Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ұлттың ұлы ұстазы. В.Қ.Күзембаева.-Алматы: Орталық ғылыми
кітапхана, 2001 жыл – 316 бет.
2.
Әдебиет танытқыш.А.Байтұрсынов. – Алматы: «Атамұра», 2003 жыл
3.
Аймауытов Ж., Әуезов М. Абайдан соңғы ақындар. Қазақ әдебиеті,
1990 жыл
26
ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ
Әлиасқар Гүлжазира Рашидқызы
Ахмет Байтұрсынұлы сона сахараның көкірегіне шыққан қағынды
шиқандай сойқан елестейтін содарлы әкімшілік ордасы Торғай қаласының
түскейінде,заманында баяттың ұлынан қыпшақтың қызынан туған Қорқыт
бабаның кіндігін жуған.жапан түздің қонышынан кіріп қойнынан
шығып,сумаңдай ағатын Жыланшық өзенінің аяғында дүниеге келіпті.
Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі
Ахмет Байтұрсынов. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың
жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ
тілінде Әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық,
сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ әдебиетінің атасы
Ахмет Байтұрсынов кітап жазумен қатар орыстың белгілі жазушыларының
белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, көпшілікке ұсынған. Көкейіндегі
түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Ахмет
қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымның ағартушысы. Ахмет
Байтұрсынұлының мол шығармашылық мұрасының тарихи маңызы жоғары.
Ахметтің ілімдері – әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың
ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі – қазіргі жаңа заманға өте керек.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі,
Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде
дәулетті отбасында дүниеге келген. Ахметтің ұлы бабасы-Үмбетей ру басына
айналған үлкен ата. Байсейіт атадан жалғыз, оның әкесі Қалқаман Көшейұлы
(5 ағайынды). Қалқаманның сүйегі —Арғын. А.Байтұрсыновтың замандасы
әрі қаламдасы М.Әуезов 1923 жылы Ахметке арнаған мақаласында, оның тегі
жөнінде. «... Сүйегі-Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары
Үмбетейден шыққан Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің
аты —Байтұрсын» деген мәлімет береді. Ахмет байтұрсынов –туған
халқының рухани жаңғыруының сырын терең меңгеріпсол жолда қалтқысыз
меңгеріп,мәңгі ескірмейтін мол үлес қоса алған қайраткер. Бірінші кезекте
халқының азаттығы,елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекттілігі жөнінде
жан аямаған күрескер.
Ол
оқуын аяқтап,мұғалімдік қызметке кіріскен кезі патша
әкімшілігінің қаазақ даласын билеуде 1822жылғы Сібір жарғысының ,1868
жылғы Уақытша ереженің күшін тыйып,1891 жылғы Дала Ережесіне
көшкен тұсына тап келді.
А.Байтұрсынұлы күллі адамзаттың даму үрдісі түбегейлі өзгеріп жатқан
тұста қазақ халқына басқалардан өзгеше заман болмайтынын ескертіп,одан
да қамсыз қалмауға үндейді.
А. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб
жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде
|