ӨТІНІШ ХАТ Мен, Жакеева Нургуль осы уақытқа дейін қарызымды ұсынылған графикке сәйкес төлей алмай жатырмын. Қосымша несиелеріме байланысты, жұмысыма байланысты несиемді төлеу қиын болып жатыр. Банктерде, микро қаржы ұйымдарда несиелерім бар. Атап айтсам: Каспи банк – 140 000 теңге төлеймін
Несиелерімнің барын дәлелдейтін Бірінші кредиттік бюродан анықтаманы жолдаймын. Отбасылық қиындықтар болып тұр, сол себепті қаржылық қиындықтар көріп отырмын. Қарызым өте көп.
Сол себепті сіздерден тиімді график сұраймын. Қазіргі кезде берешек суммам 184 575 теңге. Қазір қаржылық қиындықтарға тап болып отырмын. Алдын-ала төлемсіз, берешекті созып беруіңізді сұраймын. Сіздің алдыңыздағы берешекті 10 айға созып берулеріңізді өтінемін. Отбасымызға уақытша қаржылық қиындық туындап және де мемлекеттегі әл-ахуал табысыма да кері әсерін тигізді. Мүмкіндік болса, Сізден екіжақ келісіп, бір шешімге келуді сұраймыз:
ҚР Азаматтық кодексінің 725-1-бабында қарыз шарты бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі алған қарыз сомасынан 100% пайыздан артық болмауы тиіс деп көрсетілген, тіпті қарызды қайтару мерзімі өзгерсе де. Жоғарыда көрсетілген заң нормаларын негізге алып, келісім шартта көрсетілген талаптар бойынша екі жақ сотқа дейін екеуара шешімге келу туралы бөлім бар, сол бойынша мен сізден сотқа дейін менің өтінішімді қарап беруді сұраймын.
Жоғарыдағы мәселелерді ескере отырып, Сізден сұрайтыным: Екіжақты келіссөзге келіп, ортақ бір мақсатта жаңа график шығарып беруді;