезең –дем шығарған кезде іштің үстімен жылжыйды немесе кіндіктен шыртқа қарай жатқан ішекке перпендикулярлы ішек үстімен сырғыйды.

Ескерту:


1.Пальпация жасағанда анықтайды – мүшенің орналасуын, қозғалмалығын, консистенциясын, диаметр, бетін, (тегіс, түзу емес, кедір-бұдыр),пальпацияда шұрылдауы немесе ауырсынуы анықталады.

Жедел көмек

Асқазаннан қан кеткен кезіндегі көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек

Мақсаты: қан кетуді тоқтату, АҚМ толтыру.

Көрсеткіші: құсығы кофе түстес(шоколад түстес), қара май тәрізді нәжіс(мелена)-қара түсті.

Қарама-қарсы: орнынан тұруға, шұғыл қыймылдауға, тамақ ішуге, су ішуге, темекі шегуге, дәрі ішуге болмайды.

Асқынулары: өмірлік маңызды мүшелерде қайтымсыз өзгеріс болуы мүмкін.

Қажетті заттар: кушетка, мұзды жылтқыш, залалсыздандырылған материал, залалсыздандырылған лоток,дәрілер, жгут(байлам), шприцтер, система; этил спирті 700, мақта шариктері;

Іс-әрекет алгоритмі:

1. дәрігер шақыру;

2.пациентті көлденең жастықсыз жатқызу;

3.абсолютты тыныштық беру;

4.су ішуге, тамақ ішуге,дәрі ішуге тыйым салынады;

5.асқазан тұсына мұзды мұйық қою;

6. 5% р-р аминокапрон қышқылын ас қасықпен қайталап беру;

7.құсқан кезде көмек беруге керекті заттарды дайындау;

8 пульсті санап, АҚҚ өлшеңіз;

9.(дәрігер тағайындауымен) енгізілетін заттарды дайындау:

10.аминокапрон қышқылы 5%-100 мл,

11.этамзилат (дицинон)12,5%-2 мл.

12.адроксон 0,025%-1мл.

13.викасол 1% -1 мл,

14. хлористі кальций 10%-10 мл,

15.полиглюкин + қаналмастырушылар

Ескерту:

- хирургия бөліміне зембілмен тасымалдау;

- гемодез, реополиглюкин салуға болмайды(тромбтарды ерітуі мүмкін);

Бауыр перкуссиясы.ОБРАЗЦОВ В.П. бойынша бауыр тұйықтығының көлемдері

Мақсаты: абсолютті бауыр тұйықтығының жоғарғы және төменгі шекарасын анықтау. Көрсеткіші: жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек ,ішек,бауыр,көк бауыр аурулары;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ;

Мүмкін болатын асқынулар: жоқ

Қажетті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Бөлме жылы және тыныш болуы керек

2.Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.

3. Қолыңызды гигиениялық деңгейде жуыңыз.

4.Науқастың сыртқы киімін шешіп, кушеткаға жатып, қолын кеудесіне қоюын, аяғын созып, жәй дем алуын сұраңыз.

5.Төсектің оң жағында науқаспен бетпе –бет отырыңыз,орындықтың биіктігі науқас төсегімен бірдей деңгейде болуы керек.

6. Қалақша саусақты анықтайтын шекараға параллел қойыңыз, анық дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жәй перкуссия жасаңыз.

7.Анықталған шекараны қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз.

Образцов В.П. әдісі бойынша бауырдың жоғарғы шекарасын перкуссия жасап анықтаңыз

1.оң жақ төс маңы сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз ,жәй перкуссияны төмен қарай V1 қабырғаға дейін жүргізіңіз, тұйық дыбыс естілген жерде қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз

2. оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз, жоғарыдан төмен қарай қабырға аралықпен V1 қабырғаға дейін жүргізіңіз, дыбыс өзгерген жерді белгігеңіз.

3. оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша II қабырға аралыққа қалақша саусақты қойыңыз, жоғарыдан төмен қарай қабырға аралықпен V11 қабырғаға дейін жүргізіңіз, дыбыс өзгерген жерде қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз.

Образцов В.П. әдісі бойынша бауырдың төменгі шекарасын перкуссия жасап анықтаңыз

1. Қалақша саусақты анықтайтын шекараға параллел кіндік тұсына қойыңыз,алдымен оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша, кейін оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша,содан соң оң жақ төс маңы сызығы бойынша және алдынғы ортаңғы сызық бойынша төменнен жоғары қарай тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жәй перкуссия жасаңыз, дыбыс өзгерген жерді белгілеңіз.

2.сол жақ қабырға доғасына қалақша саусақты тігінен қойып X1 қабырғадан бастап төс сүйегіне қарай тыныш перкуссия жүргізіңіз, тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбысқа өткенде белгілеңіз.

Ескерту:


1.бауырдың жоғарғы шекарасы оң жақ төс маңы сызығы және ортаңғы бұғана сызығы бойынша VI қабырға тұсында, оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша VI I қабырға тұсында орналасқан.

2. бауырдың төменгі шекарасы оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы - X қабырға, ортаңғы бұғана сызығы бойынша –қабырға доғасамен сәйкес, оң жақ төс маңы сызығы- қабырға доғасынан 2см төмен, алдыңғы ортаңғы сызығы бойынша төстің семсер өсіндісінен 4-6 см төмен,сол жақ қабырға доғасы бойынша – сол жақ төс маңы сызығы тұсында.

3. қалыпты жағдайда бауыр өлшемдері оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша- 10-12см, оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынш 9-11 см, оң жақ төс маңы сызығы бойынша – 8-11 см.

Абдоминальды пункция әдісін жасап көрсетіңіз

Мақсаты : сұйықтықты шығару

Көрсеткіші: бауыр циррозы,жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Қажетті заттар: этил спирті 700, мақта шариктері, залалсыздандырылған салфеткалар, пинцет, қышқыш, троокар, иодтың спиртті ертіндісі, лейкопластырь, шелек,

Іс-әрекет алгоритмі:

1.пациентке емшараны түсіндіріңіз.

2. емшараға қажетті заттарды дайындаңыз

3. кіндіктен 2 см төмен алдыңғы ортаңғы сызық бойынша үлкен аймақты иод ертіндісімен, тесетін

орынды этил спиртімен сүртіңіз.

4.троакормен тесіңіз, түтік қалдырыңыз, инені шығарыңыз.

5. төсек жаймасымен артынан ішті тартып тастаңыз, сұйықтықтықты қысым арқылы шығару.

6. емшара аяқталған соң тескен жерді сүртіңіз, залалсыздандырылған салфетка салып,

лейкопластырьмен бекітіңіз.

Бауыр пальпациясы;

Мақсаты: пальпация арқылы бауырдың төменгі шетінің орналасқан жерін,ауырсынуын,

тығыздығын, түрін анықтау.

Көрсеткіші: бауырдың майлы гепатозы, созылмалы инфекциялы аурулар,улану, (арақтан

болған) бауырдың эхинококкозі, бауырдың альвеококкозі,тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары (гликогеноздар,гемохроматоз);жедел және созылмалы гепатиттер,бауыр циррозы, бауырдың қатерлі ісік ауруы әне оның таралуы, лейкоздар және гемабластоздар, жүрек жеткіліксіздігі.

Қарама-қарсы көрсеткіші:жедел қабыну аурулары және іш мүшелерінің зақымдануы;

Болатын асқынулар: жоқ

Қажетті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка,тқсек жаймасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Бөлме жылы, тыныш болуы керек;

2. Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқастан шыртқы киімін шешіп,кушеткаға жатып немесе қатты жерге аласа жастықпен,басын сәл көтеріп, қолдарын кеудесіне қойып,аяғын созып, дем алуын

сұраймыз.

5. Төсектің оң жағында науқаспен бетпе бет қарап орындыққа отырыңыз,орындық биіктігі науқас төсегімен бірдей деңгейде болуы керек .

6.Перкуссия арқылы бауырдың төменгі шекарасын анықтаңыз.(пальпация үшін оң қолды қою)

7. Оң қолыңызды науқастың ішіне алақанды жазып, саусақтар сәл бүгіп, оң жақ қабырға астына перкуссияда табылған бауыр шекарасынан 3-5 см төмен қойыңыз.

8.Сол қалдың 4 саусағымен алақаны оң жақ қабырға доғасын бел тұсынан, ал бас бармақ қабырға доғасын алдынан қапсыра ұстайды.Бұл кеуде қуысының қозғалмалылығын дем алғанда шектейді, және диафрагманың төмен қарай қозғалысын күшейтеді.

9.Бауырдың төменгі шекарасына пальпацияны оң жақ бұғана орта сызығымен,оң жақ төс маңы сызығымен, алдыңғы ортаңғы сызығымен жүргізеді.

10.Қолды дұрыс қойғаннан кейін, оң қолмен теріні төмен жиырамыз, дем шығарғанда саусақтың ұшын біртіндеп ішке енгіземіз(терең емес 1-2 см),науқастың терең дем алуын сұраймыз.

11.Терең дем алғанда бауыр қабырға доғасынан шығып пальпацияда білінеді.

12. Егер бауырдыңтөменгі шекарасы білінбесе, саусақты 1-2 смжоғарлатып қайта пальпация жасаймыз.

13.Пальпацияда бауырдың шетін, тегістігін, консистенциясын, сезімталдығын бағалаңыз. Ескерту:

1.қалыпты жағдайда бауырдың шеті жұмсақ, түзу, оның беті тегіс, ауырмайды.

2.Бауыр циррозында, қатерлі ісік ауруында бауыр тығыздығы артады.

3. қатерлі ісік ауруында бауыр бұдыр, тегіс емес, тығыз болады.

Жедел көмек

Өкпе ісінуі кезінде алғашқы көмек көрсетіңіз.

Мақсаты:


1. Қан циркуляциясындағы массаны азайту. Өкпе дегидратациясы;

2. Жүрек жұмысын азайту. Қысымды түсіру;

3. Ұлпаларды оттегімен қамтамасыз ету шараларын жақсарту;

4. Жүрек жиырылу қабілетін жақсарту.

Көрсеткіші:

1. Тұншығу;

2. Беті бозғылт – сұр немесе цианозды, қорқынышты білдіретін түр;

3. Кеудеде қысу, ауырсыну сезімі;

4. Алыстан жағымсыз сырылдардың естілуі;

5. Қақырық: қызғылт, көпіршікті немесе сұйық.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынуы:


1. Тахикардия;

2. Өкпе веналарына қан баруының төмендеуі;

3. Оң жақ жүрекшеге веналық қанның құйылуы жоғарлайды және өкпе қанға толады.

Ресурстар: оттегі, система, бұрау, шприцттер, стерильді заттар – мақта, дәке, лоток, дәрілік препараттар.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Дәрігер шақыру;

2. Тыныштандыру, науқасты отырғызып, аяқ астына орындық қою;

3. Таза ауамен қамтамасыз ету;

4. Нитроглицеринді тіл астына қою және қайталама дозасын әрбір 15-20 минут сайын;

5. Науқасқа этил спирті арқылы өткізілген Бобров жүйесін беру (100мл су 30мл 96пайыздық спиртке);

6. Аяқ жақтарға бұрау салу (3 тен көп емес, қойған уақытын есептеу);

7. дәрілік препараттарды дайындау:

8. Морфин ертіндісі 1%-1мл;

9. Лазикс ертіндісі 1%-4мл;(фуросемид 80-240мг,эуфиллин 120-240 мг-брадикардия болған жағдайда);

10. Дроперидол ертіндісі 0,025%- 2-4мл;

11. Фентанил ертіндісі 0,005%-1 мл;

12. Нитропруссид натрий ертіндісі 50мг – 500мл 55мл глюкоза ертіндісіне;

13. Пентамин ертіндісі 5 %-25 100мг АҚҚ 140-99мм сын.б.жоғары болғанда, изотоникалық натрий хлор ертіндісіне бөліп 20 мл;

14. Преднизалон -60-120мг.;

15. Дофамин (2-5 мл 0,05 %400 мл 55 глюкоза ертіндісіне көк тамырға тамшылатып)- артериялық гипертензия болған жағдайда.

Бүйрек перкуссиясы;

Мақсаты:ауырсынуды анықтау;

Көрсеткіші: пиелонефрит,бүйректің тас ауруында,гидронефроз, паранефрит;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;

Мүмкін болатын асқынулар: жоқ;

Қажетті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы.

Іс -әрекет алгоритмі:

1.Бөлме жылы және тыныш болуы керек

2.Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.

3. Қолыңызды гигиениялық деңгейде жуыңыз.

4.Науқастан беліне дейін шешінуін сұраймыз.

5.Сол қолды науқастың беліне бүйрек тұсына қоямыз.

6. Саусақпен немесе алақанның қырымен немесе оң қолдың басымен сол қолға қысқа жай күпен соғамыз.

7.Егер науқас соққылап ұрғанда ауырсыну сезсе,симптом оң деп бағаланады(Пастернацкий симптом)

8.Бүйрек тас ауруында, паранефритте бұл белгі оң деп бағаланады.

Ескерту:


1.Орналасу ерекшелігіне байланысты бүйрекке перкуссия жасалмайды.

2.Тек бүйрек тұсына соққылап ұру белгісі қолданылады, оны киев дәрігері Ф.И.Пастернацкий ұсынған.

3.Тек бүйректің қатерлі ісік ауруында немесе ішектің гидронефроз ауруында шетке ығысқан, сол ісік үстінде перкуссияда бәсең дыбыс естіледі

Жедел көмек

Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз.

Мақсаты: тамыр тонусын көтеру, АҚҚ қалпына келтіру;

Көрсеткіші : артериальды және венозды қымсымның кенеттен төмендеуі,

пневмония , перитонит, нейротоксикоз, қан жоғалту, сусыздану, улану,

элетрожарақат, организмге күн өту , кез келген аурудың терминальді кезеңі.

Қарама-қарсы көрсеткіші : жоқ

Асқынулары: жүрек жұмысының бұзылуы,өліп кетуі мүмкін

Қажетті заттар: кофеин бензоат натрия ертіндісі 10%- 1 мл , кордиамин 2мл,камфор және

этил спирті,жылтқыш, одеяло, реополиглюкин, натрия хлордің изотоникалық ертіндісі,

норадреналин 0,2%- 1мл,5% глюкоза ертіндісі, ,допамин,нашатыр спирті , ертінділерді көк тамырға тамшылатып құюға арналған штатив ,мақта шариктері, этил спирт 700, лейкопластырь, қолғаптар, залалсыздандырылған, шприцтер бір реттік-5мл, 10мл, 20мл,

бір реттік система, зембілдер, тонометр, фонендоскоп, марлі салфеткасы;

Іс –әрекет алгоритмі:

1.Тездетіп дәрігер шақыру;

2.Науқасқа ыңғайлы көлденең жағдай беру, аяқ жағын 30–45° бұрышта сәл көтеру.

3. Еркін тыныс алуды қамтамасыз ету- қысып тұрған киімін шешу,бөлмені желдету.

4. Пульсті тексеру, артериальды қысымды өлшеу 5 минут сайын манжетті шешпей тұрып өлшеу.

5. Науқастың мұрнына нашатыр спиртіне матырылған мақта дөңгелегін әкелу;

6. Аяғын камфор немесе сумен ерітілген этил спирімен уқалағыз немесе массаж жасаңыз. Науқастың аяқ қолына жылтқыш қойыңыз, одеяломен жабыңыз.

Дәрігер тағайындауымен:

1. кофеин бензоат натрия 10% -1 мл немесе кордиамина2-3мл ертіндісін т/а енгізу.

2.көмектеспесе мезатон 1%-1,0 мл б/е, т/а немесе преднизолон (30—60 мг) к/т тамшылатып инфузиялы терапиямен (реополиглюкин, натрия хлорид изотоникалық ертіндісі).

3. норадреналин 0,2%- 1мл ертіндісін 5% -50 мл глюкоза ертіндісімен к/т тамшылату 10–20 там/мин, ауыр жағдайда 20–30 там/мин. АҚҚ бақылай отырып.

4. көмектеспесе допамин 8–10 мкг/кг/мин ,АҚҚ және ТАЖ бақылай отырып

5.Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін реанимация бөліміне және интенсивті терапия бөліміне жатқызады.

Ескерту:

- Еске сақтаңдар!

Науқасқа еш қашан нитроглицерин, валидол, но-шпу, валокордин, корвалол бермеңіздер. Бұл дәрілер тамырды кеңейтеді, қазіргі уақытта тамыр тонусы төмендеген.

Егер науқас ессіз болса , дәрімен су ауыз арқылы берілмейді.Науқастың бетіне шапалақтап келтіруге болмайды.

Ішке терең бимануальді (қос қолды ) палпация жасау әдісін жасап көрсетіңіз.

Мақсаты: дененің терең орналасқан мүшелері мен ұлпаларының жағдайын бағалау;

Көрсеткіші: бүйрек, кіші жамбас, ішек, бауыр , көк бауыр,бұлшық ет, буын аурулары.

Қарама-қарсы көрсеткіші: іш қуыс мүшелерінің зақымдану және жедел қабыну аурулары.

Мүмкін болатын асқынулары: жоқ;

Қажетті заттар: сабын,бір реттік сүлгі, кушетка, төсек жаймасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Бөлме жылы, тыныш болуы керек;

2. Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқастан шыртқы киімін шешуін сұраймыз,

5. Науқастың кушеткаға жатып қолдарын кеудесіне қойып,аяғын созып, дем алуын

сұраймыз.

6. Төсектің оң жағында науқаспен бетпе бет қарап орындыққа отырыңыз,орындық биіктігі науқас төсегімен бірдей деңгейде болуы керек .

Бірінші кезең:

1. Оң қолыңызды науқастың ішіне қойыңыз(алақан жазылған, саусақтар сәл бүгулі).

2.Сол қолдың саусақтарын оң жақ бел тұсына қойыңыз,ал оң қолдың бүгілген саусақтарын іштің алдынғы бетіне, яғни тексерілетін мүшенің шетіне немесе ішектің бір бөлігіне тігінен қойыңыз;

Екінші кезең: дем алғанда теріні кіндікке қарай тартып жиырамыз және саусақ астында қалта пайда болады;

Үшінші кезең: дем шығарғанда оң қолды ішке терең сол қолмен кезіккенші енгізеді.Терең пальпация негізі іштің алдынғы беті босағанда, саусақтар іштің артқы бетіне жетеді.

Төртінші кезең: дем шығарғанда ішектің үстімен сырғыйды немесе кіндіктен шетке орналасқан мүшеге тігінен сырғыйды

Ескерту:

1.Пальпацияда анықталады – мүшенің орналасуы, қозғалмалығы, консистенциясы, диаметрі, бетінің (тегіс, түзу емес, бұдырлығы), ауырсынуы, шұрылдауы;

Жедел көмек

Естен танған кездегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз.

Мақсаты: тездетіп есін келтіру;

Кқрсеткіші : кенеттен есі тұманданып басы айналу,құлағы шулау,лоқсу, есінеу,терісі кенеттен бозару,аяқ қолы мұздау,беті терлеу, көз қарашығы кеңею,тамыр соғысы бос,АҚҚ төмен,естен танады;

Қарама-қарсы көрметкіші: жоқ;

Асқынуы: тырысулар;

Қажетті заттар: оттегі, система, байлам, шприцтер, залалсыздандырылғанмақта, марлі,

лоток,дәрілік заттар, этил спирті 700.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Дәрігер шақыру

2.Таза ауамен қамтаамасыз ету

3.Пациенттің қысып тұрған киімін шешу

4.Науқасты шалқасынан жатқызып басын сәл төмендету

5.Жағасын босату

6.Таза ауамен қамтамасыз ету

7.Мұрнына нашатыр спиртіне матырылған мақтаны әкелу

8.Бептіне суық су шашау

10.Аяқ қолына жылтқыш беру. Дәрілік заттарды дайындау:

12. кофеина 10% -1 мл ертіндісін т/а немесе кордиамина 2 мл

13. эфедрин ертіндісі 5%- 1мл

14. мезатон 1%- 1мл т/а

15.норадреналин 0,2%- 1 млт/а

Ескерту:

1.Қайталап естен танса ауруханаға жатқызу.

Қалқанша бездің пальпациясы.

Мақсаты: консистенциясы, тамыр соғысы және дірілі («мысық пырылы»), қозғалмалылығы, ауырсынуы, көлемі және түйіндердің бар жоғын анықтау;

Көрсеткіші: қалқанша безжелезы;

Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ;

Мүмкін болаттын асқынулар: жоқ;

Керекті заттар: сабын,бір реттік сүлгілер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы, тыныш болуы керек;

2. Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқастан мойынын босатуын сұраңыз,

5.Науқасқа қарсы тұрыңыз;

6.I-V қос қолдың бүгілген саусақтарын төс бұғана емізік бұлшық етінің артқы жағына қойыңыз

7.Бас бармақты төс бұғана емізік бұлшық етінің алдынғы жағына қойыңыз;

8.Науқастың жұтынуын сұраңыз(Жұтынғанда қалқанша без саусақ астынан жоғарыдан төмен төс ойығына қарай өтеді);

9. Көлдемін, бетін,егер қалқанша без ұлғайса, қалай ұлғайғанын (диффузды, түйінді, аралас диффузды-түйінді),консистенциясын, жұтынғандағы қозғалысын және пульсациясын анықтайды.

Ескерту:

1.Қалыпты жағдайда пальпацияда қалқанша бездің бүйір бөліктері анықталмайды,ал аралық бөлігі көлденең орналасқан, тегіс,ауырмайтын,тығыз эластикалық біркелкі консистенциялы білеу тәрізді анықталады;Аралықтың ені қолдың ортаңғы саусағының енінен артпайды; Без тері және айналасындағы ұлпалармен бірікпеген, жұтынғанда жеңіл қозғалады.

Жедел көмек

Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету

Мақсаты: шокты болдырмау,тыныс алуды және мүшені қанмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру

Көрсеткіші:

Қарама-қарсы көрсекіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: жедел көмекті уақтылы көрсетпеуде,негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі,жүрек қызметінің бұзылуы,өлім.

Кеш кездесетін асқынулар: (аллергииялық миокардит,гепатит,гломерулонефрит,неврит,жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы),науқастың өліміне себеп болады.Шоктан кейін 1-2 аптадан соң бронх демікпенсі,қайталанған есекжем,Квинке ісігі пайда болады,ал дәрілік аллергендермен жиі байланыста болса-«коллагенді аурулар»(жүйелі қызыл волчанка,түйінде периартерит).

Қажетті заттар: көк тамырдан ерітінділерді құюға арналған штатив,пинцет,залалсыздандырылған мақта шариктері,этиль спирті 70%,лейкопластырь,залалсыздандырылған қолғап,бір реттік шприцтер-5мл,10мл,20мл,бір реттік система,зембіл,тонометр,фонендоскоп,марлі салфетка,0,1% адреналин ерітіндісі,жылытқыш,мұзды мұйық,1%-1мл мезатон ерітіндісі,преднизалон,1% димедрол,тавегил ерітіндісі немесе 2% супрастин ерітіндісі,5% глюкоза ерітіндісі,0,2%-2мл норадреналин ерітіндісі,2,4%-10 мл эуфиллин ерітіндісі,0,05%-1мл строфантин ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тез арада реакция шақыратын аллергенді тоқтату;

2. Науқасты кушеткаға жатқызу (басын төмендету),басын бір жағына бұру тіліне тұншықпау үшін және құсығына тұншықпау үшін,төменгі иегін алға жылжытыңыз,тіс протезін анықтау;

3. Инъекция салатын орыннан жоғары жгут байлау (25минутқа),егер антиген аяқ-қолына салынса;

4. Тезарада дәрігер және реанимация бригадасы шақырылады

5. Тіл астына (тамырды іздеуді жоғалтпау үшін)

6. Адреналин 0,3-0,5 мл 0,1 % ерітіндісін бұлшықетке енгізіңіз (балаларға 0,05-0,1 мл /жасына), адреналинді физерітіндімен 10 рет ерітіп (0,01% ерітіндіалу үшін ) көктамырға енгізу

7. Дәріні енгізген аймақта адреналин 0,2-0,3 мл 0,1% ерітіндісімен 4,5 мл физ.ерітінді және аллергеннің алдын алу үшін мұзды мұйық қою

8. Аллергеннің түсуінің алдын алу үшін физиологиялық ерітінді және мұзды мұйық қою

9. Науқасты жылылаңыз,жылытқыш, жылы тамақтандыру

10. Бөлмені ылғалды ауамен желдетіңіз;

Дәрігердің тағайындауымен:

1. .0,3-05 мл 0,1% адреналин ерітіндісін 0,2% норадреналинді теріастына енгізіңіз немесе дененің әр бөлігіне әрбір 10-15 минут сайын1% мезатон салу

2. Егерде науқастың жағдайы жақсармаса көктамырға баяу 0,5-0,1 мл 0,1 % адреналинді 20 мл изатоникалық натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісін енгізу.

3. Егер бұл іс-әрекет нәтижессіз болса, көктамырға тамшылатып 300мл 5% глюкоза ерітіндісі және 1-2 мл 0,2 % норадреналин (немесе 1% мезатон ),120мг –ға дейін преднизалон енгізу

4. Антигистаминді препараттарды 1% димедрол немесе тавегил немесе 2% супрастин ерітінділерін бұлшықетке ,көктамырға қанайналым қалпына келген соң салады, себебі олар АҚҚ төмендетеді.

5. Бронх тарылғанда : эуфиллин 2,4%- 10 мл . Көктамырдан 10 мл натрий хлоридін изототоникалық ерітіндіде

6. Егер комплексті ем көмектеспесе , тракосстомил жасау керек

7. Қатты қозу , тырысу байқалса- дроперидол 1-2 мл көктамырға салу

8. Пенициллин салғаннан кейінгі анафилактикалық шок кезінде- пенициллин 100000 ЕД бұлшықетке+ 2мл изотоникалық ерітіндіде натрий хлорид

9. Өкпе ісінгенде - строфантин 0,05% - 5мл көктамырға + 40% глюкоза ерітіндіде эуфиллин 2,4% -10мл .120 мг преднизалон.

10. Ісіну қатты байқалған кезде (өкпе ісігі ) жоғарғы осматикалы қысымы бар ерітінді құю керек (активті плазма, натрий хлориді реополиглюкин , изотоникалық ерітінділер)

11. 1 аптаға дейін бақылауға алу

12. Егу жұмысы аяқталғаннан кейін системаның зажимін бекітіп, көктамырдан инені алыңыз, 3 мақта шаригін дайындай отырып спиртке 3-5 минут малыңыз. Қан ағу болмау үшін науқастың қолын бүгуін сұраңыз.

13. Системадан инені ажыратып , қолданылған мақта шариктерін, қолғаптарды КБУ-ға салыңыз.

14. Қолыңызды жуыңыз,кептіріңіз.

Тері астына инъекция жасау

Мақсаты:емдік - тері асты май қабатына дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.

Қарама-қарсы көрсеткіші: дәрігерлерге аллергиялық реакцняның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты май қабатының зақымдануы.

Болатын асқынулары: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, СПИД, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Қажетті заттар: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігінің сыртқы беті, санның ортанғы бөлігінің алдыңгы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты

Іс-әрекет алгорнтмі:

1. Наукасқа процедура мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекңия жасайтын жерлерді. (макта шариктерді контейнерге салыңыз).

7. Сол қолдың ІҮ-У саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз.

8. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприңттің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен үстаңыз.

9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I жэне II саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бүрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

Ю.Тері қыртысының негізіне инені 45 С бұрышпен ұстап, иненің ұындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцгі ауыстырмаңыз), I және II саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып. саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

13.Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.

14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқалаңыз.

15.Шприцтті, мақта шариктерін және қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

17.Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

Бүйрек ұстамасы.

Мақсаты: «бүйрек шаншуы» ұстамасын жою

Көрсеткіші: ауырсынуды жою және зәрдің дұрыс шығуын қамтамасыз ету.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулар:жедел обструктивті пиелонефрит,жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы калькулезді пиелонефрит, калькулезді гидронефроз, нейрогенді артериальды гипертензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.

Керекті заттар: бір реттік шприцтер, бір реттік система, мақта шариктері, спирт70 градусті, аналгин 50%-2мл, баралгин 5мл, атропин 0,1%-1мл,платифиллин 0,02%-2мл,но-шпа 2%-2мл, папаверин 2%-2мл,штатив, грелка жылы сумен, ваннаға арналған ыстық сумен таз(судың температурасы 40-50 градус).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.науқасты тыныштандырып жатқызыңыз;

2.көп мөлшерде жылы сұйықтық беріңіз;

3.беліне жылтқыш , аяғына ыстық ванна беріңіз;

4.инъекцияда салатын дәрілерді дайындаңыз:

Дәрігер тағайындауымен салыңыз:

1.атропин сульфат 0,1%- 1мл б/е,

2. немесе папаверин гидрохлорид 2 % - 2мл б/е,

3.немесе но-шпа 2 %- 2мл б/е,

4.немесе платифиллин гидротартрат -0,2 %-1-2мл б/е,

5.немесе аналгин 50%-2мл б/е,

6.немесеибаралгин 5мл к/т, б/е,

Ескерту:егер ұстамаға жылы су процедуралары , спазмолитиктер, аналгетиктер көмектеспесе,наркотикалық дәрілер,новокаин блокадасы қолданылады.Ауруханада емделуге жедел жатқызу.

Манипуляция –Тәуліктік диурез өлшеу , су балансын анықтауды көрсетіңіз.

Су балансын санау және анықтау.

Мақсаты: жасырын ісікті анықтау, диуретиктерді қолданудың тиімділігін бақылау.

Көрсеткіші: организмде сұйықтықтың жиналуы.

Қарама- қарсы көрсеткіші: пациенттің ауыр және ессіз жағдайда болуы.

Керекті заттар: сұйықтыққа арналған шыны ыдыс сырты бөліктерге бөлінген және зәр жинау үшін 3 л.банка,0,5 л банка, су балансын санайтын қағаз,қалам,температуралық қағаз.

Жасап көрсету реті:

1.Пациентке су ішу үшін және зәр жинау үшін бөлікке бөлінген ыдыс беріңіз.

2.Пациентке істің мақсаты мен орындалу әдісін түсіндіріңіз. Пациент тәулік бойына зәрді 3литрлік ыдысқа жинау керек және ішкен сұйықтық пен шығарылған сұйықтықтың мөлшерін санау керек.

3. Пациентке әдеттегі тамақтану тәртібін және қозғалыс тәртібін сақтаудың қажеттігін түсіндіріңіз.

4.Су балансын санап қағазға жазу жөнінде пациенттке толық мәлімет беріңіз.Қағазды толтыра алатынына көз жеткізіңіз.

5.Таң ертең сағат 6 зәрді унитазға төгуді пациентке түсіндіріңіз.

6.Зәрдің басқа бөліктерін тәулік бойына 3 литрлік ыдысқа келесі күнгі сағат 6 қоса есептеп жинау керек.

7.Ыдыстағы зәрдің мөлшерін есептеңіз. Бұл тәуліктік диурез.

8.Шығарылған сұйықтықтың мөлшерін қағазға жазыңыз.

Шығарылған сұйықтық Шығарылған зәрдің мөлшері

Шығару уақыты

9.00 сағат-шәй – 200мл 9.30 сағат-180мл

12.00 сүт-150мл 13.00сағат-120мл

14.00суп-250мл 15.00сағат-200мл

14.30-кисель-200мл 15.40сағат-150мл

16.00-200-кефир 17.00сағат-180мл

БАРЛЫҒЫ-1000мл БАРЛЫҒЫ-830мл

Х-100%-*830---------------------

1000

9.Су балансын есептеу қағазына жазып және бағалаңыз.



Ескерту: Нәтижені бағалау:

80%-5-10%-шығару мөлшері (-10-15%-жылдың ыстық мезгілінде.

15%- жылдың ыстық мезгілінде)

Оң су балансы ( 90%) емнің тиімділігін және ісіктің жойылған білдіреді.

Теріс су балансы ( 70% ) ісіктің ұлғайғанын немесе диуретиктер мөлшерінің тиімсіздігін білдіреді.

Жедел көмек

Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: артериальды қан қысымын 2 сағат ішінде 15-20% төмендету;

Көрсеткіші: ОКН, гипертоникалық криз;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;

Мүмкін болатын асқынулар: ОКС, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі(жүрек демікпесі, өкпе ісігі),ми-кан айналымның жедел бұзылуы.

Қажетті заттар: адамның муляж фантомы, кушетка, тонометр, фонендоскоп,қыша қағазы ,жылытқыш, марлы салфеткасы, анаприлин таб., таб. нифедипин (коринфар, кордафен, адалат), каптоприл таб.,ерітінділер: лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл, клофелин 0,01%- 1мл, изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі, дроперидол 0, 25%-1-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, - клофелин0,01%- 1мл, эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т; диазепам 10-20мг, пентамин 5%- 1мл, қолдың муляждары, ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив

, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 700, лейкопластырь, қолғаптар, бір реттік қолданылатын залалсыздандарылған шприцтер

-5мл, 10мл, 20мл, бір реттік қолданылатын система, зембілдер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Дәрігерді шақырыңыз.

2) Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;

3) бас жағын көтеріп жатқызыңыз.

4) шүйдесіне және балтырына қыша қазазын қою

5) жылытқышты аяғына қойыңыз және қолына ыстық ванна жағдайын жасаңыз ;

6) маңдайына суық компресс қойыңыз;

7) иньекцияға арналған дәрілік заттарды дайындаңыз:

Криздің нейро- вегетативтік түріндегі дәрігердің тағайындауы:

1) нифедипин (коринфар, кордафен, адалат)10мг тіл астына беріңіз

2) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т;

3) клофелин немесе (клонидин) 0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісінде;

4) дроперидол 0, 25%-1-2мл изотоникалық ерітіндіде к/т;

5) тұрақты тахикардияда -анаприлин 1таблетку(40мг) тіл астына;

Криздің сулы-тұзды түрінде (криздің екінші түрі, норадреналдік):

1) лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т бір реттік;

2) нифедипин 10мг тіл астына немесе каптоприл тіл астына немесе ішке ;

3) клофелин0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл изотоникалық натрий хлорид ертіндісінде;

4) эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т;

Криздің тырысу түрінде:

1) диазепам 10-20мг к/т баяу 0,9%-10мл натрий хлорид ертіндісінде тырысу жойылғанша;

2) магния сульфат 25% - 10мл к/т өте баяу!

Сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігімен асқынған гипертоникалық кризде :

1) пентамин 5%- 0,3-0,5мл 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісінде к/т баяу,

артериальды қан қысымын және жалпы жағдайы бақылай отырып .

Криз кезінде артерияльды қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,

емдеу мекемесіне тасымалдау.

1)науқастың жағдайын үнемі қадағалаңыз.

Ескерту:

1) Криз кезінде артериялық қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,

емдеу мекемесіне тасымалдау.

2)дәрілік заттарды артериялық қан қысымын қадағалай отырып енгізіңіз!

Шайқай (баллотирлеуші) пальпация жасау әдісін көрсетіңіз;

Мақсаты: диагностикалық – тығыз мүшені шайқай анықтау (бауыр, көк бауыр,қатерлі ісік ), іш қуысындағы сұйықтықты,тізе буынындағы сұйықтықты тізе сүйегін;

Көрсеткіші: жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек аурулары, бауыр циррозы.

Қарама-қарсы көрсеткіші: іш қуысындағы мүшелердің зақымдануы және жедел қабынуы;

Асқынуы: нет

Қажетті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, кушетка,төсек жаймасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы, тыныш болуы керек;

2. Тексерушінің қолы жылы, жұмсақ, құрғақ , тырнағы қысқа алынған болуы керек.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқастан шыртқы киімін шешіп,кушеткаға жатып немесе қатты жерге аласа жастықпен,басын сәл көтеріп, қолдарын кеудесіне қойып,аяғын созып, дем алуын

сұраймыз.

5.Науқастың оң жағында тұрыңыз.

6.Оң қолдың 2-4 саусағын сәл бүгіп іштің оң жақ төменгі бөлігіне бауырдың төменгі шетіне көлденең(перпендикуляр) қойыңыз;

7.пальпация жасаған қолдың бүгілген саусақтарымен іштің төменгі бөлігінен жоғары қарай тығыз мүше сезгенше шайқай пальпация жасаңыз.

Ескерту:


1.Бауыр саусақпен шайқай соққанда іштің тереңгі бөлігіне кетеді, кейін қолға қайта соғып сезіледі.

2. Егер іш қуысында сұйықтық болса, су шапылы естіледі.

Шұғыл көмек:

Гиперкликемиялық комада дәрігерге дейінгі медициналық көмек:

Мақсаты: Науқасты комадан шығарып, жалпы жағдайын жақсарту.

Көрсеткіші: Сомноленция, сопор, кома, тахипноэ, тахикардия,артериялық гипотония, дегидратацияның клиникалық көрсеткіші (шырышты қабықтары құрғақ, олигоурия) жүрек айну, құсу, іштің ауруы, ацетон иісі. Комадағы қант мөлшері 19,4 ммоль/л. Бикарбонаттар 20мэкв/л. Анионды айырмашылығы 12 мэкв/л.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: терең веналардың тромбозы, артери- асперациялық пневмония, мидың ісінуі, өкпе ісінуі, инфекция, эрозиялы гастрит, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, олигоурия және бұйрек жеткіліксіздігі.

Терапиялық асқыну: ми және өкпе ісінуі, гипогликемия, гипокалиемия, гипонатриемия, гипофосфатемия.

Керекті құрал жабдықтар: 10% хлорлы калий ерітіндісі, жылдам әсер ететін инсулин, изотоникалық натрий хлориді ерітіндісі, штатив, стерильді қолғап, стерильді мақта шариктері, 70% этил спирті, лейкопластырь, пинцет, 5,10,20 мл бір рет қолданылатын шприц, система, зеңбіл, тонометр, фонедоскоп, мария салфеткасы.

Алгоритм іс – әрекеттері:

8. Науқасты тез арада жерге жатқызып, таза ауамен қамтамасыз етіңіз.

9. Науқастың жағдайын бағалаңыз: пульс, артериялық қан қысымын, тыныс алу жиілігін,тері жамылғысын, есін, мүмкін болса туысқандарынан сұраңыз (қант диабетімен ауыратындығын, қандай препарат қабылдағанын , не жегенін стресты жағдайда болғандығын, инфекциялық ауруларын, жарақаттарын).

10. Экспресс әдіспен қан мен зәрдегіқант пен ацетонды анықтыңыз.

11. Тез арада дәрігерді шақырыңыз

12. Инекция жасауға препараттарды дайындаңыз.

13. Диабеттік кома диагнозы қойылған соң емі сағаттан жүргізіледі.

14. Дәрігер нұсқауы бойынша енгізіңіз:

1 – ші сағат ішінде:

4. Көк тамырға тамшылатып натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісін жалпы көлемі 1500 мл.

5. Қысқа әсерлі иинсулин -12 ЕД 500мл натрий хлоридының изотонткалық ерітіндісімен бірге көк тамырға тамшылатып 1 сағат ішінде.

6. Егер қанның рН -7,0ден аз болса, натрий бикарбонатының енгізеді. 100 мл / сағат саппен енгізеді. Натрий бикарбонаты 11,9 ммоль-ге сәйкес 1 сағат ішінде енгізілетін сұйықтықтың көлемі 1,5 л аспау керек.

2-ші сағат ішінде:

6. NaGI изотоникалық ерітіндісін енгізу жалғасады.

7. 1 сағат ішінде көк тамырға инсулин 12 ЕД- 500 мл нартий хлоридының изитоникалық ерітінлдісімен бірге

8. Физиологиялық ерітіндімен бірге хлорлы калий ерітіндісі (10% -15,0)

9. Осы дозамен хлорлы калий 4-5 сағат ішінде әр сағат салынады. 2-ші сағатта енгізілетін сұйықтықтың көлемі 1 л. Сондықтан сағат сайын 0,5 г.

10. Егер 1-ші сағат ішінде натрий бикарбониты енгізілсе, онда 2-ші сағатта қосымша хлорлы калий енгізіледі 1-1,5 г (10-15мл -10% ерітінді ).

Келесі кесте ұсынылады:

6. 1-ші сағатта 1-2 л сұйықтық енгізіледі.

7. 2-ші сағат және 3 сағатта 500 мл

8. Сондықтан әр сағат сайын 250 мл

9. Алғашқы 24 сағатта сұйықтықтың жалпы көлемі 4-7л

10. Қолдағы глюкоза көлемін әр сағат сайын анықталуы керек.

Ескерту:

Метаболикалық ацидоздың емі жүрек қан тамыр жүйесінің және тыныс алу жүйесінін функциясын жақсартуға, қанды оттегімен қамтамасыз ету. Тындермен мүшелердің микроцеркуляциясын және перфузиясые қалпына келтіру ге бағытталуы керек.

Диабеттік кома: Жүктілікке дейін.

Қант диабеті ақырын дамиды және аурудың басқа кезінде науқастарға білімбей өтеді. Жүктілік кезінде анықталады көбінесе жүктіліктің II- ші жартысында. Дерт бұл кезеңінде тез үдейді және жүктілер стационарға ауыр халде түседі.

Манипуляция - Бұлшық етке иньекция салу әдісін муляжда жасап көрсетіңіз.

Бұлшық етке иньекция жасау

Мақсаты: емдік-бұлшық етке дәрілік заттарды енгізу.

Көрсеткіші: дәрігер тағайындауы.

Қарама-қарсы көрсеткіші: бұлшық еттің атрофиясы ,тері және тері асты май қабытының иньекция салған орында әр түрлі қабынуы.

Асқынулары: иненің сынуы,жүйке бағанасының зақымдануы,сепсис,майлы эмболия,абсцесс,инфильтрат,вирусты гепатиттің жұғуы,СПИД аллергиялық реакция,анафилактикалық шок.

Керекті заттар: 3 залалсыздандырылған:мақта дөңгелектері,бір реттік шприц 5-10 мл,иньекцияға арналған ине ұзындығы 40-60мм,қолғаптар,дәрігер тағайындаған дәрілер ,сприт 70% КБУ.

Салу орны: жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі,санның алдыңғы бүйір бетінің орта бөлігінде,иықтың сыртқы бетінің жоғарғы бөлігінде.

Шұғыл көмек:

Гипогликемиялық комадағы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;

Мақсаты:комадан шығару, қандай қант төмендеуінен байланысты науқастың жалпы жағдайын жақсарту.

Көрсеткіші: жартылай немесе толық есін жоғалту, қандаңғы глюкозаның төмендеуінен инсулинді көп енгізу.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынуы: қауыпты асқынуы- ми ісіну ол менингиальді симптомдармен , құсумен, гипертермиямен, тыныс алу мен жүрек жүмысын бұзылуымен көрінеді.

Керекті құрал жабдықтар: 40%-20,0-80,0 глюкоза ерітіндісі, немесе 1,0-1,5 л 5% глюкоза ерітіндісі, глюкометр 150-200мг, аминолон, кавиритон, церенбролизин, штатив, пинцет, стерильді мақта шариктері, 70%спирт, лейкопластер, қолғап, бір рет қолданылатын2,5,10,20мл шприц, система зеңбіл, фантом адам муляжы, кушетка, тонометр, фонедоскоп қыша қағазы, жылытқыш, марлі салфеткасы

Манипуляция – Өкпені тындау әдісін жасап көрсетіңіз.

Өкпені тыңдау:

Мақсаты: Өкпенің барлық үстінен (негізгі және қосымша) тыныс алу шуларын анықтау және

бағалау.

Көрсеткіші: Бронх – өкпе аурулары, жүрек тамыр жүйесі, превра аурулары.

Керекті заттар: Сабын, бір реттік сүлгі, орындық, кушетка, төсек жаймасы.

Жасап көрсету реті.

- Бөлме жылы және тыныш болуы керек.

-Тексерушінің қолы жылы, тырнағы қысқа болуы керек.

-Қолыңызды гигиениялық деңгейде тазалап жуыңыз.

-Науқас беліне дейін шешіну керек.

-Тыныс алу шуларын тындау, науқастың жағдайына байланысты отырғызып, тұрғызып, жатқызып

жүргізіледі.

-Фонендоскоп жылы болу керек және дұрыс жұмыс істеу керек.

-Өкпені тыңдау алдынан, екі бүйірінен және артынан жүргізіледі.

-Фонендоскопты науқастың кеудесінің оң және сол жақ бөлігінің бірдей жеріне (симетриялы)және тығыз қойыңыз (салыстырмалы аускультация) .

Жедел көмек

Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету

Мақсаты: шокты болдырмау,тыныс алуды және мүшені қанмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру

Көрсеткіші:

Қарама-қарсы көрсекіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: жедел көмекті уақтылы көрсетпеуде,негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі,жүрек қызметінің бұзылуы,өлім.

Кеш кездесетін асқынулар: (аллергииялық миокардит,гепатит,гломерулонефрит,неврит,жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы),науқастың өліміне себеп болады.Шоктан кейін 1-2 аптадан соң бронх демікпенсі,қайталанған есекжем,Квинке ісігі пайда болады,ал дәрілік аллергендермен жиі байланыста болса-«коллагенді аурулар»(жүйелі қызыл волчанка,түйінде периартерит).

Қажетті заттар: көк тамырдан ерітінділерді құюға арналған штатив,пинцет,залалсыздандырылған мақта шариктері,этиль спирті 70%,лейкопластырь,залалсыздандырылған қолғап,бір реттік шприцтер-5мл,10мл,20мл,бір реттік система,зембіл,тонометр,фонендоскоп,марлі салфетка,0,1% адреналин ерітіндісі,жылытқыш,мұзды мұйық,1%-1мл мезатон ерітіндісі,преднизалон,1% димедрол,тавегил ерітіндісі немесе 2% супрастин ерітіндісі,5% глюкоза ерітіндісі,0,2%-2мл норадреналин ерітіндісі,2,4%-10 мл эуфиллин ерітіндісі,0,05%-1мл строфантин ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

15. Тез арада реакция шақыратын аллергенді тоқтату;

16. Науқасты кушеткаға жатқызу (басын төмендету),басын бір жағына бұру тіліне тұншықпау үшін және құсығына тұншықпау үшін,төменгі иегін алға жылжытыңыз,тіс протезін анықтау;

17. Инъекция салатын орыннан жоғары жгут байлау (25минутқа),егер антиген аяқ-қолына салынса;

18. Тезарада дәрігер және реанимация бригадасы шақырылады

19. Тіл астына (тамырды іздеуді жоғалтпау үшін)

20. Адреналин 0,3-0,5 мл 0,1 % ерітіндісін бұлшықетке енгізіңіз (балаларға 0,05-0,1 мл /жасына), адреналинді физерітіндімен 10 рет ерітіп (0,01% ерітіндіалу үшін ) көктамырға енгізу

21. Дәріні енгізген аймақта адреналин 0,2-0,3 мл 0,1% ерітіндісімен 4,5 мл физ.ерітінді және аллергеннің алдын алу үшін мұзды мұйық қою

22. Аллергеннің түсуінің алдын алу үшін физиологиялық ерітінді және мұзды мұйық қою

23. Науқасты жылылаңыз,жылытқыш, жылы тамақтандыру

24. Бөлмені ылғалды ауамен желдетіңіз;

Дәрігердің тағайындауымен:

25. 0,3-05 мл 0,1% адреналин ерітіндісін 0,2% норадреналинді теріастына енгізіңіз немесе дененің әр бөлігіне әрбір 10-15 минут сайын1% мезатон салу

26. Егерде науқастың жағдайы жақсармаса көктамырға баяу 0,5-0,1 мл 0,1 % адреналинді 20 мл изатоникалық натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісін енгізу.

27. Егер бұл іс-әрекет нәтижессіз болса, көктамырға тамшылатып 300мл 5% глюкоза ерітіндісі және 1-2 мл 0,2 % норадреналин (немесе 1% мезатон ),120мг –ға дейін преднизалон енгізу

28. Антигистаминді препараттарды 1% димедрол немесе тавегил немесе 2% супрастин ерітінділерін бұлшықетке ,көктамырға қанайналым қалпына келген соң салады, себебі олар АҚҚ төмендетеді.

29. Бронх тарылғанда : эуфиллин 2,4%- 10 мл . Көктамырдан 10 мл натрий хлоридін изототоникалық ерітіндіде

30. Егер комплексті ем көмектеспесе , тракосстомил жасау керек

31. Қатты қозу , тырысу байқалса- дроперидол 1-2 мл көктамырға салу

32. Пенициллин салғаннан кейінгі анафилактикалық шок кезінде- пенициллин 100000 ЕД бұлшықетке+ 2мл изотоникалық ерітіндіде натрий хлорид

33. Өкпе ісінгенде - строфантин 0,05% - 5мл көктамырға + 40% глюкоза ерітіндіде эуфиллин 2,4% -10мл .120 мг преднизалон.

34. Ісіну қатты байқалған кезде (өкпе ісігі ) жоғарғы осматикалы қысымы бар ерітінді құю керек (активті плазма, натрий хлориді реополиглюкин , изотоникалық ерітінділер)

35. 1 аптаға дейін бақылауға алу

36. Егу жұмысы аяқталғаннан кейін системаның зажимін бекітіп, көктамырдан инені алыңыз, 3 мақта шаригін дайындай отырып спиртке 3-5 минут малыңыз. Қан ағу болмау үшін науқастың қолын бүгуін сұраңыз.

37. Системадан инені ажыратып , қолданылған мақта шариктерін, қолғаптарды КБУ-ға салыңыз.

38. Қолыңызды жуыңыз,кептіріңіз.

Шырышты қабат және теріні қарау

Теріні қарағанда мән береді:

1.терінің түсіне; 2. Терідегі бөртпелердің сипатына;3. Қасынған іздерге;

4. терінің бүтіндігіне;5. Тері асты май қабатының ісінуіне

5.терідегі жарылған, тілінген ,қанталаған жерге ,жарықтың бар жоғына.

Қалыпты хағдайда терінің түсі:әдеттегідей.

Патологияда: бозарған – анемияда, артериальды ақауларда, бүйрек ауруларында,

жедел тамыр жеткіліксіздігінде, уланғанда, қан кеткенде.

қызарған: гипертермияда,полицитемияда.(гипертоникалық ауруда айналымдағы қанның мөлшерінің көбеюі, дәрілермен уланғанда (амилнитрит, атропин, опията),қант диабеті кезінде беті қызарады,жүйелі қызыл жегіде көбелек тәрізді, дерматомиозитте көз айналасы қызарады (көз әйнек симптомы )

Цианоз – тыныс жеткіліксіздігінде, жүрек –тамыр жеткіліксіздігінде

Терінің түсі сарғайған – өт жолдарының бітеліп қалуы , бауыр клеткаларының зақымдануы, гемолитикалық анемия. Терінің сарғаюы теріде жиналуынан.

Терісі бронза түстес - Аддиссон ауруында, теріде меланин жиналуынан.

Теріде бөртпелер– эритема- терісі қызарған (сепсис, скарлатине, рожа), розеола – дөңгелек формалы қызыл түстес бөртпелер, дөңгелек формалар(брюшном тифе, сыпной тифе, сифилисе, милиарном туберкулезе, возвратном тифе).

Папула- розеолаға өткенде (краснухада, сифилис, ветрянканың алғашқы кезеңінде, бастапқы кезең)

Түйінді эритема –теріден 3-5 см шығып тұрады.0,5см.

Инфаркт миокард кезінде дәрігерге дейінгі көмек

Мақсаты: ауру сезімін басу ;

Көрсеткіштері: ОКС, инфаркт миокард;

Қарама- қарсы көрсеткіш: жоқ

Асқынулары:жедел өкпе текті жүрек, кардигенді шоқ, қарыншалардың фифриясиясы

Қажетті заттар: сабын,бір рет қолданылатын сүлгі, ақ жаймалар,кушетка,адам фантомы,танометр,фанендоскоп,оттегі жастықшасы,қысқыш, марлы салфеткасы,таблетка нитроглицерин,аспирин, анаприлин таблеткасы, стакан суымен, изотоникалық натрий хлориді,дәрілердің ерітінділері: фентанил 0,005% –2мл, промедол 2% -1-2мл,

дроперидол 0,25%-1-2мл, cтрептокиназа- 1500000ЕД, гепарин- 5000ЕД, лидокаин 2%-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, дофамин 4% – 5мл (200мг), 400,0 мл реополиглюкин

немесе 5% глюкоза ерітіндісі, верапамил 5-10мг, АТФ 1-2мл 1% ерітіндісі,қол муляждары,ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив,пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 70%, лейкопластырь, бір реттік қолданылатын қолғап, бір реттік қолданылатын щприцтер-5 мл, 10 мл.

Іс- әрекет алгоритмі :

9. Науқасты жайлы жатқызыңыз

10. Толық физикаалық және психикалық жағынан тыныштандырыңыз;

11. Қысып тұрған киімдерін босатыңыз;

12. Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз;

13. Тез арада дәрігерді шақырыңыз;

14. Аспириннің 0,25-0,35 г беріңіз;

15. Оксигенатерапия

16. Инъекцияға арналған дәрілерді дайындаңыз;

Дәрігердің тағайындауы бойынша:

1) анаприлин 10-40мг тіл астына ;

нейролептоанальгезия:

2)фентанил 0,005%–1мл + дроперидол 0,25%-1- до 4мл –ді 10мл изотоникалық

натрий хлорид ерітіндісі немесе морфин1%1мл + дроперидол 0,25%-1-мл,10 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға;

3) стрептокиназа 700 000-1500000ЕД 200 мл –ден изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға тамшылатып енгізу.

4) гепарин- 5000ЕД к/т тездетіп, кейін сағатына 100 ЕД к/т тамшылатып



Ескерту:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет