Сайыстан фото сюжет
130
А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТЫ
СИПАТТАЙТЫН САЙЫС САБАҚ
Мұханова Манат
Мақсаты:
Қазақ ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог,
аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жасқа толуына
орай, шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға
деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық деңгейін дамыту.
Міндеттері:
-
Өз бойына жақсы оқырман тәжірибесін жинақтауға ынталандыру;
-
Көркем шығарманың, нақыл сөздерінің тәрбиелік мәнін жеке өмірінде
қолдануға бағыт беру;
Интеллектуалдық сайыс: Kahoot әдісі арқылы өтеді.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «Ұлтының
ұстазы» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!.
Бүгінгі зияткерлік сайысымызды ұлы педагог, ақын, аудармашы,
әдебиет зерттеуші ғалым және қоғам қайраткері Ахмет Байұрсынұлының
(1872 – 1937) мерейтойына арнаймыз.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай,
Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері
жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог,
дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
толған мерейлі жыл.
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам.
Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол
жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін
пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын
Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл
құралы” арқылы оқып үйренді.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жөн сілтедім жақын емес , алысқа
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Сен де қатарыңнан қалыспа!- деп жас ұрпақты оқу
білімге,еңбекке шақырған, қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени ,
тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының
туғанына 150 жыл толуына арнап бүгінгі ойынымызды өткізгелі отырмыз.
Қатысушы оқушылардың еңбектері жансын, сайыс барысында сәттілік
тілей отырып сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі интеллектуалды сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.
Сайысымыздың ережесі бойынша І кезеңнен ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы
2 кезеңге қатыса алмайды. ІІ кезең қорытындысы бойынша тағы да ең төмен
ұпай жинаған 2 оқушы ІІІ кезеңге қатыса алмайды.
І кезең: Ахмет Байтұсынұлының өміріне байланысты сұрақтар.
|