0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет211/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

167 
 
Қиссасы қасқыр, тырна болды тамам,
Мінездес қасқырменен кейбір адам.
Басына пәле түсіп, қысылғанда,
Жалынып-жалпаяды келіп саған... 
Қайырды қарап істе адамына, 
Қарайлас өзіңменен шамалыға. 
Қасқырдай қаражүрек залымдардың 
Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына, – деген тұжырым қазақылық ұғымға сай 
келеді. 
Ақынның масатыдай мысалдары елін бірлікке, татулыққа, ынтымаққа 
шақырады. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы арқылы жүкті үш жаққа 
тартқан алауыздықты шенесе, «Малшы мен Масада» жылан шағайын деп 
келе жатқанда, шағып оятқан масаның достығын түсінбеген малшыны 
кінәлайды. Ақын өзін ұйқыдағы халқына достығын ұсынған масаға теңейді. 
Иә, жасқа да, үлкенге де, кішіге де түсінуге жеңіл, түсіндіруге оңай, бастысы, 
астарында айтары бар, көкірек көзі ашық адамға ұғымтал өлеңдер. Ұрымтал 
тұсы жоқ. Ұтымдысы, тәрбиелік мәні зор, сабақ боларлық сыбаға алатын 
сырбаз шығармалар. Қазаққа тән, қазақилымызбен үндес, әу бастан 
тұспалмен сөйлейтін бәріміз үшін үздік туындылар.
Ахмет атамыздың салып кеткен сара жолында түзу жүріп, түзу тұрып, 
тиянақты оқысақ, талғаммен оқытсақ, талай биік бағындырылып, келмеске 
кеткен өшпес тұлғалардың талай жылғы арманы орындалды деген сөз.
Бүгінгі педагогикалық оқуда Ахмет Байтұрсынұлының артында қалған мол 
мұрасына зор құрметпен қарап, бағалай білген әдебиет білгірлеріне рухани 
азық, көңілдеріне қуаныш сыйлады деген сенімдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет