0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет15/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ
То санды жиынты ба алауды спецификациясы «Биология» 8-сынып 2, шыңғыстау, Литература методическое руководство для учителей 9 класса общеоб, Жарықтың затпен өзара әсерлесуі
12 
 
Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз 
қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан 
тапқан жан. Ахаң – күрделі тұлға, зерделі ғалым. Күрделі болғанда ел-
жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына 
лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы. Кең құлашты, ұлан-асыр 
терең ойлы ғалым ұлы өмірдің қай саласында да өз пікір-толғамын, бағдар-
бағытын білдіріп келеді. Осыншама санқырлы қызметін жазған еңбектері 
арқылы жалпылама тізбелеп жеткізуге болар, бірақ шағын мақалада саралап 
айта алмасымыз анық. 
«Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап. Оның жақсы 
болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт» дей 
келе, А.Байтұрсынұлының әліпбиі мен «Әліппені» жасауы біздің мәдени 
өркендеуімізге зор пайдасын тигізген құбылыс болды. Әліпби тіліміздің таза 
сақталуына мүмкіндік туғызды. Ал Ахметтің кітаптары болса қазіргі қазақ 
мектептерінде қолданылатын жалғыз оқулық.
«Көк аспанды құс билейді!
Жұмыр жерде – адам би!
Барлығын да ой билейді!
Ойдың басы – «Әліф-би!» - деп Ақаңның өзі айтқандай, «Әліпбиде» 
сауаттылықтың, барлық бастаманың негізі жатыр. 
Сауаттылықтың негізі жазуға жаттықтыру деп қарады. Көркем жазу 
мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген 
қорытынды жасайды. 
А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгерту әдістемесінің негізін қалаған 
ғалым-әдіскер екендігін бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік мұраларынан 
белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманында қарапайым қазақтың сауатын 
ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар», т.б. оқу-құралдары күні бүгінге 
дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған құнды 
екені даусыз. Қазіргі жаңашыл деп танылып жүрген технологиялардың түр-
түрі ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұдан біз 
А.Байтұрсынұлының оқу-ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз 
жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет