«Денсаулықты клиникалық бағалау және мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары 9. Қан қысымының қалай анықталатынын айтып беріңіз және қан қысымының нормаларын анықтаңыз? Қорлары: тонометр, фонендоскоп, дене қызу парағы, 70% спирт, мақта шариктері.
Іс әрекеттері:
Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз немесе жатқызу
Пациенттің қолын жазып, алақанын жоғары қарату
Пациенттің иығына, шынтақтан 2-3см жоғары, арасына 1 саусақ сиятындай етіп манжетті орау
Манометрдің стрелкасы «0» белгісінде болуы керек;
Саусақпен тамыр соғысын тауып, сол жерге фонендоскопты қоюГрушаның тиегін жауып, манжетке біртіндеп тамыр соғысы жоғалғанша ауа жіберу+ 20-30мм сн.бағ. ауа қосу
Грушаның тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығару
Манометрге қарап отырып, тамыр соғысы пайда болған санды анықтаңыз, ол систолалық жоғарғы қысым болады;
Ауаны одан әрі жайлап шығара отырып, тамыр соғысы тоқтаған санды анықтаңыз, ол диастолалық төменгі қысым болады.
Манжеттегі қалған ауаны түгелімен шығару
3 рет манжетті шешпей қайталап өлшеу
Төменгі аз шыққан көрсеткіштерін белгілеу
Нормада – систолалық қысым100-140мм.с.б.б, диастолалық қысым 90-60 мм.с.б.б
Қан қысымының нормасы
Ересек адамның қалыпты қан қысымын тыныштық жағдайында ғана анықтау керек. Себебі кез келген физикалық немесе эмоционалдық күш қан қысымының көрсеткішіне үлкен әсер етеді. Адам организмі артериялық қан қысымын өздігінен бақылайды. Оған аздаған күш түскенде, бұл көрсеткіш шамамен 20 мм. сын. бағ-қа көтеріледі. Бұл күш түскен бұлшықеттер мен ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуінің анағұрлым сапалы болуын талап етуімен түсіндіріледі.
Егер қан қысымының қандай көрсеткіші қалыпты екені туралы сөз қозғасақ, қазіргі уақытта медицина 91…139/61…89 мм.сын.бағ. аралығындағы көрсеткішті қалыпты деп мойындайды. Бұл орайда артериялық қан қысымының абсолютті нормасы - 120/80 мм.сын.бағ, аздап көтерілген көрсеткіші - 130/85 мм.сын.бағ, қалыпты түрде көтерілгені - 139/89 мм.сын.бағ. деп саналады. Ал бұл көрсеткіштің 140/90 мм.сын.бағ-тан жоғары көтерілуі ауытқу туралы ескертеді.