Сценарий Тәуелсіздік 32 жыл



бет1/4
Дата12.12.2023
өлшемі20,26 Kb.
#196681
түріСценарий
  1   2   3   4
Байланысты:
Сценарий Тәуелсіздік 32 жыл
УМК Рус яз В1

Сценарий Тәуелсіздік 32 жыл


1-жүргізуші: Қайырлы күн студенттер, және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік деген — қандай тәтті ұғым!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!


2- жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,студенттер қонақтар. Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 32 жылдық мерейтойына арналған іс-шарамызда көріп отырғанымызға қуаныштымыз


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің төл мерекесі —Тәуелсіздік күнін тойлайды. Тәуелсіздіктің арқасында қазір Қазақ елі дамып, әлемдік өркениеттің ағымына қосылды! Көптен күткен талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолжеткізгенімізге бүгінде 32 жыл толды. Ендеше ҚР мемлекеттік гимні орындалсын.


2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. 1986 жылы 16 желтоқсан. Небәрі 18 минутта Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатып, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбинді “сайлады”.Бұл жаңалықты естіп ызаланған белсенді Қазақ жастары Алматыдағы Брежнев алаңында өз наразылықтарын бейбіт шеруде білдірген болатын


2-011 группамен Плакат ұстап шеруге шығамыз. Колбин кетсін,қазақтың басында тек қазақ тұру керек бұл недеген бассыздық деп шулаймыз крч кім не айтқысы келед соны айтып шулатамыз (фонда үскірік аяздың дауысы)
Шулатып өткен соң Қайрат пен Ляззаттың көрінісі.Нурислам-Қайрат рөлінде,Аружан-Ляззат рөлінде,Дариға-автор,Аман қасындағы бала-солдаттар,и Аман-сот рөлінде
1-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың риза болсын.


2-жүргізуші: Ия Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут үнсіздік жариялайық


Аружанның жұмысы-Таймермен 1 минутқа қоямын,45-50 секундтарда фонға аяздың дауысы и автомат Желтоқсан желі әні қойылады. Дариға Сымбат үнсіздік басталғанда дайындала беріңдер. Сымбат и Дариға өлеңдерін айтып тастайды


1-жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кетіп қалғаны рас. Ызғарлы желтоқсан желі ешкімді аямады.


2-жүргізуші: Сөзіңнің жаны Аман бар .86 дағы желтоқсан Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
1-жүргізуші: Ұлы тұлғалар биографиясы мен жасаған ерліктеріне Икромова Айкерымның баяндамасы арқылы көз жүгіртіп шығайық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет