Ақмола облысы Бұланды ауданы Алтынды ауылы Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі



Дата21.07.2017
өлшемі77,94 Kb.
Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Алтынды ауылы

Тұрсынбек Кәкішев атындағы

Алтынды орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Искакова Майра Саркеновна


Жалаң және жайылма сөйлем

(8- сынып)

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жалаң және жайлыма сөйлемдер туралы тереңірек түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, дұрыс талдай білуге дағдыландыру. Күтілетін нәтиже : Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді, өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды, тапсырмалар орындау жүйесін практикада орындай алады.

Түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Көрнекілік: интербелсенді құрал, слайдтар, семантикалық карта, тапсырмалар, ортақ бағалау парағы.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру :
оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын аудару.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім! – міне, балалар, кемеңгер, ғұлама шайырларымыздың тілі –туған анатіліміз өресі биік қазақ деген атқа әрқашан лайық болайық.

Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызды көтеріңкі көңіл – күймен бастайық. Іске сәт!


Сабақтың жоспары:

І. «Білгенге маржан»; ІІ.Жаңа сабақ;

ІІІ. «Кім жылдам?» ІҮ. «Ойлан, тап»;

Ү. Шығармашылық жұмыс; ҮІ.Сабақты бекіту. Тест жұмысы.

Үш топқа бағалау парақтары таратылады:

І. «Білгенге маржан» (ауызша)

1) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

2) Жай сөйлем дегеніміз не?

3) Жай сөйлемнің түрлері қандай?

4) Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

5) Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары қандай?



ІІЖаңа сабақ

Тақтаға сөйлемдер жазып,сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін

Қар жауды.                                      Қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді.                              Ұшақ биікке көтерілді.
Мұғалім кірді.                                 Мұғалім сыныпқа кірді.
Күн жылынды.                                Күн көктемде жылынады.

- Бірінші қатардағы сөздерде, қандай ерекшелік байқадыңдар?

- Сөйлемдерде тұрлаусыз мүше жоқ.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.

Оқушылар мынадай ережелер шығарады:

1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек.

 -Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.

 Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.

1) Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

2) Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге  айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік.

 Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.

 Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.  114-жаттығуды жазбаша тақтаға орындау.  



ІІІ. «Кім жылдам?»

Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге, жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

 1 топ   Абай отыр. Хамит күндегісінен ерте тұрды.

2 топ Анам келді. Жаңбыр қатты жауып тұр.

3 топ Сыныптастар жиналды. Айжан қыздармен қатты жүгірді.
ІҮ. «Ойлан, тап»

Семантикалық кесте


 №

Жай сөйлем түрлері

Жақты

сөйлем


Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем



Қар жауды        

+




+




2

Арман сүзіле қарады

+







+

3

Маған сабақтан қалуға болмайды  




+




+

4

Үрейден төбе шашы тік тұрды.




+




+

5

Сабақ аяқталды

+




+




6

Мезгілсіз шақырған қораздың басын жұлмақ керек




+




+

7

Сырдың суы ышқынып ағады

+







+

8

Күн суытты

+




+




9

Оның арманы орындалды

+







+

10

Жиенді олай қумас болар




+




+

  Сергіту сәті.


Аутотренинг – өзін - өзі реттеу немесе өзін – өзі сендіру.
Балалар, орындыққа дұрыстап отырып, қолымызды санымызға қоямыз, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстаймыз.
- Мен ыңғайлы орналасамын.
- Ешқайда асықпаймын.
- Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.
- Мен тынышталамын.
- Мен тынышпын, маған өте жақсы.
- Денемнің барлық жері тыныш.
- Қолым босаңсиды.
- Бүкіл денем тыныш.
- Денеме өте жағымды және ыңғайлы, ол дем алады.
- Мен жақсы дем алдым.
- Қолдан, аяқтан бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.
- Басым дем алған және сергек.
- Өзімді жақсы сезінемін.
- Ақырын көзімді ашамын.
 Ү. Шығармашылық жұмыс

Жалаң және жайылма сөйлемдерді қатыстырып «Қыс келбеті» тақырыбына шағын шығарма жаз. Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін оқиды.



ҮІ.Сабақты бекіту. Тест жұмысы.

1. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз.

А) Бір ғана ойды білдіреді, бір интонациямен айтылады;

ә) Екі немесе одан көп жай сөйлемнен тұрады; б) Күрделі ойды білдіреді;

в) Дыбыстардың жазудағы таңбасы; г) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру.



2. Жай сөйлемнің түрлерін атаңыз.

А) Жақты сөйлем; ә) Салалас сөйлем; б) Құрмалас сөйлем;

в) Жай сөйлем; г) Лепті сөйлем.

3. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Марат жүгіріп кетті; ә) Аяғын аспаннан келтіру;

б) Оларға келуге болмайды; в) Жаз; г) Ақ жейделі бала.

4. Жай сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сырын жасырмау; ә) Мен тауда ойнадым; б) Ауылдың малы;

в) Тон пішер; г) Жаздың жайлы күні еді,мен көрші ауылға барғанмын.

5. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Мен кітапханадан қызық кітап алдым; ә) Асқар – инженер; б) Күз;

в) Бала болашақ; г) Еңбекті бағалау.

6. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жаздыгүні; ә) Білім – адамның қанаты; б) Атам келді;

в) Күн қатты ысып кетті; г) Көгілдір түс

7. Бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

А) Қызық кітап; ә) Япыр – ай, Абайжан – ай. Б) Марат, дүкенге баршы;

в) Ол – шындық; г) Табиғатты қорғау, сақтау – біздің парызымыз.

8.Үтір не үшін қойылған, дұрысын белгілеңіз.

Құс қалықтайды, ұшады, сайрайды.

А) Бірыңғай баяндауыш; ә) Құрмалас сөйлем; б) Қаратпа; в) Қыстырма; г) Оқшау сөз.

9. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

ә) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем;

б) Мазмұны толық берілген сөйлем; в) Бастауышы жоқ сөйлем;

г) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем.

10. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді тап.

А) Біз,жастар,еңбекте,оқуда алда болуымыз керек;

ә) Содан бері бір қыс,екі жаз өтті; б) Айқыз ірілеу бір тасқа келіп,отыра кетті;

в) Мүйізінен ұстады да,сол қалпы қатты да қалды; г) Ұжым тамаша табыстарға жетіп



келді.
Жауабы: 1-а; 2-а; 3-б; 4-ә; 5-а; 6-б; 7-г; 8-а; 9-а; 10 –а.

Рефлексия.

Үйге тапсырма беру: 112-жаттығу, қарамен жазылған жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Оқушылардың білімін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0c04
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c04 -> Әжеме қонаққа келдім (киіз үйге) ШҚО облысы, Үржар ауданы
0c04 -> Үш тұҒырлы тіл – заман талабы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет