0 Қызылорда, 2022


Шығармаларының ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет150/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

Шығармаларының ерекшелігі.
Ахаң – қазақтың Абайдан соңғы 
Абайы, қазақтың бір әлемі. Ахаң – қай салада болсын жан-жақты 
энциклопедиялық білім алған, қай қырынан алып қарасақ та, маңдайы 
жарқырап тұрған тұлға. Мәселен, «Қырық мысалдағы» қырық өлеңнің бәрі де 
осындай қырық түрлі оқиғаны баяндаудан басталып, содан туған қырық түрлі 
түйінмен аяқталып отырады. Әр түйін жай тұжырым емес, қырық түрлі 
ғибрат. «Қырық мысал» бір жағынан, қызықты форма, екінші жағынан, 
ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа 
келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Айталық, аяқ 
астынан «торға түсіп, соры қайнаған» шымшыққа: «Тал түсте торды көрмей 
сені не қара басты, есалаң, күшік», – деп табалап отырып, өзі қалай тұзаққа 
шырмалғанын білмей қалған көгершіннің қылығын қалжыңға айналдырған 
«Шымшық пен Көгершін» – ел аузындағы «Күлме досыңа, келер басыңа» 
деген мәтелді уағыздаса, «Ат пен есек» біреудің біреуге қысылғанда жәрдем 
бермеуі қандай ағаттыққа апаратынын дәлелдейді. «Өгіз бен бақа» тұщы 
көлді шөлі қанғанша сімірген өгіздің істегенін істеймін деп, мөлшерсіз көп су 
ішіп, қарны жарылып өлген көлбақаның көзсіз надандығын суреттеп, «Әлін 
білмеген әлек» деген нақылды насихаттаса, «Бұлбұл мен есекте» 
құйқылжыта шырқаған бұлбұл үнін ұзақ-ұзақ тыңдап алып, оның «Қалай 
екен?» деген сауалына: «Ән салуды азырақ әтештен үйренсең, бұдан да гөрі, 
артығырақ сайрар едің» деген топастығын түйрейді. Басында түйір ақыл жоқ 
түйсіксіз адамдардың құр көкірек, менмен болатынын «Егіннің бастары» 
мысал өлеңі арқылы айтады. Ақын әрбір мысалдың соңында авторлық 
қорытындысын беріп отырады. Ахметтің қаламынан туған аударма 
мысалдардың тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен, ақынның 
мақсаты біреу. Ол – адамдарды адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман 
әдеттерден арылуға шақыру.
«Маса» жинағы – қазақтың жазба әдебиетіндегі профессионал 
поэзияның бастауында тұрған жинақ. Байтұрсыновтың символы бұлт 
үйіріліп, теңіз сапырған құдыретті күш иелері емес, ілмиген нәп-нәзік Маса – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет