0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет151/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

119 
 
кәдімгі «аяқтары ұп-ұзын», түр-түсі «сап-сары» Сарымаса ғана. «Түсіне 
қарап ішінен түңілме, күшіне қарап ісінен түңілме» деп алады да, осы 
Масаны өзінің өміріндегі ең басты мақсатына – «ұйқыдағы» халқын оятуға 
жұмсайды: 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, 
Қоймастан құлағына ызыңдаса? 
Күрес идеясы, келешек қамы үшін арпалысу оның өлеңдерінде ашық 
көрінеді. 
«Мен бұқтым – жаттым,
Сен бұқтың – жаттың, 
Кім істемек қызмет? 
Ауызбен айтып, 
Істерде қайтып, 
Жоламасақ не міндет?».
Әдебиет саласына сіңірген еңбектерінің ішінде бала бағытына келетін 
ертегі жанрын былай жүйелейді. Ертегінің қиялы мен қисынын келтіріп, 
қызықты мақсатпен шығарылған әңгімелер екенін түсіндіре келіп, бұл 
жанрдың атқаратын рөлін: «1. Халықтың ұмытылған сөздерді ертегіден 
табылмақ, олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе; 2. Балалар әдебиет жоқ 
жерде ертегі баланың рухани қиялын тәрбиелеуге көп керегі бар нәрсе; 
3.Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі 
бар нәрсе» – деп санамалап отырып, сипаттама берген. Ел арасында Ахмет 
қанша ғасыр бұрын өмір сүрсе де, дәл бүгінгі күнге дейін қанатты сөздері 
өміршең болып отыр. «Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу 
– адамшылық ісі», «Телміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет