117 басылып шыққаны белгілі. Одан кейін қазақ тілінің «Тіл-құрал» атты тұңғыш
қалыптастырған да Ахаң. Бұл ретте, тілтанушы ғалымдар «Қазақ
терминологиясының атасы» ретінде оған сөзсіз бас иеді. Қазақ балаларының
сауатын ашатын «Оқу құралы» деп атаған әліппе кітабының эпиграфы етіп,
мына сөздерін ұсынады.
Балалар, бұ жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Бұл жерде автордың «даналық» деп отырғаны – сауаттылық, білім-
ғылымды игеру, ал «бұ жол» деп отырғаны – оқу. Оқу жұмысының үш жағы
үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі
бірдей тең болса, оқу қисаймай, ауытқымай, түзу жүретінін де назарға алады.
1923 жылы жариялаған «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай
жүргізу керек?» деген мақаласында: «Школдар ашуға үкіметтің шамасы
келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын
көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20000-нан артық кісі керек.
Сондықтан бір ауылнай не бір болыс ел күшін біріктіріп, байға байша,
кедейге кедейше үй басына салық салып, сол жиналған салықты
оқушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-
жарағына міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ
ашу керек. Ол школдардың жанында интернаттар ашу керек», – деп жазады.
«Әуелі, қазақ, жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып
қоймас үшін, қам қылыңдар! Ол үшін әм жердегі оқитын орындарда көбірек
стипендиа ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту
ата-анасына ауыр болғанмен, жұртқа жеңіл»,– деген ойын айтып, балалар
сауаты үшін күресін, еңбегін тоқтатпайды.
«Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек.
Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі», –д ей келе,
балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мектеп екендігін нақты
көрсетеді. Бастауыш мектептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп,
жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс пәндері жүретін болсын» деп нақты
ұсыныстар айтады. Бастауыш мектептерде әуелгі үш жылда балалар тек
қазақша, соңғы екі жылда орысша оқуы керек. Сондай-ақ оқушылар
арасында, «Білім жарысын» ұйымдастыру керек екендігін қолға алады.
«Білім жарысының артық жері мынау: бұған шығарған ақша далаға кетпей,
көздеген мақсатқа тура тиеді. Егін салсаң, егін шықпай қалып, босқа
шығындалу ықтимал. Мал жисаң өліп, босқа шығындалуы ықтимал, білім
бәйгесінен пайда болмаса, шығын болмайды. Пайдасы боларлық іс істемей,
бәйгеге ешкім қол созбайды», – дейді. Сонымен қатар «Мектеп керектері»,
«Бастауыш мектеп», «Оқу жайы» мақалаларында оқу-білім мәселесін жан-
жақты қозғайды. Бағыт-бағдар беріп, болашаққа жол көрсетеді. 1912 жылы