0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет215/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

170 
 
ұстазының мейірбан бейнесімен ашылатын кітап өз оқырманын бірден 
білім әлеміне жетелей жөнеледі. Кітап авторлары бұдан кейінгі сабақтарда 
шәкірттерді қоршаған орта, табиғат, қала мен даладағы алуан түрлі дыбыс-
тар әлемін аралатып, балалардың коммуникативтік, танымдық қабілеттерін 
ұштай түседі. Осылайша 12 сабақтан тұратын бірінші бөлімде шәкірт 
суреттер арқылы дыбыс, буын, сөз әлеміне саяхат жасап, біртіндеп әріптер 
өлкесіне келеді. 
«Әліппенің» екінші және басты бөлімі жас оқырманды дыбыс пен әріптің 
ара жігін ажыратуға үйретеді. Әріпті қолдану арқылы біртіндеп сөз бен 
сөйлем құрауды меңгертеді. Кеңес заманында жасалған «Әліппелерде» 
орыс «Букварьларының» әсері аз болған жоқ. Орыс алфавитіне сәйкес әріп 
үйрету қазақ ұғымына лайық сөз құрауда көп қиындықтар туғызды. Мұны 
өз тәжірибесінен ерте кезден-ақ аңғарған Ахаң әріптерді үйретудің мүлде 
жаңа, таза қазақи ұғымға негізделген озық үлгісін ұсынды. Жаңа «Әліп-
пенің» авторлары дәл осы үлгіні басшылыққа алыпты. 
«Әліппе» атаулы «А» әрпін үйретуден басталатыны баршаға белгілі. Ахаң 
екінші әріп ретінде «Ә» немесе «Азбукадағыдай» «Б» емес, «Р» әрпін 
алған. 
Мұның екі түрлі себебі бар. Біріншіден, «а» мен «р» әрпі арқылы қазақша 
сөз құрауға болады. Екіншіден, «р» дыбысын үйрету арқылы баланы дұрыс 
дыбыстауға, артикуляциялауға, сол арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін 
қалыптастыруға тәрбиелейді. Оқулық авторлары Ахаңның дәл осы 
тәсілімен екінші әріп «р» дыбысы мен әрпін үйретіп, осы екі әріптің 
қосындысынан балаларға бірден «ар», «ара» сөздерін айтқызады. Мұнымен 
де шектелмей шәкірттер мұғалім көмегімен басында, ортасында, аяғында 
«р» дыбысы бар «қар», «қарға», «раушан», тіпті осы заманғы «радио», 
«робот» сөздері арқылы «р» әрпі кездесетін талай сөзге қанығады. Бұл – 
әбден құптарлық әдіс. 
«Әліппе» жазу оңай емес. Әуелі авторлар ұсынған әдістеме бала ұғымына 
лайық таңдалуы керек. Ондағы мәтін мағыналы, мәнерлі, көркем болуы 
шарт. Авторлар «И» әрпіне келгенде шәкірттеріне жай сөйлем ғана емес, 
сол әріптер көмегімен өлең оқуға да мүмкіндік береді. 
«Әліппе» – әріп үйретіп, сөз, сөйлем құрауға баулитын оқулық қана емес, 
ұлттық тәлім-тәрбиеге, ғылым-білімге, алуан түрлі мамандыққа шақырып, 
спортқа дейін баулитын танымдық мәні зор әмбебап кітап. Бұл оқулықтың 
әр бетіндегі бала ұғымына сай таңдалып, тақырыпқа сәйкес сұрыпталып 
берілген мәтіндерден анық байқалады. 
Бар білімге бас болған – «Әліппе» оқулығының қазақ балалары үшін 
құнды еңбек екені белгілі. Биыл туғанына 150 жыл толғалы отырған Ұлт 
ұстазының «Қазақ даласында оқу-ағарту дұрыс жолға қойылсын, ол үшін 
ауыл мектептерінің балалары қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана 
тілінде жүргізілсін»-деген ұлттық сипаттағы пікірі әлі күнге құнын жоймай 
келеді. Биылғы жылды Президентіміз Қ.Тоқаев «Балалар жылы» деп 
белгілеген тұста қазақ балаларының бастауыш сыныптағы білімі Ахаң 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет