Сабақтың тақырыбы Жай және құрмалас сөйлем Сабақтың мақсаттары



Дата29.12.2021
өлшемі19,04 Kb.
#106267
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ тілі
Қазақ тілі, Философия




Күні:

Қазақ тілі. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы

Жай және құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаттары

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, талдай білуге баулу, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету, сөйлем туралы өткенді пысықтау;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  1. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын білу.

  2. Топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптастыру.

  3. Өз ойларын еркін айта білуі.

Жетістік критерийлері

Сөйлем, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер туралы түсініктерін байытады, оқу – жазу дағдылары қалыптасады, оқуға деген құштарлықтары артады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


«Мозайка» әдісі бойынша оқу-құралдары арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөлу, психологиялық ахуал қалыптастыру, топ басшыларын сайлау, алтын ережені еске түсіру, бағалау критерийлерімен таныстыру




Сабақтың барысы:

Оқулықпен жұмыс.

Тақтамен жұмыс


«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ-жауап

І топ –Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІ топ –Жай сөйлем дегеніміз не?

ІІІ топ – Жалаң сөйлем дегеніміз не?

ІV топ – Жайылма сөйлем дегеніміз не? т.б.

Дескриптор

1.Ережені біледі.

2.Сөйлем құрап, талдай алады.
Жаңа сабаққа тұсау кесер:

1-жаттығу. Екі бағандағы берілген сөйлемдерді оқып, оларды салыстыру. Сөйлемдердің бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін табу. Сөйлемдерді көшіріп, бастауышы мен баяндауышын тауып, астарын сызу.


Дескриптор:

1.Сөйлемдерді салыстырып, бір-бірінен айырмашылықтарын табады.

2.Бастауышы мен баяндауышты тауып астын сыза алады.

3. Ойын дәлелдей алады.


Бейнетыңдалым. Жай және құрмалас сөйлем туралы тыңдау.
Ойтолғау. Жалғасын тап: 4 топқа бөліп беру.

2 – жаттығу. Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.
Дыбыс естісе қашады,
Қырқаны бір – ақ асады. ( қоян )


Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді. (бульдозер )

Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі. ( жаңғырық)

Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. ( мұз )

3 – жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айту. Бастауышы мен баяндауышты табу.
Ердің атын еңбек шығарар. ( 1 жай сөйлем )
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді. (2 жай сөйлем )
Достықтың төлеуі – достық. (1 жай сөйлем)

Дескриптор:

1. Екінші жай сөйлемді таба алады.

2. Бастауышы мен баяндауышты таба алады.

3. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.



Таныстырылым,


оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

1 минут


Көңілді күн

Бейнежазба

Қызықты тапсырма


4-жаттығу (ауызша талдау)

5-жаттығу. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап жазу


Дескриптор:

1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.

2. Екі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрап жаза алады.
Топтық жұмыс.

І топ – Суретке қарап : жай сөйлемнен бір мақал, құрмалас сөйлемнен бір мақал жазу.

ІІ топ –Екі суреттен бір жай және бір құрмалас сөйлем құрау

ІІІ топ – Венн диаграммасы

ІV топ – Семантикалық карта

Дескриптор:

1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.

2. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем құрап жаза алады.

3. Өмірмен байланыстырады.



Түрлі тапсырмалар

Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия

Кері байланыс







ө

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет