0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет24/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

19 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ- БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА 
Нұрмағамбетова Ғалия Ботабайқызы 
Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің 
негізін қалаушы, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, ақын, публицист, педагог, 
аудармашы А. Байтұрсынұлының еңбектері ешқашан тарихи маңызын 
жоймайды. Назарларыңызға ұсынылып отырған мақалада да ғалымның 
еңбектерінің әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келе жатқанын анық 
көрсетеді. Әсіресе балалар әдебиетінде өзіндік орны бар ғалымның 
еңбектерін бүгінгі таңда оқытудың өзектілігі мен мазмұндылығын толықтай 
көрсеткен. Ғалым еңбектерін жаңаша зерттеу, идеяларын толыққанды 
саралау арқылы қазақ тілінің қорын одан әрі байытып, тіліміз бен 
мәдениетімізді білім мен ғылымға сабақтастырып, жоғары деңгейде 
шәкірттерімізді тәрбиелей алсақ қана ұлттық рухы биік, озық елге 
айналатынымыз осы мақалада анық айтылады.
Түйін сөздер
: Ахмет Байтұрсынов, ғылым, әдебиет, ақын, сауаттандыру, 
ұлттық тәрбие. 
Ахмет Байтұрсынов- мәдениет пен ғылымға қалтқысыз беріле қызмет 
сіңірген, таланты мен тағдырын, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. 
Халқының болашағын ойлап, санасын оятуға, жағдайын жақсартуға бар күш-
жігерін, білімін арнаған ұлт ұстазы. 
Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық 
саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, 
жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге 
ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын 
оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті 
мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-
реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың 
ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы 
тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. 
Сонымен қатар, надандықтың шырмауынан шығарудың бірден-бір жолы-
ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жұмысымен айналысу екендігін ұқққан 
Ахмет қазақ баспасөзін тиімді пайдалану арқылы халыққа үндеу жасады. 
Әсіресе, 1911 жылы Орынборда басылып шыққан «Маса» жинағы қалың қара 
халықты өз тағдыры үшін күреске шақырған, жұртшылықты шырт 
ұйқысынан оятқан дабыл іспеттес еді. Ақын қалғыған халқын тым болмаса 
маса боп шағып оятайын, ойландырайын деген мақсатты көздеген болатын.
Туған халқының балаларына үйлестіріп, Мемлекеттік Білім Кеңесінің 
жаңа бағдарламасына үйлесімді етіп әңгімелер жаза бастайды. Ол балалар 
үшін «қызық, жеңіл заманға лайық» деген жоғары бағаға ие болды. Үнемі 
жетілдіру мен қатардан қалмауға, заманның ағысымен жүруге насихаттаудан 
жалыққан емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет