Сәтбаев қаласының №15 жалпа орта білім беретін мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Елғазы Нұрай



Дата17.01.2020
өлшемі16,94 Kb.
#56049
Байланысты:
Ұлы көшбасшының- ұлы жолы Е.Н.

Сәтбаев қаласының

15 жалпа орта білім



беретін мектебінің

9 «А» сынып оқушысы

Елғазы Нұрай

Ұлы көшбасшының- ұлы жолы

«Өрісті жол- елге жеткізер, өзен, су- көлге жеткізер, соқпақ жолға жеткізер, жол молға жеткізер»- деп даңа халқымыз тауып айтқан. Екісінің бірі айыр көмей абыз, күміс көмей шешен халық «Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді» деген емес пе еді.

1991 жылдың 1 желтоқсаны тарихтың шежіре кітабіна тіркелетін халқымыздың бірлігі сынға түскен шақ, ел тарихындағы, ерекше күн болатын. Басы бірікпеген елдің мұратына жеткен жоқ. Осы күні сайлаушылардың бірауыздылығымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Бұл ел халқының алдындағы Н.Назарбаевтың беделінің жоғары екендігін көрсетіп берді.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамзат баласына бір емес, бірнеше  жаһандық жоба ұсынған және оның жүзеге асуына тікелей ықпал еткен тарихи тұлға. Ашуды ақылға жеңгізіп, күмән мен күдікті үмітке ұластыра білетін бітімгер басшы төрткүл дүниені мәмілегерлігімен, бастамашылдығымен, бейбітқұмарлығымен тәнті етіп, ауызына қаратып келеді. Бұған Елбасының халықаралық жиындардың биік мінберлерінен жасаған мәлімдемелері мен жаһан жұрты жұмылып жүзеге асырып жатқан жарқын жобалары дәлел.

Нұрсұлтан Назарбаев тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде егеменді елдің зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі негізін қалап қана қоймай, жас мемлекетті халықаралық қоғамдас­тықтың белді мүшесіне айналдырды. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қайта құрып, БҰҰ мен Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосты. Елде саяси бірлік пен қоғамдық келісім орнатып, мемлекеттігіміздің мызғымастығына кепіл болды. Демократиялық бастамаларды нығайтып, дамудың дара даңғылын қалыптастырды. Аймақтық, жаһандық мәселердің шешілуіне белсенді атсалысып, халықаралық жағдайды реттеу мақсатында жаһан жұртына тың идеялар ұсынды. Халықаралық деңгейде Қазақстанды қарусыздану және жаппай қырып жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы, аймақтық және аймақаралық интеграциялық үдерістердің бастамашысы, мәдениет, дін сонымен қатар өркениеттер арасындағы пікіралмасудың модераторы ретінде танытты.

Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мемлекетімізді өзге елдер жүз жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістіктерге ширек ғасырда жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен бірлікті насихаттай отырып, қазақ елін әлем танитын, құрметтейтін және пікірімен санасатын тәуелсіз мемлекетке айналдырды.

Президент сыртқы саясатты сәтті жүргізіп, 3 мыңнан астам халықаралық шарттың рәсімделуіне және әлемнің барлық мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұйытқы болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның экономикалық қуатын арттыру үшін сыртқы әлеммен сауда-экономикалық һәм инвестициялық байланыс жасауға басымдық берді. Ал елдің берекесі мен бірлігін сақтап, өзара сыйластық пен келісім орнату үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы атты ұлтаралық татулықтың бірегей институтын құрды. Мемлекет басшысының осы бастамасы Қазақстанды халықтар достығының мекеніне айналдырды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясат сахнасындағы бейбіт бастамасы дүниені дүр сілкіндірді. Қазақтан жаппай қырып-жою қаруынан дүниежүзі бойынша бірінші болып бас тартты. Елбасы 1991 жылдың 29  тамызында  Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойып, Қазақстан тарихына ғана емес, адамзат тарихына  өзгеріс енгізді. Соның айқын айғағы деп білерсіз, БҰҰ бұл күнді ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні деп жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев  ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, жаһан жұртын қарусыздануға шақырды. Президент қуаты жағынан әлемдегі төртінші қарудан біржола құтылу арқылы  әлемнің жетекші ядролық державаларынан халықаралық қауіпсіздік кепілдігін алды. 2010 жылғы сәуірде Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит барысында АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты «халық­аралық ядролық қаруды таратпау үдерісінің көшбасшысы» деп атады. Қазақстан атомды бейбіт мақсатқа пайда­лануға көшті. Осы үшін Үлбі металлургия зауытының жанынан төмен байытылған уран банкін ашты. Айта кетейік, ядролық отынның халықаралық банкін құру бастамасы осыдан 10 жыл бұрын көтерілді. 2009 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев ел аумағында төмен байытылған уран банкін орналастыру мүмкіндігін қарастыра алатынын мәлімдеді. Арада 2 жыл өткен соң Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) уран банкі орналасатын мемлекетке қойылатын негізгі талаптарды бекітті. Оны ұйымға мүше мемлекеттерге жолдады. Дәл осы жылы уран банкі орналасатын мемлекетті анықтау үшін тендер жарияланды. Сонда Қазақстан жеңімпаз боп шықты. Қазақстан Президентінің қарусыздану идеясы бір емес, бірнеше рет халықаралық жиындарда талқы таразысына салынып, нәтижесінде «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі деген атпен БҰҰ-ның ядролық қауіпсіздік жөніндегі бас құжатына айналды. Ал Нұрсұлтан Назарбаев адамзат тарихына бүкіләлемдік ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы ретінде енді. Күні бүгінге дейін бірде-бір мемлекеттің басшы мұндай мәртебеге қол жеткізген емес.



100- ден астам мемлекет қатысқан Қазақ жеріндегі айтулы шараның бірі Астана қаласында өткен жаһандық ауқымдағы оқиға«ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесі әлемдік қоғамдастықтың назарын өзіне аударып, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастырудың үлгісі болды. ЭКСПО аясында қазіргі заманғы энергетикалық саясаттың басымдылықтары жөнінде жаһандық диалог ұйымдастырылып, энергетика және экология саласындағы заманауи проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар әзірленді.Әрине, мұның бәрі қазақстандық жолдың іргетасын қалаған, мемлекетіміздің табысты дамуына жол ашқан, тәуелсіздік тағылымын ту еткен Елбасының ерен еңбегі.

2015 жылғы халыққа Жолдауында Н.Назарбаев: «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», – десе, өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты», – деді.

Рас, елімен етене Елбасының білім мен ғылым саласына деген қамқорлығы ананың баласына деген сезімі сияқты ерекше.



Қазақстан Тәуелсіздігін алғаш танып, құттықтаған мемлекеттің өкілі ретінде Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігі мен бағындырған шыңдарына сүйсіне қараймыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында жері үлкен, жүрегі кең Қазақстан халқы бұдан да биік жетістікке жетеріне сенеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет