0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет209/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

165 
 
шектеусіз ғұмыр кешу үшін санаға әсер етіп, сәулелі өмірдің сөнбес 
шырағына шақырады.
Қайтсем елімнің ерлеріне әсер етем деп күйінген Ахмет атамыз
халықты ояту, жүрегіне, сезіміне бойлап, сеніміне селкеу түсірмеу үшін ұлы 
Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау 
дәстүріне бастапқыда бет бұрады. Жаңа өлеңдік форма мысал арқылы 
бұрынғы ескі ертегілерді, көшпелі елдің өлеңдерін, жан-жануар өмірінен 
алынған шығармаларды әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен аудара 
бастайды. Әрине, ақын алғашқы аудармасын Иван Андреевич Крыловтан 
бастайды. Бұл туындылар кейін «Қырық мысал» деген атпен Петербургте 
1909 жылы басылып шығады.
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін,
Тартады аққу көкке, шаян кейін
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Қазақ тұрмысына едәуір жақын суреттер төгіліп-ақ тұр. Оған ақын тағы да ой 
қосады.
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. 
Сурет. Тұтастық. Елдің жағдайын астарлап айтатын А.Байтұрсынұлының 
"Қайырымды түлкі", "Ала қойлар", "Үлес", "Қартайған арыстан", "Өгіз бен 
бақа", "Қайыршы мен қыдыр", "Ат пен есек" мысалдарында әлеуметтік-
қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен 
сарындас әуездер,
тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі 
түпнұсқа мазмұнына орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, 
пікірді ұштап, жаңа сарын – әуез қосып отырады. 
Орыс әдебиетінен қазақ әдебиетіне бойлап енген мысал жанры әлемдік 
дәстүрлердің типологиялық үлгісін көрсеткен еді сол уақытта. Мысалмен 
мысқылдап жеткізіп, мысын басатын мықты өлеңдер дүниеге келді. Дәл осы 
Крыловтан аударған Абай шығармалары нақпа-нақ келсе, Спандияр Көбеев 
оның сегіз мысалын қара сөзбен берген. Ал Ахмет атамызда – еркіндік 
басым. Сюжет сақталады, бірақ қазақ тұрмысын, заман тынысын танытатын 
тың пікір, жаңа ойлар айтылады. Әсіресе, «Шымшық пен Көгершін» мысалы 
Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет