0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет153/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

120 
 
бір ауыз сөзіне ұлылығын, көрегендігін көреміз. Фотоәуесқой, домбырада, 
скрипкада, фортепьянода еркін ойнайтын қасиеттері де ұрпақ үшін үлгі. 
Қазақ елінің Білім министрі бола білген Ахмет: «Ата жолдасы – надандық, 
өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты әр 
жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң біз де 
айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғандығымыз – бәрі 
надандық кесапаты. Сонда да соны ғылым, өнерден артық көреміз. Дүниеде 
ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді 
елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек 
қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз 
отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ. Олжалы жерде 
үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде қағылғанымыз – бәрі надандық 
кесапаты» – дейді. 
Мемлекеттік жауапты қызметтерді атқара жүріп те кезінде Алаш көсемі 
Әлихан Бөкейханов қанаттас серіктері Ахмет пен Міржақыпқа түрмеден 
жазған бір хатында: «Алда әлі күнді көре алатын ұрпақ келеді. Сол ұрпақ 
сендерді үлкен ризашылықпен, үлкен құрметпен еске алатын болады. Күрес 
жолына түскендеріңе өкінбеңдер...» десе, Ахаңның өзі де бір өлеңінде: 
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. 
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын. 
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»,– десе, келесі бір жүрекжарды жырында: 
«Асықпаңдар! Артымызда қазы бар, 
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар...»,– деп толғанған екен. 
Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың 
шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, өз халқымен қайта 
табысты. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?» 
- деген Ахмет сөзі – бүгінге үлгі, болашаққа шамшырақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет