0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет216/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

171 
 
айтқандай, тек ана тілінде жүргізілсе және «Әліппе» оқулығын қолға 
ұстаған әрбір жеткіншектің А.Байтұрсынов атамыздың еңбегі екендігін 
біле жүретіндей таныстырылым болса деген өз ұсынысым бар. Басқа тілді 
меңгерудің заман талабына сай екендігі белгілі. Әйтсе де, бастауыш 
сыныпта тек ана тілін ғана меңгергені дұрыс-ақ. Өзінің бүкіл саналы 
ғұмырын қазақ балаларының сауатын ашуға арнаған ұлы ұстаздың есімін 
артында қалған ұрпағы мәңгілікке ұмытпайтыны хақ. 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ 
Омарова Жанна
 
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының 20 ғ-дың басындағы ұлт-азаттық 
қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ 
тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық 
жазудың реформаторы, ағартушы...
А.Байтұрсынұлы газет мақсатына сай оның тіліне де үлкен талап қойған, 
яғни жасанды, араб, парсы сөздері көп келетін тілден бас тартуды көздейді: 
"Аса қадірлі замандасымыз, бас жазушы" мақаласында ол: "... газетті 
қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізге кешу 
өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы тиіс. 
Аспандағанмен жерден алыс кете алмаспыз. Артылдық дегенмен елден алыс 
кете алмаспыз,'" – дейді. "Жұртқа жақын", оның "көзі, құлағы, һәм тілі" 
болатын газет тілі қазақ публицистикасының стильдік белгілерінің 
саралануына, оны жеткізуші тілдік бірліктер жүйесінің қалыптасуына 
қозғаушы күш болды. 
Ұлт тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ 
халқының мүддесін қорғауда білектің күшімен емес, ақыл-ойдың қарымымен 
есе қайтарудың жолын таңдады. Бұл жол ұлттың мүддесін қорғауда ұлттық-
саяси мінберге айналған «Қазақ» газетін өмірге әкелді. 
ІІ. Негізгі бөлім 
1913 жылы 5 қаңтарда Орал облысы Әскери Губернаторы ІІМ Баспасөз 
ісі жөніндегі бас басқарманың апталық «Қазақ» газетін шығаруға рұқсат 
берген бұйрығы Губернатор Генерал-лейтенант Сухомлиновтың қол 
қоюымен 
рұқсат 
қаулысы 
шығады. 
«Бас Басқарманың 1905 жылдың 9 желтоқсанындағы №14508 өкімхатты 
(циркулярный) қаулысына сәйкес... Торғай облысы Қызылшеңгіл болысы 8-і 
ауыл қазағы Мұстафа Ахметұлы Оразаевқа, Торғай уезі Түсіп болысы 5-і 
ауыл қазағы Ахмет Байтұрсыновтың толық жауапкершілігімен және 
редакторлығымен Орынборда апталық «Қазақ» газетін қырғыз (қазақ) тілінде 
шығаруға рұқсат берілгенін хабардар етемін» ... Губернатор Сухомлинов

Қаулыға сәйкес, патшалық үкіметі «Қазақ» газетін 14 бағдарлама бойынша 
шығып тұруға рұқсат берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет