913 жылы қаңтар Орал облысы Әскери Губернаторы іім баспасөз ісі жөніндегі бас басқарманың апталық «Қазақ» газетін шығаруға рұқсат берген бұйрығы Губернатор Генерал-лейтенант Сухомлиновтың қол қоюымен рұқсат қаулысы шығады



Дата07.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#93222
Байланысты:
Қазақ газеті
ekopredMuldabaev

“Қазақ ” газеті

1913 жылы 5 қаңтар

Орал облысы Әскери Губернаторы ІІМ Баспасөз ісі жөніндегі бас басқарманың апталық «Қазақ» газетін шығаруға рұқсат берген бұйрығы Губернатор Генерал-лейтенант Сухомлиновтың қол қоюымен рұқсат қаулысы шығады.

«Бас Басқарманың 1905 жылдың 9 желтоқсанындағы №14508 өкімхатты (циркулярный) қаулысына сәйкес... Торғай облысы Қызылшеңгіл болысы 8-і ауыл қазағы Мұстафа Ахметұлы Оразаевқа, Торғай уезі Түсіп болысы 5-і ауыл қазағы Ахмет Байтұрсыновтың толық жауапкершілігімен және редакторлығымен Орынборда апталық «Қазақ» газетін қырғыз (қазақ) тілінде шығаруға рұқсат берілгенін хабардар етемін» ... Губернатор Сухомлинов.


«Қазақ» газеті-1913-1918 жылда-ры Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішінеЕуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А. Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы,Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, 
Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
“Қазақ” газеті 1913 жылы шыққан күннен бастап қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жоғын жоқтап , үлкен эстетикалық өреге көтере білді.
“Қазақ” газетінің 1913 жылы шыққан № 43 санында
А. Байтұрсыновтың “Қазақтың бас ақыны” мақаласы шығады.
Мақалада:
“ Сөз жазатын адам әрі жазушы , әрі сыншы боларғы керек. Сөздің шырайлы , ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды , орынды , дәмді болуына сыншылдық керек , мағыналы , маңызды болуына білім керек . Абайда осы үшеуі де болған» деп шеберлік көздерін білгірлікпен айқындайды.
Қазақ халқы Алаш партиясының құрылғанын, ел ішінде және бүкіл Ресейде қандай саяси оқиғалар болып жатқанын «Қазақ» газеті арқылы біліп отырды.
«Съез қаулысы (21-26 шілдеде өткен Бірінші Жалпықазақ съезі – авт.) халыққа мағлұм. Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою әуре болмастан ауызға түсіп тұр. Жалпы қазақ съезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз алдына саяси партия болуын қостайтындар сайлауда кандидат списогін «Алаш» партиясының списогы деп жүргізулері керек» - деп жазды «Қазақ» газеті 1917 жылғы санында.
1913 жылдан бастап Қазақстандағы азаттық қозғалысының «Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңі басталды... «Қазақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, қозғалыстың және болашақ «Алаш» партиясының баспа органы болды.
Қорытынды

\Газет шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” қайғылы сабақтарын ескеріп ішкі ойын жасыру да , шын мақсаттарын бүркемелеу де , айтар сөзін жұмбақтап жеткізу де , “Қазақты” саяси қуғын-сүргіннен құтқара алмады . Газет соңына шам алып түскен патша үкіметінің жергілікті сақшылары “Қазақ” беттерінде жарияланған мақалалардан үнемі заңға қайшы келетін , өмір сүріп тұрған саяси құрылысқа қауіп төндіретін материалдар тауып , газет редакторы Ахмет Байтұрсыновты айыптап , штраф салумен , абақтыға жабумен , газетті жауып тастау қаупімен қорқытумен болды . Иә , осылай патша зорлығынан құдайдың өзі құтқарған “Қазақты” келер жылы большевиктер зорлығынан ешкім де құтқара алмады . Ақыр соңында газет өз жұмысын тоқтатты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Т. Кәкішев
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы : Оқулық.-Астана:Фолиант, 2013.-400 бет.

  • Д. Қамзабекұлы
  • Руханият: (Мақалалар мен зерттеулер).-Алматы:”Білім” ,1997.-272 бет.

  • kk.wikipedia.org/wiki


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет