«Эндодонтия» - Элективті курс
- Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулі
Пән - Эндодонтия - мамандық - 051302 «стоматология»
- Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулі
- Курс - үшінші.
- Семестр – бесінші.
пәні- эндодонтия - Оқу сағаттарының көлемі – 36 сағат
- Дәрістер – қарастырылмаған
- Практикалық сабақтар – 24 сағат
- Студенттердің өзіндік жұмысы – 12 сағат
- Бақылау түрі: емтихан
Эндодонтия - Эндодонтия – стоматологиялық бағытта маманды дайындау барысындағы басты оқу пәні - терапиялық стоматологияның клиникаға кіріспе курс бөлімі болып табылады.
Пәннің мақсаты: - Студенттерде тіс қуысының топографиясы және құрылысы, жаңа эндодонттық жабдықтар мен инструменттер, ұлпа және периодонт қабынуларын эндодонттық емдеу этаптары мен қағидалары, түбір өзектерін обтурациялайтын пломбылық материалдар мен жүйелерді таңдай білу және дайындау технологиялары бойынша сұрақтарға заманауи деңгейде жауаптарды қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері: - Дәрігер-стоматологты дайындау барысында эндодонтия курсының алатын орны туралы түініктерді қалыптастыру
Оқытудың міндеттері (2): - Эндодонттық аспаптар және жабдықтар туралы, эндодонттық емдеу этаптарында кездесетін техникалық қауіпсіздік туралы мәлімет беру
Оқытудың міндеттері (3): - Әртүрлі анатомиялық топтағы тістердің анатомиялық-топографиялық ерекшеліктерін және тіс қуысы құрылысының жалпы заңдылықтарын үйрету
Оқытудың міндеттері (4): - Эндодонттық емдеу техникасы, этаптары және қағидалары туралы түсінік беру
Оқытудың міндеттері (5): - Түбір өзектерін уақытша және тұрақты обтурациялауға арналған пломбылық материалдар мен жүйелердің түрлерін, құрамын және қасиеттерін, қолдану көрсеткіштерін, пломбылау тәсілдерін үйрету
Пәннің қысқаша мазмұны: - Тіс қуысын өңдеудің негізгі ережелері. Тіс қуысын және түбір өзегін тесу және ашу тәсілдері. Жоғарғы және төменгі жақ сүйегінде орналасқан күрек, сүйір, кіші азу, үлкен азу тістердің қуысына біріншілік эндодонттық жолды ашу тәсілі.
Пәннің қысқаша мазмұны(2): - Эндодонттық аспаптар. Түбір өзектерін өңдеу әдістері (аспаптық, физикалық, химиялық). Силерлер, филерлер. Әртүрлі пломбылық материалдармен түбір өзектерін пломбылау тәсілдері.
-
Пәннің қысқаша мазмұны (3): - Түбір өзектерін толтыруға арналған материялдар: қатаятын, қатаймайтын, штифтер. Альфа және бета фазадағы гуттаперчаны қолданып түбір өзектерін обтурациялау тәсілдері.
Пререквизиттер: - химия,
- биология және генетика,
- медициналық биофизика,
- анатомия,
- гистология,
- қалыпты физиология.
-
Постреквизиттері: - Эндодонтия» элективті курсы терапиялық стоматологияны және балалар стоматологиясын әрі қарай тереңдете игеру үшін негізгі діңгек болып табылады.
Оқыту және сабақ беру әдістері: - Дәріс оқу -қарастырылмаған.
- Тәжірибелік сабақтың өткізілуі:
- Сұрау, аз топтармен жұмыс істеу, тест түріндегі тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығару, фантомды блоктарда жұмыс істеу, өзіндік жұмыс нәтижелерін талқылау, қортынды шығару
СӨЖ ұйымдастыру түрлері: - СӨЖ-дегі сұрақтарды білу үшін әдебиеттермен жұмыс істеу керек;
- рефераттарды, презентацияларды, кестелерді, микрокестелерді, схемаларды, көрнекті жабдықтарды дайындау
Оқушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістер: - сұрау,
- блиц-сұрақтар,
- тестілеу,
- Ситуациялық есептерді шешу,
- Мүсіндеу, сурет салу, фантомды блоктарда жұмыс істеуін қарап мануальды дағдыларын бағалау.
Оқытушылар туралы мәлімет: -
- 1. Баяхметова Алия Алдашевна - Профессор, м.ғ.д., модульдің жетекшісі
- 2. Баскакова Ирина Валентиновна – Доцент, м.ғ.к.
- 3. Кунанбаева Тамара Сулейменовна – Доцент, м.ғ.к.
- 4. Сагатбаева Анар Джамбуловна – Доцент, м.ғ.к.
- 5. Смагулова Ельмира Ниязовна - Доцент, м.ғ.к.
- 6. Мангытаева Батима Бекдаировна – Ассистент
- 7. Уразбаева Бахыт Мырзашевна – Ассистент
- 8. Долгих Валерия Робертовна – стажер-преподаватель
Байланыс ақпарат: - Кафедраның орналасқан жері: Алматы қ., Толе би көш, 92; оқу корпусі №3 ҚазҰМУ, 3 этаж.
- Телефон: 292-50-25 (ішкі. 208)
- Кафедраның электронды адресі: ter.stomkaznmu@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |