"Мейірім әлемді құтқарады!" атты шығармашылық байқауының Ережесі



Дата06.09.2022
өлшемі25,67 Kb.
#148851
Байланысты:
Ереже



"Мейірім әлемді құтқарады!" атты шығармашылық байқауының Ережесі
Бұл Ереже "Мейірім әлемді құтқарады!" атты шығармашылық байқаудың мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

1. Байқау мақсаты:
ауыл балаларының шығармашылық және көркемдік қиялдарын дамыту, ауылдық елді мекендердегі дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау.
2. Байқау міндеттері:
2.1. ауылдық елді мекендерде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2.2. азаматшылдыққа отансүйгіштікке, жақындарына деген махаббатқа және жанындағы адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру;
2.3.оқушылардың танымдық қызығушылығын және мүмкіндіктерін, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу.

3. Байқау номинациялары:


3.1. "Әлемге мейірім сыйла!"номинациясы - шығарма байқауы. Бұл номинация бойынша жалпы орта білім беретін мектептердегі тек 4 класс оқушылары қатысады.
Қатысушылар қоршаған ортаға, табиғатқа, жануарларға және адамдарға деген мейірім сезімін сипаттайды.
Бағалау өлшемдері:
- жұмыстың рәсімдеу талаптарына сәйкес орындалуы;
- анық көрсетілген авторлық көзқарас;
- бейнелілік және эмоциялық;
- мазмұндылығы және дербес жұмыс жасауы.
Шығарма мәтіні Word мәтіндік редакторында басылуы тиіс. Қаріпі Тimes New Roman; қаріп өлшемі 14, жоларалық -1,0. Жұмыс көлемі А4 пішіміндегі 1 парақтан аспауы тиіс.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері (1-5 ұпай аралығы)
3.2. "Мейірім әлемді құтқарады!" номинациясы – бейнеүндеу байқауы.
Бұл номинацияда қатысушылар бейнеүндеу арқылы қоршаған орта мен табиғатты аялау, мейірімділікке, қайырымдылыққа, төзімділікке, жақсылық жасауға, сыйластыққа шақырады.
Байқауға ұзақтығы 7 минуттан аспайтын бейнеүндеу жіберілуі тиіс
- байқаудың тақырыбына сәйкестігі;
- тақырыпты толық ашу;
- тақырыпты өңдеу тереңдігі;
- шығармашылықпен ойлай білуі;
- материалды баяндаудың дәлдігі, айқындығы, логикасы;
- қызықты сюжеттік шешімі;
- баяндаушының сөйлеу мәдениеті, шешендік шеберлігі;
- қатысушының сыртқы бейнесі.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері (1-10 ұпай аралығы)
3.3. "Мейірімді істер" номинациясы – суреттер байқауы.
Бұл номинацияда қатысушы кез-келген материалда ( ватман, картон, кенеп және т.б.) және сурет салудың түрлі техникасы (бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті карындаш т.б) арқылы орындалған суреттердің фотосуреттерін ұсынады.
Байқау материалдарын бағалау өлшемдері:
- байқаудың тақырыбы мен номинациясына сәйкестігі;
- жұмысты орындау сапасы мен шеберлігі;
- түпкі ойдың және орындауының ерекшелігі;
- орындауының көркемдік деңгейі (безендіру элементтерінің дизайны, түстік үйлесімі, композициялық шешімінің сапасы);
- жұмыстың эмоциялық әсері.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері (1-5 ұпай аралығы)

4. Байқауға қатысушылар мен талаптар
4.1. Байқауға аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық топ пен 1-4 класс аралығындағы оқушылар және балабақшалардағы даярлық тәрбиеленушілері қатысады.
4.2. Байқау материалдары қазақ немесе орыс тілдерінде әр бағыт бойынша қабылданады.
4.4. Байқауда басқа адамның авторлық жұмысын және ғаламтор мәліметтерін пайдалануға қатаң тыйым салынады. Байқау жұмыстары ешбір сайтта жарияланбаған болуы тиіс.

5. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
5.1. Аудандық кезеңге ұсынылған байқау жұмыстары 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін gulnur_84_10@mail.ru поштасына қабылданады.
5.2. 2022 жылғы 15 қыркүйектен кейін түскен байқау материалдар қарастырылмайды және аппеляция жүргізілмейді
5.6. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
5.7. Байқауға қатысу үшін gulnur_84_10@mail.ru электронды поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1) төмендегі кестеге сәйкес өтінім;
2) электронды (сканерленген) түрде байқау жұмысы.


6. Қазылар алқасы.
6.1. Байқау ұйымдастырушылары қазылар алқасы қалыптастырады.
6.2. Қазылар алқасының құрамында Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері.
6.3. Қазылар алқасының мүшелері олимпиадаға қатысқан оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп, жеңімпаздарды анықтайды.
6.4. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.


7. Жеңімпаздарды марапаттау
7.1. Қатысушылардың жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әрбір номинация бойынша бөлек бағаланады және марапатталады:
- жалпы орта білім беретін мектептердегі және балабақшалардағы мектепалды даярлық топтар;
- жалпы орта білім беретін мектептердегі 1-4 класс оқушылары.
7.2. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет