«Тіл-ұлы байлық» атты ашық шара Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі126,25 Kb.
«Тіл-ұлы байлық» атты ашық шара

Мақсаты: балабақшадағы қазақ және басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

Жүру барысы:

Жүргізуші:

О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.

Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.
Армысыздар, құрметті көрермендер !

Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

Бүгінгі «Тіл-ұлы байлық» атты ашық шарамызға қош келдіңіздер!

Ендеше «Тіл-ұлы байлық» атты ашық шарамызға бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

-Балалар, біз сендермен бірге қай елде тұрамыз?


  • Қазақстанда.

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз сендермен бірге Еуразияның орталығы – Қазақстанда тұрамыз. Міне, біздің ел – Үш тілдің патшалығы болып табылады. Бұл бейбітшілік пен достықтың сиқырлы елі.

Мы с вами живем в центре Евразии - Казахстане. Это и есть Королевство трех языков. Это волшебная страна мира и дружбы.

Біздің патшалықта мынадай бұйрық жарыққа шықты:

В нашем королевстве вышел такой приказ, послушаем:

Тілмаш: «Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Кішкентайлардан бастап үлкендерге дейін, қалалар мен ауылдарда үш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) сөйлеуді үйренетін болыңдар!».

Тілмаш: «Всем!Всем!Всем! От мала до велика, в городах и селах научиться разговаривать на трех языках (казахском, английском, русском)».

Тілмаш: «To everybody! The young and the old in the cities and villages should learn three languages-Kazakh, English, Russian!»



Жүргізуші: Ендеше, балалар, ортаға сол Үш тіл патшалығының Патшайымын шақырайық. Тогда пригласим Королеву королевства трех языков. ( Патшайым ортаға шығады).
Патшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сонау Астана қаласынан еліміздің мұнайлы мекені Құлсарыға ат басын тіредім. Патшалығымыздың ішінен сіздің балабақша тіл үйренуде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген алғашқылардың бірі болып табылады. Менің сендерге тапсырма беру арқылы сендердің білімдеріңді тексеріп көремін.
Жүргізуші:Патшайым, балабақшамыздың бүлдіршіндері үш тілге деген құрметтерін өз өнерлері арқылы көрсетуге дайын. Ендеше, құрметті көрермендер, балалардың тілге деген құрметтерін бәріміз бірге тамашалайық!

1.«Балалар cәлемі». Балалар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) мәнерлеп өлең оқиды.

Амина:

Ақыл ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Әбілмансұр:

Ана тілім –тірлігімнің айғағы,

Ана тіл-деп талдағы құстар сайрады.

Мөлдір:

Ана-тілім елім,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған шамым.

Нұрдаулет:

Наш Казахстан-наш край родной

Живем мы здесь большой семьей

Здесь есть родные и друзья,

Учителя-дают нам знанья!

Айкөркем:

Я-казах, в степи рождён,

Знойным солнцем ополен.

Встречаю новую зарю,

Как беркут, гордый, ополен.

Под щедрым солнцем, золотым,

Под ясным небом голубым.

Мой флаг и герб себя вобрали,

Весь мир степной родные дали.

Батырбек:Өсірген ой-білімді Сүйем туған тілімді Мақсат етем әр сөздің, Мәнін терең білуді. Нұрғиса:We learned our ABC's
And counting 1, 2, 3's.
And now we know all these,
The kindergarten class.
Жүргізуші: Әр адам өз халқын, өз Отанын, өз мемлекетін құрметтеуге, мақтаныш тұтуға міндетті. Оны сезінуге мемлекеттік рәміздер көмектеседі. Рәміздер – бір мемлекетті басқа мемлекеттен айырып тұратын белгілер. Ал осы үш тіл патшалығының рәміздері жайлы не білесіңдер? Экранда не бейнеленген? Кім сипаттап береді?

Айкөркем

Бұл - ҚР мемлекеттік туы. Тудың түсі аспан түстес көгілдір. Туда күн, қыран, ою бейнеленген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасында бейнеленген күн-өмір сүрудің белгісі. Қыран құс - егемендіктің белгісі. Ою-өрнек - қазақ халқының мәдениетінің көрінісі. Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков.



Нұрдаулет

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Әнұранның мәтіні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері, салтанатты жиындар Әнұранның орындалуымен ашылады.



Әнұран айтылады.

Би: «Қазақ биі».

Патшайым: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге үлкен сыйлық әкелдім. Ол-«білім кілті». Қане, білім кілті салынған қорабымды беріп жіберші.
Жүргізуші: Ойбай Патшайым, кілт орнында жоқ, білім кілті жоғалды. Бұл кімнің ісі екен?
Патшайым: Бұл кілтті ұрлаған кім екенін ішім сезіп тұр ғой деймін. Жақында жалмауыз кемпірдің елді бір дүрліктіріп жүргендігін естігенмін. Түбі бізге жеткен ғой!

Жүргізуші: Патшайым Жалмауыз кемпір келе жатыр.

Жалмауыз кемпір: «Патшайым және балалар! Сендердің жоғалған кілттерің менде. «Білім кілтін» алып, одан әрі білімдеріңді шыңдайын деп отырсыңдар ғой, бірақ бұлай болмайды. Мен ол кілтті сендерге ешқашан бермеймін. Ж-о-о-о-қ! Егер сендер өте білімді, үш тілге жетік болсаңдар сендерді уысыма қалай түсірем? Сендер менен қашып, шетелге асып кетесіңдер ғой! Мен болашақта балалардың білімді болғандарын қаламаймын. Ал, ендеше, батылдарың жетсе алып көріңдер!» - деп мысқылдап күледі (ха-ха-ха) де қашып кетеді.

Патшайым: Қорықпаңдар, балалар! Бұл кедергіден құтылудың амалын табуға болады. «Білім кілтінің» екінің бірі біле бермейтін қасиеті бар. Бұл кілт кім білімді, соның қолына өзі еш кедергісіз келетін болады. Бұған жалмауыз кемпір де кедергі бола алмайды.

Жүргізуші: Ендеше, «Білім кілтін» жалмауыздың қолынан алу үшін үш тілді үйренуді жалғастырайық! Балалар, «Мақал-сөздің көркі» дегендей, осы үш тілде мақал-мәтел білесіңдер ме?

«Мақал – сөздің көркі». Балалар мағыналас мақал-мәтелдерді үш тілде айтулары керек.

1. Ештен кеш жақсы. Айкөркем

Лучше поздно, чем никогда.

Better late, than never.


2.Денсаулық – зор байлық. Жандарбек

Здоровье – дороже денег.

Good health is above wealth.
3.Білімі саяздың адымы тар.

Незнание приносит вред.

Little knowledge is dangerous thing. Дана
«Ұйқас тауып, тіл үйрен!». Жүргізуші: Ал, балалар, енді мына сөздерге қазақша-орысша ұйқас тауып көріңдерші!

Үйірме – кружок, Секіру – прыжок.


Бала – мальчик,

Саусақ – пальчик.

Сладкий – тәтті,

Твёрдый – қатты.

Мальчик – boy,

Ойыншық – toy.


Красный – red,

Плохой – bad.



Жүргізуші: Енді мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша және ағылшынша айтып бересіңдер. Жарай ма?!

1. Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар. (сағат-часы-clock)

2. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun)

3. Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. (сабын-мыло-soup)

4. Зверь я горбатый

А нравлюсь ребятам. ( верблюд-түйе-camel)

5. Голодная- мычит,

Сытая- жует,..

Всем ребятам

Молоко дает. (корова-сиыр-cow)

6. Сто одежек,

Все без застежек. (капуста-қырыққабат- cabbage)

«Өнерлі өрге жүзер». Балалар қазақ, орыс, ағылшын ұлттарының ұлттық тағамдарын таныстырып көрсетеді.

Қазақ, орыс, ағылшын ұлттық тағамдарын көрсету.



Балаларымыздың орындауында топпен би «Жаса Қазақстан» қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Патшайым, қораптың ішінде бір нәрсе жылт-жылт етеді. Кәне, ашып көрейікші! Ой, Патшайым, қорап ішінде «Білім кілті» тұр. «Білім кілті» жалмауыз кемпірдің қолынан қалай келген?

Патшайым: Міне, балалар, мен сендерге айтып едім ғой, «Білім кілті» білімдінің қолына өзі-ақ келеді деп. «Білім кілті» сендерді адаспай тапқан екен.(Жалмауыз кемпір есік соғады).

Жүргізуші: Біреу есік қағып тұрған сияқты, есікті ашайын! М-м-м, жалмауыз кемпір, сізді мұнда кім шақырып еді? Балаларға тағы да қиянат жасамақшысыз ба?

Жалмауыз кемпір: Жоқ, менің балалар мен патшайымға айтар сөзім бар. Балалар, сендер үш тілге де жүйрік екенсіңдер ғой. Сондықтан «Білім кілті» менің қолымда ұзақ тұра алмады. Мен кілтті бекер ұрлап алған екенмін. Ай, ақымақ басым-ай! Сендерден және патшайымнан мың рет кешірім сұраймын. Балалардың үш тілге жетік екеніне көзім жетті. Енді мұндай жамандық жасамаймын. Мені кешіресіз бе, патшайым?

Патшайым: Алдымен, мұны балалардан сұрайық. Балалар, жалмауыз кемпірді кешіресіңдер ме?

Балалар: Иә, кешіреміз!

Патшайым: Балалар кешірсе, мен де кешіремін сені. Тек енді адамдарға ешқашан жамандық жасамаймын деп уәде бер!

Жалмауыз кемпір: Иә, патшайым, иә, балалар, мен енді ешкімге қиянат жасамаймын. Мен елімізде бейбітшілік пен білімді ұрпақ көп болсын деп тілеймін! Сау болыңдар, балалар!

Патшайым: Міне, балалар, енді «Білім кілті» сендердікі! Осы кілттің атына сай білімді де тілге жүйрік болыңдар! Әлі де алатын асуларыңыз алда. Сол асулардан сүрінбей өтіңдер дегім келеді.

Жүргізуші: Рахмет, патшайым, айтқаныңыз келсін! Ендеше,

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер,- дегендей,бүлдіршіндердің дайындаған өнерлерін тамашаладық.

Осымен «Тіл-ұлы байлық» атты кешіміз аяқталды. Барлық қатысушы бүлдіршіндерге үлкен рахметімізді айтамыз. Благодарим всех детей за участие!



«Елбасы-ел тірегі» атты ашық шара

Мақсаты: Балаларға слайд арқылы Президент туралы мәлімет беру.Сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Патриоттық сезімдерін оятып,мемлекеттік рәміздерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларға Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру. Елбасыны құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз қандай мерекені тойлағалы отырмыз? Балалар: Балалар 1-ші желтоқсан- тұңғыш Президент күні. Тәрбиеші: Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? Балалар: Қазақстан Республикасында. Тәрбиеші: Балалар біздің ұлтымыз қандай? Балалар: Ұлтымыз қазақ.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар бүгін біз 1-ші желтоқсан- тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз.

Қазақстан Республиқасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті. Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбекқор ақыл- парасатымен үздік оқу орындарын бітіріп, 1991 жылы Қазақстан Республиқасының Президенті болып сайланды. Қазақстан Республиқасына адал қызмет етіп жүрген елбасы.



Тәрбиеші: Ән: «Нұр аға»

Тәрбиеші: Ортаға балаларды тақпақтарымен қарсы алыңыздар.

Нұрдаулет:

Наш Казахстан-наш край родной

Живем мы здесь большой семьей

Здесь есть родные и друзья,

Учителя-дают нам знанья!
Батырбек:

Талқысымен тайталасқан тың күші,

Туын тікті бостандықтың-құнды ісі.

Тумысынан парасатты Президент,

Тәңір берген Тәуелсіздік тұңғышы.
Мөлдір:

Люблю я небо,солнце золотое

И гордую красавицу луну.

Люблю я все что связано с тобою,

Люблю я родину свою.

Айым:

Емірентті еркін сезім шақтары,

Елжіретті қазағымды бақ таңы.

Елін сүйген,елі сүйген елбасы,

Егеменді Қазақстанның мақтаны.
Айкөркем:

Я-казах, в степи рождён,

Знойным солнцем ополен.

Встречаю новую зарю,

Как беркут, гордый, ополен.

Под щедрым солнцем, золотым,

Под ясным небом голубым.

Мой флаг и герб себя вобрали,

Весь мир степной родные дали.
Жүргізуші: Әр адам өз халқын, өз Отанын, өз мемлекетін құрметтеуге, мақтаныш тұтуға міндетті. Оны сезінуге мемлекеттік рәміздер көмектеседі. Рәміздер – бір мемлекетті басқа мемлекеттен айырып тұратын белгілер. Ал осы рәміздері жайлы не білесіңдер? Экранда не бейнеленген? Кім сипаттап береді?

Айкөркем

Бұл - ҚР мемлекеттік туы. Тудың түсі аспан түстес көгілдір. Туда күн, қыран, ою бейнеленген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасында бейнеленген күн-өмір сүрудің белгісі. Қыран құс - егемендіктің белгісі. Ою-өрнек - қазақ халқының мәдениетінің көрінісі. Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков.



Нұрдаулет

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Әнұранның мәтіні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.



Тәрбиеші: Ортада топ балаларының Елбасының балалық шағындағы көрінісін тамашалаңыздар

Балалардың көрінісі:
Тәрбиеші: Ән «Туған жер»
Тәрбиеші: Ортада топ балаларының тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Нұрғиса:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы.

Назерке:

Пусть будет мир на всей земле

Пусть будет мир всегда

Чтоб нам расти

Для славных дел

Для мира и труда



Жандарбек:

Елбасы елді қорғайды.

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Медина:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз



Шешімдері болмайды.

Тәрбиеші: Би: «Қазақ биі».

Тәрбиеші: Осымен ашық шарамыз аяқталды. Барлық қатысушы бүлдіршіндерге үлкен рахметімізді айтамыз. Благодарим всех детей за участие!
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу