0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет20/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

15 
 
жатталып, көкейде түйіліп қалған. Соның бәрі кейін шығып жатыр. Мұның үстіне 
ата мұрасын індете іздеп, көп шындықтың бетін ашуға атсалысып жүрген жастар 
(Ғ.Әнесов, А.Мектепов) әкелген деректер бар. Ахметтану ғылымының негізін кешегі 
Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Міржақып Дулатов сынды 
қазақ мәдениетінің тарландары қалады десек, сексен сегізден бері қарай ол толыға 
түсті. 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып 
жатқан алып тұлға. Ол – Құдай берген талантын туған халқына деген 
сүйіспеншілікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. 
Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына 
нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі, не өзіндік жазуы қалыптаса 
қоймаған, мал соңына ерген, малмен бірге ұйықтап, малмен бірге жусаған қалың 
ұйқыдағы халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай ызыңдаған үлкен 
ақын, талантты тілші, шебер аудармашы, түркі тілдес халықтар үлгі тұтқан 
түрколог, қоғам ісіне араласқан мемлекет қайраткері. Бұл санамалап отырған атақ, 
дәреже, лауазымдардың өзінен өзі келмегені мәлім. Ол талмай ізденіп, тамаша 
туындылар берген. Өмірдегі басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп 
түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынұлы) – небір тар жол, тайғақ кешулерден өте келе 
қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға. 
Оның дүниеге келер тұсы патша ағзамның бұратана елдерді билеп-төстеудің 
айла-шарғыларын емін-еркін іске жаратып жатқан кезі болатын. Қазақтың әлденеше 
ғасырға ұласқан хандық, билік құрылымының быт-шыты шығып, «күштілерім сөз 
айтса, бас изеймін шыбындап» деп тұрған сәті еді. Ахметтің дүниеге келуі – 
қалыптаса бастаған халықтың тұтастығының береке-бірлігінің сәні кетіп, ел-жұрты 
«балапан басымен, тұрымтай тұсымен» жүріп жатқан дәуір еді.
Бала кезінен білімге құштар Ахметтің алғашқы дара жолы ұстаздық 
қызметтен басталған. Бұл кезде қазақ жерінің талан-таражға түсуі, қараңғы халықты 
орыстандыру саясаты т. т. сол кездегі ең дертті мәселелер болған. Сондай бір 
шақтарда үстінен арыз түсіп, Орынборға айдауға кетеді. Осы жылдары И.А.Крылов 
мысалдарын аударып жүрген Ахаң ғылым-білімге тереңірек бойлайды. Қазақ 
балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі, әдебиеті, өнері, тарихы, мәдениеті туралы 
өрелі ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын 
жаза бастайды. Халық мұраларын, ауыз әдебиет үлгілерін, эпос, ертегі, жұмбақтар 
жинап, бастырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағы халықты өз тағдыры үшін 
күреске шақырған, жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды топтама 
болатын. Ақын қалғыған халқын тым болмаса маса боп шағып оятайын, 
ойландырайын деген мақсат көздейді. Ол бұл жолда талай соққы жеп, тауқымет 
шегерін де, тіпті өліп те кетерін білген. Бірақ біле тұра, ол алған бетінен қайтпайды: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет