Мен, Исатай Әзімұлы Құлманбетов, 1947 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында колхозшылар отбасында дүниеге келдім



Дата20.06.2018
өлшемі18,76 Kb.
Мен, Исатай Әзімұлы Құлманбетов, 1947 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында колхозшылар отбасында дүниеге келдім. 1966 жылы мен Аса орта мектебін бітіріп, Алматы мемлекеттік медицина институының стоматология факультетіне түстім. Оны 1971 жылы қызыл дипломға бітіріп, дәрігер-стоматолог мамандығын алдым. Институтты бітірген соң Жамбыл облыстық стоматология емханасына жолдама алдым.

1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматология бойынша клиникалық ординатурасын тәмамдап, 1977 жылы осы орнының аспирантурасына түсіп, кандидаттық диссертация қорғадым. 1980 жылдан осы уақытқа дейін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина институтының оқытушысы, доценті, профессоры болып қызмет атқарып келемін.

Университет қабырғасында емдеу, оқыту және ғылыми жұмыстарын өзара ойдағыдай ұштастырып жүргізгенім үшін Денсаулық сақтау министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталдым. Сонымен бірге «ҚР Стоматологияның білімін, ғылымын және тәжірибесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Стоматологиядағы ерен еңбегі үшін» алтын белгісімен марапатталдым.

Ғылыми, ғылыми-көпшіліктік тақырыпқа арналған 170-тен астам мақала жарық көрді. 1991 жылы Қазақстандық стоматологияны дамыту үшін жазылған «Стоматологиялық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» баспадан шықты. Содан бері 4 сөздік, 1 оқулық, 6 оқу құралы (2-і электрондық оқу құралы) күнделікті педагогикалық практикада оқу процесінде қолданып келеді. Өнертапқыштыққа берілген 5 куәлік және патент бар. Студент кезімнен қоғам жұмысына араласып, комсомол бюросының, Партия комитетінің мүшесі болдым. Кезінде стоматология факультеті компартия бюросының секретары да болғам. Қазіргі таңда С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Нұр Отан» бастауыш партиясының төрағасымын. Университеттегі ақсақалдар алқасының хатшысымын. Ректоратта 4 жыл бойы мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқардым. Елімізде тұңғыш шыққан «Стоматология мәселелері» ғылыми-практикалық журналының редактор орынбасары болдым (1989-2002). Қазіргі кезде «Концепт.kz» кәсіби стоматологиялық журналының ғылыми редакторымын.

Жұбайым – Қарлығаш Омарияқызы зейнеткер. Ұлым Руслан – біздің университетте сабақ береді. Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, ортодонт. Келінім Ақбота – «Денсаулық» республикалық ғылыми-көпшілік журналының көркемдеуші редакторы. Үш немерем бар.

Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор



kulmanbetov.i@kaznmu.kz

жоғары


Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация тақырыбы: «Влияние света гелий-неонового лазера на развитие экспериментального пародонтоза на фоне аллоксанового диабета».- 20.03.1984ж.

Ғылыми басылым – 160 мақала
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет