«Алақай, жайдарлы жаз келді!» челленджін өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже меншік нысаны мен ведомстволық
бағыныстылығына
қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Алақай, жайдарлы жаз
келді!» челленджін (бұдан әрі − Челлендж) ұйымдастыру тәртібі мен өткізу
шарттарын белгілейді.
1.2. Челлендж «Балаларды ерте дамыту институты» РММ (бұдан әрі –
Институт) 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
1.3
Мақсаты
: жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын және
іс-әрекетпен
қамтылуын
ұйымдастыру
барысында
үлгілік
оқу
бағдарламаларын тәжірибеде іске асыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарда
жұмыс тәжірибесін анықтау және оңтайлы жағдайлар жасау.
1.4.
Міндеттері:
- балалардың демалысын және
сауықтырылуын ұйымдастыру
саласындағы іс-әрекеттің оң тәжірибесін анықтау және тарату;
-
балалардың демалысын, сауықтырылуын және іс-әрекетпен
қамтылуын ұйымдастыру бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің
түрлері мен мазмұнын жетілдіру;
-
педагогикалық ұжымдарды, балалармен сауықтыру-білім беру іс-
әрекетін жүзеге асыратын ұйымдарды ынталандыру.
2. Челленджді ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары
2.1. Челленджді ұйымдастырушылар – «Балаларды ерте дамыту институты»
РММ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана білім
басқармалары, аудандық бөлімдер.
2.2. Челленджге мектепке дейінгі
ұйымдардың педагогтері мен
тәрбиеленушілері қатысады, ата-аналар (заңды өкілдері) қатысуы да мүмкін.
2.3. Челлендж бір кезеңде өтеді.
2.4. Бейнероликте қатысушының аты-жөнін, жұмыс орнын (мектепке дейінгі
ұйым атауы) және өңірін көрсету қажет.
2.5. Ролик челленджді өткізу кезеңінде қатысушының Instagram желісіндегі
#Алақайжайдарлыжазкелді
хэштегімен жеке аккаунтында орналастырылуы
тиіс.
2.6. Жалған, жабық аккаунттар және жазылушылар саны 5-тен кем аккаунттар
қатысуға қабылданбайды.
2.7. Барлық бейнероликтер Instagram желісінде челлендж хэштегтерін
көрсетумен орналастырылады. Хэштегсіз роликтер (дұрыс көрсетілмеген
хэштегтер) қатысуға қабылданбайды.
2.8. Instagram-да @ doshkola_kz аккаунтына жазылу міндетті.
2.9. Бір қатысушыдан тек бір ғана бейнеролик қабылданады.
2.10. Жеке қатысушының сөзінен кейін «Алақай, жайдарлы жаз келді!» жалпы
фразасы айтылады және посттың сипаттамасында роликпен посттар тізбегін
құру үшін шақыру беріледі. Сіз шексіз шақырулар қалдыра аласыз.
2.11. Егер ролик шақыру бойынша жазылса, онда «Шақыруды қабылдаймын
(аккаунт атауы)» мәтіні бойынша постты көрсету қажет. Нәтижелерді анықтау
үшін @doshkola_kz жазылушылар арасында
шақырулардың толық және
тікелей тізбегі ғана қарастырылады.
2.12. Челленджді өткізу мерзімі:
2022 жылғы «01» маусымынан бастап «14»
маусымға дейін.
3. Бейнероликке қойылатын талаптар
3.1. Челленджге қатысушы ұзақтығы 1 минуттан аспайтын жазғы-сауықтыру
кезеңіндегі іс-шаралардың бейнеролигін жазады.
3.2. Бейнероликтің мазмұны жазғы кезеңде балаларды сауықтыру және
шынықтыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру,
жазғы мерекелер мен
ойын-сауықтарды, серуендерді, балалар шығармашылығы көрмелерін және
отбасылық байқауларды ұйымдастыру, сондай-ақ
іс-шараларды өткізудің
креативті нысандарын таңдауы тиіс.
3.3. Ұзақтығы осы Ережеде белгіленген уақыттан асатын бейнеролик
қаралмайды.
4. Бағалау критерийлері
4.1. Бейнеролик келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- балаларды сауықтыру және шынықтыру үшін жағдай жасау;
- қозғалыс қызметін ұтымды ұйымдастыру;
- тиімді шынығу жүйесі;
- емдеу-сауықтыру жұмысы;
- гигиеналық шаралар кешені;
- бейнероликтің Челлендж
тақырыбына сәйкестігі;
- шыгармашылық жаңашылдығы;
- өзіндік ерекшелігі;
- дыбыстық сүйемелдеудің, бейне эффектілердің болуы.
5. Қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Челлендж қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:
- І орын;
- ІІ орын;
- ІІІ орын.
1 орын – ең ұзақ бейнеролик тізбегі басталған аккаунт жеңімпаз болып
саналады.
2 орын – бейнероликке ең көп комментарийлер
жинаған аккаунт
жеңімпаз
болып саналады.
3 орын – бейнероликке ең көп лайк жинаған
аккаунт жеңімпаз болып
саналады.
5.2. Жеңімпаздар Институттың дипломдарымен және алғыс хаттарымен
марапатталады.
5.3. Челлендж қорытындысы мен
жеңімпаздардың материалдары
Институттың
http://irrd.kz
сайтында жарияланатын болады және әлеуметтік
желілер парақшаларына орналастырылады.
Анықтамалар үшін телефон:
8 (7172) 28-09-50