«Денсаулықты клиникалық бағалау және мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет2/8
Дата24.01.2023
өлшемі40,81 Kb.
#166213
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-12 сұрақтар (1)
371270D1-5597-433A-AD5A-BE0B9A6B20EC, ”®ā®­. SuperCalc 4 - StudentLib.com
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші:

  • 20 жас – ер адамдарда – 123/76; әйелдерде – 116/75;

  • 30 жасқа дейін – ер адамдарда 126/79; әйелдерде - 120/75;

  • 30-40 жас – ер адамдарда – 129/81; әйелдерде – 127/80;

  • 40-50 жас – ер адамдарда – 135/83; әйелдерде – 137/84;

  • 50-60 жас – ер адамдарда – 142/85; әйелдерде – 144/85;

  • 70 жастан жоғары – ер адамдарда – 142/80; әйелдерде – 159/85.

Адамның жасы ұлғайған сайын организмінде қалпына келмейтін процестер орын алады. Олар өмір бойына қан қысымының көтерілуіне әсер етеді. Адамның жасы қаншалықты үлкен болса, оның қан қысымы соншалықты жоғары болады. 

Артериялық қан қысымы: жас бойынша норма


Адамның қалыпты қан қысымы қандай? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Себебі әр адамның қан қысымы өзіне тән ерекше болады. Медициналық оқу әдебиетінде 120/80 мм.сын.бағ. түріндегі көрсеткішті қалыпты деп қабылдауды ұсынылады. 20-40 жас аралығындағы адамдарда дәл осындай көрсеткіш тіркеледі. 
16-20 жас аралығындағы қалыпты артериялық қан қысымы аздап төмен болуы мүмкін. Жалпы, тыныштық күйіндегі 100/70 мм.сын.бағ. қан қысымы физиологиялық норма болып табылады.
Қан қысымының көтерілуі ғана емес, оның төмендеуі де организм қызметінің нашарлауының белгісі болып табылады. Дәл осы себепті тонометрді қолдана білуді барлық дерлік аурудың алдын алудың жақсы әдісі деп айтуға болады. Қан қысымының өзгеру динамикасын бақылау үшін, арнайы күнделік жүргізген дұрыс. 

Қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек? 


Қан қысымын өлшеуге арналған тонометр аталатын құрал бар. Үй жағдайында автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған түрін қолданған ыңғайлырақ. Себебі қолмен жұмыс істейтін тонометр белгілі бір дағдыны талап етеді. 
Қан қысымын дұрыс өлшеу үшін келесі нұсқауларды сақтаған жөн: 

Қан қысымының нормадан айтарлықтай ауытқуы дәрігерге жүгінуді талап етеді. Барлық диагностикалық процедурадан өткеннен кейін, тек дәрігер анықталған проблеманы емдеудің дұрыс әдісін тағайындай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет