Жалғасын тап: Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер ) Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме ) Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің ) Еңбегіне қарай — құрмет



Дата01.10.2023
өлшемі19,45 Kb.
#183231
Байланысты:
Қорытынды бөлім



Қорытынды бөлім



Жалғасын тап:

Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )


Еңбек етпей елге өкпелеме, …
( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, …
( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, …
( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның …
( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, …
( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, …
( өнерге бастан )
Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет?


Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?

— Даладан келдім кең жатқан.


Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.


Сергіту сәті « Дұрыс па, бұрыс па?»

Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.


Қойшы балаларды оқытып жүр.


Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Балалар, қазір біз топтық жұмысқа көшеміз.
Шығармашылық тапсырма:

1 топ: еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.


2-топ:« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.
3-топ: Ой еңбегі мен дене еңбегін ажырату.
Қорытынды:

Топтастыру. Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.


Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.



Мақалдардың жалғасын табады

Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді.


Рөлдерге бөлініп көрініс көрсетеді

Сергіту сәтін қызығушылықпен орындайды


Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.


Топтастыру әдісі бойынша «еңбектің пайдасы» деген сөзге ойларын жазады

А 4 беттеріне


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет