Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәлімдік мәні. Ахмет
Байтұрсынұлы ұлтын ерекше сүйгені соншалықты қазақша, орысша, екі тілде
білім алу жүйесін ерекше қолдап, “жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел
жетсін, оқымаған жан қалмасын” деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік
шарттары алға міндет етіп қойып отырған терең білім беру принциптерімен
үндес тұжырым жасайды. Оның шығармалары келешек ұрпаққа зор ықпалын
тигізді. Оның шығармалары жұрт жадына тез қонымды әрі тілге жеңіл болып
келеді. 1926 жылы ғалым «Әліпбидің» жаңа нұсқасын жазды. Бұл осы
күнгідей суреттермен берілген оқулық болды. Өз кезінде берілген
сипаттаманы оқысақ, әліппенің соңғы түрі «бұрынғысынан қай ретте болса
да артық. Мемлекет Білім Кеңесінің жаңа програмасына үйлесімді,
әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық» болып шыққан.
Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі
бір идеяларды алдына мақсат-мұрат етіп қойып, оларды сол халықтың
әлеуметтік-мәдени өміріне жарататын іс-әрекеттерге баруы керек екені
белгілі. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш
уақытта адамы құрымай жоғалмайды».
Самырат Кәкішев інісі: «Үлкен кісі болса да, кішкентай бала болса да,
өтіп бара жатқан кісіге сәлемдескен жөн. Одан еш зиян көрмейсің», – дейтін