0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет213/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

168 
 
тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез 
сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге 
көтерген бірегей тұлға. 
Ол қазақ әліппесін жазуды 1910 жылы қолға алған екен. «Әліппемен» 
бірге қазақ графикасын да жасауға кіріскен. Оның негізінде қазақтың 
мәдени дүниетанымында бар көп ғасырлық дәстүрлі, өзге түркі халық-
тарына ортақ, туыстық сипаты бар араб таңбаларын алған екен. Сол 
таңбаларды Алаш қайраткері қазақ фонетикасына икемдеген. Сөйтіп, 24 
таңбадан тұратын қазақ жазуын қалыптастырады. Мұны кейінірек 
«Байтұрсынов жазуы» деп те атаған. Қазақтың ұлттық графикасының атасы 
деуіміз сондықтан. Ғалым қазақ графикасын түзген соң, осы жазуды 
үйрететін әліппені жазып шығады. Сол кезден бастап әрбір зиялы азамат 
халыққа қара танытып, сауат ашу үшін әліппе жазудан бастауды мақсат 
етті. Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 
жылдар аралығында 7 рет басылып шыққан екен. Ал 1926 жылы «Әліп-
бидің» жаңа түрі жазылды. 
Алғашқы «Әліппе» 1912 жылы Орынборда басылып шығады. Автор 
«Балалар,бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» өлеңін 
оқулықтың беташары ретінде пайдаланады. Кітаптың әріп үйрететін 
бірінші бетінің үстіңгі жағында Құран сөзі жазылып қойылған екен. 
Онда:«Биссмиллаһи-рахмани-рахим» деген жазу бар. Оқулықта қазақ 
әріптері төте жазу ретімен беріліп отырған. Әрбір әріптің төменгі жағына 
қысқа әрі нұсқа мәтіндер топтастырылған. 
А.Байтұрсынұлы «Әліппені» әр басылымында жетілдіріп, толықтырып 
отырған. Мәселен 4-ші басылымында қазақтың 28 дыбысына арналған 24 
таңбаны үйретіп біткеннен кейін «Өзге тілдердегі дыбыстардың 
таңбалары» деген тарау беріліп, онда араб әліпбиінен шығарып тастаған 12 
таңба мен араб тіліне тән харакат, сукун, тануин, хамза белгілері 
үйретілген. Ал 7-ші басылымында «Қазаққа басқа тілден қатысқан сөздер 
үшін алынған дыбыс таңбалары» деген тарау беріліп, онда араб әліпбиінен 
шығарып тастаған 12 таңба емес, соның 4-еуі (х, һ, ф, ш) ғана 
үйретілген, яғни бұл төрт таңбаны қазақ жазуына қажет деп танып, 
іріктеген. Ал харакат, сукун, тануин, хамза белгілеріне мүлде тоқталмаған. 
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде төл сөздерде кездесетін ш дыбысы парсының 
че (چ) таңбасы арқылы берілгені мәлім. Ал арабтың ш (ش) таңбасы 
шаһар, 
шифа, шарбат,
х таңбасы 
хажы, хакім, хүкім, хайуан, хайран, хайыр, 
хайыршы, хұлық, 
ф таңбасы
 офат, файда, фарман, саф, жафа, фақыр, 
фасық
тәрізді араб, парсы сөздерін жазу үшін, ал һ таңбасы 
аһілеу, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет