Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет1/16
Дата07.03.2022
өлшемі43,21 Kb.
#134428
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
PIZA ОКУ САУАТТЫЛЫГЫ мәтіндер (4) (2)
Акушерия 676-730, Интерпретация 2, 7С ҚТЖ қазақ т

ПИЗА тапсырмасы бойынша мәтіндер
Мәтін -1
Абайдың сыны
1. Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз.

Әбіш - Абайдың баласы. Абай Әбіштің болашағынан үлкен үміт күтеді. Баласын тоғыз жасында Семейге оқуға жібереді. Оны бітірген соң, Петерборға оқуға жібереді. Әбіш те өте зерек болды. Жақсы оқыды. Ақылды жігіт болып өсті.


Бір күні Абай баласының ақылын сынайын деп, оған сұрақ қояды:
- Әбіш, балам, дүниеде ақ түсті зат асыл ма, қара түсті зат асыл ма? – дейді.
- Әрине, ақ түсті зат асыл, - деп жауап берді Әбіш.
Абай баласының айтқанына қарсы:
-Жоқ, балам, қара түсті зат асыл,- дейді.
Әбіш әкесіне күліп қарап:
- Әке, неге қара түсті асыл дейсіз? – дейді.
Абай біраз ойланып былай дейді:
- Адам барлық нәрсені көзбен көреді. Көздің ішіндегі ақ ештеңені көре алмайды, көздің ішіндегі қара көреді. Тағы бір дәлелім бар: қағаз ақ болады. Бірақ одан ешкім ештеңе оқи алмайды. Ал ақ қағазға қара жазу болса, адам оны оқиды, білім алады. Білім – сенің болашағың. Тағы айтарым: адамның жас кезінде шашы қара болады. Ал қартайғанда шашы ақ болады. Жас кездегі күш, білім қартайғанда азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл деп ойлаймын, балам, - дейді.
Сонда Әбіш:
- Әке, осының бәрін қалай ойлап білдіңіз? – дейді.
- Ақылмен ойлап білдім, - деді Абай.
- Олай болса, ақыл мида болады. Ал мидың түсі ақ емес пе, әке. Ақыл, нұр, жарық – бәрі де ақ түске ұқсайды. Бұлар - дүниедегі асыл заттар. Сондықтан ақ түсті заттар асыл деп айта аламын, - деді Әбіш. Абай баласының айтқан сөздеріне риза болады. Әбіштің маңдайынан сүйеді.
(М.Әуезов)

Әбіш қандай түсті зат асыл деді?


А) ақ
В) қара
С) екеуін де

2. Дұрысын табыңыз. Кімнің сөзі?









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет