«Денсаулықты клиникалық бағалау және мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет8/8
Дата24.01.2023
өлшемі40,81 Kb.
#166213
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-12 сұрақтар (1)
371270D1-5597-433A-AD5A-BE0B9A6B20EC, ”®ā®­. SuperCalc 4 - StudentLib.com
Ойық жаралар белгілері

Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу үдерісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан кейін эпидермистің бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда болып, алғашында түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда болады. Беткей некроз (гангрена) дамып, терінің терең қабаттарына, маңындағы тіндерге таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін анықтайды (сурет 61):

1-ші дәреже. Эпидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үдеріс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.

2-ші дәреже. Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.

3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үдеріске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.

4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет