Сабақ: Тұрлаулы мүшелер
|
Мектеп: «Ынтымақ ауылы орта мектебі»КММ
|
Күні:21.11.15ж
|
Мұғалімнің есімі: Нурқа Ұ.Ә
|
Сынып 3А
|
Қатысқандар саны:15
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Тұрлаулы мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұратынын, сөйлемдегі негізгі ойды білдіретіні туралы мәліметтер алады.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Тұрлаулы мүшелерді сөйлем ішінен тауып, бастауыш пен баяндауышты ажырата алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Бастауыш пен баяндауыштарға сұрақ қойып, мысал келтіреді.
|
Кейбір оқушылар:
|
Ережеге сүйеніп, мысал келтіре отырып, ойын еркін жеткізіп, түсіндіреді.
|
Тілдік мақсат:
Алдыңғы оқу
|
Оқушылар: сөйлем құрап, сұрақ қоя алады.
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіреді.
|
Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?
|
Мақалдарды оқып, мәнін білу арқылы еркін сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына түрткі болады.
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Жаттығу жазып, тұрлаулы мүшелерді тауып астын сызады.
|
Бастауыш пен баяндауыш сұрақтары мен мысал келтіріп айтады.
|
|
|
Жоспар:
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы
Психологиялық
ахуал
Үй тапсырмасы
|
Топтастыру. «Мозайка» әдісі
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық бәріміз.
Арайлап атқан күнге.
58-ж Бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен жасалғандарды бірінші бағанға, бастауышы зат есімнен, баяндауышы етістіктен жасалғандарын екінші бағанға орналастыр.
Қарбыз-көкөніс. Әнші қыз келді.
Аян-биші. Күн қызарып батты.
Бөдене жақынға ұшады.
|
Жұптар бірін-бірі тексеріп,
ұпай береді.
|
суреттер
|
Ортасы
Ой қозғау стратегиясы
Мазмұнды сызбамен
жұмыс
«Айналмалы бекет» әдісі
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
«Түртіп алу» әдісі
|
Суретпен жұмыс. Сөйлем құра.
Бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
Бастауыш пен баяндауыштардан басқа сөздер қолданылады.
Бірінші сөйлем нені білдіріп тұр?
Қандай сөйлем мүшелерінен тұрады?
Ереже жазу
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш Баяндауыш
кім? кімдер? не істеді? неғылды?
не? нелер? қайтті?
кімі? несі?
Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.
Ι-топ: Мектепте асхана бар.
ΙΙ-топ: Аспазшы тамақты дәмді пісіреді.
ΙΙΙ-топ: Балалар үзілісте асханаға келді.
• Тұрлаулы мүшелерді тап.
• Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп
көр.
Тақтамен жұмыс. Күн ретін жаздыру.
62-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Мәтінге ат қой.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.
Өтірік өлеңдер.
Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Мақалдың мәнін түсіндір.
Ι-топ: 1. Басыңа іс түссе жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.
ΙΙ-топ: 2. Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі.
ΙΙΙ-топ: 3. Жаман жолдас жолда қалдырады.
|
Шапалақ феирвегі
Жест арқылы
Смайликтер
Бағалау парағы
|
Суреттер
Ватман, маркер
Қима қағаздар
Флипчарт
|
Аяқталуы
«Сұрақтар бұрқасыны» әдісі
Үй тапсырмасы
Рефлексия
|
Қорытынды
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беру.
64ж 77 бет
«Қуаныш, таңырқау, уайым» сөздеріне байланысты стикерлерге сабақ барысындағы ойларын жазады.
|
смайликтер
|
стикерлер
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс
|
Оқушылар тапсырмада сөйлемдегі сөздердің орындары ауысып, ретсіз қойылғандағын сыни ойлана отырып, дұрыс ретімен орналастырады.
|
Топ бақылаушылары бағалау парағына ұпай санын белгілеп қорытынды бағасын шығарады. Үй тапсырмасында оқушылар дәптердегі жұмыстарын алмастырып бірін-бірі бағалайды. Сабақта өзін-өзі көрсетіп белсенділік танытып отырған оқушылар смайликтен алып отырады.
|
АКТ –ны пайдалануда интербелсенді тақтада флипчарттан оқушылар сөйлемнің дұрыс ретін жылжыту арқылы тапсырма орындайды.
|
Рефлексия Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақ нәтижесін көрсете білді. Нәтижесінде оқушылар тұрлаулы мүшелерді сөйлем ішінен тауып, бастауыш пен баяндауышты ажырата алды. Оқушылар тұрлаулы мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұратынын, сөйлемдегі негізгі ойды білдіретінін білді. Сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасты, топ ережесін ұстанғандығы байқалды. Топтық жұмыста ұйымдасып, белсенділік танытты. Жоспарлаған тапсырмалардың тиімділігі оқушылар тапсырманың барлығын аяғына дейін қызығушылықпен орындады. Қорытынды баға шығару кезінде уақыт жетпей қалды.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?
Сабақта оқушылардың белсенділігі жоғары болды. «Сұрақтар бұрқасыны» әдісінде оқушылар сұрақтарды ортаға лақтырып, сұрақтарды ашып, бір-бірлеп жауап айтып шығады.
Интербелсенді тақтадан оқушылар өздері сөйлемдердің ретін көрсетіп, тақтаның қаламымен жылжытып, тұрлаулы мүшелердің астын сызады.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сыни ойлану, тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, тапсырмалар ұйымдастыру.
|