Үй тапсырмасы. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі.
Сұрақ – жауап:
1. Ән адамның көңіл күйінің көлеңкесі дегенді қалау түсінесіңдер?
2. Әннің адам өмірінен алатын орнын ақын қалай суреттейді?
3. Баһра деген сөз қандай мағына береді?
4. Ән адамның ойлау қабілетіне, сезім күйіне әсері орындауышға байланысты екенін ақын қай шумақтар мен жолдар арқылы білдіреді?
Қара сөздер туралы түсінік
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу: