115 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА Балтабаева Айзат Болатбекқызы А.Байтұрсыновтың балалар әдебиетіндегі рөлі. «Ахмет – қазақтың
түр-тұрпатына, кескін-келбетіне, ой-санасына, ақыл-парасатына пішілген
данышпан. Оның данышпандығын қазақ ауданынан тыс халық ала ма, жоқ па
– олардың өз жұмысы. Біз үшін Ахаң – білік шамшырағы, сана
көшбасшысы». Ахаңның үлкен миссиясы – әлем ақыл-ойын қазаққа қазақы
қалпында жеткізу арқылы сол кездегі бірер миллиард әлем халқының 6
миллионын құраған қазақтың жанына серпін беру еді. Бұл нәтиже берді: