0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет28/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

23 
 
әліппенің жаңа нұсқасын ұсынды, бұл осы күнгідей суреттермен берілген 
болатын.
Ахмет тек тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да елеулі 
еңбек етті. Оның балалар әдебиетіне де қосқан үлесі зор. Ол – ақын және 
мықты ақын. Оны ақындыққа алып келген – өзінің халыққа қызмет ету, 
қалың көпшілікті еңбекке, мәдениетке шақыру, сауаттарын ашып, дүииені 
таныту сияқты мақсаттары тәрізді. Оның өлеңдері «Қырық мысал», «Маса»,
«Үзік» деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет
Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Орал қалаларында жарияланған. 
Ахметтің әдеби шығарманың ішінде дәл осы мысал жанрын таңдауында 
үлкен мән бар. Мысал арқылы ғибрат айтып дұрыстыққа, жақсылыққа 
шақырған. Айталық, «Қасқыр мен тырна» деген мысалда сүйекке қақалып, 
өлгелі тұрған жерінен қасқырды құтқарған тырнаға алғыс айтудың орнына 
тап беріп жеп қоюға даяр болғанын суреттеп келіп:
Қиссасы «Қасқыр, Тырна» болды тамам, 
Мінездес Қасқырменен кейбір адам. 
Басына бәле түсіп қысылғанда, 
Жалынып - жалпаяды келіп саған. 
Құтқарып ол бәледен жіберген соң, 
Болмайды оған кісі сенен жаман. 
Жоқ болған отқа күйіп мүлкіндей-ақ, 
Қайырдың зайғы кетер еткен оған... – деп ғибрат айтады.
Ал «Масаға» енген өлеңдер болса, олар да осы мақсатта: қараңғылық
надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық – осылардың бәрі, 
автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан, өлең иесі 
«аяқтары ұзын, сары маса» болып, ызыңдап ұйықтап жатқан халқын 
оятпақшы: 
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан, 
Жыланды бәле делік аңдып баққан. 
Бәленің түрін көрген мен сары маса, 
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан. 
Күллі қазақ әдебиетінде, оның ішінде балалар әдебиетінде ойып орын 
алатын «Қырық мысалды» Мұхтар Әуезов «Қалың қазақ жұртының алғашқы 
естіген, төңкеріс рухындағы сөзі» деп бағалады. Ал «Маса» - қазақ 
оқушысына естілген екінші елшілдік ұран болды» деп жазды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет