Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев



бет1/2
Дата11.12.2016
өлшемі212,64 Kb.
  1   2
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев



Лауазымы



Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы



31 наурыз 1955 жыл — 29 қаңтар1960 жыл

Ізашары:

Елубай Тайбеков

Ізбасары:

Жұмабек Тәшенов



9-шы ОК Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы



19 қаңтар 1960 жыл — 26 желтоқсан1962 жыл

Ізашары:

Николай Беляев

Ізбасары:

Ысмайыл Юсупов



Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы



26 желтоқсан 1962 жыл — 7 желтоқсан 1964 жыл

Ізашары:

Мәсімхан Бейсебаев

Ізбасары:

Мәсімхан Бейсебаев



11-ші ОК Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы



7 желтоқсан 1964 жыл — 16 желтоқсан 1986 жыл

Ізашары:

Ысмайыл Юсупов

Ізбасары:

Геннадий Колбин

Өмірбаяны

Партиясы:

КОКП






Қайтыс болуы:

22 тамыз 1993
Алматы, Қазақстан

Әкесі:

Меңліахмед Қонаев (1886—1976)

Анасы:

Зухра Баировна Қонаева (1888—1973)

Жұбайы:

Зухра Шариповна Ялымова

өңдеу 

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (19121993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.[1]

Мазмұны

  [жасыру] 



  • 1Өмірбаяны

  • 2Еңбек жолдары

  • 3Игі істері мен жетістіктері

  • 4Марапаттары

  • 5Мақалалары мен кітаптары

  • 6Д.А.Қонаев есімі берілген жерлер

  • 7Галерея

  • 8Қызықты ақпараттар

  • 9Тағы қараңыз

  • 10Дереккөздер

  • 11Сыртқы сілтемелер

Өмірбаяны

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақорыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

Еңбек жолдары


  • 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.

  • 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

  • 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

  • 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

  • 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

  • 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

  • 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

  • 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Игі істері мен жетістіктері

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған РудныйЕкібастұзШевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, СтепногорскТеміртауЖаңатасКентауАрқалық қалалары салынды.

Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.

Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстыңүштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттарыЖезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.



Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, ОралҚарағандыПетропавлШымкентАлматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.


Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу