0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет22/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

17 
 
ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі 
надандық кесапаты», – деп ашып айтты. Ағартушылықты үгіттеген өзге 
қайраткерлерден Ахаңның үлкен айырмасы – ол өнер-білімге шақырумен қатар осы 
жолда нақты іске көшті: оқулықтар жазды, оқыту әдістерін көрсетті, 1913-1929 
жылдары газет-журнал беттерінде, мәслихат-жиындарда қазақ даласындағы оқу-
ағарту жайын кеңінен сөз етті, ұсыныстар жасады, 13-14 жыл бойы (1895-1909 
жылдары) бала оқытты. Міне, бұл – ағартушы Байтұрсынұлының бейнесін 
танытатын нақты іс-әрекеттер. Бұлар – ұлттық құндылықтарымыздың ұмытылмауы 
үшін жасалған іс-әрекеттер.
А.Байтұрсынұлы өзіне жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі 
қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб 
алфавиті негізіндегі қазақ жазуын («Байтұрсынұлы жазуын») түзген, екінші, сол 
жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты оқулығын жазған. 
Одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын 
қойған, мұны орындау үшін «Тіл – құралды» жазған, төртінші, тілді дұрыс қолдана 
білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін «Тіл жұмсарды» ұсынған, бесінші, сауат 
аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншы» 
мен «Әліпби астарын» жазған. Міне, бұлар – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін 
зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы 
салалардағы орнын көрсететін үлесі. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық білім-
ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мұра. 
А.Байтұрсынұлы мектепте ана тілінде оқыту қажеттігіне ерекше ден қойған. 
Мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни, 
алфавитін жасап шыққан. Содан соң балаларға осы таңбаларды танытып, сауатын 
ашатын әліппеден бастап, сол тілді пән ретінде үйрететін грамматика оқулықтарын 
жазу керек болды. 1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын «Оқу 
құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін 
оқулық жазуға кіріседі. Ол өз мақсатын: 
Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көтеруге құл халықтың, – 
деп, бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер-білімге, мәдениетке жетектеу деп 
біледі.
Қазақтарды надандықтың шырмауынан шығарудың бірден-бір жолы – 
ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жұмысымен айналысу деп ұққан Ахаң енді осы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет