Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет6/16
Дата07.03.2022
өлшемі43,21 Kb.
#134428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
PIZA ОКУ САУАТТЫЛЫГЫ мәтіндер (4) (2)
Акушерия 676-730, Интерпретация 2, 7С ҚТЖ қазақ т
Мәтін -6


Көмек
Мәтінді оқыңыз.

Мынадай қызық оқиғаны білесіздер ме? Жан-жануарлар да, ит-құстар да бір-біріне көмектеседі екен. Қызыл құмырсқа суға ағып бара жатыр еді. Жанталасып жүзіп бара жатқанын көрген көгершін оны өлімнен құтқарып алады. Үлкен жалпақ жапырақты аузымен тістеп алып, құмырсқаның алдына тастайды. Құмырсқа әрең жапырақтың үстіне шығып алады. Біраздан кейін жел тұрып, құмырсқа отырған жапырақ жағаға жақындайды. Құмырсқа жағаға шығады. Көгершіннің көмегіне рақмет айтады.


«Көкжөтелдің емі – көк кептердің қаны» деген сөз бар екені белгілі. Бір қарттың немересі көкжөтелмен ауырып қалады. Қарт көкжөтелмен ауырған немересін емдеу үшін, сол көгершінді ұстап алады.
Қызыл құмырсқа өзін ажалдан арашалап қалған мейірбан досқа жақсылық жасағысы келеді. Оған жақсылық жасауды борышым деп санайды. Қызыл құмырсқа илеуден көп құмырсқаны ертіп келеді. Барлығы жабылып көгершінді ұстап алған әлгі қарттың аяқ-қолын дуылдата шағыпты. Қарт кісі алғашында шыдап тұрыпты. Содан соң ол көгершінді қоя беріп, жанталаса екі қолымен бірдей үсті-басын сипалайды.
Көгершіннің құтылғанын көрген құмырсқалар лезде-ақ жоғалыпты. Сонда барып қарт өзінің алданғанын бір-ақ біліпті.
Қызыл құмырсқа көгершінге осылай көмектескен екен.
(С.Сауытбеков)



  1. Мәтін мазмұнын түсіндіңіз бе?

Көгершін құмырсқаға қалай көмектесті?


А) алдына жапырақ тастайды
Ә) қолынан тартып алады
Б) суға түсіп құтқарады



  1. Мәтіндегі әр азат жолға ат таңдаңыз.

Мынадай қызық оқиғаны білесіздер ме? Жан-жануарлар да, ит-құстар да бір-біріне көмектеседі екен. Қызыл құмырсқа суға ағып бара жатыр еді. Жанталасып жүзіп бара жатқанын көрген көгершін оны өлімнен құтқарып алады. Үлкен жалпақ жапырақты аузымен тістеп алып, құмырсқаның алдына тастайды. Құмырсқа әрең жапырақтың үстіне шығып алады. Біраздан кейін жел тұрып, құмырсқа отырған жапырақ жағаға жақындайды. Құмырсқа жағаға шығады. Көгершіннің көмегіне рақмет айтады.


А) Көгершін көмегі
Ә) Құмырсқаға көмек
Б) Қызық оқиға

«Көкжөтелдің емі – көк кептердің қаны» деген сөз бар екені белгілі. Бір қарттың немересі көкжөтелмен ауырып қалады. Қарт көкжөтелмен ауырған немересін емдеу үшін, сол көгершінді ұстап алады.


А) Көгершіннің ұсталуы
Ә) Көкжөтел
Б) Қарт

Қызыл құмырсқа өзін ажалдан арашалап қалған мейірбан досқа жақсылық жасағысы келеді. Оған жақсылық жасауды борышым деп санайды. Қызыл құмырсқа илеуден көп құмырсқаны ертіп келеді. Барлығы жабылып көгершінді ұстап алған әлгі қарттың аяқ-қолын дуылдата шағыпты. Қарт кісі алғашында шыдап тұрыпты. Содан соң ол көгершінді қоя беріп, жанталаса екі қолымен бірдей үсті-басын сипалайды.


Көгершіннің құтылғанын көрген құмырсқалар лезде-ақ жоғалыпты. Сонда барып қарт өзінің алданғанын бір-ақ біліпті.
Қызыл құмырсқа көгершінге осылай көмектескен екен.
А) Жақсылық күші
Ә) Құмырсқалар ереуілі
Б) Досқа көмек



  1. Қарттың орныныда болғанда не істер едің? Ал адамдардың бір-біріне көмегі туралы не айта аласың?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет