Сабақтың тақырыбы: «Ц ц дыбысы мен әрпі»



Дата08.09.2017
өлшемі480,45 Kb.
#30803
түріСабақ
Сауат ашу

Кунсафина Нургуль Ахметовна

ШҚО, Семей қаласы

Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Ц ц дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту
Міндеттері: 1. оқушыларға Ц дыбысы мен әрпі арқылы оқу мен жазу дағдылары қалыптасады;
2. Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді тану арқылы оқушылардың білімі жетіледі, тілі дамыйды, сөздік қоры молаяды;
3.оқушылар білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақ, слайд;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып алайық (оқушылар бір иығымен артқа бұрылып басын изейді) сабақ барысында оқушыларға осындай тапсырмалар бойынша белсенділік танытқандарына таратпалар тарату.

Ц- мәтінмен жұмыс

И- дыбыстық талдау

Р- суретпен жұмыс

К- тауып көр ойыны

- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.


- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? Тірлік, тілек, адамдық.
- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Олай болса бүгінгі сабағымызда өткен сабақты еске түсіріп пысқтау барысында бір бейнені құрастырамыз. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін өткен сабақты пысықтау барысында таратпалар беріледі.

Кім жылдам?

  1. Жұмбақ шешу

Жоқ сирағы,мойыны,

Бауырында жалы

Ол сүйкенсе болды

Қашар киім шаңы

-Бұл не? Щетка

- Щетка туралы жаттаған өлеңімізді айтайық (әр қатардан бір баладан сұрау)


2) « Сөз ойла, тез ойла» ойыны
- Щ дыбысы бар сөздерді айту;
3) Щ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу
щи, борщ, а - щы, тұ - щы, щет - ка
4) «Балқаш» мәтінін тізбектеп оқу.3 оқушыға жылдам оқыту
Цирк суретін құрастыру
ІІІ. Жаңа сабақ:

-Суретте не бейнеленген?

- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Олар қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс.

- Сонымен бүгінгі өтетін дыбысымыз бен әрпіміз Цц. 
(қайталатып айтқызу, экранда Ц-Ц-Ц шығады) 
Ц –Ц –Ц –Ц 
Ц-қандай дыбыс? Неліктен? 

«Ц» дыбысы – дауыссыз, дыбыс
Жазылуы – Цц, баспа түрі – Ц ц


Ц дыбысы қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздер мен халық аралық терминдерге тән.

Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.
Цирк, цех, цемент,авиация,офицер.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

- Дыбыс көк пен қызыл түсті дөңгелек, егер бос дөңгелек болса, ол –әріп деген сөз. 
- Циркуль –сөзінде неше дыбыс неше әріп бар? (6 дыбыс,7әріп) 
- Неше дауысты дыбыс? 
- Неше дауыссыз? 
1/ цех/ цирк/ цемент/ авиация /офицер

- Тізбектеп оқыту; 
- Қатармен оқыту; 
2/ Суретпен жұмыс
Суретке қарап, сөйлемді құрастыру.
Циркте сайқымазақ пен ит өнерін көрсетті. Ит шығыршықтан секіруге дайындалып тұр.

Сергіту сәті:
Соз оң қолды оң жаққа

Соз сол қолды сол жаққа

Қолды айналдыр бұлданбай

Шеңбер жасап тұрғандай


3/ Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді мұғалімнің оқуы;
- Сұрақ – жауап

- Мәтін қалай аталады? 
Цирк 
Циркте кімдердің, нелердің ойындарын көруге болады?
Өзіңе қандай цирк ойыны ұнайды?
Оқушыларға оқыту

Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Дәптермен жұмыс:
Ц әрпінің емлесімен танысу.

-Ц әрпін тақтаға жазып көрсету.

-3 элементтен тұрады Цц

Ауада жазу: 
- Солдан оңға қарай жарты көлбеу сызық, жоғарыдан төмен қарай көлбеу таяқша оңға бұра, жоғарыға қарай көлбеу сызық, жоғарыдан төмен қарай тік ілмек) 

-Ц – И әрпіне ұқсайды,айырмашылығы Ц-аяғы бар.

Ц әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу


Ү. Сабақты қорытындылау:

«Тауып көр» ойыны 
Шарты: оқушалар тақтадағы сөздердегі әріптерді оқып, қай әріптің түсіп қалғанын табады. Табылған сөз экраннан көрсетіледі. Сол сөздерді оқушылар тақтаға жазып көрсетеді.
Берілетін сөздер: 
. И Р К 

О Ф И . Е Р 

К В А Р . 

- Сонда ц-дыбысысөздіңбасында, ортасында, аяғындакеліптұр. Олайболса ц-дыбысы сөздің бәр жерінде кездеседі. 

Цифр да бар, 
Қол да жоқ. 
Цирк те бар, 
Бор да жоқ. 
- Қандайәріп? (ц) 


- Сонымен бүгін біз қандай дыбыс өттік? 
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Ц дауыссыз дыбыс.


ҮІІ. Рефлексия: 
-Сонымен сабақ ұнады ма? 
-Не білдіңдер? 
-Сендергесабақтаәсіресе не ұнады? 
- Ал сендергебүгінгісабақтаосылайқатысқандарыңүшінрахмет айтамын.

Ашық сабақ көрінісі.

Оқулықпен жұмыс.



Тізбектеп оқыту сәті.



Рефлексия

1 «Г» сыныбында сауат ашу пәнінен «Ц дыбысы мен әрпі » тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Мақсатым оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту және оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сыныбымда барлығы 20 оқушы.Сабаққа қатысты 20 оқушы.

Сабағымды бастамас бұрын оқушыларға бүгінгі сабағымыз ерекше екекнін айттым.Себебі бізге қонақтардың келгенін айтып, орындарынан тұрғызып сол жақ иықтарына бастарын сәл бұрып изеп амандастырдым.Амандасып болғаннан кейін орындарына отырғызбас бұрын жігерлендіріп алуды жөн көрдім.

-Әрбір адам?Туысым, досым,жұрағат.

-Әрбір сабақ?Үйрену,ұғу,ұлағат.

-Әрбір ісің?Тірлік,тілек,адамдық.

-Әрбір сөзің?Шындық,бірлік,адалдық.

Деп айтқызып жігерлендіріп алып орындарына отырғыздым.Әрі қарай жаңа сабақты ашу үшін өткен сабақты еске түсіріп пысықтау барысында бір бейнені құрастырып алуымыз керектігін айттым.Кім жылдам дей отырып 4 тапсырма берілді. Ойын түрінде.Әр орындалған тапсырмадан кейін жасырынған бейнеміздің бөліктері тақтаға орналастыра жапсырылды.


  1. жұмбақ шешу

жоқ сирағы,мойыны,

Бауырында жалы

Ол сүйкенсе болды

Қашар киім шаңы

-Бұл не? Щетка

-Щетка туралы жаттаған өлеңдерін айтқыздым (әр қатардан бір баладан сұрадым)

2) «Сөз ойла тез ойла» ойыны

-Щ дыбысы бар сөздерді айту. әр қатардан екі баладан жауап берді. 1 қат.Контаева Каусар.Бодауова Айханым 2 қат.Нұргалиев Малик. Абулхасенов Амиржан.3 қат.Отарбаев Арман.Еркін Али жауап берді.

3) Щ дыбысы кездесетін сөздерді айту және оларды буынға бөлу. Жалпылай орындады.

4) «Балқаш» мәтінін тізбектеп оқу.Әр қатардан үш оқушыға оқыттым. Какимова Даяна.Ибраева Сейіл.Макулбаев Аблайхан.

Цирк суретін құрастырып шықтық.

Жаңа сабақты сұрақ қоя отырып бастадым.

-Суретте не бейнеленген? Сынып болып жалпы жауап берді цирктің бейнесі екенін цирк туралы білетіндерін айтты.Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасаттым.Контаева Каусар талдап ол сөзде қандай дыбыстар кездесетінін,бірінші дыбысы Ц дыбыс екекнін айтты.

Сонымен бүгінгі өтетін дыбысымыз бен әрпіміз Цц.Экранда Цдыбысын шығардым қайталап айтқыздым.Ц дыбысы қандай дыбыс екенін өздерінен сұрадым. Дауренқызы Аяулым дұрыс жауап беріп және дәлелдеді.Ц дыбысы дауыссыз үйткені кедергіге ұшырап айтылады.

Ц дыбысының баспа және жазба түрлерін экраннан көрсеттім. Ц дыбысының қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейтінін және орыс тілінен енген сөздер мен халық аралық терминдерге тән екенін айттым. Экранға слайд арқылы ц дыбысы кездесетін суреттерді көрсете отырып қайталаттым. Әр сөзге түсініктеме бердім. Мысалы авиация сөзіне түсінік әуе арқылы қатынасты авиация дейміз. Оқулық пен жұмыс. Циркульдің суретін экраннан да циркульдің өзін де көрсете отырып,оны қайда және не үшін қолданатынымызды айтып түсіндіріп кеттім. Дыбыс көк пен қызыл түсті дөңгелек,егер бос дөңгелек болса ол-әріп екенін айтып алып циркуль сөзіне сынып болып дыбыстық талдау жасай отырып,циркуль сөзінде (6дыбыс,7 әріп ) бар екенін талдадық. Циркульдің суретін экраннан да циркульдің өзін де көрсете отырып,оны қайда және не үшін қолданатынымызды айтып түсіндіріп кеттім. Цех, авиация, цирк, цемент, офицер сөздерін тізбектеп оқыттым. Суретпен жұмыс экранға оқулықтағы цирктің суретін көрсеттім сол сурет бойынша Контаева Каусар сөйлем құрастырды.

Сергіту сәтін өткіздім. Мәтінмен жұмыс. Цирк мәтінін өзім оқып бердім. Сұрақ-жауап



- Мәтін қалай аталады? Цирк. Циркте кімдердің,нелердің ойындарын көруге болады? Өзіңе қандай цирк ойыны ұнайды? Оқушыларға оқыттым. Сергіту сәтін жасадық. Дәптермен жұмыс. Ц әрпінің емлесімен таныстырдым. Цәрпін тақтаға жазып көрсете отырып 3 элементтен тұратынын және алдыңғы өткен И әрпіне ұқсайтындығын айттым.Дәптерге жазбас бұрын ауада жазып үйреттім. Ц әрпін жазу дәптерлеріне жазғыздым. Сабақты қорытындылау барысында «Тауып көр» ойынын ойнаттым. Ойынның шарты:оқушылар экраннан сөздердегі әріптерді оқып, қай әріптің түсіп қалғанын табады және сол сөзді тақтаға жазады. Контаева Каусар. Бодауова Айханым. Ибраева Сейіл сөздерді тақтаға жазды. Цирк, офицер, кварц сөздері . Ц дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында кездесіп тұр. Ц дыбысының сөздің бәр жерінде кездесетінін айттым. Сабағымды Ц әрпіне байланысты жұмбақ жасырдым. Оның жауабын бәр оқушылар тапты. Бүгінгі сабақты жақсы меңгергендерін көрсетті. Мақсатыма жеттім.
Каталог: uploads -> doc -> 106b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
106b -> Етістіктің райларын қайталау Қазақ тілі 7 сынып
106b -> Суюбаева Р. Д. Әби Гүлсім 2016 ж. 2016 ж. Ашық сабақ жоспары
106b -> Сабақ: Тұрлаулы мүшелер Мектеп: «Ынтымақ ауылы орта мектебі»
106b -> Сабақ Мұғалім: Теміржанова Армангүл Насырқызы Күні: 21. 10. 2016 жыл Тақырыбы: «Алдар көсе» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет