Сабақ Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.



Дата21.07.2017
өлшемі57.01 Kb.
10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп


Ашық сабақ



Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. (жаттығу жұмысы)

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Конаккалиева А.Н

2016-2017 оқу жылы
Ашық сабақ

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Жаттығу

жұмысы


Мақсаты: а) Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру. Жалаң сөйлемді жайылам сөйлемнен ажырата білуге

                    үйрету.

                 ә) Оқушылардың сөздік қорын, жүйелі де еркін

сөйлеуін,  байланыстырып сөйлеу дағдыларын, шығармашылығын

                    дамыту.

                   б) Сауатты, көрем жазуға тәрбиелеу.



Түрі: Аралас саақ

әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: тірек-сызба, сынау сұрақтары.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

    Балалар, бүгін сабаққа қонақтар келді, амандасайық.

                Үлкенге де сіз,

                 Кішіге де сіз,

                 Сәлем бердік сіздерге,

                 Әдеппенен біз.



«Гүл сыйлау» тренингі

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу.

  Бүгін біз балалар сабақта топпен жұмыс істейміз. І топ: Тұрлаулы

мүшелер, ІІ топ: тұрлаусыз мүшелер, ІІІ топ: жалаң сөйлем.ІҮ.жайылма сөйлем

  ІІІ.Мағынаны тану.

.Барлығынан сұрау.

- Сөйлем мүшелері туралы оқып білдік.

- Сөйлемнің қандай мүшелері бар?

(Тұрлаулы, тұрлаусыз).

Әр топ оздерінің атына сай ережелер айтады

1-топ

Тұрлаулы сөйлем мүшелері ережесін айтады.



 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы не білеміз? (Тұрлаулы мүшелер негізгі ойды білдіреді. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады.)

2- топ.

Тұрлаусыз сөйлем мүшелері ережесін айтады.



(сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін

тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда т.б. сұрақтары қойылады) 

Барлығынан сұрау.

Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

(жай сөйлем және құрмалас сөйлем)

Жай сөйлем дегеніміз не?

(Жай сөйлем бір ғана ойды бiлдiредi. Мысалы: Асан ұзақ ұйықтады. Жай сөйлемдер 7 түрге бөлінеді: атаулы сөйлем, жақты және жақсыз сөйлем,толымды және толымсыз сөйлем, жалаң сөйлем және жайылма сөйлем.)

Біз кандай түрлерін өттік?

(Жалаң және жайылма сөйлемдер)

3- топ.

Жалаң сөйлем ережесін айтады.

(Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз.Боран соқты.)

4- топ.

Жайылма сөйлем ережесін айтады.

(Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді

жайылма сөйлем деп атаймыз.Екі күн қатарынан боран соқты.)

VІ. Жаңа сабақ.

    Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырамыз.». (өткен сабақтың жалғасы)



V. Топпен жұмыс.

    Әр топтағы балалар өз атауларына байланысты сөздер айтып, бірнеше сөйлем құрайды.

    Мысалы: І топ: балалар, ІІ топ: кітапханаға, ІІІ топ:

VІ. Дәптермен жұмыс.

Балалар бәріміз дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазып түзеліп отырайық.

ҮІІ. Оқулықпен жұмыс.

102-ж. Ауызша жат. Мәтінен жалаң сөйлемді табу.1-топ Автор сөзін

оқиды. 2-топ Көкесінің сөзін,3-топ Өсердің сөзін ролге бөліп оқиды.

4- топ. Жалаң сөйлемді табады.



ҮІІІ. Топпен жұмыс. (таратпалар).

1-топ 1.Оқулықтағы жаттығу.

104- жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.



2-топ.

Парақшадағы суреттерді пайдалана отырып, ребус құрастыр.



3-топ.

Берілген суретке карап жалаң және жайылма сөйлемдер кұру.



4- топ.

Салыстыру 106-жат.Ұқсастығы мен айырмашылығын жазу


ХІ. Сергіту сәті.


Х. Дидактикалық ойын. «Вагон сүйреген паровоз»
    Бірнеше (6) сөйлем жазып тақтаның әр жеріне іліп тастаймын.

Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып жазылған сөйлемдерді алып жалаң сөйлем болса, жалаң сөзінің астына, жайылма болса жайылма сөзінің

астына іледі.

ХІ. Сабақты қорытындылау.

«Серпілген сауал» әдісі. (доп лақтыру арқылы сұрақ қою.)

1.Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

2. Жай сөйлем дегеніміз не?

3. Жай сөйлем нешеге бөлінеді?

4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

Мысал құра.

5. Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Мысал құра.



ХІІ. Жұмбақ шешу арқылы сабақты қорыту:

  • Білесіңдер бастауыш пен баяндауыштан тұрамын,

  • Тұрлаусыз мүшемен көркейемін толамын,

  • Айтыңдаршы, қандай

  • Қандай сөйлем боламын?(жалаң және жайылма)



- Сонымен, балалар біз сабақта не туралы өттік?

- Бүгін сабақта не істедік?

- Сабақ сендерге ұнады ма?

ХІІІ. Үйге тапсырма.

105- жаттығу. Ережелерді жаттау.


ХІV. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 10f2
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10f2 -> Қазақ әдебиеті «Атадан қалған асыл мұра» атты бейіналды курсының бағдарламасы
10f2 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Біз қонақ күтеміз»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет