0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет12/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ
То санды жиынты ба алауды спецификациясы «Биология» 8-сынып 2, шыңғыстау, Литература методическое руководство для учителей 9 класса общеоб, Жарықтың затпен өзара әсерлесуі
10 
 
білімі, әдебиеттануы және оларды оқыту әдістемесі секілді ғылым арналарын 
жүйелеген Ахмет Байтұрсынұлының айтқан ой-пікірлерінің маңызы дәл 
бүгінгі рухани жаңғыру жағдайында өзектене түсіп отыр. Алаш 
қайраткерлері өмір сүрген кезең мен бүгінгі кезеңнің өзіндік ерекшеліктері 
бар екендігі рас. Алайда заман өзгергенмен, Алаш қайраткерлері ту еткен 
ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын қазақтың тілі мен тарихын, өнері 
мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі мәселеде 
олардың сан-салалы мұрасы мен ұлы істерінен алар тағылым мол. «Ұлтының 
мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық 
еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі 
борышы» деп білеміз.
Тамыз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат 
Аймағамбетов «Әліппе» оқулығы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі 
негізінде қайта енгізілетінін айтқан еді. Бұның өзі қазақ тіл білімінің атасы 
әрі реформаторы ретінде мойындалған Ахаңның еңбектері өзектілігін 
ешуақытта жоғалтпайтынын көрсетсе керек.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін 
қалаған ғалым-әдіскер екендігін бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік 
мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманында қарапайым қазақтың 
сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» т.б. оқу-құралдары күні 
бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған 
құнды еңбектер екені даусыз. Ғалымның «Әдіс – керекшіліктен шығатын 
нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына 
қарай» деген сөздері әрбір педагогқа бұлжымас қағида болары сөзсіз. 
Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «Сын 
тұрғысынан ойлау» технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқа 
оқытудың түрлі әдістерінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап 
көтеріп жүр. Өткенге барлап қарасақ, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту 
технологияларының 
Ахмет 
Байтұрсынұлының 
жоғарыда 
аталған 
еңбектерінен бастау алатынын атап өткен жөн болар. Бұны біз ғалымның өз 
заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу 
құралдарынан 
да, 
шағын 
мақаларынан 
да 
аңғарамыз.
Мәселен, 
Ахмет 
Байтұрсынұлының 
бастауыш 
мектептеріне 
арналған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет