Мәтін -2
Ұрланған ат
1. Мәтінді оқыңыз. Түсініңіз.
Бір шаруаның әдемі аты бар еді. Ол өзінің атын жақсы көретін. Көп уақытын атымен бірге өткізуші еді. Атының басын сипайтын. Оның жүрісіне, тұрысына сүйсіне қарап тұратын.
Бір күні бір ұры қораға кіріп, атты ұрлайды. Шаруа атының ұрланғанына қатты қайғырады, содан кейін басқа ат сатып алу үшін қалаға келеді. Базарда аралап жүріп, өзінің атын көреді. Аттың ер тоқымы ауыстырылып, сатуға шығарылған еді. Шаруа аттың тізгінінен ұстап, қатты дауыстап:
- Бұл ат – менің атым, үш күн бұрын ұрланды,- дейді. Сатушы салқынқанды дауыспен:
- Қателесіп тұрсың, мырза. Бұл ат менікі. Бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатырмын,- дейді. Ақылды шаруа осы кезде атының екі көзін алақандарымен жауып:
- Егер ат сенікі болса, кәне, қай көзінің көрмейтінін айтшы,- дейді.
– Бұны білмейтін несі бар. Сол көзі көрмейді,- деді сатушы.
- Өкінішке қарай, білмедіңіз, - дейді шаруа. Сатушы жаңылысқан сияқты:
- Жоқ, мен оң көзі көрмейді деп айтпақшы болғанмын. Қаншама жыл өсірген атымды білмеуші ме едім? - дейді. Шаруа атының көздерін ашып:
- Сен өтірікшісің. Оның үстіне ұрысың. Ей, халайық, қараңдар! Аттың екі көзі де сау, - дейді айғайлап. Осы кезде шаруаның төңірегіне адамдар жинала бастайды. Шаруаның ақылды ісіне барлығы қайран қалды. Шаруа сүйікті атымен табысып, ал ұры қамалады. Шаруа өз атын алып үйіне қайтады.
Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |