Шеберлік топ сағатының Әзірлемесі тақырыбы: «Тәкежанов С. Т. – металлург-ғалым, Қазақстанның түсті металургиясын ұйымдастырушы» Куратор



Дата16.03.2022
өлшемі0,57 Mb.
#135942
Байланысты:
TE-17-2-Takezhanov-S.T.


«Келісілді» «Бекітілді»
ФЭАТ деканының ТІ ТІ жөніндегі проектор
жөніндегі орынбасары _________ Алпысбаева Н.А.
_________ Абильжанова Ф.Б. «____» __________ 2019ж.
«____» __________ 2019ж.
ТЭ-17-2 тобындағы
ШЕБЕРЛІК ТОП САҒАТЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ

Тақырыбы: «Тәкежанов С.Т. – металлург-ғалым, Қазақстанның түсті
металургиясын ұйымдастырушы»

Куратор: Энергетикалық жүйелері кафедрасының
аға оқытушысы Бокижанов Г.И.
Өткізген: Сатыбалды А.
Қарағанды-2019
Тақырыбы: «Тәкежанов С.Т. – металлург-ғалым, Қазақстанның түсті металургиясын ұйымдастырушы»
Өтетін күні: 26.03.2019ж., сағат 17:00.
Ауд: 107, бас корпусы
Мақсаты: Студенттерді өнерпаздық, ерекше идеялар құруға, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу. Студенттердің ізденушілік, зерттеушілік әрекетін дамыту, дағдыландыру.
Студенттерді елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Қолданылатын әдістер: «Модерация» әдісі, «Топтық жұмыс» әдісі, «Тақырыптық сергіту» ойыны.
Құрылғылар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, мультимедиялық колонкалар.
I. Ұйымдастыру кезеңі
I- кезең (еркін және сенімді атмосфера жасау)
Куратор БокижановГ.И. сабақтың тақырыбы, мақсаты мен жоспарымен таныстырды.
Ортаға профессор Қызыров К.Б. шығып, кураторлық сағатты бастады. 2019 жылды Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Қызыров К.Б. студенттердін сұрақтарына толық жауып берді (15 мин).
II. Негізгі бөлім
2 - кезең (талқылаудың тақырыбын немесе мәселесін анықтау және тұжырымдау)
Тәкежанов С.Т. – металлург-ғалым, Қазақстанның түсті металлургиясын ұйымдастырушы туралы студенттер мәліметтер дайындап, презентациясын ұсынды (20 мин).
3 кезең Сауық Темірбайұлы Тәкежановқа арналған сөзжұмбақты топ старостасы ұсынды және пікірталас ойын ретінде өткізілді (7 мин).

  1. Тәкежанов С.Т. тұрған жылдары (1931-2003жж.).

  2. 25 жаста Такежанов С.Т. қай институт бітірген? (Томск политехникалық институтын).

  3. Тәкежанов С.Т. 1973 ж. қай Қазақ КСР министтрлігін басқарды? (Қазақ КСР түсті металлургия министрілігін).

  4. 1993–1997 жылдар аралығында қай АҚ-ның өнеркәсіптік-қаржы компаниясының президенті болды? («Қазметалл» АҚ).

  5. Қай жылы С.Т. Тәкежанов Ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды? (1985ж.).

  6. С.Т.Тәкежанов неше рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған? (4 рет).

  7. Қазақстанның ұлттық валютасы (тенге) қай жылы шыққан? (1991).

  8. Тәкежанов С.Т. қай академияның академигі болды? (инженерлік академиясының).

III. Сергіту кезеңі:
Студенттерді сергіту мақсатында рефлексия ұйымдастырамыз және студенттермен тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап жүргізілді (10 мин)
4 кезең (студенттердің әсерлерімен бөлісу)
Топ студенті Узбекшеев А. өз шығармасын өлең ретінде ұсынды (2 мин)
5 кезең (жұмыс қорытындысын жасау


Ортаға профессор Қызыров К.Б. шығып, кураторлық сағатты бастады.










Сауық Темірбайұлы Тәкежанов (1931-2003жж.) – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, түсті металлургия саласының ғалымы. ТПУ құрметті түлегі.
1956 жылдан бастап Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс істеді. Ол қатардағы жұмысшыдан, бас инженерге дейін көтерілді. Оның жетекшілігімен Ертіс мыс балқыту зауытында жаңа КИВЦЭТ технологиясы жасалып, іске қосылды, соның арқасында КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
1973 ж. - Қазақ КСР түсті металлургия министрі.
Қазақстан XII шақырылымының Қазақ КСР/Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақырылымының депутаты. Экономикалық реформа жөніндегі мәселелер, қаржы және бюджет жөнінде Комитеттің төрағасы.
1956 жылы Томск политехникалық институтынының, физика-техникалық факультетін «физика-химия» мамандығы бойынша (ТПУ) бітірген. 1980 жылы КСРО Халық шаруашылығы академиясының Халық шаруашылығын басқару институтын бітірген (Мәскеу қ.). 1971жылы қарашада Қазақ КСР Түсті металлургия министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1973 жылдың ақпанынан 1974 ж. қазанына дейін және 1980 жылдың желтоқсанынан 1987 жылдың желтоқсанына дейін Қазақ КСР түсті металллургия министрі, 1974 жылдың қазанынан бастап 1980 жылдың желтоқсанына дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1987 жылдың желтоқсанынан «Қазқорғасын» қорғасын-мырыш кәсіпорындары өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жемісті қызмет атқарды. 1993–1997 жылдар аралығында «Қазметалл» АҚ-ның өнеркәсіптік-қаржы компаниясының президенті болды. С.Т. Тәкежанов ИАРК корреспондент-мүшесі болып сайланды, ИАРК академигі, Халықаралық инженерлік академиясының академигі. 1985 жылы Ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин орденімен, 4 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет