Қр білім және ғылым министрлігі



Дата31.12.2019
өлшемі42,81 Kb.
#54080


ҚР Білім және ғылым министрлігі

Семей гуманитарлық заң және техникалық колледжі



«Абайтану»

колледж студенттеріне арналған қосымша құрал

Семей 2017
Пікір жазған: Филология ғылымдарының PhD докторы

Әубәкірова Қ.Р.

Тоқашева Ғалия Рахымқызы.Семей гуманитарлық заң және техникалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні

(студенттерге арналған көмекші құрал)
«Абайтану» атты колледж студенттеріне арналған қосымша құралында Ұлы Абайдың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясынының құдіретін таныту, ақын шығармашылығын әлем әдебиетімен салыстыра білу мәселелері қамтылып, студенттердің сөз өнерін зерделеу, адамгершілік, әсемдік және оқырман мәдениетін жетілдіру жақтарына басымдық берген.

Тоқашева Ғ.Р.



АЛҒЫСӨЗ
Абай сынды алып тұлғаның кемел ойларының рухани өркендеудегі мәңгілік құндылығы - қазақ қоғамының кешегі, бүгінгі және ертеңгі күнінің өзекті де ділгір мәселелерімен сабақтастығында. Әсіресе, бүгінгі қоғамдық дамуды ізгілендіру, адамгершілік қағидаларын негіз етіп ұстануда Абайдың классикалық мұрасына жүгінуіміз де заңды. Түптеп келгенде, Абайды тану - қазақ әлемін тану, қазақтың адамзаттық өркениеттегі тұғырын айқындау. Сондықтан да қазіргі әлемдік ғаламдасу аясында ұлттық болмыс - бітімді сақтау - ақын діттеген адамгершілік ұстанымын қоғамдық дамуда басты күретамырға айналдыру талабын барынша ұштауды талап етеді. Өйткені Абай шығармашылығының мақсат - мұраты М.Әуезұлы атап өткеніндей: «Халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта қарауға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру.

1.1 Пәнді оқыту мақсаты:

- пәнді игеру үшін дағды мен білім студенттерге берілетін ақпаратты меңгеру, байқау, салыстыру, ойлау, теориялық білімді тәжірибесінде қолдана білуі тиіс.



  • Абайтану ілімінің зерттелу тарихымен таныстыру;

  • Абай шығармаларының текстологиялық зерттелуін бағамдау;

  • Абай шығармаларының танымдық, тақырыптық, көркемдік, әлеуметтік, философиялық, діни пәлсафлық мағынасын түсіну.

  • Өмірлік және көркем дәстүрдің арасындағы байланыстар мен қайшылықтарды ажырату


1.2 Пәнді оқыту міндеттері.

Курстың теориялық бөлімінде қазақ әдебиеті тарихын жаңаша бағамдау пәнін ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны, , басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.



1.3 Құзіреттіліктер( оқытудың нәтижелері):

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:



білу:

- Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығын және әдебиетімізде алар орнын білу;

- Абайдың өмірлік және көркемдік көзқарасы мен ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының арсындағы қайшылықтардың себебін ашу;


  • Абайдың шығармашылық жолының кезеңдерін анықтау;

  • пәнге қатысты терминологиялық аппаратты теңгеру және оларды реферат дайындауда, курстық жұмыс жазуда, жалпы жазу тәжірибесінде пайдалана білу

  • көркем әдебиеттің басты сипаттарын, шығарманың мазмұнын, түрі туралы диалектикалық ұғымды, өлең тілі мен өзара сөз тілінің табиғатын, жазушы дүниетанымы мен творчестволық еңбек процесін, қаламгердің өмір құбылысын бейнелеу принциптерін ажырата пайымдай білу;

Орындай алу

- теориялық білімді практикада қолдана білу.

- логикалық ойлай білу іскерлігі;

- алған білімдерін практикада қолдана білу;

- көркем ойлау жүйесін қалыптастыру;

- этикалық-эстетикалық нормаларды айқындау



дағдысының болуы:

- өз ойларын әдеби-көркем тілмен сауатты, дұрыс баяндап жеткізе білу дағдысы;

- зерттеу жұмысына икем-дағдысын қалыптастыру;

- өмірлік және көркем дәстүрдің арасындағы байланыстар мен қайшылықтарды ажырата білу,

- Абайдың өлеңдерінің мәтінін жатқа білуге, ойын дамыта отырып талдауға, астарын ашуға дағдыландыру болып табылады.

- әдебиет пен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ғылым салаларына қатысты әдіснамалық тәсілдер мен әдістерді, студенттер үшін практикалық және теориялық тиімділігі бар нәтижелерге қол жеткізетін тұжырым жасау тәсілдерін, ғылыми ақпаратты жинау, қорыту, сақтау әдістерін үйрену.


1.4 Курстың пререквизиттері

Қазақ әдеби сын тарихы

Қазақ әдебиетінің тарихы

Әдебиеттануға кіріспе



ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы
2 КІРІСПЕ
Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.
3 ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ

3.1. 1-Модуль. Абай және баспасөз

3.1.1. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті. Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары. Абайдың баспасөз бетінде жарияланған өлеңдері.
3.1.2. Абай және қазақ баспасөзіндегі сыни мақалалар. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, З.Әмрин, Н.Рамазан, т.б. мақалалары. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны. Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар.
3.1.3. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс. Абай және Шығыс. Абай шығармаларындағы реализм.
3.2. 2-Модуль. Абайтанудың жаңа белестері. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары.
3.2.1. Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары. Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны
3.2.2. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Батыс, Шығыс әдебиеттерінен аударған шығармалары.
3.3. 3-Модуль. Абай шығармашылығындағы философиялық арна
3.3.1. Абай шығармашылығындағы философиялық арна. Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

3.3.2. Абайдың ақындық мектебі. «Ақындық мектеп» концепциясының қалыптасуы, ақын шәкірттерінің шығармашылық мұрасы. Абайдың ақындық мектебі – оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайтын, сол арқылы кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.
4 СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ



Жұмыс түрі

Тақырып

Сағат саны

1

Реферат

Абайтану ғылымының қалыптасуы, дамуы, өреу кезеңдері

1


2

Конспект

20-30 жылдары Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыстар

1

3

Эссе

«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары

1

4

Мақала

Абайтанушы ғалымдар, олардың еңбектері, әр кездегі ғалымдардың құнды пікірлері


1

5

Реферат

«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары.

1

6

Баяндама

Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.

1

7

Талдау

М.Әуезов және Абай ғылыми өмірбаянының қалыптасу жолдары

1

8

Эссе

Абай лирикаларындағы шығыстық белгілер

1

9

Талдау

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

1

10

Реферат

«Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

1


11

Реферат

Абайдың көркем аудармалары. Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы..

1


12

Реферат

Абайдың көркем аудармалары. Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы..

1


13

Талдау

Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

1


14

Реферат

Абайдың ақындық мектебі. Шәкәрім және баспасөз.

1

15

Мақала

Абай сатирик. Поэзиясындағы сатиралық образдар, мысқыл, ащы сын сипаты.(“Күлембайға”,”Дүтбайға”)


1


16

Реферат

Абайдың махаббат тақырыбына әкелген жаңалығы

1

17

Эссе

Абай қарасөздерінің қайнар көздері


1


18

Реферат

М.Әуезовтің қарасөздер туралы пікірлері және оларды жіктеуі

1

19

Конспект

Абай қарасөздерінің жазылуына шығыс әдебиетінің тигізген әсері. (Кейхауыс Ғиланидің «Хауыс нама, Жалаладдин Дауани «Ақлаки Жалали» т.б)

1


20

Реферат

Абай айналасындағы күлдіргілер өміріне шолу жасау (Қияспай, Қатпа)

1


21

Мақала

Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені» еңбегінің алатын орны

1


22

Мақала

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол»... өлеңінің эстетикалық қуаты (эссе)


1


23

Эссе

Абай аудармаларының көркемдік ерекшелігі және төл әдебиетімізге тән сипаттары

1


24

Реферат

Абай және Лермонтов. «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қорқытпа мені дауылдан», «Жалау», «Жартас» «т.б. өлеңдерін түпнұсқамен салыстыра талдау

1


25

Талдау

Абайдың Крыловтан аудармалары

1


26

Реферат

Абайдың аудармашылық жаңалығы

1

27

Мақала

Абай ақындығына орыс әдебиетінің тигізген әсері

1

28

Реферат

Абай мен Пушкин арасындағы әдеби байланыс

1

29

Баяндама

Абай поэмалары және нәзира дәстүрі

1

30

Баяндама

«Ескендір» поэмасының тақырыптық-идеялық сипаты. Шығыс әдебиетінде сомдалған Ескендір бейнесі және Абай Ескендірі

1


31

Баяндама

«Масғұт» поэмасының көркемдік ерекшелігі.

1


32

Эссе

Абай ақындық мектебі және поэма жанры

1

33

Реферат

Абайдың «Евгени Онегин» аудармасы және нәзира дәстүрі

1

34

Реферат

М.Әуезов – Абайтану ғылымының негізін қалаушы

1

1.Абайдың шын аты?

A. Ибраһим

B. Абай

С. Әбдірахман

D. Ықылас

E. Көкбай

2.Абай қай жылы дүниеге келген?

A. 1845

B. 1846



С. 1847

D. 1848


E. 1904

3.Абайдың қанша қара сөзі бар?

A. 45

B. 35


С. 58

D. 55


E. 42

4.Жетінші қара сөзде не туралы айтылады?

A. Құмарлық

B. Шыдамдылық

С. Салғыртық

D. Тазалық

E. Ұждан

5.Абайдың әжесінің аты қалай?

A. Зере

B. Ұлжан



С. Зәуре

D. Зәмзә


E. Еркежан

6.«Жүрегім менің қырық жамау» өлеңі қай жылы жазылған?

A.1898

B. 1846



С. 1847

D. 1848


E. 1904

7.Көктем туралы шығармасы?

A. Жазғытұры

B. Көктем

С. Көктем шуағы

D. Самал жел

E. Мамыр8.Лермонтовтан аударған шығармаларының бірі?

A. Теректің сыйы

B. Бақа мен өгіз

С. Шегіртке мен құмырсқа

D. Көзімнің қарасы

E. Сегіз аяқ

9.Абайдың аяқталмаған поэмасын көрсетіңіз

A. Вадим


B. Жүрегім менің қырық жамау

С. Ескендір

D. Масғұт

E. Еңлік-Кебек

10.Крыловтан аударған шығармаларының бірі?

A. Бақа мен өгіз

B. Евгений Онегин

С. Шегіртке мен құмырсқа

D. Желсіз түнде жарық ай

E. Кім екен деп келіп ем түйе қуған


11.«Абай жолы» романын кім жазған?

A. Мұхтар Әуезов

B. Мұхтар Шаханов

С. Мұқағали Мақатаев

D. Сәбит Мұқанов

E. Ахмет Байтұрсынов

12.Абайдың неше баласы болған?

A.10


B. 12

С. 18


D. 14

E. 4


13.Абайдың арнау өлеңдерінің бірі?

A. Әбдірахманға

B. Аттың сыны

С. Күлімсіреп аспан тұр

D. Желсіз түнде жарық ай

E. Атамекен

14.«Онегиннің сипаты» өлеңін кімнен аударған?

A. Пушкин

B. Крылов

С. Гете


D. Лермонтов

E. Физули

15.Абайдың 1890ж. мен 1898 ж. аралығында жазылған бір алуан шығармалары қалай аталады?

A. Қара сөз

B. Нақыл сөз

С. Мақал-мәтел

D. Сенатқа хат

E. Шежіре

16.Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың бас ақыны деп кімді атады?

A. Абай


B. Ыбырай

С. Шәкәрім

D. Шоқан

E. Әлихан

17.«Жүрегім нені сезесің» қай жылы шықты?

A. 1900


B. 1901

С. 1902


D. 1848

E. 1904


18.Абай Құнанбаев қай ғасырларда өмір сүрді?

A. XIX-XXғ.ғ.

B. XVII-XVIIIғ.

С. XVIII-XIXғ.

D. ХХғ.

E. ХV ғ.


19.Абайдың әкесі қай округте аға сұлтан болған ?

A. Қарқаралы

B. Құсмұрын

С. Шыңғыс

D. Семей

E. Алматы

20.Аристотель Абайдың қай поэмасының кейіпкері?

A. Ескендір

B. Масғұт

С. Әзім әңгімесі

D. Вадим

E. Еңлік-Кебек

21.Абай «Ескендір» поэмасында кімнің шапқыншылық әрекетін суреттейді?

A. Александр Македонский

B. Иван Грозный

С. Шыңғысхан

D. Томирис

E. Абылай

22.Абай Семейдегі Гоголь кітапханасына келіп, қай ел классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастады?

A. Орыс


B. Парсы

С. Неміс


D. Қытай

E. Француз

23.Абайды әкесі неше жасынан бастап ел билеуге баули бастады?

A. 13


B. 18

С. 14


D. 48

E. 19


24.Абай «Есек пен бұлбұл» шығармасын кімнен аударған?

A. Крылов

B. Лермонтов

С. Гете


D. Пушкин

E. Низами

25.Абайдың үлкен атасы:

A. Ырғызбай

B. Жандос

C. Қайдос

D. Бөкенші

E. Борсақ

26.Абайдың неше жұбайы болды?

A. 3


B. 1

С. 2


D. 4

E. 5


27.Абай қай өленде әр нәрсе өз уақытында іске асу керек екені туралы айтқан?

A. Жастықтың оты қайдасын

B. Қансонарда бүркітші шығады аңға

С. Пайда


D. Интернатта оқып жүр

E. Заман ақыр жастары


28.Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде «Ғанибет» сөзінің

мағынасы:

A. Қызық

B. Пайда

С. Күш

D. Ақыл


E. Асыл

29.Абайдың 160 жылдық тойы қай жылы тойланды?

A. 2005

B. 2006



С. 2004

D. 1988


E. 1856

30.Абай неше ағайынды?

A. 7

B. 2


С. 8

D. 4


E. 9

31.А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласы қай газетте жарияланды?

A. Қазақ

B. Айқап

С. Қазақ әдебиеті

D. Дала уалаяты

E. Уақыт

32.Абайдың алғашқы аудармасын көрсетіңіз

A. Бородино

B. Шегіртке мен құмырсқа

С. Вадим

D. Қанжар

E. Дұға

33.Ғылым, білімнің адамға пайдасы туралы айтылған өлең:



A. Ғылым таппай мақтанба

B. Көзімнің қарасы

С. Сегіз аяқ

D. Қанжар

E. Аттың сыны

34.«Ата-анаға көз қуаныш» өлеңі қай жылы жазылды?

A. 1890

B. 1888



С. 1847

D. 1848


E. 1904

35.Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын қай жылы өлеңмен аударды?

A. 1889

B. 1888



C. 1847

D. 1890


E. 1904

36.Приходская школасында қанша уақыт білім алды?

A. 3 ай

B. 5 ай



С. 7 ай

D. 8 жыл


E. 10 күн

37.«Желсіз түнде жарық ай» әні қай жылы жазылған ?

A.1888

B. 1846



С. 1847

D. 1848


E. 1904

38.Абайдың «Күз» өлеңі қай жылы жазылған?

A. 1888

B. 1846



С. 1847

D. 1848


E. 1904

39.Мұстапа, Сапа деген кейіпкерлер қай поэмада кездеседі?

A.Әзім әңгімесі

B. Ескендір

С. Вадим

D. Масғұт

E. Қанжар

40.Абай неше жасында қайтыс болды?

A. 59

B. 46


С. 47

D. 48


E. 58

41.Абайдың әжесінің есімі кім?

A. Зере

B. Зәуре



С. Зәмзә

D. Зерде


E. Әйкерім

42.Құнанбайдың әкесінің есімі кім?

A. Өскенбай

B. Әнет

С. Тәңірберді

D. Ырғызбай

E. Айдос

43.Құнанбайдың Ұлжаннан туған ұлдарының есімдері қалай?

A. Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан.

B. Абай, Смағұл, Хайрулла

С. Абай, Тәңірберді, Смағұл

D. Тәңірберді, Абай, Хайрулла, Оспан

E. Абай, Шоқан, Оспан, Смағұл

44.Ырғызбайдың әкесінің есімі қалай?

A. Айдос

B. Қайдос

С. Жігітек

D. Асан


E. Айбол

45.Абай неше жасында Семей қаласындағы мұсылман медресесінде оқиды.

A. 10

B. 6


С. 7

D. 18


E. 14

46.«Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қарасөзде дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім».

Берілген үзінді қай өлеңнен алынған?

A. Жасымда ғылым бар деп ескермедім

B. Интернатта оқып жүр

С. Күз

D. Әм жалықтым, әм жабықтым



E. Қыс

47.Абай қай ауылда дүниеге келді?

A. Қасқабұлақ

B. Кіндікті

С. Қызылту

D. Қарқаралы

E. Шыңғыс

48.Абайдың қызының есімін тап.

A. Күлбадан

B. Раушан

С. Кәмилә

D. Сара


E. Айман

49.Абайдың анасының есімі кім?

A. Ұлжан

B. Ұлпан

С. Ділдә

D. Ұлбосын

E. Зере

50.Мына өлеңдердің қайсысы Әбішке арналған?



A. Талаптың мініп тұлпарын

B. Қанжар

С. Амал жоқ қайттім білдірмей

D. Сегіз аяқ

E. Альбомға

51.«Абай» журналы қай жылы жарыққа шықты?

A. 1918

B. 1917



С. 1947

D. 1948


E. 1904

52.Шәкәрім Абайға кім болып келеді?

A. Немере інісі

B. Ағасы

С. Досы

D. Әкесі


E. Ұлы

53.Абайды бала күнінде қалай атаған?

A. Телғара

B. Қоңыр

С. Қыр баласы

D. Ыбырай

E. Асан

54.Олжай батырдан тараған үш ұрпақты көрсет.



A. Айдос, Қайдос, Жігітек

B. Айдос, Қайдос, Ердос

С. Айдос, Жандос, Жігітек

D. Айдос, Арман, Ақылбай

E. Ескендір, Ыбырай, Жігітек

55.Абайдың Ділдадан туған ұлын көрсет.

A. Мағауия

B. Шәкәрім

С. Тұрағұл

D. Мекайыл

E. Халиолла

56.Абай Семей қаласында қай медреседе оқыды?

A. Ахмет-Риза

B. Ахмет-Риззаул

С. Ахмет-Арфат

D. Ахмет-Раззат

E. Ахмет-Әлфат

57.Абайдың 150 жылдық мерейтойы қай жылы тойланды?

A. 1995

B. 1996



С. 1997

D. 1998


E. 1954

58.“Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған” Берілген үзінді қай өлеңнен?

A. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

B. Лай суға май бітпес қой өткенге

С. Жақсылық ұзақ тұрмайды

D. Келдік талай жерге енді

E. Күз


59.Абай қай жылдары болыс болды?

A. 1875-1878 ж.ж.

B. 1888-1889ж.ж

С. 1875-1880ж.ж.

D. 1875-1877ж.ж.

E. 1877-1888 ж.ж.

60.Абай шығыс классиктерінен кімдердің шығармаларын оқыды?

A. Барлық жауап дұрыс

B. Низами, Жами

С. Саади, Физули

D. Науаи, Ниизами

E. Низами, Физули

61.“Қайрат, ақыл, жүрек” Абайдың нешінші қара сөзінде кездеседі?

A. 17


B. 18

С. 16


D. 11

E. 33
62.Құдайбердінің анасының есімі кім?

A. Күнке

B. Ұлжан

С. Нұрғаным

D. Еркежан

E. Айғаным

63.“Айналайын құдай-ау” арнау өлеңі кімге арналып жазылған?

A. Әбіш

B. Оспан



С. Әсет

D. Көкбай

E. Шәкәрім

64.“Жайнаған туың жығылмай” арнау өлеңі кімге арналған?

A. Оспан

B. Халиолла

С. Ысқақ

D. Әйкерім

E. Құнанбай

65.“Абай” журналына кімдер басшылық етті?

A. М. Әуезов, Ж. Аймауытов

B. М. Сералин, М. Жұмабаев

C. А. Байтұрсынов, И. Байзақов

D. С. Мұқанов, М. Ізтөлин

E. Ә. Тәңірбергенов, Ш. Құдайбердіұлы

66.Абайдың ақын шәкірттері

A. Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп

B. Көкбай, Ақылбай, Мухтар, Мағауия

С. Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Махамбет

D. Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Шоқан

E. Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Мұқағали

67.М. Әуезовтің талантты шәкірті, аспиранты, Абайдың ақындық мектебін арнайы зерттеген ғалым?

A. Қ. Мұхамедханов

B. З. Қабдолов

С. В. Нұрғалиев

D. Ә. Тәңірбергенов

E. З. Бейсенғалиев

68.“Абай” журналы қай қалада шыққан?

A. Семей

B. Ақмола

С. Қызылорда

D. Шымкент

E. Орынбор

69.Шәкәрімнің тікелей Абай ықпалымен жазған поэмасы

A. “Еңлік-Кебек”

B. “Қалқаман-Мамыр”

С. “Нартайлақ-Айсұлу”

D. “Ләйлі-Мәжнүн”

E. “Жүсіп-Зылиқа”

70.Абайдың ақын шәкірті, үзеңгілес досы

A. Көкбай

B. Әріп


С. Ақылбай

D. Мағауия

E. Шәкәрім

71.Абайдың тұңғыш биографиясын жазған кім?

A. Кәкітай

B. Әріп


С. Ақылбай

D. Мағауия



E. Ахмет

72.Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
A. Көкбай
B. Барлас
С. Байкөкше
D. Балта
E. Шөже

73.«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз». Берілген үзінді қай шығармадан алынған?
A. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
B. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
С. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
D. «Болыс болдым, мінеки»
E. «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»

74.Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
A. «Жаз»
B. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»
С. «Қыс»
D. «Күз»
E. «Жазғытұры»

75.Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
A. ««Жазғытұры»
B. «Күз»
С. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»
D. Жаз»
E. «Көлеңке басын ұзартып»

76.Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
A. «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»
B. «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»
С. «Сегіз аяқ», «Жаз»
D. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»
E. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып»

77.Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
A. «Сегіз аяқ»
B. «Адамның кейбір кездері»
С. «Өзгеге көңілім тоярсың»
D. «Желсіз түнде жарық ай»
E. «Пайда ойлама, ар ойла»

78.Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
A. 27
B. 21
С. 23
D. 25
E. 17

79.Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
A. «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»

B. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

С. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
D. «Малға достың мұңы жоқ»
E. «Қалың елім, қазағым»

80.Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
A. «Әзім әңгімесі»
B. «Масғұт»
С. «Ескендір»
D. «Еңлік - Кебек»
E. «Ләйлі - Мәжнүн»

81.Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.
A. «Ескендір»
B. «Масғұт»
С. «Әзім әңгімесі»
D. «Еңлік - Кебек»
E. «Ләйлі - Мәжнүн»
82.Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
A. Он сегізінші сөзінде
B. Отыз үшінші сөзінде
С. Алтыншы сөзінде
D. Жиырма бесінші сөзінде
E. Он тоғызыншы сөзінде


83.«Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
A. М. Әуезов;
B. Ш. Құдайбердіұлы;
С. С. Сейфуллин;
D. А. Байтұрсынов
E. З. Ахметов.

84.Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
A. Жетінші
B. Он сегізінші
С. Он тоғызыншы
D. Отыз бірінші
E. Отыз сегізінші

85.Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
A. «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»
B. «Сегіз аяқ»
С. «Көзімнің қарасы»
D. «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»
E. «Қор болды жаным»
86.«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
A. А. Байтұрсынұлы
B. Ш. Құдайбердіұлы
С. С. Сейфуллин
D. М. Әуезов
E. М. Жұмабаев.

87.«Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
A. Әбдірахманға
B. Ақылбайға
С. Оспанға
D. Мағауияға
E. Мекайлға


88.Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
A. «Интернатта оқып жүр»

B. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
С. «Ғылым таппай мақтанба»

D. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
E. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

89.Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
A. «Жалау»
B. «Шегіртке мен құмырсқа»;
С. «Піл мен қанден»;
D. «Евгений Онегин»;
E. «Бақа мен өгіз».

90.Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз.
A. «Болыс болдым, мінеки»
B. «Түбінде баянды еңбек егін салған»
С. «Ғылым таппай мақтанба»
D. «Көлеңке басын ұзартып»
E. «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

91.Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
A. 1889
B. 1883
С. 1885
D. 1886
E. 1880

92.Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
A. «Сегіз аяқ»
B. «Бойы бұлғаң»
С. «Қар болды жаным
D. «Құлақтан кіріп бойды алар»
E. «Жазғытұры»

93.Абайдың руы кім?
A. Тобықты
B. Керей
С. Найман
D. Уақ
E. Дулат

94.Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
A. 1885ж.
B. 1886ж.
С. 1887ж.
D. 1888ж.
E. 1889ж.

95.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
A. 116 тілге
B. 105тілге
С. 110 тілге
D. 106 тілге
E. 120 тілге
96.«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?
A. Мұхтар
B. Ахмет
С. Шәкәрім
D. Көкбай
E. Қиясбай

96.Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
A. 1885 ж.
B. 1881 ж.
С. 1886 ж.
D. 1887 ж.
E. 1888 ж.

97.Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
A. 10 жастан
B. 18 жастан
С. 40 жастан
D. 16 жастан
E. 15 жастан

98.Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
A. Көкпай
B. Байкөкше
С. Барлас
D. Шөже
E. Балта

99.Қай өлеңнен? 
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
A. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

B. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
С. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
D. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
E. «Малға достың мұңы жоқ»

100.Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
A. Жиырма тоғызыншы
B. Төртінші
С. Он алтыншы
D. Он жетінші
E. Екінші

101.Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
A. 1895ж.
B. 1893ж.
С. 1891ж.
D. 1897ж.
E. 1898ж.


102.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
A. 1909ж. Петербург
B. 1898ж. Орынбор
С. 1904ж. Қазан
D. 1908ж. Петербург
E. 1896ж. Қазан


103.Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
A. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
B. «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»
С. «Айттым сәлем, қалам қас»
D. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
E. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
104.Абайдың «Жаз», «Болыс болдым мінекей» өлеңдері алғаш қай газет беттерінде жарық көрді?

A. Дала уалаяты
B. Қазақ
С. Айқап
D. Қазақ әдебиеті
E. Уақыт
105.Абайдың ғылыми негізде жазылған тарихи мақаласын көрсетіңіз.

A. Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы
B. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі
С. Мұсылмандық шарты
D. Мұтылғанның өмірі
E. Қазақ тарихы

106.Әйкерімнің шын есімі қалай?



A. Шүкіфмән

B. Шолпан
С. Күлбадан
D. Самал
E. Райхан

107.Абайдың бірінші әйелінің есімін табыңыз.

A. Ділда

B. Әйкерім
С. Еркежан
D. Ұлжан
E. Айғыз

108.Абайдың ұлының есімін белгілеңіз.



A. Әкімбай
B. Асқар
С. Оспан
D. Ысқақ
E. Тәңірберді

109.Абайдың әке-шешесі?

A. Құнанбай, Ұлжан

B. Өскембай, Зере
С. Құдайберді, Айғыз
D. Ибраһим, Ділдә
E. Құнанбай, Зере
110.Жеңгелерінің Абайға қойған аты:

A. Телғара
B. Желғара
С. Селғара
D. Белғара
E. Елғара

111.Абайға әкесінің қандай мінезі дарыған?

A. батылдылығы мен алғырлығы
B. Нәзіктігі мен сезімталдығы
С. Момындығы мен ұялшақтығы
D. Сүйкімділігі мен байсалдылғы
E. Нәзіктігі мен байсалдығы
112.Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Кәкітай Ысқақов қай қалада бастырды?

A. Петербургте
B. Мәскеуде
С. Орынборда
D. Омбыда
E. Семейде

113.Абай медреседе оқып жүрген кезде өз бетімен қандай мектепке барып жүрді?

A. орыс
B. парсы
С. араб
D. түрік
E. неміс

114.Абайдың соңғы аудармасы



A. Вадим
B. Қанжар
С. Есек пен бұлбұл
D. Ала қойлар
E. Дұға

115.Қай шығармадан алынған үзінді?

Тойған есек шөпті өттап маңайдағы,

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.

Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.

A. Есек пен бұлбұл
B. Бұлбұлдың әні
С. Дұға
D. Вадим
E. Теректің сыйы

116.М.Ю.Лермонтовтан аударған шығарманы көрсетіңіз

A. Теректің сыйы
B. Көзімнің қарасы
С. Піл мен қанден
D. Қарға мен түлкі
E. Көкбайға

117.И.А.Крыловтан аударған шығарманы көрсетіңіз.

A. Бақа мен өгіз
B. Аттың сыны
С. Жолға шықтым
D. Дұға
E. Күз

118.Берілген үзінді қай өлеңнен алынған?

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

A. Қыс
B. Күз
С. Жазғытұры
D. Жаз
E. Интернатта оқып жүр

119.Берілген үзінді қай шығармадан алынған?

Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,

Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.

Нанасың не айтса да, амалың жоқ,

Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

A. Онегиннің сипаты
B. Татьянаның хаты
С. Жаз
D. Әбішке
E. Оспанға

120.Берілген үзінді қай өлеңнен алынған?

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

A. Әсемпаз болма әр неге
B. Күз
С. Жасымда ғылым бар деп ескермедім
D. Қарашада өмір тұр
E. Жас өспірім замандас қапа қылды

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1. Негізгі әдебиеттер:

      1. Ердембеков. Абайтану. Оқулық. – Астана, 2012.

      2. Оразалин С. Абай елі. А.1995.

      3. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек. А.2001.

      4. Жұртбай Т. “Күйесің, жүрек…сүйесің”. А.2001.

      5. Әуезов М. Абай жолы. 1-4 кітап. А. 2001 ж. басылым.

      6. Абай шығармаларының академиялық басылымдары.(2016 жылға дейінгі толық жинағы)

      7. Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б.

      8. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа.-Алматы: Санат,2010.

      9. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.- Алматы: Санат, 2014.

      10. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. - Алматы, 2015.

      11. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132 б.

      12. Мырзахметов М. Абайтану. Библиограф. көрсеткіш .- Алматы: Ғылым, 2011.




    1. Қосымша әдебиет:




      1. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001.

      2. Базарбаев М.Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.- Алматы. Жазушы, 1973-254 б

      3. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны.

      4. Бөкейханов Ә. Абай(Ибраһим) Құнанбаев.

      5. Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1 т,1959.

      6. Жиреншин Ә Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы.- Алматы: Қазмембас,1950-222 б

      7. Қасқабасов С Абай және фольклор.-Алматы:Білім, 1995.-64 б.

      8. Машанов А. Әл- Фараби және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б.

      9. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.-Алматы:Жазушы,1996.

      10. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі.-Алматы:Қазақстан,1993-128 б

      11. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б

      12. Сыздықова Р Абай шығармаларының тілі. - Алматы, Ғылым,1968-736 б.

      13. Тоғжанов Ғ. Абай- Алматы:Қазмембас, 1935-16 б

      14. Ысқақов А. Абай тілі сөздігі.-Алматы:Ғылым,1968-736 б.

      15. Ысмағұлов Ж. Абай ақындық тағылымы.-Алматы:Ғылым, 1994-280 б.

      16. Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 2005

      17. Оразалин К. Абайдан соңғы ақындар. «Жұлдыз», 2000ж. №6

      18. Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. Алматы, 1971

      19. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. Алматы, 1988




    1. Интернет-ресурстар




      1. Абай. кз. порталы abai.kz

      2. Әдебиет порталы adebiportal.kz

      3. Человек и наука cheloveknauka.com




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет